Егер Қазақстан Республикасының заңдарында осы баптың 16-тармағының 2) тармақшасында көзделген мемлекеттік бақылау регламенттелмеген болса, онда бұл жағдайда мемлекеттік бақылау осы тарауда белгіленген тəртіппен жүзеге асырылады.
18. Осы баптың 5, 6 және 12-тармақтарында санамаланған қатынастарға ішкі бақылау бөлігінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 38-бабының күші қолданылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 18-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
18-1. Осы бап шеңберінде мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, осы Кодекстің 135, 136 жəне 153-баптарына сəйкес жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін.
Осы баптың 4-тармағының 3), 4), 5), 6) жəне 7) тармақшаларына сəйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде анықталған бұзушылықтар бойынша бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптардың тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес енгізілген талаптарға қатысты осындай шаралар қолданылуы мүмкін.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 19-тармақ өзгертілді
19. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында осы баптың 4, 5, 6, 8-1, 9, 11, 12, 13, 14 жəне 16-тармақтарында көрсетілген мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібін регламенттеу болмаса (осы баптың 17-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда), мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізуге тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында, халықаралық шарттарда және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын актілерде осы баптың 8-тармағында көрсетілген мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібін регламенттеу болмаса, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізуге тыйым салынады.
20. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалау осы Кодекстің 138 және 139-баптарында көзделген кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларында ғана жүзеге асырылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 21-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21. Осы Кодекстің 138 және 139-баптарына қызметтің жаңа салаларын енгізу үшін жəне бақылау мақсатында сатып алу мен тергеп-тексеру енгізілген жағдайларда, реттеуші мемлекеттік органдар осы Кодекстің 83-бабына сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.
22. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларда, осы тараудың ережелері Қазақстан Республикасының осы заңдарында реттелген қатынастарға қолданылады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 130-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
130-бап. Мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың мақсаты мен міндеттері
1. Экономикалық қауіпсіздікті, алдау практикасының алдын алуды, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеуді, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қоса алғанда, мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектісі өндіретін және өткізетін өнімнің, технологиялық процестердің адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпсіздігін, олардың мүлкін қорғауды, қоршаған ортаға қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың мақсаты болып табылады.
2. Осы Кодекстің 141-бабының 6-тармағында, 143-бабының 1-тармағында, 144-3-бабының 1-тармағында және 144-4-бабының 5-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібі мәселелері бойынша заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдауына тыйым салынады.
3. Мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың міндеттері:
1) құқық бұзушылықтардың, зиян (нұқсан) келтірудің профилактикасын қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың адал субъектілерін ынталандыру;
3) анықталған құқық бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау болып табылады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 131-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
131-бап. Мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде кәсіпкерлік субъектілеріне арналған кепілдіктер
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Кәсiпкерлiк субъектiлерiнің қызметін мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының заңдарымен осындай құқық берілген мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Кәсiпкерлiкті мемлекеттiк бақылау және қадағалау тәуелсіздік, объективтілік, бейтараптылық, мемлекеттік бақылау және қадағалау нысандарының анықтығы қағидаттарының негізінде жүзеге асырылады.
3. Мемлекет мемлекеттiк бақылау және қадағалау жүйесінің есептілігі мен ашықтығына кепілдік береді.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүргізу мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың адал субъектілерін көтермелеу, құқық бұзушыларға мемлекеттік бақылауды және қадағалауды шоғырландыру негізінде жүзеге асырылады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылауды жүргізу көзделсе, осы Кодекстің 144-1-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау жүргізбестен, мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізуге тыйым салынады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік тіркелген (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғалардан және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқық мирасқорларынан басқа) күннен бастап үш жыл ішінде оларға қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізуге тыйым салынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған мемлекеттік бақылау бөлігіндегі ережесі салықтық тексерулерге ғана қолданылады.
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 131-1-баппен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
131-1-бап. Бірыңғай есеп беру күні
1. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылын жақсарту мақсатында жыл сайын қыркүйектің соңғы бейсенбісінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бақылау және қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күні өткізіледі.
2. Астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерін талқылау және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтардың профилактикасы бойынша кездесу Бірыңғай есеп беру күні болып табылады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 132-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
132-бап. Мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілері мен объектілері. Мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптар
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қызметіне мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері, мемлекеттік органдар мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілері болып табылады.
Мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектiсінде меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде болатын, мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын мүлік мемлекеттік бақылау және қадағалау объектісі болып табылады.
2. Мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектiлерінiң (объектілерінің) қызметiне қойылатын талаптар нормативтiк құқықтық актiлерде, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында ғана белгiленедi.
133-бап. Құқық қорғау органдарының мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруы кезiндегi жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кепiлдiктерi
Құқық қорғау органдары жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне қатысты бақылау және (немесе) қадағалау iс-шараларын жедел-iздестiру қызметi, қылмыстық қудалау, әкiмшiлiк iс жүргiзу және (немесе) құқық қорғау органдары жүзеге асыратын реттеу функцияларын iске асыру шеңберiнде ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жүргiзедi.
134-бап. Мемлекеттік бақылау
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бақылау және қадағалау органының бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгi тұрғысынан тексеру және байқау жөнiндегi қызметi мемлекеттiк бақылау (бұдан әрi - бақылау) болып табылады.
2. Бақылау iшкi және сыртқы болып бөлiнедi.
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Ішкі бақылауды жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде айқындалады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Бақылау және қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қызметiнiң осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағында және 143-бабының 3-тармағында көрсетiлген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру және байқау бойынша жүзеге асыратын бақылау сыртқы бақылау болып табылады.
Сыртқы бақылауды жүргiзу тәртiбi осы Кодекстің 13-тарауының 137-бабында және 2-параграфында айқындалады.
Сыртқы бақылау нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк, тәртiптiк iс жүргiзудi қозғайды не өз құзыретi шегiнде тиiстi талап қою арыздарына бастамашылық жасайды және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қолданады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 135-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
135-бап. Мемлекеттік қадағалау
1. Бақылау және қадағалау органының бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру және байқау жөніндегі қызметі мемлекеттік қадағалау (бұдан әрі - қадағалау) болып табылады, оны жүзеге асыру барысында жедел ден қою шараларын қолдану құқығы беріледі.
2. Қадағалау бақылау және қадағалау органының әкімшілік іс жүргізуді қозғамай жедел ден қою шараларын қолдануын білдіреді.
3. Қадағалау:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес прокуратура органдары мемлекет атынан жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалау;
2) бақылау және қадағалау органдары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіп пен шарттарда жүзеге асыратын қадағалау болып бөлінеді.
136-бап. Жедел ден қою шаралары
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, қоғамдық қауiптi салдарлардың туындауын болғызбау мақсатында бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша қолданылатын ықпал ету тәсiлдерi жедел ден қою шаралары болып табылады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында жедел ден қою шараларын қолдану тәртібі болмаса, бұл шараларды қолдануға тыйым салынады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Егер бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі, тауары (жұмысы, көрсететін қызметі) жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін болса, бақылау және қадағалау органдары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жедел ден қою шараларын қолданады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін жедел ден қою шараларын қолдану тәртібі:
1) жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіздерді;
2) жедел ден қою шараларының түрлерін және талаптарды нақты бұзушылықтарға оларды қолдану шарттарын;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) бұзушылық (бұзушылықтар) жойылған жағдайда қадағалау актісінің (нұсқаманың, актінің, қаулының) қолданысын тоқтату, сондай-ақ көрсетілген актіні жарамсыз деп тану негіздерін қамтиды.
Бұл ретте қадағалау актісін ресімдеу тəртібі осы Кодекстің 153-бабында белгіленеді.
Осы Кодекстің 143-бабына сәйкес тексеру парағына енгізілген, бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіз болып табылатын талаптардың тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында бақылауды жүзеге асыру кезінде тексеру парағын қалыптастыру көзделмесе, жедел ден қою шараларын қолдану мақсатында талаптардың тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Қадағалау актісін (нұсқаманы, актіні, қаулыны) ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында оның қолданылу мерзімі белгіленеді (қажет болған кезде).
Қадағалау актісінің қолданылу мерзімі бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша анықталған талапты əрбір нақты бұзушылық бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болған талаптарды бірнеше бұзушылық анықталған жағдайда, нормативтік құқықтық актілердің талаптарын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада, өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алудың жəне (немесе) тергеп-тексерудің нəтижесі туралы актіде осындай бұзушылықтарды жоюдың жалпы мерзімі көрсетіледі, ол ресімделген қадағалау актісіне сəйкес жедел ден қою шарасын қолданудың неғұрлым көп мерзіміне сəйкес келеді.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Бақылау және қадағалау органдары сотқа жүгінбей қадағалау актісін (нұсқаманы, актіні, қаулыны) ресімдеу арқылы осы Кодекстің 139-бабында айқындалған қызмет салаларында жедел ден қою шараларын қолданады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 137-бап жаңа редакцияда
137-бап. Бақылау нысандары
1. Бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін бақылау:
1) ұйымдастыру және жүргізу тәртібі осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын, алдын алу-профилактикалық сипаттағы профилактикалық бақылау;
2) ұйымдастыру және жүргізу тәртібі осы Кодексте, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда - Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын тексерулер;
3) тергеп-тексеру нысанында жүзеге асырылады.
2. Профилактикалық бақылау мынадай түрлерге бөлінеді:
1) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау;
2) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау;
3) бақылау мақсатында сатып алу.
3. Тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігіне жүргізілетін тексерулер (бұдан әрі - талаптарға сәйкестігін тексеру);
2) жоспардан тыс тексерулер.
4. Бақылау нысандарының бірі ретінде тергеп-тексеру осы Кодекстің 144-4-бабына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын бақылау және қадағалау органдары әрекеттерінің кешенін білдіреді.
5. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексерулерді бақылау және қадағалау органдары мынадай әрекеттердің бірін жасау:
1) бақылау және қадағалау органы лауазымды адамының бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) баруы;
2) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нысанасына қатысты қажетті ақпаратты сұрату;
3) бақылау мен қадағалау субъектісінің осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағында және 143-бабының 3-тармағында көзделген талаптарды сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында оны шақырту арқылы жүргізеді.
6. Бақылау мен қадағалау субъектілерінің осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына және 143-бабының 3-тармағына сәйкес тексеру парақтарында белгіленген талаптарды сақтауы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нысанасы болып табылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Бақылау шеңберінде осы Кодекстің 136-бабының ережелеріне сәйкес жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін.
Бақылау жəне қадағалау органы бақылау жүргізу барысында жедел ден қою шарасын (шараларын) қолдануға негіз болып табылатын талапты бұзу фактісін анықтаған кезде жедел ден қою шарасын (шараларын) қолдану туралы қадағалау актісін (нұсқаманы, актіні, қаулыны) ресімдейді.
138-бап. Бақылау жүзеге асырылатын кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салалары
Бақылау:
1) электр энергетикасы саласында;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) жылу энергетикасы саласында;
2) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласында;
3) 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласында;
5) газ және газбен жабдықтау саласында;
6) халықтың радиациялық қауiпсiздiгi саласында;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында;
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) көмірсутектер, уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде;
8) мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiруге және олардың айналымына;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда
9) ықтимал радиациялық қауіпті қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін атом энергиясын пайдалану саласында;
10) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде көлiк құралдарының иелерi мен тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында;
13) көлiк саласында;
14) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.28.12. № 173-VІІ ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласында;
17) техникалық реттеу саласында;
18) Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына;
19) метрология саласында;
20) тұрғын үй қорын басқару саласында;
21) асыл тұқымды мал шаруашылығы және бал ара шаруашылығы саласында;
22) жануарлар дүниесiн қорғау, молайту және пайдалану саласында;
23) тұқым шаруашылығы саласында;
24) астық нарығын реттеу саласында;
25) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласында;
26) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласында;
27) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
28) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында;
29) 2021.05.01. № 409-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
30) жердi пайдалану мен қорғауға;
31) геодезиялық және картографиялық қызметке;
32) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында;
33) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
34) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
35) азаматтық қорғаныс саласында;
36) өрт қауiпсiздiгi саласында;
37) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 38) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
38) дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында;
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 39) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
39) көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң сапасына;
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 39-1) тармақшамен толықтырыды
39-1) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында;
40) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 41) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
41) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында;
42) бiлiм беру жүйесiне;
43) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы заңнамасының сақталуына;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 44) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 44) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
44) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының және Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнамасының сақталуына;
45) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
46) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 47) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
47) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында;
48) арнаулы әлеуметтiк қызметтер ұсыну саласында;
2024.19.06. № 94-VIII ҚР Заңымен 49) тармақша өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
49) Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасының сақталуына;
50) 2024.19.06. № 94-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)