13-3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында тәуекелдерді бағалауды жүргізу және кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 13-4) тармақшамен толықтырылды
13-4) Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне бағалау жүргізудің қағидаларын, сондай-ақ кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды әзірлейді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізеді;
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 13-5) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
13-5) осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерінің, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алу саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдардың және кәсіби бухгалтерлердің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырады;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
17-бап. Уәкілетті органның құқықтары мен міндеттері
1. Уәкілетті орган:
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) қаржы мониторингі субъектілерінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұратып алуға;
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) күдікті операцияның белгілері анықталған жағдайда ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды үш жұмыс күніне дейінгі мерзімге тоқтата тұру туралы шешім шығаруға;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы нормативтік құқықтық актілерінің және халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысуға;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда
4) сұрау салу бойынша немесе дербес түрде шет мемлекеттің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы құзыретті органымен ақпарат, мәліметтер мен құжаттар алмасуға;
5) мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық, банктік және өзге де заңмен қорғалатын құпияны қорғау бойынша талаптарды сақтай отырып, қаржы мониторингі саласында сараптама жүргізу, оқыту бағдарламаларын, әдістемелік материалдарды әзірлеу, бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелерді құру үшін ғылыми-зерттеу және басқа да ұйымдарды, сондай-ақ жекелеген мамандарды жұмысқа тартуға, оның ішінде шарттық негізде тартуға;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының бұзылғаны немесе бұзылу белгілерінің бар екендігі туралы хабарламаны тиісті мемлекеттік органдарға жіберуге;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды; 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарымен бірлесіп, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландырумен және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды алмасу және оларды беру бойынша өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындауға;
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының және өзге де мемлекеттік органдарының үйлестіру кеңестеріне, ведомствоаралық комиссияларына, жұмыс және сараптама топтарына қатысуға құқылы.
2. Уәкілетті орган:
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі шараларды қабылдауға;
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) өз қызметі процесінде алынған, қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сақтаудың, қорғаудың тиісті режимін және олардың сақталуын қамтамасыз етуге;
3) қаржы мониторингін жүзеге асыру процесінде адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
18-бап. Уәкілетті органның Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылы
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді; 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) қаржы мониторингін және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды жүзеге асыру үшін уәкілетті органға қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының бұзылғаны туралы уәкілетті органның хабарламасын қарауға және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде уәкілетті органға хабарлауға;
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) өз қызметі процесінде алынған, қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сақтаудың, қорғаудың тиісті режимін және олардың сақталуын қамтамасыз етуге;
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) бақылау функцияларын жүзеге асыру процесінде адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге;
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
5) бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу кезінде кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау есебінен ақпаратты ескеруге міндетті.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) дербес анықтаған кезде күдікті операциялар туралы, оның ішінде нарық бағаларынан көпе-көрінеу алшақ бағаларымен тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) экспорты (импорты) бойынша мәмілелер туралы уәкілетті органға хабарлауға;
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1) ұйымның немесе жеке тұлғаның жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілгені туралы ақпаратты алған күннен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шаралар қабылдауға;
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
1-2) осындай ақпаратты уәкілетті органға ұсына отырып, терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысында коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне талдау және мониторинг жүргізуге;
2) дербес анықтаған кезде қаржы мониторингі субъектілерінің осы Заңның нормаларын бұзуы туралы уәкілетті органға хабарлауға;
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен өздерінің ақпараттық жүйелерінен және ресурстарынан мәліметтер беруге;
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) өз қызметі процесінде алынған, қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сақтаудың, қорғаудың тиісті режимін және олардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың уәкілетті органға қаржы мониторингіне жататын операция туралы мәліметтер мен ақпаратты ұсыну туралы сұрау салуды жіберуі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және оның орынбасарларының санкциясымен жүзеге асырылады.
Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдар қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимылға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген істер мен материалдар бойынша сұрау салуды жібереді.
Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың сауалдарын орындауды уәкілетті орган қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы республикалық дерекқордағы қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар шегінде, сондай-ақ шет мемлекеттердің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы құзыретті органдарынан алынған мәліметтер мен ақпарат шегінде жүзеге асырады.
Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын тәртіппен сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органға беріледі.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Күдікті операция туралы мәліметтер мен ақпаратты осы Заңда көзделген тәртіппен уәкілетті органға ұсыну қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету болып табылмайды.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Уәкілетті органның қаржы мониторингіне жататын операция туралы, оның ішінде күдікті операция туралы мәліметтер мен ақпаратты осы Заңда көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына беруі қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету болып табылмайды.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы, сондай-ақ қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттері туралы мәліметтер мен ақпаратты уәкілетті орган осы Заңда көзделмеген тәртіппен бермейді.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда
6. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумаққа жүзеге асырылатын әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, декларацияланған мәдени құндылықтарды, қолма-қол валютаны, ұсынушыға арналған құжаттық бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету жөнінде ақпарат жинауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органы кейіннен оны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, белгіленген мерзімдерде міндетті түрде уәкілетті органға ұсына отырып жүзеге асырады.
19-бап. 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 3-1-тараумен толықтырылды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1-тарау. Халықаралық ынтымақтастық
19-1-бап. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастық
1. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында іс-әрекеттердің алдын алу, анықтау, жолын кесу және оларды тергеп-тексеру, сондай-ақ көрсетілген кірістерді тәркілеу бөлігінде уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары және шет мемлекеттердің тиісті органдары арасындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Уәкілетті органның, Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының шет мемлекеттің тиісті органдарымен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастығы сұрау салу және ақпарат алмасу арқылы өзара түсіністік қағидаттарында жүзеге асырылады.
19-2-бап. Уәкілетті органның шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен халықаралық ынтымақтастығы
1. Уәкілетті органның шет мемлекеттің құзыретті органымен халықаралық ынтымақтастығы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға қатысы бар жеке тұлғаларды, ұйымдар мен бенефициарлық меншік иелерін, басқа да байланысты қылмыстарды, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды анықтау, сондай-ақ осындай тұлғалардың ақшасын және (немесе) өзге мүлкін іздестіру мақсатында жүзеге асырылады.
2. Уәкілетті орган осы Заңға сәйкес алынған ақпаратқа талдау жүргізу кезінде, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында шет мемлекеттердің құзыретті органдарынан ақпарат, мәліметтер мен құжаттар сұратуға құқылы.
3. Осы Заңның 18-бабының 3-тармағына сәйкес алынған Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының сұрау салуын орындау мақсатында уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органдарынан ақпарат, мәліметтер мен құжаттар сұратады.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының өтініші негізінде шет мемлекеттердің құзыретті органдарына ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды іздестіру және (немесе) тоқтата тұру туралы сұрау салу жібереді.
Уәкілетті органның ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтата тұру туралы сұрау салуын қанағаттандыру туралы шет мемлекеттің құзыретті органының жауабы алынған жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының тиісті құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органын және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын дереу хабардар етеді.
4. Уәкілетті орган сұрау салу бойынша алынған ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды тек сұрау салуда көрсетілген мақсаттарда ғана пайдалануға құқылы.
Уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органдарынан сұратып алынған ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды олардың алдын ала келісімінсіз, шет мемлекеттің құзыретті органдары белгілеген шарттар мен шектеулерді бұза отырып үшінші тарапқа беруге немесе пайдалануға құқылы емес.
5. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру шет мемлекеттің құзыретті органдарының сұрау салуы бойынша, олар сұрау салуда көрсетілмеген мақсаттарда пайдаланылмайтын не уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының алдын ала келісімінсіз үшінші тұлғаларға берілмейтін жағдайда жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуларын орындаудың басымдығын белгілей алады.
Шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы мүмкіндігінше қысқа мерзімдерде, бірақ сұрау салу алынғаннан кейін отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей орындалады.
Уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органдарына берілетін ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды пайдалануға қосымша шарттар мен шектеулер белгілеуге құқылы.
6. Уәкілетті орган мынадай жағдайларда, егер:
1) ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қозғаса, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мүдделеріне нұқсан келтіретін болса;
2) ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру Қазақстан Республикасында қылмыстық сот ісін жүргізу барысына әсер ететін болса;
3) шет мемлекеттің құзыретті органы берілетін ақпараттың, мәліметтер мен құжаттардың қорғалуын қамтамасыз ете алмайды деп пайымдауға негіздер болса, шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.
Уәкілетті орган бас тарту негіздерін көрсете отырып, шет мемлекеттің құзыретті органын сұрау салуды қанағаттандырудан бас тарту туралы хабардар етеді.
7. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша келісімдер жасасуға құқылы.
19-3-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингі субъектілерінің сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының халықаралық ынтымақтастығы
1. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингі субъектілерінің сақтауын мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының шет мемлекеттердің тиісті органдарымен халықаралық ынтымақтастығы мынадай:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беруге жатпайтын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды қоспағанда, осы баптың 2-тармағына сәйкес ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұрау салу бойынша немесе дербес алу және жіберу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы мониторингі субъектілерінің қызметін реттеу, бақылау және қадағалау бөлігінде тәжірибе және ақпарат алмасу;
3) шет мемлекеттердің тиісті органдарының Қазақстан Республикасының аумағында өз қаржы мониторингі субъектілерінің қызметін мониторингтеу бойынша іс-шаралар жүргізуіне жәрдем көрсету, сондай-ақ қатысу нысандарында жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингі субъектілерінің сақтауын мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының шет мемлекеттердің тиісті органдарымен халықаралық ынтымақтастығы мынадай:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын іске асыру;
2) қаржы мониторингі субъектілері (олардың қызметі, іскерлік беделі, басқару құрылымы, бенефициарлық меншік иелері);
3) қаржы мониторингі субъектілерінің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ішкі бақылау бағдарламалары, саясаты мен рәсімдері;
4) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері;
5) клиенттерді тиісінше тексеру нәтижелері, банктік және өзге шоттар немесе іскерлік қатынастар және операциялар (мәмілелер) туралы ақпараттар алмасу арқылы жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингі субъектілерінің сақтауын мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары сұрау салу бойынша алынған ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды тек сұрау салуда көрсетілген мақсаттарда ғана пайдалануға құқылы.
Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингі субъектілерінің сақтауын мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары шет мемлекеттің құзыретті органдарынан сұратып алынған ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды олардың алдын ала келісімінсіз, шет мемлекеттің құзыретті органдары белгілеген шарттар мен шектеулерді бұза отырып үшінші тарапқа беруге немесе пайдалануға құқылы емес.
19-4-бап. Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ ақшаны және (немесе) өзге мүлікті іздестіру, тыйым салу, тәркілеу және қайтару саласындағы халықаралық ынтымақтастығы
1. Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті іздестіру, тыйым салу, тәркілеу және қайтару мақсатында шет мемлекеттердің тиісті органдарымен ақпарат алмасуды қоса алғанда, жедел-іздестіру қызметін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді, сот талқылауын және сот актісін орындауды жүргізу кезінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының өз өкілеттіктері шеңберінде және Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген шектерде шет мемлекеттердің тиісті органдарымен халықаралық ынтымақтастығы мынадай: