2. Парниктік газдар шығарындыларын азайту және сіңірулерді ұлғайту жөніндегі ішкі жобалар экономиканың мынадай салаларында:
1) тау-кен өндіруде және металлургияда (шахталық метанды кәдеге жарату жобалары бөлігінде);
2) ауыл шаруашылығында;
3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта;
4) орманды және далалы аумақтарды көгалдандыруда;
5) жердің тозуының алдын алуда;
6) жаңартылатын энергия көздерінде;
7) коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеуде;
8) көлікте;
9) энергия тиімді жұмсалатын құрылыста;
10) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруда іске асырылуы мүмкін.
3. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
21) 94-11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«94-11-бап. Парниктік газдар шығарындылары мониторингінің рәсімі
1. Қондырғы операторы тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолданылу кезеңіне квоталанатын қондырғының орындалуға міндетті парниктік газдар шығарындылары мониторингінің жоспарын әзірлейді.
2. Парниктік газдар шығарындылары мониторингінің жоспары валидациялауға жатады.
3. Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі жоқ болған жағдайда, қондырғы операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісуге жататын өзінің әдістемесін әзірлеуге құқылы.»;
22) 112-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган;»;
23) 158-3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның парниктік газдарды реттеу жөніндегі ведомстволық бағынысындағы ұйымы қалыптастырады және жүргізеді.»;
24) 158-4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«158-4-бап. Валидация және верификация
1. Валидация және верификация жөніндегі органдарды аккредиттеу Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Валидация және верификация жөніндегі орган валидацияның және верификацияның дұрыстығы үшін жауаптылықта болады.
3. Парниктік газдарды түгендеу туралы жыл сайынғы есепті, мониторинг жоспарын және қондырғы паспортын қондырғы операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша ұсынады.
Валидация және верификация қондырғы операторының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
4. Парниктік газдар шығарындыларын азайтудың және сіңірудің сол бір жобасының валидациясын және верификациясын валидация және верификация жөніндегі сол бір орган жүргізе алмайды.
5. Валидация және верификация, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, техникалық реттеу және ортақ өлшемдерді қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекіткен ұлттық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.»;
25) 160 және 161-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«160-бап. Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімі
1. Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімі - ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүргізетін, ашық қолжетімді түрде орналастырылған эмиссияның жай-күйі және қоршаған ортаның ластануы туралы құрылымдалған дерекқор.
2. І санаттағы объектілері бар табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидаларына сәйкес жыл сайын 1 сәуірге дейін өткен жылға арналған ақпаратты ұсынады.
3. Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімі ластауыш заттардың шекті жол берілетін шоғырлануы, олардың денсаулыққа және қоршаған ортаға әсері туралы ақпаратты, сондай-ақ ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдары бойынша басқа да ғылыми негізделген ақпаратты және табиғат пайдаланушылар туралы ақпаратты қамтиды.
Табиғат пайдаланушылар туралы ақпарат:
1) табиғат пайдаланушының атауын, мекенжайын және қызмет түрін;
2) берілген экологиялық рұқсаттың электрондық нұсқасын;
3) қоршаған ортаға эмиссиялардың көлемі бойынша ақпаратты;
4) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасының және экологиялық мониторинг есептерінің, қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарының электрондық нұсқасын;
5) мемлекеттік экологиялық бақылаудың тексеру нәтижелерін;
6) бюджетке қоршаған ортаға эмиссиялар үшін, оның ішінде белгіленген нормативтерден тыс міндетті төлемақылар туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
161-бап. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қоры
1. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қоры мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды қоршаған ортаның және оның объектілерінің жай-күйі, қоршаған ортаға әсер ету факторлары туралы, оны қорғау, қоршаған ортаның ластануының алдын алу және оны азайту бойынша қолданылатын шаралар, табиғи ресурстарды пайдалану туралы дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
2. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы ұйым жүзеге асырады және экологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, талдау, ғылыми-зерттеу, ұсыну, тарату, халықты және табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері жөнінде ағарту бойынша іс-шараларды қамтиды.
3. Мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорына ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен ұсынады.
4. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорының құрамына:
1) табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастры;
2) қоршаған ортаның ластану учаскелерін мемлекеттік есепке алу;
3) өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастры;
4) табиғат пайдаланушылардың және қоршаған ортаны ластау көздерінің мемлекеттік тізілімі;
5) озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастры;
6) ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тiркелiмi;
7) қоршаған ортаға әсердi бағалау және мемлекеттiк экологиялық сараптама материалдары;
8) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер және нормативтiк-техникалық құжаттар;
9) қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарды пайдалануға байланысты ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды орындау туралы есептер;
10) Қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды пайдалану туралы ұлттық баяндама;
11) Ұлттық экологиялық атлас;
12) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы бақылау-инспекциялық және құқық қолдану қызметінің нәтижелері бойынша есептер;
13) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасы және экологиялық мониторинг есептері;
14) мемлекеттiк экологиялық мониторингтің деректері;
15) экология саласындағы ғылыми-техникалық әдебиет;
16) қоршаған ортаның жай-күйі туралы және табиғи ресурстарды пайдалану, қоршаған ортаға әсер етудің факторлары және оны қорғау бойынша қолданылатын шаралар туралы ақпарат;
17) экологиялық ақпаратты қамтитын өзге де материалдар мен құжаттар кіреді.»;
26) 163-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жергілікті атқарушы орган жыл сайын жылдың 1 мамырына дейін өзінің интернет-ресурсында өткен жылға арналған:
қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақылардан бюджетке түсетін түсімдер;
қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шараларға бюджет шығыстары туралы ақпаратты орналастырады.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жыл сайын жылдың 1 мамырына дейін өзінің интернет-ресурсында өткен жылға арналған:
қоршаған ортаға залалды өтеуден бюджетке түсетін түсімдер;
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдардан бюджетке түсетін түсімдер туралы ақпаратты орналастырады.»;
27) мынадай мазмұндағы 166-1-баппен толықтырылсын:
«166-1-бап. Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндама
1. Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндама Қазақстан Республикасының аумағындағы нақты экологиялық жағдайлар және оны жақсарту бойынша қолданылатын шаралар туралы халықты жыл сайын ақпараттандыру мақсатында жасалады.
2. Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндамада мынадай:
1) қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың сандық және сапалық сипаттамалары туралы;
2) негізгі қоғамдық маңызы бар экологиялық проблемаларды қоса алғанда, қоршаған ортаға тигізетін антропогендік әсерлер туралы;
3) өңірлердегі экологиялық хал-ахуал туралы;
4) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша мәліметтер көрініс табады.
3. Орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы жасау үшін ақпарат ұсынады.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар ұсынған ақпараттар негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген Қағидаларға сәйкес Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы әзірлеуді ұйымдастырады.»;
28) 314-1-бап алып тасталсын;
29) 324-бап мынадай мазмұндағы жаңа 9, 10 және 11-тармақтармен толықтырылсын:
«9. Осы Кодекстің 94-2-бабының 2-тармағына және 94-5-бабына сәйкес парниктік газдар шығарындыларына бөлінген және берілген квоталар 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
10. Парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есепті верификациялауды валидацияны (детерминацияны) және верификацияны жүзеге асыратын аккредиттелген тәуелсіз ұйымдар 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырады.
11. Осы Кодекстің 94-2 (6-тармақтан басқасы), 94-4, 94-7, 94-9-баптарының қолданысы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.».
2-тармақ 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжаттар; № 2I-I, 124-құжат; № 2I-II, 130-құжат; № 21-III, 136, 137-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат):
541-бап мынадай мазмұндағы 8-2) тармақшамен толықтырылсын:
«талапкерлер (арыз берушілер) - қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау туралы, оның ішінде белгіленбеген тұлғалар тобының мүдделеріндегі талап қоюлар (арыздар) бойынша;».
3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат):
1) мазмұнында:
329 және 330-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«329-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квотаның белгіленген және қосымша алынған көлемінен асып кету
330-бап. Валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген тәуелсіз ұйымдардың, аккредиттелген органдардың верификация және валидация туралы анық емес деректерді ұсынуы»;
мынадай мазмұндағы 919-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«919-1-бап. Осы Кодекстің бабының қолданысын тоқтата тұру»;
2) 329-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«329-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квотаның белгіленген және қосымша алынған көлемінен асып кету
Парниктік газдар шығарындыларына квотаның белгіленген және қосымша алынған көлемінен асып кету - қондырғы операторларына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сатып алынған квоталар бірліктерімен және (немесе) жобаларды іске асыру нәтижесінде алынған көміртегі бірліктерімен өтелмеген, квотаның белгіленген көлемінен асатын әрбір бірлігі үшін бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3) 330-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«330-бап. Валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген тәуелсіз ұйымдардың, аккредиттелген органдардың верификация және валидация туралы дұрыс емес деректерді ұсынуы
Валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген тәуелсіз ұйымдардың, аккредиттелген органдардың верификация және валидация туралы дұрыс емес деректерді ұсынуы - аккредиттеу туралы аттестаттың немесе аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
4) мынадай мазмұндағы 919-1-баппен толықтырылсын:
«919-1-бап. Осы Кодекстің бабының қолданысын тоқтата тұру
Осы Кодекстің 329-бабының қолданысы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.».
2-бап. Осы Заң, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 2-тармағын, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 1-тармағы 12) тармақшасының үшінші-алтыншы, сегізінші-он екінші абзацтарын, 14), 17) және 19) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2016 жылғы сәуірдің 8-і.
№ 491-V