6-бап. Уәкiлетті органдардың агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыретi
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) агроөнеркәсiптiк кешен мәселелерi жөнiндегi мемлекеттің саясатын iске асыру;
2) агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы техникалық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
3) ауыл шаруашылығы өнiмiнің нақты түрлерiн өндiру үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын оңтайлы пайдалану бойынша өңiрлердi мамандандырудың ұсынылатын схемасын әзiрлеу және бекiту;
4) агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мемлекетаралық экономикалық байланыстардың басым бағыттарын тұжырымдау, өз құзыретi шегiнде агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы халықаралық жобаларды iске асыру;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ветеринария, өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинi жөніндегi мемлекеттiк iс-шараларды ұйымдастыру;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды, фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру;
7) мыналардың:
агроөнеркәсiптiк кешендi дамытудың;
азық-түлік тауарларының бағалары мен нарықтарының;
азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингін жүргізу;
8) өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының қорларын есепке алу нысандарын және есептілікті ұсыну тәртібін бекіту;
9) агроөнеркәсіптiк кешен субъектiлеріне өтеусiз негізде берілуге жататын ақпарат пен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн әзiрлеу;
10) өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
11) кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауыл шаруашылығы өнімінің тізбесін әзірлеу;
12) нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, баға, техника, кеден, салық, кредит, сақтандыру қызметi, сондай-ақ агроөнеркәсіптiк кешен саласындағы техникалық реттеу және мемлекеттiң саясаты саласындағы мәселелер бойынша ұсыныстар енгiзу;
13) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн техникалық жарақтандыру және ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу;
14) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
15) инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
16) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
17) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
18) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
19) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
20) барлық бақылау және қадағалау объектілеріне кедергісіз баруды қоса алғанда, агроөнеркәсіптік кешендi дамыту саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық инспекция саласындағы заңнамасын жергілікті атқарушы органдардың сақтауына бақылауды, агроөнеркәсіптік кешендi дамыту саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық инспекция саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарын жою жөніндегі орындалуы міндетті ұйғарымды беруді жүзеге асыру;
21) топырақты агрохимиялық зерттеп-қарауды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды
21-1) Қазақстан Республикасында суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингін және оны бағалауды және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің мелиорациялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін мемлекеттік жүргізу қағидалары мен тәртібін әзірлеу және бекіту;
22) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетудің заттай нормаларын әзірлеу және бекіту;
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 22-1) тармақшамен толықтырылды
22-1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингін және оны бағалауды жүргізу үшін техникамен және жабдықпен материалдық-техникалық жарақтандырудың заттай нормаларын, пайдалану шығындары үшін материалдардың жұмсалу нормаларын, химиялық реактивтер мен зертхана ыдыстарының, далалық жарақтардың және арнайы киімдердің тиесілілік нормаларын, гидрогеологиямелиоративтік қызмет жұмыскерлерінің уақыт пен жұмыс жүктемесі нормаларын әзірлеу және бекіту;
23) агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
24) агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеу;
25) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін құру және жүргізу қағидаларын бекіту;
26) ауыл шаруашылығы өнімінің және оны өңдеуден алынған өнімдердің табиғи кему, кебу, азаю, бұзылу нормаларын әзірлеу және бекіту;
27) агроөнеркәсiптiк кешендi ақпараттық-маркетингтiк қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
28) агроөнеркәсiптiк кешендi ғылыми қамтамасыз ету және кадрлар даярлау саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру;
29) ауылдық елді мекендерге тартылатын агроөнеркәсіптік кешен мамандары лауазымдарының тізбесін әзірлеу және бекіту;
30) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласында жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіру және оларға әдiстемелiк басшылық жасау;
31) нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтар шығару туралы және мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтар шығаруға қатысушы ұйымдардың тізбесі, шығарылатын материалдық құндылықтардың көлемі мен бағалары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;
32) агроөнеркәсіптік кешен өнімінің тауар қозғалысы жүйесін ұйымдастыру;
33) салалық көтермелеу жүйесін бекіту;
34) «Агроөнеркәсіптік кешендегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу қағидаларын әзірлеу;
35) агроөнеркәсіптік кешен өнімінің республикалық көрмелерін, жәрмеңкелерін ұйымдастыру;
36) субсидияларды алушы міндеттемесінің нысанын бекіту;
37) мамандандырылған мемлекеттiк мекемелердiң суармалы жерлердiң мелиорациялық жай-күйiнің мониторингi мен оны бағалауды жүргiзуiн ұйымдастыру;
38) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін әзірлеу;
39) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын әзірлеу;
40) ауылдық жерлерде микрокредит беру жүйесін дамыту мониторингін жүзеге асыру;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 41) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
41) мыналарды:
тұқым шаруашылығын дамытуды;
мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды;
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды;
акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды;
басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруды,
жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын;
тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда);
өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын;
ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын;
жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын;
ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын;
отандық ауыл шаруашылығы өнiмiн өңдеу үлесiн ұлғайтуды;
кредиттер және технологиялық жабдықтың лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін;
шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын;
ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды;
ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін;
ауыл шаруашылығы малын сатып алуға кредит беру және лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 41-1), 41-2), 41-3) және 41-4) тармақшалармен толықтырылды
41-1) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
41-2) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
41-3) 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталдлы (бұр.ред.қара)
41-4) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) интернет-ресурсына орналастырудың тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;
2015.29.10. № 373-V ҚР Заңымен 41-5) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
41-5) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2015.29.10. № 373-V ҚР Заңымен 41-6) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
41-6) өз мүшелері үшін жұмыстарды (қызметтерді) орындау (көрсету) бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметі түрлерінің тізбесін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативі өз мүшелеріне өткізетін тауарлардың тізбесін әзірлеу және бекіту;
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 41-7) тармақшамен толықтырылды
41-7) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ауыл шаруашылығы малдарының табиғи кему (өлу) нормаларын бекіту;
42) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
2. Ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкiлетті органның құзыретiне:
1) ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру;
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) орталық және жергілiктi атқарушы органдардың ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерi жөніндегі қызметiн үйлестiру;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) осы Заңның 18-бабының 8-тармағында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну тәртібін айқындау;
4) 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) жергiлiктi атқарушы органдардың ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы қызметiне әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру;
8) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кiредi.
7-бап. Жергiлiктi өкiлдi органдардың (мәслихаттардың) және жергiлiктi атқарушы органдардың (әкiмдiктердiң) агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыретi
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілiктi өкiлдi органдарының (мәслихаттарының) құзыретiне:
1) агроөнеркәсіптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын бекіту;
2) тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi, онда агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласындағы iс-шараларды қаржыландырудың қажеттi көлемдерiн көздей отырып бекіту;
3) жергiлікті атқарушы органдар басшыларының агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерi жөніндегі есептерiн тыңдау;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Облыстардың, республикалық маңызды бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкiмдiктерiнiң) құзыретiне:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерiн осы Заңға және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттiк қолдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттiк техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
3) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) агроөнеркәсiптiк кешен салаларын мамандармен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру, агроөнеркәсiптік кешен кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың бiліктілігін арттыру;
6) шығарылатын өнiм түрлерi бойынша өңiрлiк көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу;
7) агроөнеркәсiптiк кешен өнiмiнің саудасы бойынша көтерме базарлар ұйымдастыру;
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің, бағалардың және агроөнеркәсіптік кешен өнімдері нарықтарының мониторингін жүргізу;
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) азық-түлік тауарларын сатып алу бағдарламаларына қатысушыларды анықтау жөніндегі комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) өңірдің агроөнеркәсіптiк кешен саласында инновациялық тәжiрибенi тарату және енгізу жөнiндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
10-1) өңірдің агроөнеркәсіптiк кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердi, сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салуды, күтіп-ұстауды және реконструкциялауды қамтамасыз ету;
12) жоғары сыныпты асыл тұқымды малды сатып алуды, ұстауды және кең ауқымда өз төлi есебінен өсiру үшін мал басын молықтыратын төл өсiрудi ұйымдастыру;
2007 жылғы 27 наурыздағы № 242-III ҚР Заңымен 12-1-тармақшамен толықтырылды
12-1) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге өткізілген бірінші, екінші және үшінші репродукциялы тұқымдардың құнын арзандатуды қамтамасыз ету;
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 12-2) тармақшамен толықтырылды
12-2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөнінде іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 12-3) тармақшамен толықтырылды
12-3) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға есептілік ұсыну;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 12-4) тармақшамен толықтырылды
12-4) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру кезіндегі комиссияның бір бөлігінің және қарыздарын сақтандыру кезіндегі сақтандыру сыйақыларының бір бөлігінің орнын толтыру;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 12-5) тармақшамен толықтырылды
12-5) агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 12-6) тармақшамен толықтырылды
12-6) кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативін бекіту;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 12-7) тармақшамен толықтырылды
12-7) қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау;
2015.29.10. № 373-V ҚР Заңымен 12-8) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
12-8) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау;
13) мыналар:
агроөнеркәсіптiк кешен салаларына инвестициялар мен екiншi деңгейдегi банктердің кредиттерiн тарту;
бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердi қалыптастыру және дамыту, оларды жаңғырту және сапа менеджментiнiң халықаралық жүйесiне көшiру үшiн жағдай жасау;
тоған, тауарлы көл, балық өсiретiн су шаруашылықтарын және балықты қайта өңдеу кәсіпорындарын дамыту;
мамандандырылған мал шаруашылығы қожалықтарының өсуi үшiн жағдай жасау бойынша iс-шаралар әзiрлеу;
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
14) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытудың ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісілген жергілікті бюджеттік басым инвестициялық жобаларының және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі жобалардың тізбесін жасау;
15) агроөнеркәсiптiк кешеннiң ақпараттық-маркетингтiк жүйесiнiң жұмыс iстеуi мен дамуы үшін жағдай жасау;
16) ішкі және сыртқы азық-түлiк нарықтарындағы ахуалды зерделеу және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің тиісті ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17) агроөнеркәсіптік кешеннің және ауылдық аумақтардың жай-күйi мен дамуы туралы ақпаратты агроөнеркәсіптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерi жөнiндегі уәкілеттi мемлекеттік органдарға беру;
2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен 17-1), 17-2), 17-3) және 17-4) тармақшалармен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
17-1) әкімшілік-аумақтық бірліктің азық-түлікпен қамтамасыз етілу теңгерімін жасау;
17-2) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияның ұсынымы негізінде сатып алу және тауар интервенцияларын, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорының жаңартылуын жүргізу туралы шешім қабылдау;
17-3) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану үшін мамандандырылған ұйымдардан қызметтер сатып алуды жүзеге асыру;
17-4) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияны құру;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 17-5), 17-6), 17-7) және 17-8) тармақшалармен толықтырылды
17-5) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар қызметінің мониторингін жүзеге асыру;
17-6) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға аккредиттеу жүргізу;
17-7) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау;
17-8) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде өзінің интернет-ресурсына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін орналастыру;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 17-9) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
17-9) ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды жүзеге асыру;
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
18) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
3. Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi өкiлдi органдарының (мәслихаттарының) құзыретiне:
1) агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын бекіту;
2) тиiстi қаржы жылына арналған жергілiктi бюджетті, онда агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласындағы ic-шараларды қаржыландырудың қажеттi көлемдерiн көздей отырып бекіту;
2008.24.12. № 111-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) жергiлiктi атқарушы органдар (әкiмдіктер) басшыларының агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері жөніндегі есептерiн тыңдау;
2008.24.12. № 111-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын, сондай-ақ осы санаттардағы қызметкерлерге әлеуметтік көмектің өзге де шараларын айқындау;
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
4. Аудандардың (облыстық маңызы бap (қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының (әкiмдiктерiнiң) құзыретiне:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн осы Заңға және осы саладағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
3) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;