4. Банктің ірі қатысушысы банктің атқарушы органының басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.
Атқарушы орган мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс.
5. Осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келу үшін:
1) бас банктің атқарушы органының мүшесі болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі, банктің атқарушы органының басшысы, бас бухгалтері лауазымдарына кандидаттар үшін - кемінде үш жыл;
2) банктің басқару органының басшысы, атқарушы органының мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін - кемінде екі жыл;
3) банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар банктің өзге де басшылары лауазымдарына кандидаттар үшін - кемінде бір жыл еңбек өтілі болуы қажет.
Банктің тек қауіпсіздік мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне ғана жетекшілік ететін басқару органының мүшелері, сондай-ақ атқарушы органның мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген еңбек өтілінің болуы талап етілмейді.
Осы тармақта айқындалған еңбек өтіліне қаржы ұйымы бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған, тиісті функциялар берілген) күннен бастап не заңды тұлға банк холдингі мәртебесін алған кезде банктің акциялары сатып алынған күннен бастап тиісті функцияларды уәкілетті органның келісімінсіз күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім бойы жүзеге асыруға құқылы.
Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға келісуге ұсынылмаған не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайларда, банк осы адаммен жасалған еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда, осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
Уәкілетті органның келісімінсіз банктің басшы қызметкерінің міндеттерін осы тармақта белгіленген мерзімнен артық атқаруға (уақытша болмағанда оны алмастыруға) тыйым салынады.
Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшартын қоса алғанда, банктің, банк холдингінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алу үшін қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
Банктің, банк холдингінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім бергені үшін мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым алынады.
8. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) басшы қызметкерлердің осы бапта, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында және «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында белгіленген талаптарға сай келмеуі;
2) тестің теріс нәтижесі.
Мыналар тестің теріс нәтижесі болып табылады:
кандидаттың тест нәтижесі дұрыс жауаптың жетпіс пайызынан аз болуы;
кандидаттың не аудармашының (егер осы аудармашыны кандидаттың өзі ұсынған жағдайда) уәкілетті орган белгілеген тест тәртібін бұзуы;
кандидаттың келісу мерзімі өткенге дейін уәкілетті орган белгілеген уақытта тестке келмеуі;
3) банктің уәкілетті органның ескертулерін жоймауы немесе банктің уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықталған құжаттарды осы баптың 6-тармағында белгіленген уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі өткеннен кейін ұсынуы;
4) басшы қызметкер уәкілетті органның келісімінсіз өз лауазымын атқарып отырған осы баптың 6-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін құжаттарды ұсынуы;
5) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген мәміле тарапы болып табылғандығы туралы мәліметтердің (фактілердің) болуы.
Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:
уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілені айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;
уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) кандидаттың уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған мәмілелерді жасағаны үшін қадағалап ден қою шараларын қолданған және (немесе) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 259-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) әрекеттері мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген қаржы ұйымының қызметкері болып табылатындығы туралы мәліметтердің уәкілетті органда болуы.
Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:
уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;
уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады.
Осы тармақшаның мақсаты үшін қаржы ұйымының қызметкері деп жоғарыда аталған бұзушылықтарға алып келген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау құзыретіне кірген қор биржасының басшы қызметкері не оның міндетін атқарған адам және (немесе) трейдер түсініледі.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Уәкілетті органның тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартуына немесе осы баптың 6-тармағында көзделген мерзімде құжаттардың келісу үшін уәкілетті органға ұсынылмауына байланысты банктің басшы қызметкерімен еңбек шарты бұзылған немесе оның өкілеттігі тоқтатылған немесе осы банктегі басқа лауазымға ауыстырылған жағдайда, осы адам өзін банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тарту алған не өзімен еңбек шарты бұзылған немесе өкілеттіктері тоқтатылған немесе өзге лауазымға ауыстырылған соң күнтізбелік тоқсан күннен кейін, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес, қайта тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
Банк уәкілетті органды банктің тиісті органы шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде, басшы қызметкерлердің тағайындауды (сайлауды), басқа лауазымға ауыстыруды, еңбек шартын бұзуды және (немесе) өкілеттігін тоқтатуды қоса алғанда, басшы қызметкерлер құрамында болған барлық өзгерістер туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін басшы қызметкерді тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы, сондай-ақ растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, басшы қызметкердің тегіндегі, атындағы, әкесінің атындағы (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.
Басшы қызметкер қылмыстық жауаптылыққа тартылған жағдайда, банк уәкілетті органды осы ақпарат банкке белгілі болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
10. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, осы адам уәкілетті органның оны осы банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешімі қабылданған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін осы банктің басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
11. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді:
1) келісім беруге негіз болған мәліметтердің анық еместігі анықталуы;
2) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) уәкілетті органның осы Заңның 46-бабы 1-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген қадағалап ден қою шарасын қолдануы;
4) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болу негіздері бойынша кері қайтарып алады.
Банктің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді уәкілетті органның кері қайтарып алуы осы басшы қызметкерге өзге қаржы ұйымдарында бұдан бұрын берілген келісімді (келісімдерді) қайтарып алуға негіз болып табылады.
Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) берілген келісімін кері қайтарып алған жағдайда, банк осы адаммен жасалған еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
12. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 13-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атқарушы органының басшысы банктің атқарушы органының басшылары үшін осы бапта белгіленген талаптарға сай болуға тиіс. Көрсетілген талаптарға сай келген жағдайда, басшы лауазымға уәкілетті органның келісімінсіз тағайындалады (сайланады). Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы баптың талаптарына атқарушы органның басшысы сай келмеген жағдайда, уәкілетті органның талабы бойынша оны қызметтен шеттетеді.
Уәкілетті орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атқарушы органының басшысына осы Заңның 46-бабы 1-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген қадағалап ден қою шарасын қолданған жағдайда, осы ұйым осы адаммен еңбек шартын бұзуға не атқарушы орган басшысының өкілеттіктерін тоқтату бойынша шаралар қабылдауға міндетті.
14. Банк холдингінің басқару органдарының, атқарушы органның басшысы мен мүшелері, бас бухгалтері, еншілес (ұйымның) ұйымдардың және (немесе) капиталына банк холдингі қомақты қатысатын (ұйымның) ұйымдардың қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын өзге де басшылары банк холдингінің басшы қызметкерлері деп танылады.
15. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасы бейрезидент банк холдингтерінің басшы қызметкерлерін қоспағанда, банк холдингтерінің басшы қызметкерлеріне мынадай талаптардың бірі орындалған кезде:
банк холдингінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ банк холдингі шыққан елдің қаржылық қадағалау органының оның шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы болған;
уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі болған кезде қолданылады. Ең төмен рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісімен белгіленеді.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 21-бап өзгертiлдi; 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара)
21-бап. Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғаларының қатысуымен банк құруға қойылатын қосымша талаптар
Банктің құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес-жеке немесе заңды тұлға осы Заңның 19-бабында аталған құжаттардан басқа, банк ашуға рұқсат беру туралы өтінішке тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (Қазақстан Республикасының резиденті емес банктер үшін - банктік қадағалау органының) осы тұлғаға Қазақстан Республикасының резидент банкінің акцияларын иеленуге рұқсат берілетіні жөніндегі жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (Қазақстан Республикасының резиденті емес банктер үшін - банктік қадағалау органының) аталған құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай шешім талап етілмейтіні жөніндегі мәлімдемесін қоса тіркеуге міндетті.
22-бап. 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 23-бап өзгертiлдi
23-бап. Банк ашуға рұқсат беру жөніндегі өтiнiштi қарау тәртібі
1. Банк ашуға рұқсат беру жөніндегі өтiнiштi уәкiлеттi орган өтiнiш берушi уәкiлеттi орган сұратқан соңғы қосымша ақпаратты немесе құжатты табыс еткен күннен бастап үш ай iшiнде, бірақ өтiнiш қабылданған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей қарауға тиiс.
2. Уәкiлеттi орган қабылданған шешiм туралы өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi. Хабарлама банк ашуға рұқсат беру жөніндегі өтiнiште көрсетiлген мекен-жайға жiберiледi.
3. Уәкiлеттi орган банк ашуға берiлген рұқсаттың есебiн жүргiзiп отырады.
11.07.97 № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2008.23.10. № 72-IV (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 24-бап өзгертiлдi
24-бап. Банк ашуға рұқсат беруден бас тарту
1. Банк ашуға рұқсат беруден бас тарту төмендегi кез келген негiздер бойынша жүргiзiледi:
а) құжаттардың толық емес пакетін табыс ету не банктің құрылтай құжаттары қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келмеуi;
б) осы Заңның 15-бабы 2-4-тармақтарының талаптарына банк атауының сәйкес келмеуi;
в) осы Заңның 16-бабының талаптарына банкінің жарғылық капиталы мөлшерiнiң, құрамы мен құрылымының сәйкес келмеуi;
г) банк құрылтайшылары қаржы жағдайының тұрақсыздығы;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) г-1) тармақша өзгертілді
г-1) құрылтайшы-жеке тұлғаның не құрылтайшы-заңды тұлғаның атқарушы органының не басқару органының бірінші басшысының:
заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар болса;
уәкілетті орган банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері қызметінде болған болса, банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті орган банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымының лицензиясын кері қайтарып алу туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;
г-2) осы Заңның 17-1-бабы талаптарының сақталмауы;
д) осы Заңның 17-бабында белгiленген шектеулердiң сақталмауы;
д-1) уәкілетті органның банктің ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім беруден бас тартуы;
е) 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр. ред. қара)
ж) 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
з) құрылатын банкінің бизнес-жоспары және өтiнiш берушiнiң өзге де құжаттары:
алғашқы үш қаржы (операциялық) жылы өткеннен кейiн банк қызметiнiң рентабельдi болатынын;
банк тәуекелдi шектеуге қойылатын талаптарды сақтау және тиiстi басқару құрылымын құру ниетiнде екенiн;
банк өзiнiң қызмет жоспарына сәйкес ұйымдық құрылымға ие болғандығын;
банк өз қызметiнiң жоспарына сәйкес есеп және бақылау құрылымына ие болғандығын көрсетпесе.
2. Уәкiлеттi орган бас тарту негiздерi жөнiнде өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
3. Осы Заңның 18-21-баптарының шарттары сақталмаған ретте банк ашуға рұқсат беруге жол берiлмейдi.
11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр.ред. қара) ҚР Заңдарымен 25-бап өзгертiлдi
25-бап. Банкіні мемлекеттік тiркеу
Банкіні мемлекеттік тiркеудi уәкiлеттi органның банк ашуға рұқсаты негiзiнде Әдiлет органдары жүзеге асырады және оның құрылтай құжаттары уәкiлеттi органмен келісілгендiгiн растайтын деректер.
Құрылтайшылар уәкiлеттi органның банк ашуға рұқсаты алынған күннен бастап бір ай iшiнде банкіні мемлекеттік тiркеу үшiн Әдiлет органдарына жолдануға мiндеттi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара);2008.23.10. № 72-IV (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара); 2008.20.11. № 88-IV (бұр.ред.қара); 2009.12.02. № 133-IV (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 26-бап өзгертiлдi; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 26-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
26-бап. Банк операцияларын және өзге де операцияларды лицензиялау
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Уәкiлеттi орган банк операцияларын, сондай-ақ осы Заңда белгiленген өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияларды осы Заңның талаптарына сәйкес уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен бередi.
Осы Заңның 52-5-бабында көзделген банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияларды уәкілетті орган ислам банктеріне ғана береді.
Уәкiлеттi орган лицензия берген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктердің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жүзеге асыруына рұқсат берілген операциялардың атауларын нақтылауға құқылы.
Лицензия берiлгенi үшiн алым алынады, оның мөлшерi мен төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленедi.
2. Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензия алу үшін өтініш беруші мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап бір жыл ішінде барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындауға, оның ішінде уәкілетті органның құқықтық актілерінің талаптарына сай келетін үй-жайды, жабдықтарды және бухгалтерлік есеп пен бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру жөніндегі бағдарламалық қамтылымды дайындауға, тиісті персонал жалдауға, содан соң уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) өтінішті;
2) өтініш беруші жарғысының нотариат куәландырған көшірмесін;
3) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжатты;
4) осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын адамдардың құжаттарын;
5) банктің директорлар кеңесі бекіткен ішкі аудит қызметі туралы ережені;
6) банктің директорлар кеңесі бекіткен кредит комитеті туралы ережені;
7) штат кестесін (қызметкерлердің тегін, атын және бар болса әкесінің атын көрсете отырып);
8) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) ең төмен мөлшері уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуға тиіс.
3. Жұмыс істеп тұрған банк қосымша банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алу үшін:
1) қосымша банк операцияларын жүргізуге арналған лицензияны алу үшін өтініш берген айдың алдындағы қатарынан үш ай ішінде пруденциялық нормативтердің орындалуын қамтамасыз етуге;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуын қамтамасыз етуге;
3) банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы шарттары туралы қағиданы ұсынуға тиіс.
4. Лицензиат банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияны беру туралы өтiнiшпен бiр мезгiлде осы баптың 2-тармағындағы талаптардың орындалғанын растайтын құжаттарды уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен ұсынуға мiндеттi.
5. Уәкiлеттi орган банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияны беру туралы өтiнiштi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келетін құжаттар ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде қарауға тиiс.
6. Ұлттық және (немесе) шетелдiк валютамен банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензия шектеусiз мерзiмге берiледi.
7. Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензия үшiншi адамдарға берiлуге жатпайды.
8. Банк операцияларының және өзге де операциялардың барлық түрлерi оларды жүргiзу құқығы лицензияда тiкелей көрсетiлген кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияны беру туралы шешiм қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
10. Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияның тиiстi түрде куәландырылған көшiрмесi банк клиенттерiнің көруiне қолжетімді жерге орналастырылуға жатады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 27-бап өзгертiлдi; 2008.23.10. № 72-IV Заңымен (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара) 27-бап жаңа редакцияда; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 27-бап өзгертілді
27-бап. Банк операцияларын немесе өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беруден бас тарту негіздері
Банк операциясын немесе өзге де операцияны жүргізуге лицензия беруден бас тарту:
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1) осы Заңның 26-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген талаптардың кез келгені сақталмаған;
1-1) құрамына банк кіретін банк конгломераты белгіленген пруденциалдық нормативтерді және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді өтініш берілгенге дейінгі алты ай кезеңінде сақтамаған;
2) егер банк мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап бір жыл ішінде лицензия алу жөнінде өтініш жасамаған;
3) табыс етілген құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген;
4) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) қоғам органдары сайлағандардың қатарынан басшы қызметкерге келісім берілмеген (жаңадан құрылатын банк үшін) жағдайда жүргізіледі.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 28-бап өзгертiлдi; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 28-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)