10) заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерін қоса алғанда, бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан талап ету құқықтары мен активтерді сатып алу, күтіп-ұстау, сақталуын қамтамасыз ету, басқару, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқару, иелену және (немесе) оларды өткізу;
11) ақшаны бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына, сондай-ақ банктерде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде банктік шот және банктік салым шарттары талаптарымен орналастыру;
12) ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен банктерді және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғаларды қаржыландыруды жүзеге асыру.»;
3-тармақтың 10) тармақшасы 2017 ж. 11 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
10) 143-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «кредит (қарыз) бойынша төлейтін» деген сөздер «төленетін» деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 155-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 29-5) және 38) тармақшалармен толықтырылсын:
3-тармақтың 11) тармақшасының екінші - төртінші абзацтары 2017 ж. 11 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
«29-5) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым талап ету құқығын сатып алған кредит (қарыз) бойынша міндеттемелердің тоқтатылуы кезінде:
негізгі борышты кешіру;
сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру түрінде түзілген кіріс;»;
3-тармақтың 11) тармақшасының бесінші абзацы 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«38) операторлары Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы болып табылатын Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту саласындағы мемлекеттік бағдарламаға, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен бағдарламаларға сәйкес кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қаржылық емес қолдау түрінде бюджет қаражаты есебінен алынған көрсетілетін қызметтердің құны.»;
3-тармақтың 12) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12) 156-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) гранттар қаражаты есебінен төленетін төлемдер (еңбекке ақы төлеу түріндегі төлемдерден басқа);»;
3-тармақтың 13) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
13) 180-1-баптың 7-тармағының 1) тармақшасындағы «салық органдары жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ұсынатын мәліметтер негізінде, өткізілген мүлікке меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарында» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өткізілген мүлікке меншік құқығы туындаған есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қаңтарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 14) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14) 180-2-баптың 7-тармағының 1) тармақшасындағы «салық органдары жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ұсынатын мәліметтер негізінде, жарғылық капиталға салым ретінде берілген мүлікке меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарына» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жарғылық капиталға салым ретінде берілген мүлікке меншік құқығы туындаған есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қаңтарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 15) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15) 192-баптың 1-тармағы 26) тармақшасы төртінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы осындай мүлік алынған есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қаңтарына белгілеген құн негізінде;»;
3-тармақтың 16) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
16) 231-баптың 3-тармағының 27) және 28) тармақшаларындағы «салық төлеуші» деген сөздер «жер қойнауын пайдаланушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 248-бапта:
3-тармақтың 17) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2017 ж. 11 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 4-4) тармақшамен толықтырылсын:
«4-4) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым осы Кодекстің 135-2-бабында көзделген қызмет түрлері бойынша өткізетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;»;
3-тармақтың 17) тармақшасының төртінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
26) және 27) тармақшалар алып тасталсын;
3-тармақтың 18) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
18) 258-баптың 1-тармағының 7-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1) жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне беретін пайдалы қазбалардың көлемдері бойынша;»;
3-тармақтың 19) тармақшасы 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
19) 262-баптың 2-2-тармағының екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«бас банктен күмәнді және үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша өндіріп алуды қолдану нәтижесінде алынған кепілдегі мүлікті (тауарды);
кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде бас банктің меншігіне өткен және банктің еншілес ұйымы бас банктен сатып алған мүлікті (тауарды) сатып алуға, иеленуге және (немесе) өткізуге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомаларын есепке алу жөніндегі бөлек әдiсті қолдануға құқығы бар.»;
3-тармақтың 20) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
20) 308-2-бапта:
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекет атынан алушы салықтық міндеттемені заттай нысанда орындауға байланысты қызметке қатысты корпоративтік табыс салығы және қосылған құн салығы бойынша декларацияларды тапсырмайды.»;
8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Мұндай төлеу осы Кодекстің 308-1-бабында көрсетілген өнімді бөлу туралы тиісті келісімде (келісімшартта) және (немесе) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта көзделген валютамен жүзеге асырылады.»;
3-тармақтың 21) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
21) 406-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«406-бап. Салықтық база
1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы есепті жылдан кейінгі әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мынадай тәртіппен белгілейтін, салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары бойынша салықтық база болып табылады:
Қ = Қ б х S х К физ х К функц х К айм х К аек өзг.
Осы тармақтың мақсаттары үшін:
Қ - салық салу мақсаттары үшін мүлік құны;
Қ б - тұрғынжайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің базалық құны;
S - тұрғынжайдың, саяжай құрылысының шаршы метрмен көрсетілетін пайдалы алаңы;
К физ - физикалық тозу коэффициенті;
К функц - функционалдық тозу коэффициенті;
К айм - аймақтарға бөлу коэффициенті;
К аек өзг - айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті.
2. Тұрғын жайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің ұлттық валютадағы базалық құны (Қ б) елді мекеннің түріне қарай мынадай мөлшерлерде айқындалады:
№ п/п | Елді мекеннің санаты | Базалық құны, теңгемен |
| Қалалар | |
1. | Алматы | 60 000 |
2. | Астана | 60 000 |
3. | Ақтау | 36 000 |
4. | Ақтөбе | 36 000 |
5. | Атырау | 36 000 |
6. | Қарағанды | 36 000 |
7. | Қызылорда | 36 000 |
8. | Көкшетау | 36 000 |
9. | Қостанай | 36 000 |
10. | Павлодар | 36 000 |
11. | Петропавл | 36 000 |
12. | Талдықорған | 36 000 |
13. | Тараз | 36 000 |
14. | Орал | 36 000 |
15. | Өскемен | 36 000 |
16. | Шымкент | 36 000 |
17. | Облыстық маңызы бар қалалар | 12 000 |
18. | Аудандық маңызы бар қалалар | 6 000 |
19. | Кенттер | 4 200 |
20. | Ауылдар | 2 700 |
Бұл ретте елді мекендердің санаттары техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышына сәйкес айқындалады.
3. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы белгілейтін, есепті жылдан кейінгі әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша осындай объектінің құны тұрғынжайдың салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, іргеқабаты, жертөлесі, гараж бойынша салықтық база болып табылады, ол мынадай формула бойынша есептеледі:
Қ = Қ б x S x К физ х К аек өзг х K айм.
Осы тармақтың мақсаттары үшін:
Қ - салық салу мақсаттары үшін құн;
Қ б - осы баптың 2-тармағында белгіленген базалық құнның мынадай мөлшерінде айқындалған бір шаршы метрдің базалық құны:
тұрғынжайдың салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, іргеқабаты, жертөлесі бойынша - 25 пайыз,
гараж бойынша - 15 пайыз;
S - тұрғынжайдың салқын жапсаржайының, шаруашылық (қызметтік) құрылысының, іргеқабатының, жертөлесінің, гараждың шаршы метрмен көрсетілетін жалпы алаңы;
К физ - осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған физикалық тозу коэффициенті;
К аек өзг - осы баптың 7-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті;
К айм - осы баптың 6-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған аймақтарға бөлу коэффициенті.
4. Тұрғынжайдың, саяжай құрылысының физикалық тозу коэффициенті амортизация нормалары және тиімді жасы ескеріле отырып, мынадай формула бойынша айқындалады:
К физ = 1 - Т физ, мұнда:
Т физ - тұрғынжайдың, саяжай құрылысының физикалық тозуы.
Физикалық тозу мынадай формула бойынша айқындалады:
Т физ = (Т баз - Т п.б.) х Н аморт/100, мұнда:
Т баз - салық есепке жазылған жыл;
Т п.б. - салық салу объектісі пайдалануға берілген жыл;
Н аморт - амортизация нормасы.
Ғимараттың сипаттамасына қарай физикалық тозуды айқындау кезінде мынадай амортизация нормалары қолданылады:
Р/с № | Күрделілік тобы | Ғимараттың сипаттамасы | Н аморт, % | Қызмет ету мерзімі, жыл |
1. | 1. | Тастан салынған, ерекше күрделі, қабырғаларының қалыңдығы 2,5 кiрпiштен астам немесе темір-бетон немесе металл қаңқалы кiрпiшті, аражабындары темір-бетон және бетон ғимараттар; iрi панельдi қабырғалары бар, аражабындары темір-бетон ғимараттар | 0,7 | 143 |
2. | 2. | Қалыңдығы 1,5-2,5 кірпіш болатын кірпіштен қаланған қабырғалары бар, аражабындары темір-бетон, бетон немесе ағаш ғимараттар; ірі блокты қабырғалары бар, аражабындары темір-бетон ғимараттар | 0,8 | 125 |
3. | 3. | Кірпіштен, тұтасқұймалы қожбетоннан, жеңіл қожблоктардан, ұлутастардан жеңілдетіліп қаланған қабырғалары бар, аражабындары темір-бетон немесе бетон ғимараттар; ірі блокты немесе кірпіштен, тұтасқұймалы қожбетоннан, ұсақ қожблоктардан жеңілдетіліп қаланған қабырғалары бар ғимараттар | 1,0 | 100 |
4. | 4. | Аралас, кесілген ағаштан жасалған немесе төсемтас қабырғалары бар ғимараттар | 2,0 | 50 |
5. | 5. | Шитіден жасалған, жиналмалы-қалқанды, құйма қаңқалы, балшықтан соғылған, саман ғимараттар | 3,3 | 30 |
6. | 6. | Қамыс қаңқалы және басқа да жеңідетілген ғимараттар | 6,6 | 15 |
Егер тастан қаланған немесе тасымалды панельді тұрғынжайдың, саяжай құрылысының физикалық тозуы - 70 пайыздан, өзге материалдардан салынғандардың физикалық тозуы 65 пайыздан жоғары болса, онда физикалық тозу коэффициенті 0,2-ге тең деп қабылданады.
5. Тұрғынжайдың, саяжай құрылысының сапасына қойылатын талаптардың өзгеруін есепке алатын функционалдық тозу коэффициенті (К функц) мынадай формула бойынша есептеледі:
К функц = К қабат х К бұр х К қаб. мат х К абат х К жыл, мұнда:
К қабат - тұрғынжайдың орналасу қабатына қарай базалық құнның өзгеруін есепке алатын коэффициент;
К бұр - тұрғынжайдың ғимарат бұрышындағы учаскелерде орналасуын есепке алатын коэффициент;
К қаб. мат - қабырғалардың материалын есепке алатын коэффициент;
К абат - тұрғынжайдың, саяжай құрылысының абаттандырылу және оның инженерлік-техникалық құрылғылармен қамтамасыз етілу деңгейiн есепке алатын коэффициент;
К жыл - жылыту түрін есепке алатын коэффициент.
Қабатына қарай қабаттылықтың мынадай түзету коэффициенттері қолданылады (К қабат):
Р/с № | Қабат | К қабат |
1. | Бірінші | 0,95 |
2. | Аралық немесе жеке тұрғын үй | 1,00 |
3. | Соңғы | 0,9 |
Биіктігі үш қабаттан аспайтын көппәтерлі тұрғын ғимараттар үшін кез келген қабат үшін қабаттылық коэффициенті 1-ге тең деп қабылданады.
Тұрғынжайдың ғимараттың бұрыштағы учаскелерінде орналасуына қарай мынадай түзету коэффициенттері қолданылады (К бұр):
Р/с № | Тұрғынжайдың ғимараттың бұрыштағы учаскелерінде орналасуы | К бұр |
1. | Бұрышта | 0,95 |
2. | Бұрышта емес немесе жеке тұрғын үй | 1,0 |
Қабырғалардың материалына қарай мынадай түзету коэффициенттері қолданылады (К қаб. мат):
Р/с № | Қабырғалардың материалы | Коэффициент |
1. | Кірпіштен | 1,1 |
2. | Керамзит-бетон блоктардан құрастырылған | 1,0 |
3. | Керамзит-бетон блоктардан құрастырылған, кірпішпен қапталған | 1,05 |
4. | Темір-бетон панельдер | 1,0 |
5. | Кірпішпен қапталған темір-бетон панельдерден | 1,05 |
6. | Саманды-балшықты | 0,5 |
7. | Саманды, сыртынан 0,5 кірпішпен қапталған | 0,6 |
8. | Тұтасқұймалы қожбетон | 0,7 |
9. | Темір-бетон блоктардан | 1,0 |
10. | Жиналмалы-қалқанды | 0,6 |
11. | Жиналмалы-қалқанды, 0,5 кірпішпен қапталған | 0,75 |
12. | Кесілген ағаштан | 0,85 |
13. | Шпалдан | 0,75 |
14. | Шпалдан, кірпішпен қапталған | 0,95 |
15. | Қамыс қаңқалы | 0,6 |
16. | Өзге де | 1,0 |
Тұрғынжай, саяжай құрылысы барлық тиісті инженерлік жүйелермен және техникалық құрылғылармен қамтамасыз етілген кезде абаттандырудың түзету коэффициенті (К абат) 1-ге тең деп қабылданады.
Адамдардың тұруы (тұрмысы), болуы үшін нормативтік не қолайлы жағдай жасайтын инженерлік жүйелер мен техникалық құрылғылар (су құбыры, кәріз, басқа да абаттандыру түрлері) болмаған жағдайда, К абат 0,8-ге тең деп қабылданады.
Жылыту түріне қарай жылытудың мынадай түзету коэффициенттері қолданылады (К жыл):
Р/с № | Жылыту түрлері | К жыл |
1. | Орталықтан жылыту | 1,0 |
2. | Газбен немесе мазутпен жергілікті жылыту | 0,98 |
3. | Қатты отын арқылы сумен жергілікті жылыту | 0,95 |
4. | Пешпен жылыту | 0,9 |
6. Салық салу объектісінің елдi мекенде орналасқан жерін есепке алатын аймақтарға бөлу коэффициентiн (К айм.) жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органмен келісу бойынша осындай коэффициент енгізілген жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімде аймақтарға бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес бекітеді және ол бекітілген жылынан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бекітілген аймақтарға бөлу коэффициенттері ресми жариялауға жатады.
Аймақтарға бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен орталық мемлекеттік органдар арасынан айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
7. Айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті (бұдан әрі - К аек өзг) мынадай формула бойынша айқындалады:
К аек өзг = а.ж. аек / алд. ж. аек, мұнда:
а.ж. аек - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш;
алд. ж. аек - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алдыңғы қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш.
8. Тұрғын үйдің салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, іргеқабаты, жертөлесі, гараж тұрғынжайдың бір бөлігі болған жағдайда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы салықтық базаны осы бапқа сәйкес есептелетін, осындай салық салу объектілерінің жиынтық құны ретінде айқындайды.
9. Бірнеше салық салу объектісі бойынша бір жеке тұлға салық төлеуші болған жағдайда, салықтық база әрбір объект бойынша жеке есептеледі.»;
3-тармақтың 22) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
22) 437-баптың 3-тармағы «әлеуметтік аударымдардың» деген сөздерден кейін «, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың 23) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
23) 438-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«438-бап. Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу (аудару) ерекшеліктері
Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу (аудару) есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргiзiледi.»;
3-тармақтың 24) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
24) 439-бапта:
1-1-тармақтың 1) тармақшасы екінші бөлігінің екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1-аумақтық аймақ: Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының, Алматы қаласының топырақ-климаттық аймақтарындағы шөлді, жартылай шөлді және тау бөктеріндегі шөлді-далалық жерде орналасқан жайылымдар;
2-аумақтық аймақ: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Астана қаласының, сондай-ақ 1-аумақтық аймақтың жерін қоспағанда, Ақтөбе облысының жері;»;
2) тармақша алып тасталсын;
3-тармақтың 25) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
25) 442-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде бірыңғай жер салығын төлеушілер кірістер мен шығыстардың, мүліктің бөлек есебін жүргізуге және көрсетілген қызмет түрлері бойынша тиісті салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді және төлеуді жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізуге міндетті.»;
26) 448-бапта:
3-тармақтың 26) тармақшасының екінші - төртінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақта:
төртінші бөліктің 2) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«осындай кооператив мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін, сондай-ақ осы тармақшаның үшінші абзацында көзделген қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді дайындау, сақтау және өткізу;»;
3-тармақтың 26) тармақшасының бесінші - тоғызыншы абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақта:
бірінші бөліктің 3) тармақшасы алып тасталсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) тармақшасының ережесі ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қолданылмайды.»;
3-тармақтың 26) тармақшасы 2017 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді және 2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
27) 450-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге де арнаулы салық режимінен ауысқан кезде арнаулы салық режимін қолдану үшін салық төлеуші арнаулы салық режимін қолданудың бірінші жылының алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей қолданылатын салық салу режимi туралы хабарламаны тұрған жеріндегі салық органына ұсынады.
Осы Кодекстің 448-бабы 3-тармағы 3) тармақшасының нормасы күшінің жойылуына байланысты аталған арнаулы салық режимін қолдану құқығы туындаған ауыл шаруашылығы кооперативтерінің мүшелері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген хабарламаны арнаулы салық режимін қолданудың бірінші жылының 29 желтоқсанынан кешіктірмей ұсынуға құқылы.
Жоғарыда көрсетілген күннен кейін ағымдағы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанына дейін жер учаскесіне құқық туындаған жағдайда осы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде салық органына қолданылатын салық салу режимi туралы хабарлама ұсынылады.
Жаңадан ашылған (пайда болған, құрылған) салық төлеушілер арнаулы салық режимiн қолдану үшiн осы Кодекстің 577-бабының 3-тармағына сәйкес тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтiнiшпен бір мезгілде салық органына қолданылатын салық салу режимi туралы хабарламаны ұсынады.
Бұл ретте:
1) жаңадан ашылған (пайда болған, құрылған) салық төлеушілер үшін - әділет органдарында заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу күні;
2) жаңадан ашылғандарды (пайда болғандарды, құрылғандарды) және осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілгендерді қоспағанда, салық төлеушілер үшiн - қолданылатын салық салу режимi туралы хабарлама ұсынылған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші күні;
3) осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген салық төлеушілер үшін - қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынылған күнтізбелік жылдың бірінші күні арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күні болып табылады.»;
3-тармақтың 28) тармақшасы 2017 ж. 11 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
28) 457-бапта:
2) тармақша мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым;»;
3) тармақша мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым;»;
3-тармақтың 29) тармақшасы 2017 ж. 11 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
29) 541-бап мынадай мазмұндағы 23-2) тармақшамен толықтырылсын:
«23-2) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым - талап қоюларды берген және соттардың шешімдеріне шағым жасаған кезде;»;
3-тармақтың 30) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
30) 568-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тиісінше ойын бизнесі салығын, тіркелген салықты және бірыңғай жер салығын салуға жататын қызмет бойынша осы Кодекстiң 411, 420 және 442-баптарында аталған тұлғаларды қоспағанда, резидент-заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, дара кәсіпкерлер осы бапта белгіленген тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатады.»;
3-тармақтың 31) тармақшасы 2017 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
31) 599-баптың 9-тармағындағы, 602-баптың 7-тармағындағы және 603-баптың 4-тармағындағы «2,5 еселенген» деген сөздер «1,25 еселенген» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 32) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
32) 608-баптың 1-тармағы 3) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген хабарламалар жіберу тәсілі осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 1) және 5-1) тармақшаларында көрсетілген хабарламаларға қатысты қолданылады.»;
3-тармақтың 33) тармақшасы 2017 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
33) 610-баптың 3-тармағындағы «2,5 еселенген» деген сөздер «1,25 еселенген» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., №20-21, 89-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №7, 32-құжат; №15, 71-құжат; №24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №2, 21-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №17, 136-құжат; №21, 161-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №3, 26-құжат; №4, 32-құжат; №8, 64-құжат; №12, 83-құжат; №14, 92, 95-құжаттар; №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №5-6, 30-құжат; №7, 36-құжат; №9, 51-құжат; №12, 57-құжат; №13, 62-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №16, 83-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №7, 37-құжат; №10, 52-құжат; №11, 65-құжат; №14, 84, 86-құжаттар; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №1, 2-құжат; №7, 33-құжат; №10, 50-құжат; №19-II, 102-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115-құжат; №22-I, 143-құжат; №22-V, 156-құжат; №23-II, 170-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №8-II, 67, 70-құжаттар; №23, 119-құжат; 2017 ж., №1-2, 3-құжат; №4, 7-құжат; №9, 22-құжат; №13, 45-құжат):
185-1-баптағы «2020» деген цифрлар «2022» деген цифрлармен ауыстырылсын.
5-тармақ 2017 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
5. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., №14, 70-құжат; №24, 145-құжат; 2011 ж., №1, 3-құжат; №11, 102-құжат; №19, 145-құжат; 2012 ж., №2, 15-құжат; №13, 91-құжат; №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №2, 13-құжат; №7, 36-құжат; №10-11, 56-құжат; №14, 72-құжат; №15, 81-құжат; №16, 83-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; №12, 82-құжат; №14, 84-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; №21, 122, 123-құжаттар; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 42-құжат; №11, 52-құжат; №15, 78-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115-құжат; №22-II, 144, 145-құжаттар; №22-V, 156-құжат; №23-I, 169-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №8-I, 65-құжат; №12, 87-құжат; №22, 116-құжат; №24, 124-құжат; 2017 ж., №13, 45-құжат):