Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 және 2002 жылғы 27 наурыздағы № 357 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 наурыздағы № 190 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 29 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысында:
1-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің:
Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов;
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Қайрат Нематұлы Келімбетов;»;
3) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Арман Ғалиасқарұлы Дунаев» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшада:
«Арман Ғалиасқарұлы Дунаев» деген сөздер «Наталья Артемовна Коржова» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Исаев Батырхан Арысбекұлы» деген сөздер «Марат Әпсеметұлы Құсайынов» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Ислам Даму Банкінің:
Басқарушы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Қайрат Нематұлы Келімбетов;
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Әлихан Асханұлы Смайылов;»;
2) «TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 наурыздағы № 357 қаулысында:
1-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Қайрат Медібайұлы Әйтекенов, TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушінің орынбасары болып Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Нұрлан Құсайынұлы Рахметов» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Болат Әбілқасымұлы Палымбетов» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |