Таратылу процесіндегі банк берген кредиттер туралы мәліметтер банк құпиясына жатпайды.
2. Банкiлер өз депозиторларының, клиенттерi мен корреспонденттерiнiң операциялары мен депозиттерi жөніндегі құпияға, сондай-ақ банкiлердiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлiктердiң құпиясына кепiлдiк бередi.
3. Осы баптың 4 - 8-тармақтарында көзделген ақпарат беру жағдайларын қоспағанда, өздерiнiң қызметтік мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты банк құпиясын құрайтын мәлiметтерге рұқсат алған банктердің, Қазақстан Республикасының резиденттері-банк холдингтерінің, осы баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 8) және 8-1) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың лауазымды адамдары, қызметкерлерi және өзге де адамдар, оларды жария еткенi үшiн қылмыстық жауаптылықта болады.
4. Банк құпиясы шоттың (мүліктің) иесіне ғана, шот (мүлік) иесінің жеке өзі банкте болған кезде берген жазбаша келісімі негізінде кез келген үшінші адамға, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес банктiк қарыз, лизинг операцияларын, факторингтiк, форфейтингтiк операциялар, вексельдердi есепке алу, сондай-ақ банк шығарған кепiлдiктер, кепiлгерлiктер, аккредитивтер бойынша кредиттік бюроға, сондай-ақ осы баптың 5-8-тармақтарында аталған адамдарға осы бапта көзделген негіздер бойынша және шекте ашылуы мүмкін.
Мыналар:
1) банктердің дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға, бейрезидентті қоса алғанда, заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне банк шоттарының ашылғаны туралы тек салықтық әкімшілендіру мақсатында мемлекеттік кіріс органдарын міндетті түрде хабардар етуі;
1-1) банктердiң қаржы мониторингi жөнiндегi уәкiлеттi органға «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақпарат, мәліметтер мен құжаттар беруі;
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды
1-2) төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу кезінде банктер тікелей жүзеге асыратын, төлемдерді бюджетке төлеуге, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аударуға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге байланысты осы төлемдер мен ақша аударымдары туралы «электрондық үкімет» төлем шлюзінің операторына, мемлекеттік органдарға және соттарға «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы мәліметтер мен ақпарат беруі, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асыратын, қайтарылған төлемдер мен ақша аударымдары туралы мәліметтер беруі;
2) олар бойынша талап ету құқықтары бағалы қағаздар бойынша қамтамасыз ету ретінде, оның ішінде секьюритилендіру мәмілесін жүзеге асыру аясында берілетін бағалы қағаздар эмитентіне және бағалы қағаздарды ұстаушылар өкіліне берілген кредиттер бойынша мәліметтерді табыс ету;
3) жеке тұлғалардың банк шоттарындағы ақша қалдықтары және барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиядан айыруға байланысты енгізілген, банк және (немесе) уақытша әкімшілік солар бойынша есептеп шығарған сыйақы туралы, салымшыларға ақшасын қайтарумен байланысты іс-шараларды жүзеге асыру үшін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға және агент банктерге; шот иесінің жазбаша келісімі негізінде аудиторлық ұйымға мәліметтер табыс ету;
4) басқа банктерге осы Заңның 61-2, 61-3 және 61-4-баптарында көзделген операцияларды жүргізу үшін қажет мәліметтерді ұсыну;
5) талап ету құқықтарын мемлекет екінші деңгейдегі банктердің сыныпталған активтерін салып алу үшін құрған заңды тұлға сатып алатын немесе басқаруға қабылдап алатын екінші деңгейдегі банктердің көрсетілген заңды тұлғаға мәліметтер табыс ету;
6) қайта құрылымдалатын банктің олардың алдындағы міндеттемелерді қайта құрылымдау көзделетін банк кредиторларына, басқа банктерге қайта құрылымдалатын активтер мен міндеттемелер бойынша қайта құрылымдау шеңберінде мәліметтерді табыс етуі;
7) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кредиттік бюроға теріс ақпарат беруі және кредиттік бюроның кредиттік тарих субъектісі туралы мерзімі күнтізбелік бір жүз сексен күннен асып кеткен берешегі бөлігінде теріс ақпарат беруі;
8) банктердің негізгі борыш және (немесе) есепке жазылған сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар кредитке (қарызға) байланысты ақпаратты заңды тұлғаға, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымға, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктiң еншілес ұйымына осы кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру кезінде, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым сатып алатын активтерді тәуелсіз бағалауды жүзеге асыратын заңды тұлғаға беруі;
8-1) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның күмәнді және үмітсіз активтерді сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаға талап ету құқықтарын осы ұйым сатып алған кредит (қарыз) бойынша ақпаратты беруі;
9) банктің Қазақстан Республикасының резиденті-банк холдингіне банк конгломератының пруденциялық нормативтерді есептеуі, сондай-ақ банк конгломератының тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру үшін мәліметтер беруі;
10) банктік қарыз беру фактісін растайтын құжаттарды басқа банктерге беруі;
11) 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
12) банктің борыш кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлер тізбесін:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне;
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға;
салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға беруі банк құпиясын ашу болып табылмайды.
Осы тармақшаның ережелері:
өзіне қатысты сот шешімі бойынша қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі;
бірігу арқылы қайта ұйымдастыру нәтижесінде осы бөліктің екінші абзацында көрсетілген банктің құқық мирасқоры болып табылатын банкке қолданылады.
5. Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмiрлерi туралы анықтамалар банк басқармасының төрағасы немесе оның орынбасарлары қол қойған жазбаша сұрау салу негізінде, оған қатысты шоттың (шоттардың) иесi қарыз алушы, кепілгер, кепiлдік берушi, лизинг алушы немесе кепiл берушi болып табылатын банкке кредит алынғанын растайтын, тізбесі мен ұсыну тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін құжаттарды ұсынған жағдайда, берiледi.
6. Заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің банк шоттарының, сондай-ақ заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның, жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың ағымдағы шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және ақша қозғалысы туралы анықтамалар мыналарға берiледi:
а) анықтау және алдын ала тергеу органдарына: прокурордың санкциясымен олар жүргiзiп жатқан қылмыстық iстер бойынша;
б) соттарға:
сот ұйғарымы негiзiнде олар жүргiзiлiп жатқан iстер бойынша;
в) прокурорға: тексеру жүргiзу туралы қаулының негiзiнде, өз құзыретi шегiнде, өз қарауындағы материалдар бойынша;
г) 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
д) мемлекеттік кіріс органдарына тек салықтық әкімшілендіру мақсатында мыналарға:
тексерілетін заңды тұлғаға және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесіне қатысты - салық салуға байланысты мәселелер бойынша;
дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған, тексерілетін жеке тұлғаға қатысты - салық салуға байланысты мәселелер бойынша;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен аспайтын уақыт кезеңі үшін - дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған және қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтатқан жеке тұлғаға қатысты;
орналасқан жерінде іс жүзінде болмауы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларда осындай мерзімді ұзарту кезеңін қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген табыс ету мерзімінен кейін алты ай өткенге дейін салық есептілігін табыс етпеген заңды тұлғаға және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесіне, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіби медиаторға қатысты;
әрекетсіз заңды тұлғаға, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа, адвокатқа қатысты беріледі;
пайда болған күнінен бастап төрт ай ішінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде өтелмеген салық берешегі бар заңды тұлғаға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға қатысты;
Клиенттердің экспорттық және (немесе) импорттық операциялары жөніндегі мәліметтер прокурордың санкциясымен беріледі;
д-1) әділет органдарына: өздері жүргiзiп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша сот орындаушысының әділет органының мөрімен расталған және сот санкция берген қаулысы негiзiнде;
д-2) жеке сот орындаушыларына: олардың жүргізіп жатқан атқару істері бойынша жеке сот орындаушысының жеке мөрімен расталған және сот санкция берген қаулысы не оның жеке мөрмен расталған көшірмесі негізінде;
д-3) прокурордың санкциясымен банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар тұлғаға қатысты банкроттық және (немесе) оңалту туралы іс қозғалғанға дейінгі бес жыл ішіндегі кезең үшін оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға.
6-1. Жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және қозғалысы туралы анықтамалар мемлекеттік кіріс органдарына мыналарға:
заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген адамға және оның жұбайына (зайыбына) қатысты;
мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидат болып табылатын адамға және оның жұбайына (зайыбына) қатысты;
өз өкілеттіктерін орындау кезеңінде мемлекеттік лауазым атқаратын адамға және осы кезеңде оның жұбайына (зайыбына) қатысты;
жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға қатысты беріледі.
Осы баптың осы тармағында және 6-тармағының д) тармақшасында көзделген мәліметтер мемлекеттік кіріс органының сұрау салуы негізінде уәкілетті органмен келісу бойынша салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша тек салықтық әкімшілендіру мақсатында беріледі.
7. Жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен ақша қозғалысы туралы анықтамалар, сондай-ақ оның банктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлкінің сипаты мен құны туралы қолда бар мәлiметтер мыналарға берiледi:
а) жеке тұлғаның өкiлдерiне:
нотариалды түрде куәландырылған сенімхат негiзiнде;
б) анықтау және алдын ала тергеу органдарына:
есепшоттарда немесе банкiде сақтаулы жатқан жеке тұлғаның ақшаcы мен өзге де мүлкiне арест салынуы, олар өндiрiп алынуы немесе мүлкiн тәркiлеу қолданылуы мүмкiн болатын реттерде анықтау немесе алдын ала тергеу органының біріншi басшысы немесе тергеушісi қол қойып, мөрiмен куәландырылған және прокурор санкция берген жазбаша сауал негiзiнде, олар жүргiзiп жатқан қылмыстық iстер бойынша;
в) соттарға:
есепшоттарда немесе банкiде сақтаулы жатқан жеке тұлғаның ақшасы мен өзге де мүлкiне арест салынуы, олар өндiрiп алынуы немесе мүлкiн тәркiлеу қолданылуы мүмкiн болатын реттерде, соттың ұйғарымы, қаулысы, шешімі, үкімі негiзiнде олар жүргiзiп жатқан iстер бойынша;
г) прокурорға: тексеру жүргiзу туралы қаулының негiзiнде, өз құзыретi шегiнде, өз қарауындағы материалдар бойынша;
д) алынып тасталды
е) алынып тасталды
7-1. Егер осы баптың 6-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы баптың 6 және 7-тармақтарында көзделген клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы анықтамалар клиенттiң банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірме нысанында беріледi. Клиенттiң банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзiндi көшірмеде болуға тиiс мәлiметтер уәкілетті органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.
7-2. Банк омбудсманына өзінің қарауында жатқан, қарыз алушы жеке тұлғалардың ипотекалық қарыз шарттарынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеу жөніндегі өтініштерін қарау бойынша банктік құпия ашылуы мүмкін.
8. Жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi, олардағы ақшаның қалдығы туралы анықтамалар, сондай-ақ банкінің сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан оның мүлкiнiң бар екендiгi, сипаты мен құны туралы қолда бар мәлiметтер, олардың иесi қайтыс болған жағдайда мыналарға берiледi:
а) мұра өкімінде есепшот (мүлiк) иесi деп көрсетiлген адамдарға;
б) соттар мен нотариустарға: соттың ұйғарымы, қаулысы немесе нотариустың өз мөрiн қойып куәландырған жазбаша сауалы негiзiнде олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша. Нотариустың жазбаша сауалына шот иесiнiң қайтыс болғаны туралы куәлiктiң көшiрмесi қоса берiлуге тиiс;
в) шетелдiк консулдық мекемелерге:
олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша.
2015.13.11. № 400-V ҚР Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды
8-1. «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғаның, оның ішінде кәсіпкерлік қызметін заңды тұлға құрмастан жүзеге асыратын жеке тұлғаның, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың банктік шоттарының болуы және нөмірлері туралы, жария ету субъектілерінің ақшаны жария ету үшін ашылған осы шоттардағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы анықтама Бас Прокурордың немесе оның орынбасарларының санкциясымен анықтау және алдын ала тергеу органдарына, мемлекеттік кіріс органдарына беріледі.
9. алынып тасталды
10. Банк құпиясы бар ақпарат Қазақстан Республикасының ақпарат алмасуды көздейтін халықаралық шарттары негізінде беріледі.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес алынған ақпаратты Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына осындай ақпаратты ұсынған тараптың келісімімен ғана береді.
11. Осы баптың талаптары банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға да қолданылады.
11.07.97 ж. № 154-1; 29.03.00 ж. № 42-II; 09.08.02 ж. № 346-II; 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.28.08. № 192-IV (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 51-бап өзгертiлдi; 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 51-бап өзгертілді
51-бап. Банкiде жатқан ақша мен мүлiкке тыйым салу және олардан өндiрiп алу
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Жеке немесе заңды тұлғаның (уәкілетті орган лицензиясынан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензиясынан айырылған ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) банктегi ақшасына және басқа да мүлкiне сот санкция берген анықтау және алдын ала тергеу органдарының қаулылары және сот орындаушыларының қаулылары, сондай-ақ соттардың қаулылары, шешiмдерi, үкiмдерi, ұйғарымдары негiзiнде ғана тыйым салу қолданылуы мүмкiн. Қуыным талаптарын қамтамасыз етуде тыйым салу қолданылған кезде тыйым салу қолданылған ақша сомасы қуыным сомасынан және мемлекеттік баж және соттың шешiмдерiн, үкiмдерiн, ұйғарымдары мен қаулыларын орындауға байланысты шығыстар мөлшерінен аспауға тиiс. Сот орындаушысы атқару құжатының орындалуын қамтамасыз етуде тыйым салуды қолданған жағдайда, тыйым салу қолданылатын ақша мен мүлік құнының сомасы өндіріп алушыға ұйғарылған соманы өтеу үшін қажетті сомадан, сондай-ақ атқару құжатын орындау процесінде борышкерге салынған айыппұлдар сомасынан, жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомаларынан және атқару құжатын орындау жөніндегі шығыстар сомаларынан аспауға тиіс.
Заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшелерінің, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың және кәсіби медиатордың банк шоттарындағы (корреспонденттiк шоттардан басқа) барлық шығыс операциялары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген жағдайларда, мемлекеттік кіріс органдарының өкімдері бойынша тоқтатыла тұруы мүмкiн, ал өндiрiп алу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген негiздер бойынша ғана қолданылуы мүмкiн.
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің банк шоттарындағы (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) барлық шығыс операциялары «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның өкімдері бойынша тоқтатыла тұруы мүмкін.
Жеке және заңды тұлғаның банк шоттары бойынша операциялары «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және тәртіппен тоқтатыла тұрады.
Бұл ретте мемлекеттік кіріс органдарының және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның өкімдері қағаз жеткізгіште немесе ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы электрондық нысанда банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберілуі мүмкін.
Қағаз жеткізгіште жіберілетін өкімге мемлекеттік кіріс органының немесе ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның бірiншi басшысы қол қоюға және сол органның мөрiмен куәландырылуға тиіс.
Электрондық нысанда жіберілетін өкім салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен немесе ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеген форматтарға сәйкес жасалады.
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Зейнетақы активтерiн қоспағанда, жеке және заңды тұлғаның банктегі ақшасы мен басқа да мүлкiн тәркiлеу заңды күшiне енген сот шешiмi (үкімі) негiзiнде ғана жүргiзiлуi мүмкiн.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 29.03.00 ж. № 42-II; 02.03.01 № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 52-бап өзгертiлдi; 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 52-бап жаңа редакцияда; 2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен 52-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
52-бап. 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен алып тасталды (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен 4-1-тараумен толықтырылды
4-1-тарау. Ислам банктерін құрудың және оның қызметінің ерекшеліктері
52-1-бап. Ислам банкінің қызметіне қойылатын талаптар
Ислам банкінің пайыз түрінде сыйақы алуға, инвестициялық депозитті қайтаруға немесе ол бойынша табысқа кепілдік беруге, темекі, ішімдік өнімдерін, қару-жарақ пен оқ-дәрі шығарумен және (немесе) сатумен, құмар ойындармен байланысты қызметті, сондай-ақ исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес қаржыландыруға (кредиттеуге) тыйым салған кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін қаржыландыруға (кредиттеуге) құқығы жоқ.
Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес ислам банкінің қызметіне ислам банкі сақтауға міндетті өзге де талаптарды қосымша айқындауға құқылы.
52-2-бап. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің қызметі
1. Ислам банкі қызметінің, операцияларының және мәмілелерінің осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес болуын айқындау үшін ислам банкінде міндетті түрде исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес құрылады.
2. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес директорлар кеңесінің ұсынысы бойынша ислам банкі акционерлерінің жалпы жиналысы тағайындайтын тәуелсіз орган болып табылады.
3. Ислам банкінің операцияларын жүргізудің жалпы талаптары туралы ережені, Ислам банкінің ішкі кредиттік саясаты туралы ережені исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің оң қорытындысы болған кезде ислам банкінің директорлар кеңесі бекітуге тиіс.
4. Егер осы Заңда, ислам банкінің жарғысында немесе ішкі ережелерінде өзгеше көзделмесе, ислам банкінің кредиттік комитетінің ислам банкінің ішкі кредиттік саясаты туралы ережеге сәйкес қабылданған шешімдері және Ислам банкінің операцияларын жүргізудің жалпы талаптары туралы ережеге сәйкес жасалған мәмілелер исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің жеке бекітуін талап етпейді. Бұл ретте, исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің қандай да бір мәмілені осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тұрғысынан өз қарауы бойынша тексеруге құқығы бар.
52-3-бап. Ислам банкінің операциялары мен мәмілелерін ислам банкінің қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес келмейді деп танудың салдары
1. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес жасалу сатысындағы мәмілені осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, мұндай мәміленің жасалуы және орындалуы мүмкін емес.
2. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін мәмілені жасалған, бірақ орындалмаған немесе ішінара орындалған деп таныған жағдайда, мұндай мәміле ислам банкінің талабы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімінен бұрын бұзылады.
3. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін мәмілені орындалған немесе ішінара орындалған деп таныған жағдайда, ислам банкінің осындай мәміле бойынша табысы қайырымдылық ісіне бағытталуға тиіс.
52-4-бап. Ислам банкінің жарғысына қойылатын қосымша талаптар
Ислам банкінің жарғысы осы Заңның 14-бабында көзделген мәліметтерден бөлек мыналарды:
1) ислам банкі қызметінің мақсаттарын;
2) ислам банкінің тұрақты жұмыс істейтін органы - исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің міндеттерін, функцияларын және өкілеттіктерін, сондай-ақ оны құрудың тәртібі мен исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің мүшелеріне қойылатын талаптарды қамтуға тиіс.
52-5-бап. Ислам банкінің банк операциялары және өзге де операциялары
1. Мына операциялар:
1) жеке және заңды тұлғалардан талап етуге дейінгі пайызсыз депозиттерді қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;
2) жеке және заңды тұлғалардың инвестициялық депозиттерін қабылдау;
3) банктік заем операциялары: ислам банкінің мерзімділік, қайтарымдылық талаптары бойынша және сыйақы алмай ақшалай нысанда кредиттер беруі;
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) жеке және заңды тұлғаларды:
тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату туралы шарттарсыз;