5. Жәбiрленушiнiң өзiне моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюы қылмыстық процесте қаралады. Егер ол мұндай талап қоймаса не ол қараусыз қалдырылса, онда жәбiрленушi оны азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен беруге құқылы.
6. Жәбірленушінің:
1) келтірілген күдік пен тағылған айыптау туралы білуге;
2) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге;
3) дәлелдемелерді ұсынуға;
4) өтінішхаттар мен қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;
5) аудармашының тегін көмегін пайдалануға;
6) өкілінің болуына;
7) қылмыстық қудалау органы одан дәлелдеу құралы ретінде алып қойған немесе өзі ұсынған мүлікті, сондай-ақ қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекетті жасаған адамнан алып қойылған, өзіне тиесілі мүлікті алуға, өзіне тиесілі құжаттардың төлнұсқаларын алуға;
8) заңда көзделген жағдайларда күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен татуласуға, оның ішінде медиация тәртібімен татуласуға;
2017.21.12. № 118-VI ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс туралы іс бойынша бұйрықтық іс жүргізуді қолдануға келісім білдіруге;
9) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер беруге;
10) өз өтінішхаты не өз өкілінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен қатысуға;
11) сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға, одан, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметті және кез келген көлемде көшіріп алуға;
12) өзіне және өзінің отбасы мүшелеріне қауіпсіздік шараларын ұсыну, жеке өмірінің мән-жайларын жария етпеу туралы, күдіктіге қатысты жақындауға тыйым салуды қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге;
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13) тармақша жаңа редакцияда
13) өзін жәбірленуші деп тану немесе одан бас тарту, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулылардың, айыптау актісінің, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасының, айыптау хаттамасының көшірмелерін, сондай-ақ бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттың үкімі мен қаулысының көшірмелерін алуға;
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
14) бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы сотта істі соттың талқылауына қатысуға;
15) сот жарыссөздерінде сөйлеуге;
16) айыптауды, оның ішінде мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда да қолдауға;
17) сот отырысының хаттамасымен танысуға, бұл ретте хаттаманың соңына өз қолын қоюға, ал сот отырысы хаттамасының бір бөлігімен танысқан кезде осы бөліктің соңына қол қоюға; ал сот отырысында аудио-, бейнетіркеу қолданылған жағдайда - хаттаманың соңына қол қоюға, хаттамаға ескертулер беруге құқылы;
18) қылмыстық процесті жүргізетін органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым келтіруге;
19) соттың үкімі мен қаулысына шағым жасауға;
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20) іс бойынша келтірілген шағымдар, прокурордың өтінішхаттары және наразылықтар туралы білуге, оларға қарсылықтар беруге және оларды қарауға қатысуға;
21) өз құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға;
2018.10.01. № 132-VI ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
22) тараптардың процестік келісім жасасу ниеті, оның шарттары мен салдары туралы білуге, қылмыспен келтірілген залалды өтеу бойынша өз шарттарын ұсынуға не оны жасасуға қарсылық білдіруге;
2018.10.01. № 132-VI ҚР Заңымен 23) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
23) Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасына сәйкес өтемақы алуға құқығы бар.
Осы Кодекстің 76-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, жәбірленушіге заң көмегі тегін ұсынылады.
7. Жәбірленушінің, ал ол қайтыс болған жағдайда - оның құқықтық мирасқорларының аса ауыр қылмыспен келтірілген мүліктік зиян үшін, егер осындай қылмысы үшін сотталған адамның осы қылмыспен келтірілген залалды өтеу үшін жеткілікті мүлкі болмаса, бюджет қаражаты есебінен ақшалай өтемақы алуға құқығы бар. Мұндай жағдайда бюджет қаражаты есебінен ақшалай өтемақы төлеу туралы мәселені үкім шығарған сот жәбірленушінің не оның құқықтық мирасқорының арызы бойынша шешеді. Көрсетілген жағдайларда, егер залал бір жүз елу айлық есептік көрсеткіштен аспаса, жәбірленушінің залалды толық көлемде өтеткізуге құқығы бар.
8. Жәбiрленушi: қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша келуге, iс бойынша барлық белгiлi мән-жайларды шынайы хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге; өзiне iс бойынша белгiлi мән-жайлар туралы мәлiметтердi жария етпеуге; тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы уақытында белгiленген тәртiптi сақтауға мiндеттi.
9. Жәбiрленушi шақыру бойынша дәлелді себептерсіз келмеген кезде ол осы Кодекстiң 157-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп әкелуге ұшырауы және оған осы Кодекстің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкiн.
10. Жәбiрленушi айғақтар беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақтар бергенi үшiн заңға сәйкес қылмыстық жауаптылықта болады.
11. Салдарында адам қайтыс болған қылмыстар туралы істер бойынша жәбiрленушiнiң осы бапта көзделген құқықтарын қайтыс болған адамның жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) жүзеге асырады. Егер жәбiрленушiнiң құқықтарын беруге қылмыстық құқық бұзушылық арқылы моральдық зиян келтiрiлген бiрнеше адам үмiткер болып отырса, олардың бәрi не олардың арасындағы келiсiм бойынша олардың бiреуi жәбiрленушi болып таныла алады.
12. Қылмыстық құқық бұзушылықпен өзіне мүліктік зиян келтірілген заңды тұлға жәбірленуші болып танылуы мүмкін. Бұл жағдайда жәбірленушінің құқықтары мен міндеттерін заңды тұлғаның өкілі жүзеге асырады.
72-бап. Жекеше айыптаушы
1. Жекеше айыптау iсi бойынша сотқа шағым берген және сотта айыптауды қолдайтын тұлға, сондай-ақ жариялы және жекеше-жариялы айыптау iстерi бойынша мемлекеттiк айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда, сотта айыптауды жеке өзі қолдайтын жәбiрленушi жекеше айыптаушы болып табылады.
2. Жәбiрленушi кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабiлетсіз болған жағдайда, оның өтiнiшхатты, өтінуді мәлімдеген немесе шағым берген заңды өкiлi жекеше айыптаушы болып саналады.
3. Жекеше айыптаушы жәбiрленушiнiң барлық құқықтарын пайдаланады және барлық мiндеттерiн көтереді, сондай-ақ оған осы Кодекстiң 411-бабының үшiншi және бесінші бөлiктерiнде көзделген құқықтар беріледі.
4. Жекеше айыптаушы өзіне тиесiлi құқықтарды пайдаланады және өзiне жүктелген мiндеттердi жеке өзі немесе, егер бұл құқықтар мен мiндеттердiң сипатына сәйкес келсе, өкiлі арқылы атқарады.
73-бап. Азаматтық талапкер
1. Қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есі дұрыс емес адамның іс-әрекетімен келтірілген мүліктік немесе моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талап қойған жеке немесе заңды тұлға азаматтық талапкер болып танылады.
2. Азаматтық талапкердің өзi қойған талапты қолдау мақсатында:
1) күдіктің, айыптаудың мәнiн бiлуге;
2) дәлелдемелердi ұсынуға;
3) қойылған талап бойынша түсiнiктеме беруге;
4) қылмыстық iске қосып тігу үшiн материалдарды ұсынуға;
5) өтiнiшхаттар мен қарсылық білдірулерді мәлiмдеуге, ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде айғақтар мен түсiнiктемелер беруге;
6) аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға, өкiлiнің болуына;
7) өзiнiң қатысуымен жүргiзiлген тергеу әрекеттерiнiң хаттамаларымен танысуға;
8) өзiнiң өтiнiшхаты бойынша немесе өкiлiнiң өтiнiшхаты бойынша жүргiзiлген тергеу әрекеттерiне прокурордың, тергеушiнiң немесе анықтаушының рұқсатымен қатысуға;
2017.21.12. № 118-VI ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс туралы іс бойынша бұйрықтық іс жүргізуді қолдануға келісім білдіруге;
9) тергеп-тексеру аяқталғаннан кейiн iстiң азаматтық талап қоюға қатысты материалдарымен танысуға және одан, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәлiметтi және кез келген көлемде жазып алуға;
10) өзiнiң мүддесiн қозғайтын қабылданған шешiмдер туралы бiлуге және мәлiмделген азаматтық талап қоюға қатысты процестік шешiмдердiң көшiрмелерiн алуға;
11) азаматтық талап қоюдың кез келген сот сатысында қаралуына қатысуға;
12) сот жарыссөздерiнде сөйлеуге;
13) сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертулер беруге;
14) қылмыстық процестi жүргізетін органның әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешiмдерiне шағым келтіруге;
15) соттың үкiмi мен қаулыларына азаматтық талап қоюға қатысты бөлiгiнде шағым жасауға;
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16) азаматтық талап қою бөлiгiнде iс бойынша келтірілген шағымдар, прокурордың өтінішхаттары және наразылықтар туралы бiлуге және оларға қарсылықтар беруге;
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17) мәлiмделген шағымдардың, прокурор өтінішхаттарының және наразылықтардың сотта қаралуына қатысуға;
18) 2018.10.01. № 132-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы мәлімдеуге құқығы бар.
3. Азаматтық талапкер осы Кодекстiң 71-бабының сегiзiншi бөлiгiнде көзделген мiндеттерді көтереді.
4. Азаматтық талапкер, сондай-ақ заңда көзделген басқа да құқықтарға ие болады және басқа да мiндеттерді көтереді.
74-бап. Азаматтық жауапкер
1. Қылмыстық iсте өзіне талап қойылған жеке немесе заңды тұлға азаматтық жауапкер болып танылады.
2. Азаматтық жауапкердің өзіне қойылған талапқа байланысты өз мүдделерiн қорғау мақсатында:
1) күдіктің, айыптаудың және азаматтық талап қоюдың мәнiн бiлуге;
2) талап қоюға қарсылық бiлдiруге, қарсы талап қоюды беруге;
3) қойылған талаптың мәнi бойынша түсiнiктемелер мен айғақтар беруге;
4) өкiлiнің болуына;
5) қылмыстық iске қосып тігу үшiн материалдарды ұсынуға;
6) өтiнiшхаттар мен қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;
2017.21.12. № 118-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс туралы іс бойынша бұйрықтық іс жүргізуді қолдануға келісім білдіруге;
7) тергеп-тексеру аяқталғаннан кейiн азаматтық талап қоюға қатысты материалдармен танысуға және одан, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәлiметтi және кез келген көлемде жазып алуға;
8) өзiнiң мүдделерiн қозғайтын қабылданған шешiмдер туралы бiлуге және мәлiмделген азаматтық талап қоюға қатысты процестік шешiмдердiң көшiрмелерiн алуға;
9) азаматтық талап қоюдың кез келген сот сатысында қаралуына қатысуға;
10) сот жарыссөздерiнде сөйлеуге, қылмыстық процестi жүргізетін органның әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешiмдерiне шағым келтіруге;
11) сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертулер беруге;
12) соттың үкiмi мен қаулысына азаматтық талап қоюға қатысты бөлiгiнде шағым жасауға;
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) азаматтық талап қою бөлiгiнде iс бойынша келтiрiлген наразылықтар, прокурордың өтінішхаттары және шағымдар туралы бiлуге және оларға қарсылықтар беруге;
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14) мәлiмделген шағымдардың, прокурор өтінішхаттарының және наразылықтардың сотта қаралуына қатысуға;
15) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы мәлімдеуге құқығы бар.
3. Азаматтық жауапкер осы Кодекстiң 71-бабының сегізінші бөлiгiнде көзделген мiндеттерді көтереді.
4. Азаматтық жауапкер, сондай-ақ заңда көзделген басқа да құқықтарға ие болады және басқа да мiндеттерді көтереді.
75-бап. Кәмелетке толмаған күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның заңды өкiлдерi
1. Кәмелетке толмаған немесе есі дұрыс еместігін жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан зардап шегетін адам жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша iске қатысуға олардың заңды өкiлдерi осы Кодексте көзделген тәртiппен тартылады.
2. Егер сотқа дейінгі іс жүргізу немесе сот талқылауы осы Кодексте көзделген жағдайларда күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның қатысуынсыз жүзеге асырылса, қылмыстық іске олардың заңды өкілдері қатыса алады.
76-бап. Жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және жекеше айыптаушының өкiлдерi
1. Қылмыстық процесте жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және жекеше айыптаушының заңды мүдделерiн бiлдiруге заң күшiмен құқықты және қылмыстық процестi жүргізетін органның қаулысымен процеске қатысуға жіберілген адвокаттар мен өзге де тұлғалар жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және жекеше айыптаушының өкiлдерi бола алады.
2. Кәмелетке толмағандар болып табылатын немесе сот ісін жүргізу тілін білмейтін не өзінің дене немесе психикалық жағдайы бойынша өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау мүмкіндігінен айырылған жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін процеске міндетті түрде қатысуға олардың заңды өкілдері мен өкілдері тартылады.
Мұндай жағдайларда жәбірленушінің өкілі ретінде жәбірленуші не оның заңды өкілі таңдаған адвокат жіберіледі. Егер адвокатты жәбірленушінің өзі немесе оның заңды өкілі шақырмаса, қылмыстық процесті жүргізетін орган адвокаттардың кәсіби ұйымы немесе оның құрылымдық бөлімшесі үшін міндетті қаулы шығару арқылы адвокаттың қатысуын қамтамасыз етеді. Қылмыстық процесті жүргізетін орган қорғаушы ретінде нақты адвокатты шақыруды ұсынуға құқылы емес.
Жәбірленушіде немесе оның заңды өкілінде қаражат болмаған жағдайда, адвокаттың еңбегіне ақы төлеу осы Кодексте белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
3. Жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және жекеше айыптаушының заңды өкiлдерi мен өкiлдерi өздерi өкiлi болып отырған жеке және заңды тұлғалар сияқты, осы Кодексте көзделген шектерде, процестік құқықтарға ие болады.
4. Жәбiрленушiнің, азаматтық талапкердің, жекеше айыптаушының өкiлi өзi өкiлi болып отырған процеске қатысушының мүдделерiне қайшы қандай да бір әрекеттер жасауға құқылы емес.
5. Жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және жекеше айыптаушының процеске өзiнiң қатысуы оларды осы iс бойынша өкiлге ие болу құқығынан айырмайды.
77-бап. Азаматтық жауапкердiң өкiлдерi
1. Қылмыстық процесте азаматтық жауапкердiң заңды мүдделерiн бiлдiруге заң күшiмен құқықты және қылмыстық процестi жүргізетін органның қаулысымен процеске қатысуға жіберiлген адвокаттар және өзге де тұлғалар азаматтық жауапкердiң өкiлдерi болып танылады.
2. Азаматтық жауапкердің өкiлдерi Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес өздерi өкiлi болып отырған жеке немесе заңды тұлғалар сияқты процестік құқықтарға ие болады.
3. Азаматтық жауапкердің өкiлi өзi өкiлi болып отырған процеске қатысушының мүдделерiне қайшы қандай да бір әрекеттер жасауға құқылы емес.
4. Азаматтық жауапкердiң процеске жеке өзiнiң қатысуы оны осы iс бойынша өкiлге ие болу құқығынан айырмайды.
10-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСАТЫН ӨЗГЕ ДЕ АДАМДАР
78-бап. Куә
1. Іс үшiн маңызы бар қандай да бір мән-жай белгiлi болуы мүмкiн кез келген адам айғақтар беру үшiн куә ретiнде шақырылуы және одан жауап алынуы мүмкiн.
2. Мыналар:
1) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысуына байланысты, сондай-ақ сот шешiмiн шығару кезiнде туындаған мәселелердi кеңесу бөлмесiнде талқылау барысында өздерiне белгiлi болған iстiң мән-жайлары туралы - судья, алқаби;
2016.08.04. № 489-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) төрешінің міндеттерін атқаруға байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы — төрешi;
3) өзiнiң мiндеттерiн орындауына байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы - күдіктiнiң, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның қорғаушысы, сол сияқты олардың заңды өкілдері, жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және азаматтық жауапкердiң өкiлi, сондай-ақ куәнің адвокаты;
4) тәубаға келу үстінде өзіне белгiлi болған мән-жайлар туралы - дiни қызметшi;
5) өзiнiң жасының толмауына не психикалық немесе дене кемiстiктерiне байланысты іс үшiн маңызы бар мән-жайларды дұрыс қабылдауға және олар туралы айғақ беруге қабiлетсiз адам;
6) заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, медиацияны жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы - медиатор;
2021.29.12. № 91-VII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін жағдайларды қоспағанда, өз қызметін жүзеге асыруға байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы - ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы;
2021.29.12. № 91-VII ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) лауазымдық міндеттерін орындауына байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл куә ретінде жауап алынуға жатпайды.
3. Куәнiң:
1) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн оның өзiн, жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарын қудалауға әкеп соғатын айғақтар беруден бас тартуға;
2) өзiнiң ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде айғақтар беруге;
3) аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға;
4) өзінен жауап алуға қатысатын аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге;
5) жауап алу хаттамасына айғақтарды өз қолымен жазуға;
6) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) шағым келтіруге, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерiне қатысты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге құқығы бар.
Куәнің өз адвокатының қатысуымен айғақ беруге құқығы бар. Адвокаттың сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам белгілеген уақытта келмеуі куәдан жауап алуды жүргізуге кедергі келтірмейді.
Куәның қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде шеккен шығыстарын оған өтеу қамтамасыз етіледі.
4. Куә:
1) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың шақыруы бойынша келуге;
2) іс бойынша болғанның бәрін шынайы түрде хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге;
3) егер өзіне бұл туралы анықтаушы, тергеуші немесе прокурор ескерткен болса, іс бойынша өзіне белгілі мән-жайлар туралы мәліметтерді жария етпеуге;
4) тергеу әрекеттерін жүргізген кезде және сот отырысы уақытында белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті.
5. 2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. 2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен 7-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Куә осы Кодекстiң 223 және 271-баптарында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, сараптамаға немесе куәландырылуға тартылмайды.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 8-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен 8-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Куә жалған айғақтар бергенi, айғақтар беруден бас тартқаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген қылмыстық жауаптылықта болады. Айғақтар беруден жалтарғаны немесе қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша дәлелді себептерсіз келмегені үшін куәға осы Кодекстің 160-бабында белгіленген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.
79-бап. Сарапшы
1. Сарапшы ретінде арнаулы ғылыми білімі бар, іске мүдделі емес адам шақырылуы мүмкін. Сараптама жүргізу тапсырылуы мүмкін адамға қойылатын өзге де талаптар осы Кодекстің 273-бабының бірінші бөлігінде белгіленеді.
2. Сарапшыны шақыру, сараптаманы тағайындау және жүргізу осы Кодекстің 35-тарауында, сондай-ақ 373-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Сарапшының:
1) сараптаманың нысанасына жататын материалдармен (іс материалдарымен) танысуға;
2) қорытынды беру үшін өзіне қажетті қосымша материалдарды беру туралы, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге;
3) қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатымен процестік әрекеттерді жүргізуге және сот отырысына қатысуға және оларға қатысатын тұлғаларға сараптама нысанасына қатысты сұрақтар қоюға;
4) өзі қатысқан процестік әрекеттің хаттамасымен, сондай-ақ тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзінің әрекеттері мен айғақтарының толық және дұрыс тіркелуіне қатысты, хаттамаларға енгізілуге жататын ескертулер жасауға;
5) сараптаманы тағайындаған органның келісімі бойынша, сот-сараптамалық зерттеу барысында анықталған, іс үшін маңызы бар, сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда қамтылған мәселелердің шегінен шығатын мән-жайлар бойынша өз құзыреті шегінде қорытынды беруге;
6) ана тілінде немесе өзі білетін тілде қорытынды ұсынуға және айғақтар беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға; аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге;
7) қылмыстық процесті жүргізетін органның және іс бойынша іс жүргізуге қатысатын өзге де тұлғалардың сараптама жүргізу кезінде өзінің құқықтарына қысым көрсететін шешімдері мен әрекеттеріне шағым жасауға;
8) сараптама жүргізу кезінде шегілген шығыстарға өтем және егер сот сараптамасын жүргізу өзінің лауазымдық міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, орындалған жұмысы үшін сыйақы алуға құқығы бар.
4. Сарапшы:
1) қылмыстық процесті жүргізетін органды хабардар етпестен, процеске қатысушылармен сараптама жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге;
2) зерттеу үшін материалдарды өз бетінше жинауға;
3) егер сараптама тағайындаған органның бұған арнайы рұқсаты болмаса, объектілерді толық немесе ішінара жоюға не олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге әкеліп соғуы мүмкін зерттеулер жүргізуге құқылы емес.
5. Сарапшы:
1) қылмыстық процесті жүргізетін органның шақыруы бойынша келуге;
2) өзіне ұсынылған объектілерге жан-жақты, толық және объективті зерттеу жүргізуге, қойылған мәселелер бойынша негізделген және объективті жазбаша қорытынды беруге;
3) осы Кодекстің 284-бабында көзделген жағдайларда қорытынды беруден бас тартуға және қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы уәжді жазбаша хабар жасауға және оны қылмыстық процесті жүргізетін органға жіберуге;
4) жүргізілген зерттеуге және берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақтар беруге;
5) зерттеуге ұсынылған объектілердің сақталуын қамтамасыз етуге;
6) істің мән-жайы туралы мәліметтерді және сараптама жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған өзге де мәліметтерді жария етпеуге;
7) сараптаманы тағайындаған органға шығыстар сметасын және сараптама жүргізуге байланысты шегілген шығыстар туралы есепті ұсынуға міндетті.
6. Сарапшы көрінеу жалған қорытынды бергені үшін заңда белгіленген қылмыстық жауаптылықта болады.
7. Сот сараптамасы органдарының қызметкері болып табылатын сарапшы өз қызметінің сипатына қарай өзінің құқықтарымен және міндеттерімен танысқан және көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілген деп есептеледі.
80-бап. Маман
1. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге маман ретінде қатысу үшін қылмыстық процестің қатысушыларына өзінің арнайы құзыретіне кіретін мәселелерді түсіндіру, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды қолдану жолымен дәлелдемелерді жинауда, зерттеуде және бағалауда жәрдем көрсету үшін қажетті арнаулы білімі бар, іске мүдделі емес адам тартылуы мүмкін. Кәмелетке толмаған адамның қатысуымен болатын тергеу және өзге де процестік әрекеттерге қатысатын педагог та, психолог та, сол сияқты оны сарапшы етiп тағайындаған жағдайларды қоспағанда, тергеу және өзге де процестік әрекеттерге қатысатын дәрiгер де мамандар болып табылады.