Бұл ретте лицензияның нақты қолданылу кезеңі салықтық кезеңнің басынан бастап (егер мұндай лицензия салықтық кезең басталатын күнге қолданыста болса) немесе мұндай лицензия қолданыла бастаған айдың 1-күнінен бастап мұндай лицензияның қолданылуы тоқтатылған айдың 1-күніне дейін немесе салықтық кезеңнің соңына дейін (егер мұндай лицензия салықтық кезең аяқталатын күнге қолданыста болса) айқындалады.
12. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензияның қолданылуы есепті салықтық кезеңнің 1 ақпанынан кейін тоқтатылған жағдайларда, осындай лицензияның нақты қолданылу кезеңі үшін төлемақы сомасы лицензияның қолданылу мерзімі өткен тоқсаннан кейінгі тоқсанның екінші айының 25-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бюджетке енгізілуге жатады.
565-бап. Салықтық есептілік
1. Дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларды, сондай-ақ мүлiк салығы бойынша салықтық база осы Кодекстің 529-бабына сәйкес есептелетін салық салу объектілері орналасқан және (немесе) жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген жер учаскелерi бойынша дара кәсiпкерлерді қоспағанда, төлемақы төлеушілер салық органдарына:
1) жер учаскесінің орналасқан жері бойынша - уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген жер учаскесі бойынша есептелген төлемақы бойынша;
2) жер қойнауы учаскесінің орналасқан жері бойынша - жер қойнауын пайдаланушыға пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесінің төлемақысы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын ұсынады.
2. Төлемақы төлеушiлер ағымдағы төлем сомаларының есеп-қисабын есептi салықтық кезеңнiң 20 ақпанынан кешiктiрмей ұсынады.
3. Есепті салықтық кезеңнің 20 ақпанынан кейін уақытша өтеулі жер пайдалану туралы шарт жасасқан немесе пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия алған тұлғалар ағымдағы төлем сомаларының есеп-қисабын шарт жасалған немесе лицензия алынған айдан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей ұсынады.
4. Есепті салықтық кезеңнің 20 ақпанынан кейін жергілікті атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен уақытша жер пайдалану туралы шарт бұзылған немесе пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде шарт қолданылуының мерзімі аяқталған (бұзылған) күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей ағымдағы төлем сомаларының қосымша есеп-қисабы ұсынылады.
3-параграф. Жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы
566-бап. Жалпы ережелер
1. Жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi осы параграфтың мақсаттарында - төлемақы) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның рұқсат құжаты негізінде жүзеге асырылатын арнайы су пайдалану түрлерi үшiн алынады.
2. Ресімделген рұқсат құжатынсыз арнайы су пайдалану суды алудың нақты көлемдерін белгіленген лимиттерден асып кететін су пайдалану ретінде қаралады.
3. Cу қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның өңiрлiк органдары тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 25-күнінен кешiктiрмей өзінің тұрған жеріндегі салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, олардың орналасқан жері, арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттар, су пайдаланудың белгіленген лимиттері, су пайдаланудың рұқсаттары мен лимиттеріне енгізілген өзгерістер туралы, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексерулер нәтижелері, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексерулер нәтижелеріне шағым жасау бойынша сот шешімдері туралы мәлiметтерді табыс етеді.
567-бап. Төлемақы төлеушілер
1. Мынадай:
1) суды жер үсті және теңіз суларынан механикалық және өз ағысымен алу жөніндегі стационарлық, жылжымалы және жүзбелі құрылыстарды қолдана отырып;
2) гидравликалық электр станцияларын қолдана отырып;
3) балық шаруашылығын жүргізу үшін су шаруашылығы құрылыстарын қолдана отырып;
4) су көлігінің мұқтаждықтары үшін жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар (бастапқы су пайдаланушылар) төлемақы төлеушілер болып табылады.
2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.
Заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жою мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер заңды тұлға өз шешімімен заңды тұлғаның жаңадан құрылған құрылымдық бөлімшесін төлемақыны дербес төлеуші ретінде таныса, онда мұндай шешім осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
568-бап. Салық салу объектілері
1. Мыналар салық салу объектiлері болып табылады:
1) мыналарды:
бөгеттерге және басқа да тежейтін гидротехникалық және су реттейтін құрылыстарға жинақталатын су көлемін;
ағынды бассейнаралық бұруды жүзеге асыратын арналарда және ағынды реттеуді жүзеге асыратын ернеуден тыс cу қоймаларында сүзуге және булануға кететiн, су шаруашылығы жүйелерiнiң жобалық деректерi негiзiнде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкiлеттi орган растаған су шығындарын;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен табиғат қорғау және (немесе) санитариялық-эпидемиологиялық су ағызу көлемiн;
су тасқынын, су басуды және су астында қалуды болғызбау мақсатында жүзеге асырылатын, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкiлеттi орган растаған суару жүйелерiне мәжбүрлi түрде су жинау көлемiн қоспағанда, жер үстi су көзiнен алынған судың көлемi;
2) өндiрiлген электр энергиясының көлемi;
3) су көлiгiмен тасымалдау көлемi.
2. Төлемақы:
1) кеме тартқышынсыз сүректі ағызуға, рекреацияға;
2) жер қазатын техниканы қолдануға;
3) батпақты құрғатуға алынбайды.
569-бап. Төлемақы мөлшерлемелері
Төлемақы мөлшерлемелерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдары су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкiлеттi орган бекіткен төлемақы есеп-қисабының әдістемесі негізінде белгiлейдi.
Нақты су алу көлемi cу қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген су пайдалану лимиттерінен асып кеткен кезде осындай асып кету көлеміне бес есе ұлғайтылған төлемақы мөлшерлемелері қолданылады.
570-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Төлемақы сомасын төлеушiлер нақты пайдаланылған су көлемi мен белгiленген мөлшерлемелерді негiзге ала отырып есептейді.
2. Тежейтін гидротехникалық және су реттейтін құрылыстары бар су объектілерінде су көлігімен тасымалдау көлемі үшін төлемақы сомасы тасымалданған жүктердің бір тоннасы/километр үшін есептеледі.
3. Төлеушiлер (шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлерден басқа) нақты пайдаланылған су көлемi үшiн ағымдағы төлемақы сомаларын су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган белгілеген ай сайынғы су пайдалану лимиттері негізінде есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешiктiрмей бюджетке төлейді.
4. Төлемақы сомасы рұқсат құжатында көрсетілген арнайы су пайдалану жері бойынша бюджетке төленедi.
5. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер төлемақы төлеуді осы Кодекстің 706-бабында белгіленген мерзімде жүргізеді.
6. Жылу энергетика кәсіпорындары тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық мұқтаждықтар үшін жылу энергиясын өндіруге, сондай-ақ су жинау лимиті шегінде агрегаттарды салқындату (қайтарымды су тұтыну) үшін технологиялық мұқтаждықтарға жұмсалатын суға төлемақы мөлшерін тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер көрсететін ұйымдар үшін көзделген мөлшерлемелер бойынша айқындайды.
Қайтарымсыз су тұтынғаны үшін төлемақы мөлшері өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін белгіленген мөлшерлемелер бойынша айқындалады.
571-бап. Салықтық кезең
Салықтық кезең осы Кодекстің 314-бабына сәйкес айқындалады.
572-бап. Салықтық есептілік
1. Төлемақы төлеушілер арнайы су пайдалану жері бойынша салық органдарына төлемақы бойынша декларацияны тапсырады.
2. Төлемақы төлеушілер шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерді қоспағанда, тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде декларация тапсырады.
3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер төлемақы бойынша салықтық есептілікті бірыңғай жер салығы бойынша декларацияға тиісті қосымша түрінде ұсынады.
4. Декларация мемлекеттік кіріс органына тапсырылғанға дейін су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның өңірлік органында куәландырылады.
2021.02.01. № 402-VI ҚР Заңымен 4-параграфының тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-параграф. Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы
573-бап. Жалпы ережелер
2021.02.01. № 402-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы (бұдан әрі осы параграфтың мәтіні бойынша - төлемақы) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес тиісті экологиялық рұқсат пен қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация негізінде жүзеге асырылатын, ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділері (қоршаған ортаға эмиссия), күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастырғаны және қалдықтарды көмгені үшін алынады.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өзінің тұрған жеріндегі салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, берілген экологиялық рұқсаттар, қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтері, экологиялық рұқсаттарға және қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтеріне енгізілген өзгерістер туралы мәліметтер, сондай-ақ өндіріс пен тұтыну қалдықтарын уақытша сақтауына қатысты табиғат пайдаланушылар жөніндегі мәліметтерді (уақытша сақтаудың көлемдері, белгіленген мерзімдері, нақты орналастыру кезеңі) ұсынады.
2021.02.01. № 402-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық органдары өзінің тұрған жеріндегі салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және тәртіппен Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының сақталуына тексерулерді (мемлекеттік экологиялық бақылау) жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай тексерулердің нәтижелеріне шағым жасау ескеріле отырып, белгіленген қоршаған ортаға теріс әсер етудің нақты көлемдері туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген осындай тексерулердің нәтижелеріне шағым жасау мерзімдері өткен соң он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.
574-бап. Төлемақы төлеушілер
2021.02.01. № 402-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес айқындалған I, II және III санаттағы объектілердің операторлары төлемақы төлеушілер болып табылады.
2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшенің қоршаған ортаға эмиссиясының көлемі бойынша төлемақыны дербес төлеуші деп тануға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жою мұндай шешімді қабылдаған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер заңды тұлға өз шешімімен заңды тұлғаның жаңадан құрылған құрылымдық бөлімшесін төлемақыны дербес төлеуші деп таныса, онда мұндай шешім осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
2021.02.01. № 402-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асыру нәтижесінде туындайтын қоршаған ортаға теріс әсер ету бойынша шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер төлемақы төлеушілер болып табылмайды.
2021.02.01. № 402-VI ҚР Заңымен 575-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
575-бап. Салық салу объектісі
Мыналар:
1) ластаушы заттардың шығарындылары;
2) ластаушы заттардың төгінділері;
3) көмілген қалдықтар;
4) көмірсутекті барлау және (немесе) өндіру операцияларын жүргізу кезінде түзілетін, күкірт карталарында ашық түрде орналастырылған күкірт түрінде есепті кезеңде (І және ІІ санаттағы объектілер үшін - белгіленген нормативтер және лимиттер шегінде, ІІІ санаттағы объектілер үшін - декларацияланған көлем шегінде) қоршаған ортаға теріс әсер етудің (радиоактивті қалдықтар үшін - масса, белсенділік өлшем бірлігі), оның ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуына мемлекеттік экологиялық бақылауды (мемлекеттік экологиялық бақылау) жүзеге асыру нәтижелері бойынша белгіленген нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады.
576-бап. Төлемақы мөлшерлемелері
2021.02.01. № 402-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салықтық кезеңнің бірінші күніне қолданыста болатын еселенген АЕК мөлшерінде айқындалады.
2021.02.01. № 402-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-тармақтың қолданысы 2025 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 43-8-бабының редакциясында қолданылады
2. Стационарлық көздерден ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | 1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | Күкірт оксидтері (SOx) | 10 | |
| 2. | Азот оксидтері (NOx) | 10 | |
| 3. | Шаң және күл | 5 | |
| 4. | Қорғасын және оның қосылыстары | 1993 | |
| 5. | Күкіртсутек | 62 | |
| 6. | Фенолдар | 166 | |
| 7. | Көмірсутектер | 0,16 | |
| 8. | Формальдегид | 166 | |
| 9. | Көміртегі монооксиді | 0,16 | |
| 10. | Метан | 0,01 | |
| 11. | Күйе | 12 | |
| 12. | Темір тотықтары | 15 | |
| 13. | Аммиак | 12 | |
| 14. | Алты валентті хром | 399 | |
| 15. | Мыс тотықтары | 299 | |
| 16. | Бенз(а)пирен | | 498,3 |
3. Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағудан ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Көмірсутектер | 44,6 |
| 2. | Көміртегі тотықтары | 14,6 |
| 3. | Метан | 0,8 |
| 4. | Күкірт диоксиді | 200 |
| 5. | Азот диоксиді | 200 |
| 6. | Күйе | 240 |
| 7. | Күкіртсутек | 1 240 |
| 8. | Меркаптан | 199 320 |
4. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Отын түрлері | Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Этилденбеген бензин үшін | 0,33 |
| 2. | Дизель отыны үшін | 0,45 |
| 3. | Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін | 0,24 |
2021.02.01. № 402-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-тармақтың қолданысы 2025 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 43-8-бабының редакциясында қолданылады
5. Ластаушы заттардың төгінділері үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Нитриттар | 670 |
| 2. | Мырыш | 1340 |
| 3. | Мыс | 13402 |
| 4. | Оттегіне биологиялық қажеттілік | 4 |
| 5. | Тұзды аммоний | 34 |
| 6. | Мұнай өнімдері | 268 |
| 7. | Нитраттар | 1 |
| 8. | Жалпы темір | 134 |
| 9. | Сульфаттар (анион) | 0,4 |
| 10. | Өлшенген заттар | 1 |
| 11. | Синтетикалық беткі-белсенді заттар | 27 |
| 12. | Хлоридтер (анион) | 0,1 |
| 13. | Алюминий | 27 |
2021.02.01. № 402-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-тармақтың қолданысы 2025 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 43-8-бабының редакциясында қолданылады
6. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын көмгені үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Қалдықтардың түрлері | Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
| 1 тонна үшін | 1 гигабеккерель үшін (Гбк) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда көмгені үшін: | | |
| 1.1. | Осы кестенің 1.2-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілетін қалдықтар | | |
| 1.1.1. | қауіпті қалдықтар | 4,005 | |
| 1.1.2. | қауіпсіз қалдықтар | 0,53 | |
| 1.2. | Төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілмейтін қалдықтардың жекелеген түрлері: | | |
| 1.2.1. | Коммуналдық қалдықтар (қатты тұрмыстық қалдықтар, кәріздік тазарту құрылыс тарының тұнбасы) | 0,19 | |
| 1.2.2. | Тау-кен өндіру өнер кәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа): | | |
| 1.2.2.1. | аршынды жыныстар | 0,002 | |
| 1.2.2.2. | жанасқан таужыныстары | 0,013 | |
| 1.2.2.3. | байыту қалдықтары | 0,01 | |
| 1.2.2.4. | шлактар, шламдар | 0,019 | |
| 1.2.3. | Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзілетін шлактар, шламдар | 0,019 | |
| 1.2.4. | Күл мен күлшлактар | 0,33 | |
| 1.2.5. | Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы | 0,001 | |
| 1.2.6. | Радиоактивті қалдықтар: | | |
| 1.2.6.1. | трансуранды | | 0,38 |
| 1.2.6.2. | альфа-радиоактивті | | 0,19 |
| 1.2.6.3. | бета-радиоактивті | | 0,02 |
| 1.2.6.4. | шынақты радиоактивті көздер | | 0,19 |
2021.02.01. № 402-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде түзілетін күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру үшін төлемақы мөлшерлемелері бір тонна үшін 3,77 АЕК құрайды.
2021.02.01. № 402-VI ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-тармақтың қолданысы 2025 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 43-8-бабының редакциясында қолданылады
8. Жергілікті өкілді органдардың, осы баптың 3-тармағында белгіленген мөлшерлемелерді қоспағанда, осы бапта белгіленген мөлшерлемелерді екі еседен арттырмай көтеруге құқығы бар.
577-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
2021.02.01. № 402-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Төлемақы сомасын:
1) I және II санаттағы объектілердің операторлары болып табылатын төлеушілер осы Кодекстің 575-бабында көрсетілген салық салу объектілерін және осы бапта көзделген коэффициенттерді қолдана отырып, белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін негізге ала отырып есептейді;
2) ІІІ санаттағы объектілердің операторлары болып табылатын төлеушілер осы Кодекстің 575-бабында көрсетілген декларацияланған салық салу объектілерін және белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін негізге ала отырып есептейді;
3) салық органдары осы бапта көзделген коэффициенттерді қолдана отырып, белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін және осы Кодекстің 575-бабында айқындалған салық салу объектілерінің, оның ішінде мемлекеттік экологиялық немесе салықтық бақылау нәтижесінде алынған және осы Кодекстің 573-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде ұсынылған мәліметтер бойынша анықталған декларацияланбаған бөлігін негізге ала отырып есепке жазады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес төлемақы сомасы есепке жазылған жағдайда, салық органы осы Кодекстің 573-бабының 3-тармағында көзделген мәліметтерді алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тиісті хабарлама шығарады.
2021.02.01. № 402-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Қазақстан Республикасының аумағында ең үздік қолжетімді техникаларды ендіру мен қолдануды ынталандыру, қоршаған ортаға зиянды антропогендік әсер ету деңгейінің алдын алу немесе оларды төмендету мақсатында кешенді экологиялық рұқсат, оның ішінде 2021 жылғы 1 шілдеге дейін берілген қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектілер бойынша төлемақыны есептеу кезінде төлеушілер мынадай коэффициенттерді:
кешенді экологиялық рұқсат берілген күннен бастап онда белгіленген нормативтер шегінде, стационарлық көздерден және ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағудан ластаушы заттардың шығарындылары үшін осы Кодекстің 576-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген төлемақы мөлшерлемелеріне - 0 коэффициентін;
кешенді экологиялық рұқсат берілген күннен бастап онда белгіленген нормативтер шегінде ластаушы заттардың төгінділері үшін осы Кодекстің 576-бабының 5-тармағында көзделген төлемақы мөлшерлемелеріне - 0 коэффициентін;
кешенді экологиялық рұқсат берілген күннен бастап өндіріс пен тұтыну қалдықтарын түзу, пайдалану, залалсыздандыру және көму кезінде ұсынылатын есептілікке сәйкес және лимиттер шегінде қалдықтарды көмгені үшін осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағында көзделген төлемақы мөлшерлемелеріне - 0 коэффициентін;
кешенді экологиялық рұқсат берілген күннен бастап көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде лимиттер шегінде және күкіртті түзу және орналастыру кезінде ұсынылатын есептілікке сәйкес күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастырғаны үшін осы Кодекстің 576-бабының 7-тармағында көзделген төлемақы мөлшерлемелеріне - 0 коэффициентін қолданады.
2021.02.01. № 402-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-тармақтың қолданысы 2037 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, 2022 ж. 1 қаңтардан бастап 2025 ж. 1 қаңтарға дейін осы тармақ 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 43-9-бабының редакциясында қолданылады
2. Жекелеген төлеушілер кешенді экологиялық рұқсат қолданылмайтын, қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектілер бойынша төлемақы сомасын есептеген кезде төлемақының тиісті мөлшерлемелеріне мынадай:
1) коммуналдық қызметтер көрсету кезінде - табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын төлеушілер, электр энергиясын өндіру кезінде - энергия өндіруші ұйымдар болып табылатын төлеушілер:
осы Кодекстің 576-бабының 8-тармағына сәйкес жергілікті өкілді органдардың оларды көтеруін ескере отырып, осы Кодекстің 576-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,3;
осы Кодекстің 576-бабының 8-тармағына сәйкес жергілікті өкілді органдардың оларды көтеруін ескере отырып, осы Кодекстің 576-бабының 5-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,43;
осы Кодекстің 576-бабының 8-тармағына сәйкес жергілікті өкілді органдардың оларды көтеруін ескере отырып, осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағы кестесінің 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге - 0,05;
2) полигондар операторлары болып табылатын және коммуналдық қалдықтарды көмуді жүзеге асыратын төлеушілер: