2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Жұмыскерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген жағдайда оның денсаулығының зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеуді сақтандырушы осы шығыстарды шеккен жұмыскер не тұлға ұсынған, осы шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырады. Бұл ретте, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық көмекке жұмсалатын шығыстар өтелуге жатпайды.
Денсаулықтың зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемдерінің жиынтық мөлшері мынадай мөлшерлерден (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштерде) аспауға тиіс:
1) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi отыздан елу тоғыз пайызды қоса алғанға дейiн белгiленген кезде - 500;
2) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi алпыстан сексен тоғыз пайызды қоса алғанға дейiн белгiленген кезде - 750;
3) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi тоқсаннан бір жүз пайызды қоса алғанға дейiн белгiленген кезде - 1000.
Денсаулықтың зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемдерiн сақтандырушы осы шығыстарды шеккен қызметкер не тұлға осы шығыстарды растайтын құжаттарды ұсынған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде, осы тармақта белгіленген мөлшерлер шегінде жүзеге асырады.
Денсаулықтың зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеу жөніндегі жиынтық сақтандыру төлемдерін сақтандырушы осы тармақтың екінші бөлігінде айқындалған мөлшерлер шегінде, кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылудың алғаш рет белгіленген тиісті дәрежесі бойынша жүзеге асырады.
3. Зардап шеккен қызметкер қайтыс болған жағдайда, оны жерлеудi жүзеге асырған тұлғаға сақтандырушы жерлеуге жұмсалған шығыстарды бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде өтейдi.
4. Егер осы бапта көзделген сақтандыру төлемiнiң (сақтандыру төлемдерiнiң) және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстардың мөлшерi қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасының мөлшерiнен асып түскен жағдайда, айырма сақтандырушыға сақтанушының есебiнен төленедi.
5. Сақтандыру төлемiн аударуға байланысты шығыстар сақтандырушының есебiнен жүргiзiледi.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 19-1-баппен толықтырылд (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi және 2012 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылды) (бұр.ред.қара)
19-1-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерiн жүзеге асырудың ерекшелiктерi
1. Сақтанушы «жалпы сақтандыру» саласындағы сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын сақтандырушымен қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан жағдайда, осы сақтандырушы мынадай:
1) қызметкердiң кемiнде бір жыл мерзiмге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге байланысты оның жалақысынан (табысынан) айрылуына қатысты зиянды өтеу;
2) сақтандыру жағдайы басталған кезде қызметкердiң денсаулығының зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу бойынша сақтандыру төлемдерiн жүзеге асырады.
Қызметкерге бір жыл және одан да көп мерзiмге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге байланысты оның жалақысынан (табысынан) айрылуына қатысты зиянды өтеу ретiнде тиесiлi, сондай-ақ қызметкердiң қайтыс болуына байланысты сақтандыру аннуитет шартына сәйкес аннуитеттiк сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемiн жүзеге асырады.
«Жалпы сақтандыру» саласындағы сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын сақтандырушы осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде аннуитеттiк сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымына осы Заңға сәйкес ақша аударуды жүзеге асырады.
2. Сақтанушы аннуитеттiк сақтандыру сыныбы бойынша «өмiрдi сақтандыру» саласындағы сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан жағдайда, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемдерiн осы сақтандырушы осы Заңның 19-бабында көзделген тәртiппен жүзеге асырады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
20-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың жалпы талаптары
1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты сақтанушы немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға пайда алушының тұрғылықты жерiн, байланыс телефондарын, банктiк деректемелерiн (қажет болғанда), сақтандыру төлемiн - қолма-қол ақшамен не банктiк шотқа аударым жасау арқылы алу тәртібін көрсетiп, сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға қажеттi құжаттарды қоса тiркей отырып, жазбаша нысанда қояды.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса беріледі:
2015.23.11. № 415-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгінен айырылу дәрежесi белгiленген жағдайда:
сақтандыру шартының көшiрмесi;
жазатайым оқиға туралы акт;
зардап шеккен қызметкердiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң кәсіптік еңбекке қабiлеттiлiгінен айырылуды белгiлеу туралы анықтамасының көшiрмесi;
уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң қосымша көмек пен күтiм түрлерiне мұқтаждық туралы анықтамасының көшiрмесi;
емделуге кеткен нақты шығыстарды растайтын құжаттар (шот-фактура, кассалық чек және басқалар);
уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң еңбекке қабiлеттiлiгінен айырылу жағдайы бойынша тағайындалған әлеуметтік төлем мөлшері не оны тағайындаудан бас тарту туралы анықтамасының көшiрмесi;
кәсіптік патология және сараптама саласында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымы берген, кәсіптік аурудың бар-жоғын растайтын құжаттың көшірмесі;
жұмыс берушi куәландырған, зардап шеккен қызметкердің жұмыс iстеген, бірақ он екi айдан аспайтын кезеңдегi жалақысының мөлшерiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құжаттарды өтініш беруші олар дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым сақтандырушыға қолжетімділікті беретін мемлекеттік органдардың дерекқорларында және (немесе) ақпараттық жүйелерінде электрондық нысанда болған (оларда көрсетілген мәліметтер болған) жағдайда бермейді.
Сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу мақсатында сақтандырушы зардап шеккен жұмыскердің немесе оның заңды өкілінің жазбаша нысандағы келісімі болған және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптары сақталған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құжаттарды (оларда көрсетілген мәліметтерді) және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді мемлекеттік органдардың дерекқорынан және (немесе) ақпараттық жүйелерінен электрондық нысанда алуға құқылы.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) қызметкер қайтыс болған жағдайда:
сақтандыру шартының көшiрмесi;
жазатайым оқиға туралы акт;
қызметкердің қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе хабарлама;
қызметкер қайтыс болған жағдайда, пайда алушының зиянды өтетуге құқығын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;
пайда алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
жұмыс берушi куәландырған, қайтыс болған қызметкердің жұмыс iстеген, бірақ он екi айдан аспайтын кезеңдегi жалақысының мөлшерiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
3) сақтандыру жағдайы басталған кезде залалды болғызбау немесе азайту мақсатында сақтанушының шеккен шығыстарын, олар болған жағдайда, растайтын құжаттар.
Сақтандырушының сақтанушыдан не пайда алушыдан қосымша басқа да құжаттарды талап етіп алдыруына жол берiлмейдi.
3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтiнiш берушi табыс еткен құжаттардың толық тiзбесiн және олар қабылданған күндi көрсете отырып, екi данада анықтама жасауға мiндеттi.
Анықтаманың бір данасы өтiнiш берушiге берiледi, өтiнiш берушiнiң оны алғаны туралы белгiсi бар екiншi данасы сақтандырушыда қалады.
Сақтанушы немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға осы баптың 2-тармағында көзделген барлық құжаттарды табыс етпеген жағдайда, сақтандырушы оларды үш жұмыс күнi iшiнде жетiспейтiн құжаттар туралы жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
4. Зардап шеккен қызметкер (ал ол қайтыс болған жағдайда қызметкердiң қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтетуге құқығы бар тұлға), сондай-aқ келтiрiлген зиянды сақтандырушының осы Заңда белгiленген жауапкершiлiгi көлемiнiң шегiнде пайда алушыға өтеген және сақтандыру төлемiне құқық алған сақтанушы немесе өзге тұлға пайда алушы болып табылады.
5. 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асыру кезiнде пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтiн шарттарды қабылдауын талап етуге құқылы емес.
21-бап. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
22-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздемесi
Сақтандырушы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң 322-бабының 3-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде сақтандыру төлемдерiнен толық немесе iшiнара бас тартуға құқылы.
23-бап. Аннуитет шартын жасасу
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.30.12 № 234-IV Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қызметкердiң кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi белгiленген не ұзартылған (қайта куәландырылған) не ол қайтыс болған жағдайда, жұмыс берушi осы Заңның 19-бабы 1-тармағының талаптарын ескере отырып, қызметкердiң пайдасына не қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес құқығы бар адамның пайдасына аннуитет шартын жұмыс беруші таңдаған, аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымымен жасасуға мiндеттi.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Аннуитет шарты осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды табыс еткен күннен бастап, бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жасалады.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Аннуитет шарты зардап шеккен қызметкердiң не қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқық алған тұлғалардың Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiлеген мөлшерде және мерзiмдерде кiрiс алуын қамтамасыз ететiн шарттармен жасалады.
Қолданылуы кезеңінде сақтандыру жағдайы орын алған қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушымен аннуитет шарты жасалады.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы пайда алушыға төленуге жатпайды.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Аннуитет шартына қойылатын талаптар және сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша iстi жүргiзуге арналған шығыстарының жол берiлетiн деңгейi қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
24-бап. Қызметкердi еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн анықтауға куәландырудың тәртібі
1. Қызметкердiң (қызметкерлердiң) еңбекке қабiлеттiлiгiнен бір күннен артық айрылуына әкеп соқтыратын әрбір жазатайым оқиға медициналық қорытындыға сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жазатайым оқиға туралы актiмен ресiмделедi.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қызметкердi еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн айқындауға куәландыруды уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi сақтанушының, сақтандырушының не қызметкердiң өтiнiшi бойынша немесе сот шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзедi. Денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы және жазатайым оқиға туралы акт куәландыру үшін негiз болып табылады.
Қызметкердi жазатайым оқиға немесе кәсiптiк ауру салдарынан еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн айқындауға куәландыру, сондай-ақ қосымша көмек пен күтiм түрлерiне мұқтаждықты айқындау Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Кәсiптiк аурулар тiзбесiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 24-1-баппен толықтырылды
24-1-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (пайда алушы):
талаптарын көрсетіп және өзінің талаптарын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтінішін сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурстары арқылы) жіберуге не жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып реттеу үшін өтінішті сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы.
2. Сақтандырушы сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде оны бес жұмыс күні ішінде қарайды және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап береді.
3. Сақтанушы (пайда алушы) сақтандыру омбудсманына өтініш жасаған жағдайда, сақтандырушы сақтанушының (пайда алушының), сақтандыру омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға және шешуге қатысты құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
25-бап. Дауларды шешу
Осы Заңды орындау бойынша қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру субъектiлерi арасында туындаған даулардың бәрi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.
26-бап. 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
27-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
28-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Президентi | |
Н. Назарбаев
Астана қ., 2005 жылғы ақпанның 7-сі.
№ 30-III ҚРЗ