2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 50-баппен толықтырылды
50-бап. Қоғамдық бақылау
1. Қоғамдық бірлестіктер арнаулы мекемелерде ұсталушы адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ұсталу шарттары, медициналық-санитариялық қамтамасыз етілуі, еңбегін, бос уақыты мен оқуын ұйымдастыру бөлігінде құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруда оларға жәрдемдесу мақсатында қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.
2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Арнаулы мекемелерді қоғамдық байқау комиссияларының қызметі нысанында қоғамдық бақылау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 33, 34, 35, 37 және 38-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
3. 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде арнаулы мекемелердің қызметіне, сондай-ақ жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметіне, қылмыстық-процестік қызметке және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге араласуға жол берілмейді.
2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 51-баппен толықтырылды
51-бап. Қоғамдық бақылау комиссиясының өкілеттіктері
1. Қоғамдық бақылау комиссиясы, сондай-ақ қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері:
1) қоғамдық бақылау комиссиясының кемінде екі мүшесінің құрамында орталық атқарушы органдар айқындайтын тәртіппен арнаулы мекемелерге кедергісіз баруға;
2) арнаулы мекемелерде ұсталушы адамдардың келісімі болған кезде олармен әңгімелесуге, сондай-ақ олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы мәселелері бойынша өтініштер мен шағымдар қабылдауға;
3) арнаулы мекеме әкімшілігіне және (немесе) прокуратура органдарына арнаулы мекемелерде ұсталушы адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша өтініштермен жүгінуге құқылы.
2. Арнаулы мекемелерде ерекше шарт режимі енгізілген кезеңде қоғамдық бақылау комиссиясының аталған мекемелерге бару жөніндегі өкілеттіктері тоқтатыла тұрады.
3. Өз өкілеттіктерін орындау кезінде қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері арнаулы мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілердің ережелерін сақтауға, сондай-ақ аталған мекемелер әкімшілігінің заңды талаптарына бағынуға міндетті. Қоғамдық бақылау іс-шараларын өткізу іс жүргізушілік іс-әрекеттерді жүзеге асыруға кедергі келтірмеуге тиіс.
Қазақстан Республикасының