4. Егер тауарды немесе өзара алмастырылатын тауарды осы аумақтың шегінен тыс жерден сатып алу экономикалық, технологиялық және басқа себептер бойынша орынсыз болса, тауар нарығының шекаралары тұтынушылардың оларды сатып алатын аумағын айқындайды.
Осы Кодекстің 8, 90-6, 120, 160 - 231-баптарында тауар деп азаматтық айналым объектісі болып табылатын тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет түсініледі.
Тұтынушы оларды тұтыну (өндіру) процесінде бірін-бірімен алмастыра алатындай, өзінің функционалдық мақсаты, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары, бағасы, сондай-ақ басқа да өлшемдері бойынша салыстыруға болатын тауарлар тобы өзара алмастырылатын тауарлар болып табылады.
5. Тауар нарығының шекаралары тауарларды сатып алудың қолжетімділігі ескеріле отырып, мынадай өлшемшарттар бойынша айқындалады:
1) осы аумақта тауар сатып алу мүмкіндігі;
2) көлік шығындарының тауар құнына қатысты алғанда негізділігі мен өзін-өзі ақтайтындығы;
3) тауарды тасымалдау кезінде оның сапасы, сенімділігі және басқа да тұтынушылық қасиеттерінің сақталуы;
4) тауарларды сатып алуға-сатуға, әкелуге және әкетуге шектеулердің (тыйым салулардың) болмауы;
5) өз шегінде тауарлардың өткізілуі, берілуі жүзеге асырылатын аумақта бәсекелестікке тең жағдайлардың болуы.
6. 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7. Тауар нарығының көлемі тауардың немесе өзара алмастырылатын тауарлардың әкеліну және әкетілу көлемдері ескеріле отырып, нарық субъектілерінің тауарды немесе өзара алмастырылатын тауарларды нарықтың шекаралары шегінде өткізуінің заттай көрсеткіштердегі немесе құн көрсеткіштеріндегі сомасы ретінде айқындалады.
Нарық субъектісі өз өнімінің бір бөлігін өз мұқтажына пайдаланған жағдайда, өткізу көлеміне тауар нарығында өткізілген көлем ғана қосылады.
8. Нарық субъектісінің тиісті тауар нарығындағы үлесі нарық субъектісінің тауарды немесе өзара алмастырылатын тауарларды нарықтың географиялық шекаралары шегінде өткізу көлемінің тиісті тауар нарығының жалпы көлеміне қатынасы ретінде айқындалады.
9. Нарық субъектілерінің үлесін айқындау өнім беру көлемінің үлесі өнім берудің жалпы көлемінде сексен бес пайыздан асатын субъектілерден ақпарат болған кезде мүмкін болады.
10. Нарық субъектілері, олардың бірлестіктері мен басшылары, мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, оның ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган, мемлекеттік кіріс органдары, олардың лауазымды адамдары монополияға қарсы органның осы Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыруы үшін қажетті анық құжаттарды, жазбаша және ауызша түсініктемелерді және өзге де ақпаратты, оның ішінде коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты монополияға қарсы органның талап етуі бойынша монополияға қарсы орган белгілеген, бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде беруге міндетті.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11-тармақ өзгертілді
11. Нарық субъектісінің (субъектілерінің) үстем үлесін (үлестерін) айқындау мақсатында экономикалық шоғырлануды реттеу, сондай-ақ бәсекелестікке қарсы келісімдер мен келісілген әрекеттердің, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың белгілерін анықтау кезінде тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне осы баптың 3-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген кезеңдерді қамтымайтын талдау жүргізіледі.
Егер үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтау кезінде тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау нарық субъектісінің үлесі отыз бес пайыздан асатынын, бірақ елуден кем құрайтынын немесе нарық субъектілерінің жиынтық үстемдігі орын алғанын көрсеткен жағдайда, тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау осы баптың 3-тармағында көзделген барлық кезеңдер сақталып жүргізіледі.
Мемлекеттің кәсіпкерлік ортаға қатысуының орындылығын анықтау мақсатында талдау монополияға қарсы орган айқындайтын тәртіппен осы баптың 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген кезеңдер негізінде жүргізіледі.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 12-тармақпен толықтырылды
12. Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган, мемлекеттік органдар, нарық субъектілері және олардың бірлестіктері беретін ақпараттың, сондай-ақ осы баптың 9-тармағына сәйкес берілетін ақпараттың негізінде жүзеге асырылады.
Нарық субъектісі монополияға қарсы органға өзінде бар маркетингтік зерттеулер нәтижелерін ұсынуға құқылы, оларды да монополияға қарсы орган талдау жүргізу барысында пайдалануы мүмкін.
197-бап. 2017 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
198-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға жол бермеу туралы алдын ала ескерту
1. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын алдын алу мақсатында монополияға қарсы орган нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның лаузымды адамына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауға жол бермеу туралы жазбаша нысанда алын ала ескерту жібереді.
2. Нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның лауазымды адамының тауар нарығындағы жоспарланып отырған әрекет туралы жария өтініші, егер мұндай әрекет Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға әкеп соғуы мүмкін болса және бұл ретте тергеп-тексеру жүргізу үшін негіз болмаса, алдын ала ескерту жіберу үшін негіз болып табылады.
3. Алдын ала ескертуді жіберу туралы шешімді монополияға қарсы органның басшысы монополияға қарсы органға нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның лауазымды адамының тауар нарығындағы жоспарланып отырған әрекет туралы жария өтініші жөнінде белгілі болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылдайды.
4. Алдын ала ескертуде:
1) алдын ала ескертуді жіберу үшін негіздердің бар екендігі туралы түйіндер;
2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы мүмкін нормалары қамтылуға тиіс.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 199-баптың тақырыбы жаңа редакцияда
199-бап. Әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарлама
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Кодекстің 174-бабының 1) тармақшасында көрсетілген белгілерді қоспағанда, жосықсыз бәсекелестік, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану, нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттерінің белгілері, нарық субъектілерінің осы Кодекстің 169-бабының 2-тармағында көрсетілген бәсекелестікке қарсы сатылас келісімдері, сондай-ақ мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) белгілері, келісімдері болған кезде, монополияға қарсы орган тергеп-тексеру жүргізбестен, нарық субъектісіне, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдарға, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымға әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарлама жібереді.
Хабарлама монополияға қарсы органға көрсетілген белгілердің болуы туралы белгілі болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жіберіледі.
Хабарламаны беру тәртібін және оның нысанын монополияға қарсы орган бекітеді.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Хабарламаға Қазақстан Республикасының Əкімшілік рəсімдік-процестік кодексінде белгіленген тəртіппен шағым жасау осы баптың 2-1-тармағында көзделген мерзімнің өтуін тоқтата тұрмайды.
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Егер мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функциясын берген ұйым, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, нарық субъектісі хабарламада көрсетілген әрекеттерді (әрекетсіздікті) осы баптың 2-1-тармағында белгіленген мерзімдерде тоқтатпаса, монополияға қарсы орган тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім шығарады.
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Хабарламаны орындау және оның орындалуы туралы ақпарат беру мерзімі мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функциясын берген ұйым, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, нарық субъектісі оны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайды.
Қосымша уақытша шығындар қажет болған жағдайда мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функциясын берген ұйым, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, нарық субъектісі хабарламаны орындау мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей монополияға қарсы органға хабарламаны орындау мерзімін ұзарту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
Мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функциясын берген ұйымның, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, нарық субъектісінің өтінішінде хабарламаны орындау бойынша қабылданатын шаралар және хабарламаны орындау мерзімін ұзартудың объективті себептері міндетті түрде жазылады.
Монополияға қарсы орган өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде онда жазылған дәлелдерді ескере отырып, хабарламаны орындау мерзімін ұзарту туралы немесе уәжді негіздемемен ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Хабарламаны орындауды ұзарту мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімді құрайды.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Егер хабарлама шығарылған кезден бастап күнтізбелік бір жыл ішінде монополияға қарсы орган мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген сол бір ұйымның, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органның, нарық субъектісінің әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) осы баптың 1-тармағында санамаланған Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын сол бір бұзушылық белгілерін байқаса, монополияға қарсы орган хабарлама жіберместен, тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім шығарады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 200-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
200-бап. Экономикалық шоғырлану
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Монополиялық жағдайдың туындауын және (немесе) бәсекелестікті шектеуді болғызбау мақсатында осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мәмілелерді (әрекеттерді) нарық субъектілерінің жүзеге асыруына монополияға қарсы органның алдын ала келісімі не оның осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәмілелер (әрекеттер) туралы хабарламасы қажет.
2. Экономикалық шоғырлануды жасауға ниеттенген не жасаған нарық субъектiлерi монополияға қарсы органға экономикалық шоғырлануға келiсiм беру туралы өтінішхатпен жүгiнедi немесе монополияға қарсы органды осы Кодексте көзделген тәртiппен жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабардар етедi.
3. Осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген экономикалық шоғырлануды жасауға ниеттенген нарық субъектілері осы Кодексте көзделген тәртіппен алдын ала келісім алу үшін монополияға қарсы органға өтінішхатпен жүгінуге құқылы.
4. Егер экономикалық шоғырлану конкурстық рәсiмдер (аукциондар, тендерлер, конкурстар) қолданылып жүргiзiлетін жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, өтінішхат конкурстық рәсiм басталғанға дейiн де, одан кейiн де, бiрақ жеңiмпаз жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешiктiрiлмей ұсынылуы мүмкiн.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, нарық субъектiлерiн, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi монополияға қарсы органның келiсуiмен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Монополияға қарсы органның келiсiмiнсiз жасалып, нарық субъектiсiнiң немесе тұлғалар тобының монополиялық жағдайын орнықтыруға және (немесе) бәсекелестiктi шектеуге алып келген экономикалық шоғырлануды сот монополияға қарсы органның талап қоюы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.
Осы бапты бұза отырып жүзеге асырылған нарық субъектiсiн, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу монополияға қарсы органның талап қоюы бойынша сот тәртiбiмен заңсыз деп танылуы мүмкiн және олардың күшi жойылады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 201-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
201-бап. Экономикалық шоғырлануды реттеу
1. Мыналар экономикалық шоғырлану деп танылады:
1) нарық субъектiсiн бiрiктіру немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастыру;
2) тұлғаның (тұлғалар тобының) нарық субъектiсiнiң дауыс беретiн акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерiн, пайларын) сатып алуы, бұл ретте, егер мұндай тұлға (тұлғалар тобы) сатып алуға дейiн осы нарық субъектiсiнiң акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестерiне, пайларына) иелік етпесе немесе аталған нарық субъектiсiнiң дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң, пайларының) елу немесе одан аз пайызына иелік етсе, мұндай тұлға (тұлғалар тобы) көрсетілген акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң, пайлардың) елу пайызынан астамына иелік ету құқығына ие болады.
Осы талап заңды тұлға құрылтайшыларына оның құрылуы кезінде қолданылмайды;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) нарық субъектісінің (тұлғалар тобының) нарықтың басқа субъектісінің Қазақстан Республикасының аумағындағы негізгі өндірістік құралдарын (өнеркəсіптік мақсаты жоқ жер учаскелері мен ғимараттарды (құрылыстарды, құрылыс-жайларды) жəне олардың кешендерін, үй-жайларын, құрылысы аяқталмаған объектілерін қоспағанда) жəне (немесе) материалдық емес активтерін, егер мəміленің (өзара байланысты мəмілелердің) нысанасын құрайтын осындай мүліктің баланстық құны мүлікті иеліктен шығаратын немесе беретін нарық субъектісінің негізгі өндірістік құралдары мен материалдық емес активтерінің баланстық құнының жиырма пайызынан асатын болса, меншікке алуы, иеленуі жəне пайдалануы, оның ішінде жарғылық капиталды төлеу (беру) есебіне меншікке алуы, иеленуі жəне пайдалануы.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген талап нарық субъектісі (тұлғалар тобы) өзінің бастапқы жарғылық капиталына құрылтайшылардың салымдары нəтижесінде негізгі өндірістік құралдарды жəне (немесе) материалдық емес активтерді меншігіне, иеленуге жəне пайдалануға алатын жағдайларға, сондай-ақ нəтижесінде құрылатын нарық субъектісі беру актісі, бөлу балансы негізінде осындай мүлікті алатын нарық субъектілері қайта ұйымдастырылған жағдайда қолданылмайды;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) нарық субъектісінің өзі кəсіпкерлік қызметті жүргізген кезде нарықтың басқа субъектісіне орындалуы міндетті нұсқаулар беруіне мүмкіндік беретін (оның ішінде сенімгерлік басқару туралы шарт, бірлескен қызмет туралы шарт, тапсырма шарты негізінде) құқықтарды иемденуі.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген талап жеке-дара шешім қабылдауға, қабылданатын шешімдерге шешуші əсер етуге, қабылданатын шешімдерді артықшылықпен бақылауға мүмкіндік беретін құқықтарды (кəсіпкерлік қызметтің басым, негізгі шарттарын, бағыттарын, түрлерін, даму стратегиясын жəне ағымдағы операциялық қызметке жатпайтын өзге де мəселелерді айқындау құқықтарын қоса алғанда) иемдену жағдайларына, сондай-ақ осындай құқықтары бар өзге де тұлғалар болмаған кездегі осыған ұқсас жағдайларға қолданылады
Осы тармақша нарық субъектісінің басқару жəне (немесе) бақылау органдарының шешімдер қабылдауына кедергі келтіруге, нарық субъектісінің басқару жəне (немесе) бақылау органдарына кандидаттарды жеке-дара тағайындауға (номинациялауға) мүмкіндік беретін иемденілетін құқықтарға (оның ішінде құрылтай құжаттарында тікелей көрсетілген вето, бұғаттау құқығына) да қолданылады, бұл ретте өзге тұлғаларда аталған құқықтардың болмауы шарт;
5) сол бiр жеке тұлғалардың екi және одан да көп нарық субъектiлерiнiң атқарушы органдарына, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерiне немесе басқарудың басқа да органдарына аталған жеке тұлғалардың осы субъектiлерде кәсiпкерлiк қызметiн жүргiзу шарттарын айқындау жағдайында қатысуы.
2. Мыналар экономикалық шоғырлану деп танылмайды:
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) егер бұл сатып алу оларды кейiннен қайта сату мақсатында көрсетілген ұйымның нарық субъектiсiнiң басқару органдарында дауыс беру құқығына ие болмауы шартымен жүзеге асырылатын болса, нарық субъектісінің акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін, пайларын) қаржы ұйымдарының сатып алуы, нарық субъектісінің акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін, пайларын) дауыс беру құқығынсыз қаржы ұйымдарының пайдасына (кепіл ұстаушылар ретінде) кепілге беру, сондай-ақ бұл сатып алу немесе алу оларды кейiннен қайта сату мақсатында көрсетілген қаржы ұйымдары мұндай мүлікті өз мақсаттары үшін кіріс табу мақсатында пайдаланбауы (қолданбауы) шартымен жүзеге асырылатын болса, борышкердің міндеттемесін толығымен немесе бір бөлігінде тоқтату мақсатында басқа нарық субъектісінің мүлкін, негізгі өндірістік құралдарын және (немесе) материалдық емес активтерін қаржы ұйымдарының сатып алуы немесе меншігіне алуы;
2) оңалтуды немесе банкроттықты басқарушыны, уақытша әкімшілікті (уақытша әкімшіні) тағайындау;
3) егер мұндай мәмiле бiр тұлғалар тобының iшiнде жасалса, осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәмiлелердi жүзеге асыру.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Егер қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiнiң (тұлғалар тобының) немесе сатып алушының (тұлғалар тобының), сондай-ақ өзiнiң дауыс беру құқығы бар акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері, пайлары) сатып алынатын нарық субъектiсi активтерiнiң жиынтық баланстық құны немесе олардың соңғы қаржы жылында тауарлар өткiзуiнiң жиынтық көлемi өтінішхат (хабарлама) берiлген күнге белгіленген айлық есептiк көрсеткiштiң он миллион еселенген мөлшерiнен асатын жағдайларда, монополияға қарсы органның осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мәмiлелердi (әрекеттерді) жүзеге асыруға келiсiмi не оның осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәмiлелер туралы хабарламасы талап етiледi.
4. Мәмілелерді жасау осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында тікелей көзделсе, осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәмілелерді жүзеге асыруға монополияға қарсы органның келісімі талап етілмейді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Егер қаржы ұйымы активтерiнiң құны не өз капиталының шамасы монополияға қарсы орган қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бiрлесiп белгiлеген мөлшерлерден асып кетсе, қаржы ұйымының қатысуымен экономикалық шоғырлануға келiсу талап етіледі.
Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген экономикалық шоғырлануды бір мезгілде қаржы ұйымы және тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі болып табылатын нарық субъектісі жүзеге асырса, мұндай нарық субъектісі осы баптың 3-тармағында көзделген норманы басшылыққа алады.
6. Монополияға қарсы орган тиiстi тауар нарықтарын талдау негiзiнде осы нарықтар үшiн монополияға қарсы органның осы бапта көрсетілген мәмiлелердi жүзеге асыруға келiсiмi қажет болатын активтер құнының неғұрлым жоғары мөлшерлерiн және тауарлар өткiзу көлемдерiн белгiлеуге құқылы.
7. Тауарларды өткiзудiң жиынтық көлемi осы баптың 3-тармағына сәйкес өтінішхат (хабарлама) берiлген жылдың алдындағы соңғы қаржы жылы тауарларды өткiзуден түскен кірістің сомасы ретiнде қосылған құн салығының және акциздiң сомасы шегерiле отырып айқындалады.
Егер нарық субъектiсi қызметiн жүзеге асырғанына бiр жыл болмаса, тауарларды өткiзу көлемi нарық субъектiсiнің қызмет кезеңі үшiн айқындалады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Осы баптың 1-тармағының 1), жəне 2) тармақшаларында көзделген мәмiлелер жүзеге асырылған жағдайда, монополияға қарсы органның алдын ала келiсiмi талап етiледi.
Осы баптың 1-тармағының 3), 4) жəне 5) тармақшаларында көзделген мәмiлелер жүзеге асырылған жағдайда, монополияға қарсы орган мәмiле жасалған күннен кейiн күнтізбелік қырық бес күннен кешiктiрiлмей хабардар етiлуге тиiс.
202-бап. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхат беретiн тұлғалар
1. Осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда монополияға қарсы органға өтінішхатты тиiстi шешiм қабылдайтын тұлға немесе нарық субъектiсiнiң құрылтайшылары (қатысушылары) бередi.
2. Осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты дауыс беретін акцияларды (жарғылық капиталға қатысу үлестерін, пайларды), негiзгi өндiрiс құралдарын, материалдық емес активтердi сатып алатын немесе тиiстi құқықтарды иемденетін тұлға монополияға қарсы органға бередi.
3. Егер осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген мәмiлелердiң тарапы болып бiрнеше тұлға әрекет етсе, онда өтінішхатты мәмiленің қалған қатысушыларының атынан олардың бiреуi бере алады. Өтінішхатта экономикалық шоғырлануды жасау туралы шешiмдi қабылдаған тұлғалардың мүдделерiн монополияға қарсы органда бiлдiруге уәкiлеттiк берілген тұлға көрсетiледi.
203-бап. Өтінішхат беру тәртібі
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Өтінішхат осы Кодекстің 204-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтер қоса беріле отырып, монополияға қарсы орган белгілеген нысан бойынша жасалады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Өтінішхатта көрсетілген мәліметтер және өтінішхатқа қоса берілген құжаттар анық және толық болуға, түпнұсқа немесе түпнұсқа көшірмелері түрінде табыс етілуге тиіс. Өтінішхатқа қол қойған адам өтінішхатта және оған қосымшаларда берілген мәліметтер мен құжаттардың анықтығын және толықтығын жазбаша растауға тиіс.
3. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Ұсынылатын құжаттар мен мәліметтер нөмірленеді және осы Кодекстің 204-бабының тармақтары мен тармақшаларының нөмірлері көрсетіле отырып ұсынылады. Тармақ пен тармақшаның әрбір сұрағына толық жауап беріледі.
Толық ақпарат беру мүмкін болмаған жағдайда, экономикалық шоғырлануға қатысушы бағалаушы немесе болжамдық ақпаратты, оның бағалаушы немесе болжамдық болып табылатынын көрсете отырып береді, сондай-ақ оның алынған көздері және пайдаланылған бағалау мен болжам жасау әдістері көрсетіледі.
5. Коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер «коммерциялық құпия» деген міндетті белгімен ұсынылады.
6. Өтінішхатқа мәліметтер мен құжаттар өтінішхат берілген жылдың алдындағы қаржы жылы үшін, сондай-ақ уақыт кезеңі көрсетіле отырып, жыл басынан бергі ағымдағы кезең үшін беріледі.
Жыл басынан бергі ағымдағы кезең үшін жасалған мәліметтер мен құжаттар болмаған жағдайда, мәліметтер мен құжаттар өтінішхат берілген жылдың алдындағы қаржы жылы үшін беріледі.