34-бап. Тұрақты жер пайдалану құқығы
1. Жер учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен мынадай мемлекеттік жер пайдаланушыларға:
1) 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 2) жаңа редакцияда (бұр. ред. қара )
2) ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, тәжірибе және оқу мақсаттарына;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiнде жер пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;
4) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де жағдайларда берiледi.
2. Тұрақты жер пайдалану құқығы шетелдік жер пайдаланушыларға тиесiлi болмайды.
35-бап. Уақытша жер пайдалану құқығы
1. Жер учаскесi азаматтар мен заңды тұлғаларға уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) немесе уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен берiлуi мүмкiн.
2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгiленбесе, уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы 5 жылға дейiнгi мерзiмге беріледі.
Осы Кодексте көзделген шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жағдайларын қоспағанда, уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы қысқа мерзімді (5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болуы мүмкін.
Арнайы экономикалық аймақты орналастыру үшін пайдаланылатын жерлер бойынша уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компанияларына арнайы экономикалық аймақты құру мерзіміне беріледі.
Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты орналастыру үшін пайдаланылатын жерлер бойынша уақытша жер пайдалану құқығы республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компанияларына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының индустриялық аймақ құру туралы шешімінде айқындалған мерзімге, бірақ кемінде 20 жылға беріледі.
Елді мекен шегінде объектілер салу үшін пайдаланылатын жерлер бойынша уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы кемінде үш жыл мерзімге беріледі.
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың) шекті мерзімдері осы Кодексте белгіленген уақытша жер пайдалану мерзімдеріне сәйкес жер учаскесiн нысаналы пайдалану ерекшеліктері ескеріле отырып, жалдаушының өтініші негізінде белгiленедi.
4. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ шартты бұзу тәртібі оның өзiнде көрсетiлген жағдайларда, атқарушы органдардың уақытша жер пайдалану шарттарын бiржақты бұзуына жол берiлмейдi.
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Жер пайдалану құқығында берілген жер учаскесін мемлекеттік меншікке қайтару жасалған жер учаскесін жалдау шартына немесе уақытша өтеусіз жер пайдалану шартына сәйкес жүзеге асырылады.
36-бап. Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы
2008.05.07 № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Жер учаскелерi Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен:
шалғайдағы мал шаруашылығы (маусымдық жайылымдар) үшiн;
тұрғын халықтың мал жаюы мен шөп шабуы үшiн;
мемлекеттік жер пайдаланушыларға;
бақша өcipу үшiн;
қызметтiк жер телiмі түрiнде;
ортақ пайдаланылатын жолдарды салу, мемлекеттік меншiктегi және әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектiлер, сондай-ақ осы Кодекстің 16-бабы 2-тармағының 4-1) тармақшасына және «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік объектілер (мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдар, ауруханалар мен емханалар) құрылысы кезеңiне;
тозған және бүлiнген жерлердi қалпына келтiру кезiнде;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының қолданылу мерзіміне;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен үйлердi (үй-жайларды) және ғимараттарды уақытша өтеусiз пайдалануға берген кезде; ғибадат объектiлерi үшiн;
осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге жағдайларда берiлуi мүмкiн.
2008.05.07 № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Уақытша өтеусiз жер пайдалану мерзiмi, жер учаскелерiн қызметтiк жер телiмдерi түрiнде және тозған әрi бүлiнген жердi қалпына келтiру үшiн беру жағдайларын қоспағанда, сондай-ақ жер учаскелерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іске асыру үшін беру жағдайларында бес жылдан аспауға тиiс.
Үйлер (үй-жайлар) мен ғимараттарға берiлген жер учаскесiн уақытша өтеусiз жер пайдалану мерзiмi үйлердi (үй-жайларды) және ғимараттарды, соның iшiнде ғибадат құрылыстарын уақытша өтеусiз пайдалану мерзiмiмен айқындалады.
3. Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығындағы жер учаскелерiн иелiктен шығаруға, соның iшiнде оларды кейiнгi жер пайдалануға беругe жол берiлмейдi.
37-бап. Уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығы
1. Жер учаскесiне уақытша өтеулi (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығы азаматтарға, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға табысталуы мүмкiн.
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Өз міндеттерін тиісінше орындаған уақытша өтеулі жер пайдаланушының (жалға алушының), егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе жалға алу шартында өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 43-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларында белгіленген талаптарды қоспағанда, жер учаскесінің шекаралары өзгермеген жағдайда, ал шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесі үшін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингінің нәтижелері де болған кезде, осы Кодекстің 43-бабында көзделген тәртіппен жаңа мерзімге шарт жасасуға құқығы бар. Уақытша өтеулі жер пайдаланушы (жалға алушы) осындай шарт жасасу ниеті туралы жалға берушіні жалға алу шартында көрсетілген мерзімде, егер шартта мұндай мерзім көрсетілмесе, онда жалға алу шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін үш ай мерзімде жазбаша хабардар етуге міндетті.
Жалға алу шартының қолданылу мерзімі өткен соң өз міндеттерін тиісінше орындаған уақытша өтеулі жер пайдаланушының (жалға алушының), егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе жалға алу шартында өзгеше белгіленбесе, жаңа мерзімге шарт жасасуға басқа тұлғалар алдында артықшылықты құқығы болады.
2-1. 2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Мемлекеттен уақытша өтеулi ұзақ мерзiмдi жер пайдалану (жалдау) құқығын сатып алған, осы баптың 5-тармағының 3) - 7) тармақшаларында аталғандардан басқа мемлекеттік емес жер пайдаланушылар өздерiне тиесiлi жер учаскелерiн (немесе олардың бiр бөлiгiн), ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді қоспағанда, жалға (қосалқы жалға) немесе уақытша өтеусiз пайдалануға беруге құқылы, егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органына хабарлай отырып, жер учаскесi меншiк иесiнiң келісімiнсiз, жер учаскесiн жалға беру шартының мерзiмi шегiнде өздерiне тиесiлi уақытша жер пайдалану құқығын иелiктен шығаруға да құқылы.
Аталған жағдайларда, жалдау құқықтарын кепiлге берудi қоспағанда, жер учаскесiнiң жаңа жалға алушысы жалға берушiнiң алдында жер учаскесiн жалдау шарты бойынша жауапты болады.
4. Жалға берiлетiн жер учаскесiн үйлердiң, құрылыстар мен ғимараттардың меншiк иелерi сатып алатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншiктегi жер учаскесiн сату кезiнде осы жер учаскесiн жалға алушының ортақ меншiк құқығындағы үлесiн бөгде тұлғаға сатуы үшiн Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен оны сатып алуға басым құқығы болады.
2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы:
2015.22.04. № 308-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2021.13.05. № 39-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін - Қазақстан Республикасының азаматтарына он жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2021.13.05. № 39-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін - шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге;
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 29 маусымда қолданысқа енгізілді); 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) пайдалы қазбаларды өндіру, жер қойнауы кеңістігін пайдалану немесе кен іздеушілік жөніндегі операцияларды жүргізу мақсаттары үшін - жер қойнауын пайдаланушыларға жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың бүкіл қолданылу мерзіміне;
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру үшін - азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларға бес жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды; 2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) осы Кодекстің 1-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген жерді қоспағанда, орман қоры жерінде және босалқы жерде жабайы жануарларды, оның ішінде аңшылық мақсатында өсіру үшін - Қазақстан Республикасының азаматтарына және мемлекеттік емес заңды тұлғаларына он жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге;
2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6) орман өсіру мақсаттары үшін - Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге;
2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда беріледі.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Арнайы экономикалық аймақты немесе республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты орналастыру үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру осы Кодекстің 35-бабы 2-тармағының үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген мерзімге жүзеге асырылады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6. Жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін берілген жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығының бір тұлғадан екінші тұлғаға ауысуы негізінде жүргізіледі.
Бұл ретте облыстың уәкілетті органы уақытша жер пайдалану (жалдау) шартын жер қойнауын пайдалану келісімшартына қосымша келісім немесе жер қойнауын пайдалануға қайта ресімделген лицензия және уақытша жер пайдалану (жалдау) шарты бойынша құқықтар мен міндеттерді жаңа жер қойнауын пайдаланушыға беру туралы шарт негізінде жаңа жер қойнауын пайдаланушыға қайта ресімдейді.
38-бап. Кейiнгi жер пайдалану (қосалқы жалдау) құқығы
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
1. Бастапқы жер пайдаланушы өзiнiң жер пайдалану құқығын иелiгiнен шығармай, ал өзiне тиесiлi учаскенi (немесе оның бiр бөлiгiн) жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органына хабарлай отырып, басқа тұлғаға уақытша жер пайдалануға беретiн жағдайларда, кейiнгi жер пайдалану туралы шарттың негiзiнде кейiнгi жер пайдалану туындайды.
Кейiнгi жер пайдаланушы әрдайым уақытша жер пайдаланушы болып табылады, өз құқықтарын басқа жер пайдаланушыларға беруге құқығы болмайды.
2. Жер учаскесiн кейiнгi жер пайдалануға берген кезде бастапқы және кейiнгi жер пайдаланушылар жер пайдаланушының мемлекет алдындағы мiндеттерiн толық көлемiнде атқарады.
3. Кейiнгi жер пайдалану туралы шарт жалдау шарты немесе уақытша өтeуciз пайдалану туралы шарт нысанында жасалады.
4. Кейiнгi жер пайдаланушы жер учаскесiнде шаруашылық жүргiзудi жүзеге асырады, сондай-ақ кейiнгi жер пайдалану (қосалқы жалдау) туралы шартта белгiленген шарттарды сақтай отырып, жер пайдаланушының басқа да құқықтары мен мiндеттерiн (осы Кодекстiң 64 және 65-баптары) iске асырады.
5. Осы Кодекстiң 41-бабына сәйкес жер учаскелерiн қызметтiк жер телiмi тәртібімен берудi қоспағанда, жеке және заңды тұлғаларға уақытша жер пайдалану құқығымен тиесiлi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн кейiнгi жер пайдалануға беруге жол берiлмейдi.
39-бап. Мемлекеттік жер пайдаланушылардың құқықтық жағдайының ерекшелiктерi
1. Мемлекеттік жер пайдаланушылар жер учаскесiнде шаруашылық жүргiзудi жүзеге асырады, сондай-ақ осы учаскенiң нысаналы мақсаты мен жер пайдаланушы қызметiнiң жарғыдағы мақсаттарын ескере отырып, жер пайдаланушының басқа да құқықтарын iске асырады.
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Мемлекеттік жер пайдаланушы өзіне тиесілі жер пайдалану құқығын иелігінен шығаруға, сондай-ақ кепілге беруге құқылы емес.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жерді қоспағанда, жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүлікті иеліктен шығаруға не кепілге беруге байланысты жер пайдалану құқығын иеліктен шығару не оны кепілге беру жағдайларына қолданылмайды.
3. Мемлекеттік жер пайдаланушыларға тиесiлi үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) кредиторлардың талап етуi бойынша өндiрiп алуға байланысты жер пайдалану құқығынан өндiрiлiп алынатын жағдайларды қоспағанда (осы Кодекстiң 78-бабының 3-тармағы), мемлекеттік жер пайдаланушыларға тиесiлi жер пайдалану құқығы кредиторлардың талап етуi бойынша өндiрiп алу нысанасы бола алмайды.
4. Мемлекеттік жер пайдаланушы өзiне тиесiлi үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) белгiленген тәртiппен жалға берген жағдайда, осы Кодекстiң 52-бабының 3-тармағында белгiленген ережелер бойынша, олармен бiрге аталған мүлiк орналасқан және оны белгiленген нормаларға сәйкес пайдалану үшiн қажеттi жер учаскесi де жалға берiледi.
Үйдiң (құрылыстың, ғимараттың) өзiн тиiсiнше жалға бермей тұрып, үйлер (құрылыстар, ғимараттар) орналасқан жер учаскесiн басқа тұлғаға жалға беруге болмайды.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5. Жер учаскесі қызметтік жер телімі тәртібімен және мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шарттары бойынша қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін берілетін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік жер пайдаланушының өзіне тиесілі жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беруіне жол берілмейді.
40-бап. Жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен ауысуы
1. Жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен ауысуы заң бойынша мұраға ие болу кезiнде немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда құқық мирасқорында жер пайдалану құқығының туындауын бiлдiредi.
2. Жер учаскесiне ұзақ мерзiмдi уақытша жер пайдалану құқығы бap азамат қайтыс болған жағдайда, жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген тәртiппен мұраға қалдырылады. Егер уақытша жер пайдалану шартында өзгеше көзделмесе, қысқа мерзiмдi уақытша жер пайдалану құқығы да осындай тәртiппен мұраға қалдырылады.
3. Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда, оған тиесiлi жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарының нормаларына және осы Кодекске сәйкес құқық мирасқорына көшедi.
41-бап. Қызметтiк жер телiмi
1. Қызметтiк жер телiмi ұзақ мерзiмдi уақытша өтеусiз жер пайдаланудың ерекше бiр түрi болып табылады.
2. Қызметтiк жер телiмiне құқығы бар қызметкерлер санаттарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
3. Қызметтiк жер телiмi осы телiмге құқығы бар адамдар жұмыс iстейтiн мемлекеттік заңды тұлғалардың жер пайдалануындағы жерден бөлiнедi.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Қызметтiк жер телiмi қызметтiк тұрғын үйдi күтiп-ұстау, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру, шөп шабу, мал жаю, сондай-ақ омарталар орналастыру үшiн берiледi.
5. Қызметтiк жер телiмi кейiнгi уақытша өтеусiз жер пайдалануға жатады және жұмысқа байланысты бөлiнген кезеңге берiледi. Қызметтiк жер телiмiне ауыл шаруашылығы дақылдары егiлген жағдайда, жұмыстан босатылған қызметкердiң қызметтiк жер телiмiн пайдалану құқығы өнiм жинап алынғаннан кейiн тоқтатылады.
6. Қызметтiк жер телiмi:
1) жасы немесе мүгедектiгi бойынша зейнеткерлiкке шыққан соң еңбек қатынастарын тоқтатқан қызметкерлерде;
2) Қарулы Күштер қатарына мiндеттi мерзiмдi қызметке шақырылған немесе оқуға түскен қызметкерлердiң отбасында - бұл қызметкерлердiң мiндеттi қызметте немесе оқу орнында болған бүкiл мерзiмiне;
3) қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты қаза тапқан қызметкерлердiң отбасында: жұмысқа жарамсыз жұбайы мен қарт ата-аналары үшiн - өмiр бойы, балалары үшiн - олар кәмелетке толғанға дейiн сақталады.
7. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес қызметтiк тұрғын үй-жайда тұру құқығы сақталатындығына қарай, қызметтiк тұрғын үйді күтiп-ұстауға арналған учаске түріндегі қызметтiк жер телiмiне құқық та сақталады.
8. Қызметтiк жер телiмi тәртібімен жер учаскесiн беру қызметкер мен заңды тұлға әкiмшiлiгiнiң арасында жасалатын қызметтiк жер телiмiн беру туралы шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
9. Қызметтiк жер телiмiн пайдалану құқығына қатысты қандай да болсын мәмiле жасасуға жол берiлмейдi.
5-тарау. Жер учаскесі - меншік құқығының,
жер пайдалану құқығының және өзге де заттық құқықтардың объектісі ретінде
42-бап. Жер учаскесiне құқық шектерi
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше белгiленбесе, жер учаскесiне құқық осы учаске шекарасындағы топырақтың үстiңгi қабатына, тұйық су айдындарына, екпелерге қолданылады.
Жер учаскесі меншік иесінің немесе жер пайдаланушының өзіне тиесілі жер учаскесінің шекараларындағы жер қойнауын пайдалануы осы Кодекстің 64-бабында көзделген құқықтарды іске асыру мақсаттары үшін рұқсат етіледі және жер учаскесінің нысаналы мақсатына және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Кең таралған пайдалы қазбаларды айырып алу құқықтарын және өз мұқтаждары үшін жерасты суларын пайдалану құқықтарын беру жер қойнауының тиісті бөлігі орналасқан жер учаскесін жеке меншікке немесе жер пайдалануға берумен бір мезгілде жүргізіледі.
2. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше белгiленбесе, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар өздерiне тиесiлi жер учаскелерiне құқықтарын өз қалауынша жүзеге асырады.
Жер учаскелерiне меншiк иелерiнiң және жер пайдаланушылардың жерге құқықтары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгiленген негiздер бойынша шектелуi мүмкiн.
2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Жер учаскелеріне меншік иелері немесе жер пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес экологиялық рұқсат алуға міндетті.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2006.05.07. № 158-III ҚР Заңымен; 2007.06.07. № 275-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ); 2007.26.07. № 311-III (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 43-бап өзгертілді; 2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен 43-бап жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен 43-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
43-бап. Жер учаскесiне құқық беру тәртібі
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Осы Кодекстің 44-1-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі жерден, сондай-ақ 48-бабына сәйкес сауда-саттыққа (аукциондарға) шығарылатын жерден жер учаскесіне құқық беру мынадай тәртіппен жүргiзiледi:
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) жер учаскесiне тиiстi құқық беру туралы өтінішті (өтінімді) қарауға қабылдау;
2) сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) жер учаскесін алдын ала таңдау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесі сұралған кезде);
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4) жер комиссиясының қорытынды дайындауы;
5) жерге орналастыру жобасын әзiрлеу және бекіту;
6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесiне құқық беру туралы шешiм қабылдауы;
7) сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу;
8) жергілікті жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
9) елді мекен шегінде объектілер салуға арналған жер учаскесін қоспағанда, жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-1-тармақ өзгертілді
1-1. Елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскесі сұралған кезде жер учаскесіне құқық беру тәртібі осы Кодекстің 44-1-бабымен реттеледі.