2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 5-1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-1) кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімін жүргізу қағидаларын бекітеді;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-2) реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыруы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) жұмыскерлердің орташа жылдық санын және орташа жылдық кірісті есептеу қағидаларын бекітеді;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді
7) реттеушілік әсерге талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
8) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) ретеуші мемлекеттік органдарға реттеушілік әсерді талдауды жүзеге асыру мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетеді және олардың қызметін үйлестіреді;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кәсіпкерлік саласындағы басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының реттеушілік әсерді талдау жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы есептерін қарайды;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды
10-1) кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметін қамтамасыз етеді;
11) мемлекеттік қызметшілерді және өзге де адамдарды реттеушілік әсерді талдауды ендіру мен жүзеге асыру мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастырады;
12) реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізеді;
13) Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есептің жобасын әзірлейді;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды
13-1) ақпараттық құралдардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;
13-2) 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13-3) 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 13-4) тармақшамен толықтырылды
13-4) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бизнес-әріптестер тізілімімен интеграциялауға жататын ақпараттандыру объектілерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша әзірлейді;
14) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асырады.
3. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 85-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
85-1-бап. Кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің заңдылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
2. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган:
осы Кодекстің 138 және 139-баптарында көзделген кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға қатысты кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін сақтау тұрғысынан;
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсаттар беруді, қызметті немесе әрекетті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға қатысты «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес рұқсаттар беру, қызметті немесе әрекетті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны қабылдау тәртібін сақтау тұрғысынан;
талаптар тізіліміне кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптарды қамтитын реттеушілік актілерді енгізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға қатысты осы Кодекстің 85-2-бабына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерін қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
3. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету кезінде талаптардың сақталуы тұрғысынан жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты осы Кодекстің 13-тарауының талаптарына сәйкес жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.
4. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және оның құрылымына кіретін ұйымдарға және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруында болатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 85-2-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
85-2-бап. Кәсіпкерлік субъектілерін қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі
1. Кәсіпкерлік субъектілерін қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау осы бапқа сәйкес мерзімдік, жоспардан тыс тексерулер және қашықтан бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. Мерзімдік тексеру кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысы бекіткен мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарлары негізінде тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірілмей және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 маусымына дейін жүргізіледі.
Мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарында:
1) жоспардың бекітілген күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексерілетін мемлекеттік органның атауы, оның тұрған жері;
4) тексеру нысанасы;
5) тексеруді жүргізу мерзімдері;
6) жоспарға қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы қамтылады.
Мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспары мерзімдік тексеруді жүргізу туралы хабарлама болып табылады және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан және ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 маусымынан кешіктірілмей орналастырылады.
Мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тексерілетін мемлекеттік орган таратылған, қайта ұйымдастырылған, оның атауы өзгертілген, мемлекеттік органдар арасында өкілеттіктер қайта бөлінген, сондай-ақ табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, төтенше жағдай режимі енгізілген, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуы, уланулар, радиациялық авариялар мен оларға байланысты шектеулер туындаған немесе олардың туындау қатері төнген жағдайларда жүзеге асырылады.
Осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген жағдайлар басталған кезде тексеру ұзартылуы не тоқтатыла тұруы мүмкін.
Мерзімдік тексерулер жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ алға қойылған міндеттер ескеріліп белгіленеді және он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартыла отырып, он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс. Мерзімдік тексеруді жүргізу тоқтатыла тұрған кезде мерзімдік тексеруді жүргізу мерзімі үзіледі және мерзімдік тексеру қайта басталған кезден бастап жалғасады.
Мерзімдік тексеруді жүргізу мерзімі тек бір рет ұзартылуы мүмкін. Ұзарту кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті лауазымды адамының шешімімен жүзеге асырылады. Мерзімдік тексеруді жүргізу мерзімін ұзарту тексерілетін мемлекеттік органды хабардар ете отырып, мерзімдік тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің күні мен нөмірі және ұзарту себептері көрсетіледі. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган мерзімдік тексерудің мерзімін ұзарту туралы хабарламаны тексерілетін мемлекеттік органға табыс ету туралы хабарламамен бірге мерзімі ұзартылардан бір жұмыс күні бұрын табыс етеді.
3. Тексеру бару арқылы, тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүзеге асырылады, онда:
1) актінің нөмірі мен күні;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеруді жүргізуге уәкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) тексеруді жүргізуге тартылатын мамандар, консультанттар мен сарапшылар туралы мәліметтер;
5) тексерілетін мемлекеттік органның атауы, оның тұрған жері;
6) тағайындалған тексерудің нысанасы;
7) тексеру түрі;
8) тексеруді жүргізу мерзімі;
9) тексеруді жүргізу негіздері;
10) тексерілетін кезең;
11) тексерлетін мемлекеттік органның осы баптың 22-тармағында көзделген құқықтары мен міндеттері;
12) тексерілетін мемлекеттік орган басшысының не оның уәкілетті адамының актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы;
13) актіге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы көрсетіледі.
Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті лауазымды адамы тексерулерді тағайындау, ұзарту, тоқтата тұру және қайта бастау туралы актілерге қол қояды.
Тексеруді тағайындау туралы актіні мемлекеттік органға табыс ету күні тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі.
4. Мемлекеттік органдарды мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларына қосу үшін мынадай ақпарат көздерінің бірі пайдаланылады:
1) мемлекеттік органдар ұсынатын, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингтеу нәтижелері;
2) мемлекеттік органдарды алдыңғы тексерулердің нәтижелері;
3) қашықтан бақылаудың нәтижелері;
4) расталған жолданымдардың болуы;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында осы Кодекстің 129, 136 және 137-баптарына сәйкес мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртібі болмаған кезде мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру нәтижелері.
Мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын қалыптастыру үшін мемлекеттік органдарды талдау және іріктеу кезінде алдыңғы жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғандағы деректер пайдаланылуы мүмкін.
5. Кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібінің сақталуы тұрғысынан тексеру кәсіпкерлік субъектілерінің осы Кодекстің 138 және 139-баптарында көзделген қызметі салаларында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын:
бұзушылық орын алған кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулердің және бару арқылы профилактикалық бақылаудың неғұрлым көп саны бар;
бұзушылық орын алмаған кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулердің және бару арқылы профилактикалық бақылаудың неғұрлым көп саны бар;
өздеріне қатысты бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігіне жүргізілетін тексеру жүзеге асырылатын бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) ең аз жол берілетін шекті саны мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың белгілі бір саласында осындай бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс болатын, автоматты режимде тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда, мемлекеттік органдарға қатысты жүзеге асырылады.
6. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес рұқсаттарды беру, қызметті немесе әрекетті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдау тәртібінің сақталуы тұрғысынан тексеру рұқсаттарды беруді, қызметті немесе әрекетті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын:
кәсіпкерлік субъектілеріне рұқсаттарды беруден бас тартудың неғұрлым көп саны бар;
рұқсаттар беруді, қызметті немесе әрекетті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдауды жүзеге асыруы кезінде мемлекеттік органдарға кәсіпкерлік субъектілері жолданымдарының неғұрлым көп саны бар мемлекеттік органдарға қатысты жүргізіледі.
7. Талаптар тізіліміне реттеушілік актілерді енгізу жөніндегі талаптардың сақталуы тұрғысынан тексеру осы Кодекстің 83-1-бабында көзделген талаптар бұзылған кезде мемлекеттік органдарға қатысты жүргізіледі.
8. Жоспардан тыс тексеруге:
1) тексерудің және (немесе) қашықтан бақылаудың нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген кәсіпкерлік субъектілерін қорғау саласындағы талаптарды бұзудың нақты фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары;
3) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірілгені не зиян келтіру қатері туралы нақты фактілер бойынша прокурордың талаптары;
4) кәсіпкерлік субъектілерін қорғау саласында жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзудың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жолданымдары;
5) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша қылмыстық қудалау органының тапсырмасы негіз болып табылады.
Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган тексерілетін мемлекеттік органға тексеруді жүргізу нысанасын көрсете отырып, жоспардан тыс тексеруді жүргізудің басталғаны туралы тексеру басталардан кемінде бір тәулік бұрын хабар беруге міндетті.
9. Жоспардан тыс тексеруді жүргізу мерзімі он жұмыс күніне дейін ұзартыла отырып, он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Жоспардан тыс тексеруді жүргізу мерзімі тек бір рет ұзартылуы мүмкін. Ұзарту кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті лауазымды адамының шешімімен жүзеге асырылады. Жоспардан тыс тексеруді жүргізу мерзімін ұзарту тексерілетін мемлекеттік органды хабардар ете отырып, жоспардан тыс тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің күні мен нөмірі және ұзарту себептері көрсетіледі. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган жоспардан тыс тексерудің мерзімін ұзарту туралы хабарламаны тексерілетін мемлекеттік органға табыс ету туралы хабарламамен бірге мерзімі ұзартылардан бір жұмыс күні бұрын табыс етеді.
10. Анонимді жолданымдар берілген жағдайда, жоспардан тыс тексерулер жүргізілмейді. Тексерілетін мемлекеттік органдарға қатысты анықталған және жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған фактілер мен мәнжайлар жоспардан тыс тексеруге жатады.
11. Қашықтан бақылау:
1) тексерілетін мемлекеттік органның қызметін мониторингтеу;
2) қашықтан бақылау нысанасына қатысты қажетті ақпаратты беру туралы сұрау салу;
3) қашықтан бақылау нысанасына қатысты қажетті ақпаратты алу мақсатында тексерілетін мемлекеттік органның басшысын не оның уәкілетті адамын шақыру арқылы жүргізіледі.
12. Қашықтан бақылау:
кәсіпкерлік субъектілерінің осы Кодекстің 138 және 139-баптарында көзделген қызметі салаларында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды;
рұқсаттар беруді, қызметті немесе әрекетті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдауды;
талаптар тізілімін қалыптастыру және жүргізу талаптарын сақтауды жүзеге асыратын тексерілетін мемлекеттік органдардың қызметін мониторингтеу арқылы жылына бір рет жүргізіледі.
Қашықтан бақылауды жүргізу мерзімі он жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қашықтан бақылауды жүргізу аяқталған күні тексерілетін мемлекеттік органға қашықтан бақылаудың нәтижелері туралы қорытынды жіберіледі (бұзушылықтар болған кезде).
13. Қашықтан бақылау бармай жүргізіледі, қажет болған кезде әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілерін көрсететін жеткілікті деректерді жинау үшін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қажетті ақпаратты беру туралы сұрау салу жібереді не қажетті ақпаратты алу мақсатында тексерілетін мемлекеттік органның басшысын не оның уәкілетті адамын шақыруды жүзеге асырады.
Қашықтан бақылаудың нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, қашықтан бақылаудың нәтижелері туралы қорытынды жасалады, онда:
1) қорытындының жасалған күні, нөмірі мен орны;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексерілетін мемлекеттік органның атауы, оның тұрған жері;
4) қашықтан бақылауды жүргізу негізі мен нысанасы;
5) қашықтан бақылауды жүргізу кезеңі мен мерзімдері;
6) анықталған бұзушылықтар және талаптарды орындау мен бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға қатысты шаралар қабылдау мерзімін көрсете отырып, оларды жою туралы талаптар көрсетіледі.
Бұл ретте анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптарды орындау мерзімі қорытынды табыс етілген күннен бастап кемінде он жұмыс күнін құрайды;
7) қашықтан бақылауды жүргізген лауазымды адамның қолтаңбасы көрсетіледі.
Қашықтан бақылаудың нәтижелері бойынша қорытындының бір данасы тексерілетін мемлекеттік органға табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімі нысанында не тексерілетін мемлекеттік органның электрондық пошта мекенжайы бойынша электрондық құжат арқылы немесе өзге де қолжетімді тәсілмен жіберіледі. Екінші данасы кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органда қалады, үшінші данасы мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға электрондық нысанда тапсырылады.
Тексерілетін мемлекеттік орган қашықтан бақылаудың нәтижелері бойынша ескертулері және (немесе) қарсылықтары болған жағдайда, оларды жазбаша түрде баяндайды және қашықтан бақылаудың нәтижелері бойынша қорытынды табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган тексерілетін мемлекеттік органның ескертулерін және (немесе) қарсылықтарын қарауға және он жұмыс күні ішінде уәжді жауап беруге тиіс.
14. Тексерудің нәтижелері бойынша тексеру нәтижелері туралы қорытынды жасалады, онда:
1) қорытындының жасалған күні, нөмірі мен орны;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеруді тағайындау туралы актінің (бар болса, мерзімін ұзарту туралы қосымша актінің) күні мен нөмірі;
4) тексеруді жүргізген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер олар жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе) және лауазымдары;
5) тексеруді жүргізуге тартылатын мамандар, консультанттар мен сарапшылар туралы мәліметтер;
6) тексерілетін мемлекеттік органның атауы, оның тұрғанжері;
7) тексеру нысанасы;
8) тексеру түрі;
9) тексеруді жүргізу мерзімі және кезеңі;
10) тексерудің нәтижелері, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәліметтер;
11) талаптарды орындау және бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға қатысты шаралар қабылдау мерзімін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар;
12) тексерілетін мемлекеттік орган басшысының не оның уәкілетті адамының, сондай-ақ тексеруді жүргізу кезінде болған адамдардың қорытындымен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбасы немесе қол қоюдан бас тартуы туралы жазба;
13) тексеруді жүргізген лауазымды адамдардың қолтаңбасы көрсетіледі.
Тексеру нәтижелері туралы қорытындыға, бар болса, тексерудің нәтижелеріне байланысты құжаттар немесе олардың көшірмелері қоса беріледі.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптарды орындау мерзімі тексеру нәтижелері туралы қорытынды табыс етілген күннен бастап кемінде он жұмыс күнін құрайды.
15. Тексеру нәтижелері туралы қорытындының бірінші данасы мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға электрондық нысанда тапсырылады, екінші данасы тексерілетін мемлекеттік органға (басшысына не оның уәкілетті адамына) танысу және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау және басқа да әрекеттер жасау үшін қолын қойғызып қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда табыс етіледі, үшінші данасы кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органда қалады.
Тексерілетін мемлекеттік орган тексерудің нәтижелері бойынша ескертулері және (немесе) қарсылықтары болған жағдайда, оларды жазбаша түрде баяндайды және тексеру нәтижелері туралы қорытынды табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға жібереді. Тексеруді жүргізген лауазымды адам тексеру нәтижелері туралы қорытындыға тиісті жазба жасайды.
Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган тексерілетін мемлекеттік органның ескертулерін және (немесе) қарсылықтарын қарауға және он жұмыс күн ішінде уәжді жауап беруге тиіс.
16. Тексеруді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылық болмаған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы қорытындыға тиісті жазба жасалады.
17. Тексерілетін мемлекеттік органға тексеруді тағайындау туралы актіде (бар болса, мерзімін ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген тексеруді аяқтау мерзімінен кешіктірмей, тексеру нәтижелері туралы қорытынды табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.
18. Тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар тексерілетін мемлекеттік органдардың орындауы үшін міндетті болып табылады.
Тексерілетін мемлекеттік орган тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген мерзім ішінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
Тексерілетін мемлекеттік орган тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбаған немесе толық ұсынбаған жағдайда, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган осы баптың 8-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеруді тағайындайды.
Тексерілетін мемлекеттік орган анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынылған ақпаратқа бұзушылықты жою фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса береді. Мұндай жағдайда жоспардан тыс тексеруді жүргізу талап етілмейді.
19. Егер тексерулер немесе қашықтан бақылау осы бапта белгіленген тексерулерді немесе қашықтан бақылауды жүргізу жөніндегі талаптарды бұза отырып жүргізілсе, олар жарамсыз деп танылады.
20. Тексеруді немесе қашықтан бақылауды жүзеге асыру кезінде тексерілетін мемлекеттік органның құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, тексерілетін мемлекеттік орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған лауазымды адамға не сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
21. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамдарының тексеруді немесе қашықтан бақылауды жүргізу кезінде:
1) тексерілетін мемлекеттік орган белгілеген рұқсаттамалық және объектішілік режим талаптарын сақтай отырып, тексеру нысанасына сәйкес тексерілетін мемлекеттік органның аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нәтижелері туралы қорытындыға қоса тігу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін алуға, сондай-ақ тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуге;
3) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға;
4) аудио-, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға құқығы бар.
Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамдары тексеруді немесе қашықтан бақылауды жүргізу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, тексерілетін мемлекеттік органның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) тексеруді немесе қашықтан бақылауды осы бапта белгіленген тәртіп негізінде және соған қатаң сәйкестікте жүргізуге;
3) тексеруді жүргізу кезеңінде тексерілетін мемлекеттік органның белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
4) тексерілетін мемлекеттік органның не оның уәкілетті өкілінің тексеруді жүргізу кезінде болуына кедергі келтірмеуге, тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нысанасына жататын мәселелер бойынша түсіндірме беруге;