4) орындаушылық деп кәсіпкерлік субъектілерінің енгізілетін реттегіш құралдың және (немесе) талаптың шарттарын орындау мүмкіндігі түсініледі;
5) айқындық деп реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің нормаларын екіұдай түсінуге жол бермейтіндей етіп түсінікті, қолжетімді нысанда баяндау түсініледі;
6) мөлшерлестік пен ұтымдылық деп кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің әсер ету деңгейінің Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында қорғалатын құндылықтар үшін қолайсыз оқиғалардың басталу тәуекелі дәрежесіне сәйкестігі түсініледі;
7) дәйектілік пен болжамдылық деп енгізілетін және (немесе) қолданыстағы реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі түсініледі.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды енгізу, сондай-ақ қолданыстағы реттегіш құралдарды, талаптарды және (немесе) реттеушілік актілерді өзгерту осы бапта белгіленген шарттар сақталып жүзеге асырылады.
Реттегіш құралдар және (немесе) талаптар осы Кодекстің 3 және 80-баптарында белгіленген кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мақсаттарына, міндеттеріне және кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына сәйкес келуге тиіс.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Енгізілетін және қолданыстағы реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың, сондай-ақ қолданыстағы реттеушілік актілердің шарттарына сәйкестікті бағалау реттеушілік әсерге талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларына сәйкес реттеушілік әсерге талдау жүргізу шеңберінде жүзеге асырылады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 82-бап жаңа редакцияда
82-бап. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды енгізуді, реттеуді қатаңдатуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау ерекшеліктері
1. Егер мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттегіш құралды және (немесе) талапты енгізуді, реттеуді қатаңдатуды жоспарлаған болса, мемлекеттік органдар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.
Кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша міндеттер белгілеу немесе жүктемені өзгеше ұлғайту реттеуді қатаңдату болып табылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа талапты енгізу немесе реттеуді қатаңдату, халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне жаппай қатер төндіруі мүмкін жағдайларды қоспағанда, реттеушілік әсерге талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларында айқындалған тәртіппен кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеудің нақ сол саласындағы екі талаптың күшін жоюды көздеуге тиіс.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде тиісті құқықтық қатынастарды реттеу алғаш рет енгізілетін жағдайларға, сондай-ақ осы баптың 3-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жағдайларға осы тармақтың ережелері қолданылмайды.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеушілік құралдарды және (немесе) талаптарды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобалары, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобалары, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің жобалары реттеушілік әсерін талдауға жатады.
Бұл ретте, кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құрал және (немесе) талаптар енгізілгенге дейін және енгізілгеннен кейін және (немесе) реттеу қатаңдатылғанға дейін және қатаңдатылғаннан кейін реттеушілік әсерге талдау жүргізу туралы талап:
1) авариялардың, дүлей зілзалалардың және өзге де төтенше жағдайлардың салдарларын еңсеру жөніндегі мәселелерді реттеуге;
2) қару-жарақ пен әскери техниканың айналымын, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымын, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымын реттеуге;
3) қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерлері филиалдарының және сақтандыру топтары мен банк конгломераттарының құрамына кіретін тұлғалардың қызметін реттеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігіне және оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төнген жағдайда төлем балансын қорғау жөніндегі шараларды енгізуге;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы сауда саясаты жөніндегі консультативтік-кеңесші органның шешімі негізінде ішкі нарықта елеулі маңызды тауарлар тізбесіне енгізілген азық-түлік тауарларының немесе өзге де тауарлардың аса жетіспеушілігін болғызбау не азайту және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тыйым салулар мен сандық шектеулер және кедендік-тарифтік реттеу шараларын енгізуге;
5) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына;
6) адамдардың инфекциялық және паразиттік аурулары мен жануарлардың жұқпалы аурулары туындаған жағдайда, тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып карантиндік аймақты, сондай-ақ карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдауға;
7) экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мәселелерді реттеуге;
8) қарсы барлау және барлау қызметі саласындағы мәселелерді реттеуге;
9) жедел-іздестіру қызметі саласындағы мәселелерді реттеуге;
10) күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күзет іс-шараларын жүргізу мәселелерін реттеуге;
11) соғыс жағдайын енгізуге және қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді реттеуге қолданылмайды.
Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттегіш құралды және (немесе) талапты енгізу немесе реттеуді қатаңдату кезінде реттеушілік әсерге талдау жүргізу туралы талаптар Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген заң жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобаларын қарау процесіне де қолданылмайды. Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілген заң жобалары бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауындағы заң жобаларына депутаттардың түзетулері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысы шеңберінде, осы бапта белгіленген негіздер бойынша реттеушілік әсерге талдау жүргізілуі мүмкін.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттегіш құралды және (немесе) талапты енгізу, реттеуді қатаңдату кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мақұлдағаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау мақсатында құрылатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады, оның негізгі функциялары:
1) реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарау;
2) Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті қарау және мақұлдау;
3) сараптама топтарының ұсынымдарын қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның:
1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
2) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен басқа да ұйымдарының өкілдерін кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарына шақыруға және оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тыңдауға;
4) мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, қажетті материалдарды сұратуға және алуға;
5) сараптама топтарын құруға, олар туралы ережені бекітуге және осындай сараптама топтарын қалыптастыру мен олардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге құқығы бар.
Осы тармақтың талаптары, Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларында кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралды және (немесе) талапты енгізу, реттеуді қатаңдату жағдайларын қоспағанда, өңірлік маңызы бар актілердің жобаларына, сондай-ақ осы баптың 3-тармағы екінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларға қолданылмайды.
Өңірлік маңызы бар актілер деп Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары және жергілікті өкілді және атқарушы органдар, оның ішінде тиісті аумақтың әкімі қабылдаған нормативтік құқықтық актілер түсініледі.
5. Әкімшілік және (немесе) қылмыстық жауаптылықты енгізу немесе кәсіпкерлік субъектілерінің бұрыннан бар әкімшілік және (немесе) қылмыстық жауаптылығын қатаңдату жағына қарай қайта қарау реттеушілік әсерді талдаудан басқа, мыналарды:
1) заңдық жауаптылық шараларының жазалау сипатына жол бермеуді;
2) сол бір құқық бұзушылық үшін заңдық жауаптылықтың бірнеше түрі енгізілген жағдайда, заңдық жауаптылық мөлшерінің қисынды арақатынасын;
3) бұзылуы реттеушілік әсерді талдау шеңберінде заңдық жауаптылыққа алып келетін талаптарды нақтылауды көздеуге тиіс.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 83-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
83-бап. Реттеушілік әсерді талдау
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Кейіннен мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік беретін, енгізілетін реттегіш құралдың және (немесе) талаптың, реттеуді қатаңдатудың пайдасы мен шығындарын салыстырудың талдамалық рәсімі реттеушілік әсерді талдау болып табылады.
Белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу немесе анық айқындалған проблемаларды шешу үшін реттеудің баламалы тәсілдерін бағалау арқылы нақты реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды пайдалану, реттеуді қатаңдату бөлігінде мемлекеттік саясаттың пәрменділігі мен тиімділігін арттыру реттеушілік әсерді талдаудың мақсаты болып табылады.
Реттеушілік әсерге талдау жүргізу кезінде енгізілетін реттегіш құралдың және (немесе) талаптардың, реттеуді қатаңдатудың бәсекелес ортаның жай-күйіне әсерін бағалау жүргізіледі.
Бәсекелестікке әсерге бағалау жүргізу қағидаларын монополияға қарсы орган бекітеді.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Реттеушілік әсерді талдау реттегіш құрал және (немесе) талап енгізілгенге, реттеу қатаңдатылғанға дейін, сондай-ақ қолданыстағы реттеушілік актілер бойынша жүргізіледі.
Қолданыстағы реттеушілік актілерді талдау кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімінде белгіленген мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдардың осы Кодекстің 83-1-бабының қолданыстағы реттеушілік актілерді қайта қарау бөлігіндегі ережелерін орындамауы туралы ақпарат кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына шығарылады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің ұсыныстарын қарау қорытындылары бойынша енгізілген кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның ұсыныстары негізінде кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралдың және (немесе) талаптың, реттеуді қатаңдатудың күші жойылуы немесе олар қайта қаралуы мүмкін.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайда мемлекеттік органдар осы бапқа сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.
3. Реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелері бойынша реттегіш құралды қолдану тиімділігіне қарай реттегіш құралдың күші жойылуы немесе өзгеше түрде қайта қаралуы мүмкін.
Реттегіш құралды енгізу кезінде мәлімделген, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізілмеген жағдайда, оның күші жойылуға жатады.
4. Реттеушілік әсерді талдауды мемлекеттік органдар осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың жобаларына қатысты, сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган, Ұлттық палата және басқа да мүдделі тұлғалар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізеді.
Бұл ретте соларға қатысты реттеушілік әсерді талдауды олардың әзірлеушілері жүргізетін өңірлік маңызы бар актілерді қоспағанда, реттеушілік әсерді талдауды реттеуші мемлекеттік органдар жүргізеді.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Реттеушілік әсерге талдау жүргізу жаңа реттегіш құралды және (немесе) талапты енгізудің, реттеуді қатаңдатудың міндетті шарты болып табылады.
6. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган:
1) реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарайды және өңірлік маңызы бар актілердің жобаларын қоспағанда, реттеуші мемлекеттік органдардың, Ұлттық палатаның және басқа да мүдделі тұлғалардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытынды береді;
2) реттеушілік әсерді талдаудың түйіндерімен келіспеген жағдайда, реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізеді;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімін қалыптастыру және жүргізу кезінде нормативтік құқықтық актінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті талаптар қамтылатын өзге де құжаттың, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісі жобасының, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаты жобасының немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті талаптар қамтылатын өзге де құжат жобасының осы Кодекстің 9, 11, 80, 81-1 және 82-баптарының талаптарына сәйкестігін растауды қамтамасыз етеді.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кәсіпкерлік саласындағы басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы:
1) реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарайды және өңірлік маңызы бар актілердің жобаларын әзірлеушілердің, өңірлік палатаның және басқа да мүдделі тұлғалардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытынды береді;
2) реттеушілік әсерді талдаудың түйіндерімен келіспеген жағдайда, реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізеді.
Реттеушілік әсерді талдау нәтижелері «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын, ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңесші органның қарауына шығарылады, олардың мақұлдануы жаңа реттегіш құралды және (немесе) талапты енгізудің, реттеуді қатаңдатудың міндетті шарты болып табылады.
8. Реттеушілік әсерді талдаудың және реттеушілік әсерге баламалы талдаудың нәтижелері жалпыға қолжетімді интернет-ресурстарда орналастырылады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 83-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
83-1-бап. Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімі
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімі (бұдан әрі - талаптар тізілімі) деп экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша кәсіпкерлік қызмет түрлері бөлінісінде реттеушілік актілердің жалпыға бірдей қолжетімді дерекқоры түсініледі.
Осы баптың мақсаттары үшін реттеушілік актілер деп қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптар қамтылатын өзге де құжаттар түсініледі.
Егер реттеушілік актіде кәсіпкерлік қызметтің саналуан түріне қойылатын орындалуы міндетті талаптар қамтылатын болса, мұндай акт қызметтің әрбір түріне арналған талаптар тізіліміне енгізілуге жатады.
Осы тармақтың үшінші бөлігінің ережелері кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін жүргізу қағидаларында енгізудің өзге тәртібі көзделген реттеушілік актілерге қолданылмайды.
Талаптар тізілімі:
1) талаптардың осы Кодексте көзделген оларды қалыптастыру шарттарына және кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына сәйкестігін қамтамасыз ету;
2) кәсіпкерлік субъектілерінің қызметті жүзеге асыруы үшін міндетті талаптардың түбегейлі тізбесі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету міндеттерін шешеді.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Талаптар тізіліміне Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын қоспағанда, экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес қызметті жүзеге асыруы кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптар қамтылатын реттеушілік актілер енгізіледі.
Талаптар тізіліміне реттеушілік актілер олардың тиімділігін бағалау, оның ішінде мемлекеттік реттеудің мәлімделген мақсаттарына қол жеткізу және осы Кодексте көзделген міндетті талаптарды қалыптастыру шарттарына және кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына сәйкестігі тұрғысынан оларға кейіннен талдау жүргізу үшін енгізіледі.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Реттеушілік актілер оларды кәсіпкерлік қызметтің тиісті түрлерін реттеу кезінде қолданатын реттеуші мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға берілетін ұсынуы бойынша талаптар тізіліміне енгізіледі.
Реттеуші мемлекеттік органдар ұсынуда кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша реттеушілік актілерге кейіннен талдау жүргізу мерзімдерін айқындайды.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Реттеушілік актілерді талдау реттеушілік әсерге талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Реттеушілік актілер талаптардың тізіліміне былайша:
1) Қазақстан Республикасының заңдары баптар бойынша;
2) Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері және өзге де құжаттар деректемелері көрсетіле отырып, осы актілердің немесе құжаттардың атаулары бойынша енгізіледі.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Егер реттеуші мемлекеттік орган реттеушілік актіге уақтылы талдау жүргізбесе, бұл акт талаптар тізілімнен шығарылады.
Реттеуші мемлекеттік орган осы Кодекстің 81-1-бабына сәйкес келмейтін талаптарды бұзғаны үшін кәсіпкерлерді жауаптылыққа тартуға жол бермеу мақсатында реттеушілік актілер талаптардың тізілімінде болмаған және (немесе) одан алып тасталған жағдайда:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптар бойынша - талаптар тізілімінен алып тасталған не талаптар тізілімінде болмау фактісі анықталған күннен бастап алты ай ішінде;
2) өзге де нормативтік құқықтық актілер мен құжаттар бойынша -талаптар тізілімінен алып тасталған не талаптар тізілімінде болмау фактісі анықталған күннен бастап үш ай ішінде олардың күшін жоюға (күші жойылды деп тануға) не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген мерзімдер бұзылған жағдайда, кәсіпкерлік субъектілерінің тиісті реттеушілік актілердің талаптарын сақтамауы оларды әкімшілік жауаптылыққа тартуды болғызбауға негіз болып табылады.
7. Талаптар тізілімін қалыптастыруды және жүргізуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
84-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу саласындағы құзыретi
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiне мыналар жатады:
1) 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
1-2) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-3) реттеушілік актілері талаптар тізіліміне енгізілуге жататын кәсіпкерлік қызметті реттеу салаларын айқындау;
2) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
85-бап. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган және оның кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу саласындағы құзыретi
1. Жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.
2. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган:
1) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары жол беретiн кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiн регламенттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасының Yкiметiн хабардар етедi;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2) уәкілетті мемлекеттік органдар әзірлейтін тәуекелдерді бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын бірлесіп бекіту арқылы мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін үйлестіруді жүзеге асырады;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) тексеру парақтарының нысандарын әзірлейді және бекітеді;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органмен бақылау және қадағалау органдарының тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды есепке алу жөніндегі ақпаратымен алмасу бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
4) кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізеді;
2021.24.06. № 52-VII ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізеді;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;