Қазақстан Республикасының
Заңы
Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы
(2016.28.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2018 жылғы 24 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңын қараңыз (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңнамасы
3-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен принциптері
2-тарау. Мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыреті
4-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнің агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу саласындағы құзыретi
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметінің агроөнеркәсіптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыреті
6-бап. Уәкiлетті органдардың агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу саласындағы құзыретi
7-бап. Жергiлiктi өкiлдi органдардың (мәслихаттардың) және жергiлiктi атқарушы органдардың (әкiмдiктердiң) агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу саласындағы құзыретi
8-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы құзыреті
3-тарау. Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу
9-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу
10-бап. Агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында кредит берудi дамыту
11-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялау
12-бап. Аграрлық азық-түлiк нарықтарын мемлекеттiк реттеу
13-бап. Ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауiпсіздiктi қамтамасыз ету
13-1-бап. Ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету
14-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi техникалық қамтамасыз ету
14-1-бап. Агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеу
15-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi ақпараттық-маркетингтiк қамтамасыз ету
16-бап. Агроөнеркәсiптік кешен саласындағы мамандандырылған ұйымдар
16-1-бап. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сервистік-дайындау орталықтары және дайындаушы ұйымдар
17-бап. Агроөнеркәсiптік кешенді ғылыми қамтамасыз ету және ол үшін кадрлар даярлау
18-бап. Ауылдық аумақтарды дамыту
19-бап. Агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды нормативтiк-әдiстемелiк қамтамасыз ету
3-1-тарау. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу
19-1-бап. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өлшемдері мен негізгі бағыттары
19-2-бап. Азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингі
19-3-бап. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру
19-4-бап. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссия
4-тарау. Қорытынды ережелер
20-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық
20-1-бап. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
21-бап. Қорытынды ережелер
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ставкаларды», «ставкаларымен», «ставкалар», «проценттік», «процентінен» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемелерді», «мөлшерлемелерімен», «мөлшерлемелер», «пайыздық», «пайызынан» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасында агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеудi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2007.27.03. № 242-III ҚР Заңымен; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертіліді (бұр.ред.қара); 2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аграрлық азық-түлік нарығы - ауыл шаруашылығы өнімі мен оның тереңдете қайта өңделген өнімдерін сатып алумен, өткізумен және олардың айналымының өзге де элементтерімен байланысты қатынастардың жиынтығы;
2) агрометеорологиялық мониторинг - жер бетіндегі агрометеорологиялық желі арқылы байқау жүргізуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы; агротехникалық жұмыстарды жоспарлау жөніндегі ақпаратты жинау, беру, талдау мен өңдеу жүйесі және ауыл шаруашылығы мүддесіне орай агрометеорологиялық болжамдар жасау;
3) агроөнеркәсіптік кешен - ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімдерін өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және өткізуді, сондай-ақ тамақ өнеркәсібін, оларды қазіргі заманғы техникамен, технологиялық жабдықпен, ақшамен, ақпараттық және басқа да ресурстармен қамтамасыз ететін ілеспе өндірістер мен қызмет салаларын, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті, ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлауды қамтитын экономика салаларының жиынтығы;
4) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері - агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган - балық шаруашылығын дамытуды қоспағанда, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
6) агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық-маркетингтік жүйесі - орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін ақпараттық-маркетингтік және консультациялық қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық, техникалық, электрондық ақпараттық ресурстарының бірыңғай жүйесі;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) агротехникалық (дақылдық-техникалық) мелиорациялық іс-шаралар - өзіне:
мелиорацияланатын жерлерді ағашты және шөптесін өсімдіктерден, тастардан және өзге де заттардан тазартуды;
терең қопсытуды, құмдауыттандыруды, топырақтандыруды, плантаждауды, сазбалшықтандыруды;
топырақты қорғау іс-шараларын қамтитын, жерді түбегейлі жақсарту жөніндегі техникалық іс-шаралар кешені;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды
6-2) агрохимикаттар - өсімдіктерді қоректендіруге, топырақтың құнарлылығын реттеуге арналған химиялық немесе биологиялық тыңайтқыштар, химиялық мелиоранттар (торфты, органикалық тыңайтқыштарды, мелиоранттар қасиеттері бар табиғи материалдарды қоспағанда);
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 6-3) тармақшамен толықтырылды
6-3) агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеу - агрохимикаттарды сынау процесін аяқтайтын рәсім, оның нәтижесі бойынша жеке және заңды тұлғаларға агрохимикаттарды Қазақстан Республикасының аумағында қолдану құқығына тіркеу куәлігі беріледі;
7) азық-түлік тауарлары - адамның тағамына пайдалануға арналған ауыл шаруашылығы, балық өнімі және олардың тереңдете қайта өңделген өнімдері, сондай-ақ ауыз су мен тұз;
8) азық-түлік тауарларына нақты қолжетімділік - республиканың барлық аумағында азық-түлік тауарларының кез келген уақытта және халықтың қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті көлемде болуы;
9) азық-түлік тауарларына экономикалық қолжетімділік - азық-түлік тауарларын тұтынудың қолда бар құрылымы, бағалар жүйесі, табыстар деңгейі, әлеуметтік жәрдемақылар мен жеңілдіктер кезінде халықтың азық-түлік тауарларын тұтынудың физиологиялық нормаларына сәйкес сатып алу мүмкіндігі;
2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 10) тармақша жаңа редакцияда
10) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтарында аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік әсер ету және азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн құрылған, азық-түлiк тауарларының, оның ішінде астықтың жедел қоры;
2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен 10-1), 10-2), 10-3) және 10-4) тармақшалармен толықтырылды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10-1) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту - мөлшері бірдей және сапасы ұқсас азық-түлік тауарларын кейіннен немесе бір мезгілде қорға сала отырып, оларды сақтау мерзімі (кемінде бір ай) өткенге дейін тіркелген бағалар бойынша азық-түлік тауарларын өткізу;
10-2) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру - сатып алу интервенциялары, азық-түлік тауарларын азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорында орналастыру және сақтау;
10-3) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалану - тауар интервенцияларын жүргізу және азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту мақсатында азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын өткізу;
10-4) азық-түлік тауарларының тіркелген бағалары - азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарларын сатып алу және оларды азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорынан өткізу үшін белгіленетін, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссия айқындайтын азық-түлік тауарларының бағалары;
11) азық-түлік тәуелсіздігі - азық-түлік тауарларын басқа мемлекеттерден жеткізу тоқтатылған жағдайда мемлекет отандық өндіріс есебінен оларға нақты қол жеткізуді қамтамасыз етуге қабілетті болатын экономиканың жай-күйі;
12) 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды
12-1) ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік мекеме осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын қызмет;
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) ауыл шаруашылығы өнiмi - бал ара шаруашылығын қоса алғанда, өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығының, оның ішінде органикалық өндіру арқылы алынған шикiзаты және өнiмi, сондай-ақ оларды бастапқы қайта өңдеу арқылы алынған өнiмдер;
14) ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеу - ауыл шаруашылығы өнімін оның физикалық-механикалық қасиеттерін өзгерте отырып, қайта өңдеудің технологиялық процесі;
15) ауыл шаруашылығы санағы - белгілі бір күндегі ауыл шаруашылығының құрылымы мен жай-күйі туралы ақпарат жинау мақсатында жүргізілетін ұлттық санақ;
16) ауылды оңтайлы қоныстандыру - ауылдық елді мекендердің ауыл тұрғындары тұрмысының қажетті деңгейін тіршілікті қамтамасыз ету қызметін көрсетудің нормативтік деңгейіне сәйкес қамтамасыз етуге негізделіп, орналастырылуы;
17) ауылдық аумақтар - ауылдық елді мекендер мен оларға іргелес жатқан жерлердің жиынтығы;
18) ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті орган - ауылдық аумақтарды дамыту саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
19) ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы - денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, телекоммуникация, байланыс, жолдар, почта-жинақтау жүйесі, газбен, электрмен, жылумен, сумен қамтамасыз ету және су бұру, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын жинау мен кәдеге жарату объектілерін қоса алғанда, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жүйесі;
20) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары - тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, белсенді әрі салауатты өмірді сақтау үшін адам ағзасының негізгі тағамдық өнімдерге және энергияға қажеттіліктерін қанағаттандыруды көздейтін азық-түлік тауарлары;
21) 2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
22) ғарыштық мониторинг - жердің пайдаланылуына байқау жүргізуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы; Жерді қашықтықтан зондтау деректері негізінде ғарыштан ақпарат беру, оны ауыл шаруашылығы дақылдары егістерінің жай-күйі мен өнімділігін бағалау және болжау үшін өңдеу;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 22-1) - 22-3) тармақшалармен толықтырылды
22-1) жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлға - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған жеке қосалқы шаруашылығы бар жеке тұлға немесе осындай жеке тұлғаның шаруашылық бойынша есепке алу кітабында жеке қосалқы шаруашылықтың мүшесі ретінде есепке алынған отбасы мүшесі;
22-2) инвестициялық салымдар - жаңа өндiрiстiк қуаттарды құруға немесе жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған шығындар;
22-3) кепiлдендiрiлген сатып алу бағасы - өзiндiк құны мен рентабельдiлiгі ескерiле отырып белгiленетiн, ауылшаруашылық тауарын өндiрушiлерден ауылшаруашылық өнiмiн сатып алу жүзеге асырылатын баға;
22-4) қайта өңдеушi кәсiпорындар - ауылшаруашылық өнiмiн бастапқы және (немесе) тереңдете қайта өңдеудi жүзеге асыратын агроөнеркәсiптiк кешеннiң субъектiлерi;
2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
23) мамандандырылған ұйым - агроөнеркәсіптік кешен салаларын тұрақты дамыту, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін бәсекелестік нарықта жоқ немесе мардымсыз көрсетілетін жекелеген қызмет түрлерімен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің шешімі бойынша құрылған немесе өңірлердің экономикасын дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар) ұйым;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды
23-1) мелиорацияланған жерлер - мелиорациялық іс-шаралар жүргізілген жерлер;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24) мемлекеттік техникалық инспекция - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бере отырып, мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік техникалық қарап-тексеру, оларды басқару құқығына емтихан қабылдау және куәліктер беру, оларды пайдалану қағидаларының сақталуын қадағалау;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 24-1) тармақшамен толықтырылды
24-1) сатып алу бағасы - бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін ауылшаруашылық өніміне қайта өңдеуші кәсіпорындар ұсына алатын баға;
2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 25) тармақша жаңа редакцияда
25) сатып алу интервенциялары - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында бағаның төмендеуі кезінде мамандандырылған ұйымдардың азық-түлік тауарларын, оның ішінде астықты тіркелген бағалармен сатып алуы жөніндегі іс-шаралар;
2015.29.10. № 373-V ҚР Заңымен 26) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
26) сервистік-дайындау орталығы - ауыл шаруашылығы кооперативіне не қатысушылары бір немесе бірнеше ауыл шаруашылығы кооперативтері болып табылатын заңды тұлғаға меншік құқығымен немесе өзге құқықтармен тиесілі және ауыл шаруашылығы және балық шаруашылығы өнімдерін өндіру, жабдықтау, дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жөндеу және оларға қызмет көрсету жөнінде қызметтер көрсетуге арналған объект;
26-1) субсидиялау - бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, субсидияларды нақты алушыларды өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржыландыру;
2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен 26-2) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 26-2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
26-2) тауар интервенциясы - бағалардың өсуі кезінде ішкі нарықты тұрақтандыру мақсатында жүзеге асырылатын, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларынан азық-түлік тауарларын, оның ішінде астықты тіркелген бағалармен iшкi нарықта өткiзу жөнiндегi iс-шаралар;
27) тұтынудың физиологиялық нормалары - сау адамның физиологиялық қажеттілігі толық қанағаттандырылатын тағамдық өнімдердің азықтық және энергетикалық құндылығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тағамдық өнімдерді тұтынудың ғылыми негізделген нормалары;
28) фитосанитариялық қауіпсіздік - ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектілер мен өсімдік шаруашылығы өнімінің өсімдік зиянкестерінен, ауруларынан және арамшөптерден қорғалуының жай-күйі;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 28-1) тармақшамен толықтырылды
28-1) химиялық мелиорациялық іс-шаралар - ауыл шаруашылығы дақылдарының қасиетін жақсарту және шығымдылығын арттыру үшін топыраққа химиялық әсер ету амалдарының жүйесі;
29) ішкі азық-түлік ресурстары - белгілі бір уақыт кезеңінде республика аумағында өндірілетін азық-түлік тауарларының болуы.
2-бап. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеудiң мақсаттары мен принциптері
1. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеудiң мақсаттары:
1) ауылдық аумақтардың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымын дамыту және ауыл халқын қолайлы тұрмыс жағдайларымен қамтамасыз ету;
2) мемлекеттің азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
3) агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды тұрақты экономикалық және әлеуметтiк дамытуды қамтамасыз ету;
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнiмiн және оның қайта өңдеу өнiмдерiн өндiрудің экономикалық жағдайларын жасау;
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) органикалық өнім өндіруді дамытуды қамтамасыз ету болып табылады.
2. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу:
1) экономикалық өсу әлеуетi бар агро-өнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтарды дамытудың басымдығы;
2) ауыл шаруашылығы жөніндегі халықаралық келісімдердiң талаптарына, санитариялық және фитосанитариялық нормаларға сәйкестiк;
3) мемлекет жүзеге асыратын iс-шаралардың ашықтығы;
4) мемлекеттік қолдау шараларын көрсетудiң атаулылығы;
5) отандық агроөнеркәсiптiк өндiрiстiң бәсекелестiк артықшылықтарын дамыту;
6) iшкi нарықтың жосықсыз бәсекеден қорғалуы;
7) мемлекеттік басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердiң аражiгiн ажырату;
8) агроөнеркәсiптiк кешен қызметiнiң және тұрғындардың ауылдық елдi мекендерде тұруының экологиялық қауiпсiздiгi;
9) кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестiктерiмен, қауымдастықтарымен (одақтарымен) өзара iс-қимыл;
10) мемлекеттік реттеу шараларының тиімділігі;
11) агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік қолдаудың жыл сайынғы қажеттi көлемiн қамтамасыз ету;
12) агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiнiң өзара iс-қимылының оңтайлы нысандарын дамыту принциптерiне сәйкес жүзеге асырылады.
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖӘНЕ ЖЕРГIЛIКТI ӨЗIН-ӨЗI
БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ АГРОӨНЕРКӘСIПТIК КЕШЕНДI ЖӘНЕ
АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ
4-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнің агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасы Парламентінің агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыретіне:
1) агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу жөнiндегі заңдарды қабылдау;
2) республикалық бюджеттi бекіту, сондай-ақ республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерiн бекіту кiредi.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметінің агроөнеркәсіптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу саласындағы құзыретiне:
1) агроөнеркәсіптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттiк саясаттың негізгi бағыттарын әзiрлеу;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады); 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-1) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға субсидияланатын қосылған құн салығы сомасының мөлшерін айқындау үшін қолданылатын, жеке қосалқы шаруашылықтан сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің нормаларын бекіту;
2) азық-түлік қауіпсіздігі саласында бірыңғай мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз ету;
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) органикалық өнім өндіру саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастыру;
3) азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу тәртібін бекіту;
4) агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру;
5) сатып алу және тауар интервенцияларын жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың тiзбесiн, сондай-ақ олардың сыйақы мөлшерiн бекiту;
6) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту;
7) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту;
8) мамандандырылған ұйымдарды құру және олардың қатысуымен агроөнеркәсiптiк кешендi қолдау тәртiбiн айқындау;
9) оларға қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдер тізбесін және зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін бекіту;
10) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың Бас схемасына сәйкес ауылды оңтайлы қоныстандыру схемасын бекiту;
11) кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауыл шаруашылығы өнімінің тізбесін бекіту;
12) ауыл шаруашылығы санағын өткiзудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн бекiту;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес агроөнеркәсiптiк кешенде және ауылдық аумақтарда қалыптасатын жер қатынастарын реттеу;
14) агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiнiң өзара iс-қимылының оңтайлы нысандарын дамыту үшiн агроөнеркәсіптiк кешен салаларын айқындау;
15) осы Заңның 18-бабының 8-тармағында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау;
16) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау кіреді.