9. Пайдалы қазбаларды өндiруге байланысты емес жер қойнауын геологиялық зерттеу, пайдалы қазбаларды барлау және өндiру, жер асты құрылыстарын салу мен пайдалану кезiнде жер қойнауын пайдаланушылар жер асты суларының ластануы мен сарқылуының алдын алу жөнінде шаралар қолдануға мiндеттi.
24-тарау. Шағын су объектілері және оларды қорғау ерекшеліктері
121-бап. Шағын су объектiлерi
1. Шағын су объектiлерiне көлемi мынадай табиғи су объектiлерi:
тұйық су объектiлерi бойынша - су бетiнiң алаңы он гектарға дейiнгi; өзендер бойынша - ұзындығы екi жүз километрге дейiнгi ағын сулар жатады.
2. Шағын су объектiлерiнiң су ресурстарын пайдалану, әдетте, ортақ су пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.
3. Шағын су объектiлерiнiң су ресурстарын арнайы су пайдалану тәртібімен пайдалану уәкілетті орган осындай су пайдаланудың олардың жай-күйiне салдарларын зерттегеннен кейiн және мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда мүмкiн болады.
122-бап. Шағын су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Шағын су объектiлерiнiң су қорғау аймақтары мен белдеулерi шегiнде ортақ су пайдалану режимiн және шаруашылық қызметтi жүзеге асыруды, сондай-ақ олардың ластануының, қоқыстануы мен сарқылуының алдын алу және жою жөніндегі шараларды облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, ал сел қаупi бар өңірлерде - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша белгiлейдi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Шағын су объектiлерiнiң сарқылуын, ластануын және азып-тозуын болғызбау мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес оларды қорғау және қалпына келтiру жөнiндегi iс-шаралар кешенiн жеке көздейдi.
3. Шаруашылық қызметi шағын су объектiлерiнiң жай-күйi мен режимiне әсер ететiн жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органмен келісілген шағын су объектiлерiнiң су ресурстарын қалпына келтiру және олардағы сулардың тазалығын сақтау жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыруға мiндеттi.
25-тарау. Судың зиянды әсерінің алдын алу және оларды жою
123-бап. Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың судың зиянды әсерiнiң алдын алу және оларды жою жөніндегі мiндеттерi
Мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар судың мынадай зиянды әсерлерiнiң:
су тасу, су басу, топан су басу;
жағалаудың, қорғау бөгеттерiнiң және басқа да құрылыстардың қирауы;
жерлердiң батпақтануы мен сортаңдануы;
топырақ пен су объектiлерiнiң эрозиясы, жыралардың пайда болуы, сырғымалар, сел тасқындары мен басқа да зиянды құбылыстардың алдын алу және оларды жою жөнiнде iс-шаралар жүргiзуге мiндеттi.
124-бап. Судың зиянды әсерiнiң алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды жүзеге асыру тәртібі
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Су шаруашылығы ұйымдары, су пайдаланушылар, жеке және заңды тұлғалар елді мекендерді, өнеркәсіп объектілерін, ауыл шаруашылығы жерлерін, қорғалатын аумақтарды судың зиянды әсерінен қорғау жөніндегі алдын алу іс-шаралары мен ағымдағы іс-шараларды жоспарлауға және жүргізуге міндетті. Судың зиянды әсерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі алдын алу іс-шаралары мен ағымдағы іс-шараларды қаржыландыру су пайдаланушылардың қаражаты мен бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Жеке және заңды тұлғалар судың зиянды әсерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі су шаруашылығы іс-шараларын өткізу кезінде:
1) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын салуда, пайдалануға беруде, пайдалануда, жөндеуде, реконструкциялауда, консервациялауда, пайдаланудан шығаруда және жоюда қауіпсіздік нормалары мен ережелерін сақтауға;
2) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің нашарлап кетуінің жай-күйін жүйелі түрде талдауға;
3) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарына ұдайы тексеру жүргізуге;
4) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарындағы аварияларды жоюға арналған қаржылық және материалдық резервтерді құруға;
5) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарындағы төтенше жағдайлар туралы хабарлайтын оқшау жүйелерді үнемі дайындықта ұстауға міндетті.
2. Судың зиянды әсерiнен туындаған табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
26-тарау. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде жұмыстар жүргізу тәртібі
2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен 125-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен 125-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
125-бап. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындарды және басқа да құрылыстарды орналастыру, жобалау, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру шарттары
1. Су қорғау белдеулерінің шегінде:
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.
2. Су қорғау аймақтарының шегінде:
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.
Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Су объектілерінде және (немесе) су қорғау аймақтарында (су қорғау белдеулерінен басқа) жаңа объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерін және коммуникацияларды) жобалау, салу және орналастыру, сондай-ақ олар алып жатқан жер учаскелері су қорғау аймақтарына және белдеулерге немесе өзге де ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызылғанға дейін тұрғызылған қолданыстағы объектілерді реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу) уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен, ветеринария саласындағы уәкілетті органмен, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен келісіледі.
Келiсу тәртiбi Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамасына сәйкес бекiтiлген, құрылыс саласында құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында айқындалады.
Ықтимал сел қаупі бар су объектілеріндегі нақ осындай қызмет - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен, ал су кемелері қатынайтын су жолдарында су көлігі мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.
4. Қолданылуы су объектілерінің жай-күйіне теріс әсер етуі мүмкін жаңа объектілердің құрылысын немесе қолданыстағыларын реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу) жобаларында техникалық сумен жабдықтаудың тұйық (ақпайтын) жүйесі көзделуге тиіс.
5. Су объектілерінің жай-күйіне теріс әсер етуі мүмкін қолданыстағы (салынып жатқан) объектілерді консервациялау және жою (кейіннен кәдеге жарату) уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен және өзге де мемлекеттік органдармен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
6. Cу объектілерінің аумағы арқылы көліктік немесе инженерлік коммуникациялар салу жобалары тасқын суларды өткізуді, су объектілерін пайдалану режимін, судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбауды, олардың зиянды әсерінің алдын алуды қамтамасыз ететін іс-шаралардың жүргізілуін көздеуге тиіс.
Көрсетілген жобалар уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау саласындағы уәкілетті органмен келісілуге жатады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Қазақстан Республикасының заңнамасындабелгіленген тәртіппен келісілген және салалық сараптамалардың түйіндерін қамтитын, құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынған жобалар болмаса, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен коммуникациялар салуға (реконструкциялауға, күрделі жөндеуге) тыйым салынады.
126-бап. Су объектiлерiнде және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде жұмыстар жүргiзу
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
1. Су объектiлеріндегі немесе су қорғау аймақтарындағы су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн құрылыс, түбiн тереңдету және жарылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды және басқа да ресурстарды өндiру, кабельдердi, құбырлар мен басқа да коммуникацияларды төсеу, орман ағаштарын кесу, бұрғылау және өзге де жұмыстар уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен, кеме қатынасына жатқызылған су объектiлерiнде - қосымша су көлiгi органдарымен де келісім бойынша жүргiзiледi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2. Су объектiлерiнде және олардың су қорғау аймақтарында жұмыстар жүргiзу тәртібі су объектiлерiнiң жай-күйiн, қоршаған ортаның экологиялық тұрақтылығын сақтау талаптарын ескере отырып, уәкiлеттi органмен,қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен және өзге де мүдделi мемлекеттік органдармен келісім бойынша әрбiр су объектiсi бойынша жеке-дара айқындалады.
8-Бөлім. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілеріндегі шаруашылық қызметті құқықтық реттеу ерекшеліктері
27-тарау. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілері
127-бап. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлеріндегі шаруашылық қызметтiң құқықтық режимi
Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлеріндегі шаруашылық қызметтi реттеудiң құқықтық режимiне мыналар кiредi:
1) экономика мүдделерiнiң экологиялық, мәдени және тарихи құрамдас бөлiктермен балансын сақтау негiзiнде аймақтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету;
2) табиғи су кешенiнiң су объектiлеріндегі судың деңгейiн белгiленген шектi белгiден төмен болмайтындай деңгейде сақтау;
3) өндiрiстердiң жұмыс iстеуiнiң технологиялық схемалары мен ұйымдастыру-экономикалық нысандарын тұрақты жетiлдiру негiзiнде су ресурстарын тиiмдi пайдалану;
4) су бассейнi мен су объектiсiнiң жай-күйiн жақсарту;
5) аймақтың экономикалық, ресурстық әлеуетiн және оның санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық салауаттылығын сақтауда жұртшылықтың рөлiн арттыру;
6) балық ресурстарын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесiн сақтау және ұдайы молайту;
7) рекреациялық кешендi дамыту;
8) заңдылықты және экологиялық құқық тәртібін нығайту.
128-бап. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi
Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерiн қорғаудың ерекшелiктерi мыналар болып табылады:
1) аймаққа бөлу және жеке аймақтар бойынша су және экологиялық нормативтер белгiлеу;
2) су объектiлерiне және олардың экологиялық жүйесiне антропогендiк жүктеме нормалау;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
3) аймақтың су объектiлерiн пайдалану ережелерiн белгiлеу кезiнде олардың ерекшелiктерiн облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының есепке алуы;
4) өндiрiс қалдықтарын кәдеге жарату кезiнде кешендiлiктi қамтамасыз ету;
5) су объектiсi бассейнiнiң аумағын су және жел эрозияларынан, шөлейттенуден, батпақтанудан, қайталама сортаңданудан, өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен және басқа да заттармен ластанудан қорғау;
6) бұзылған cy объектiлерiн және cy қорының жерлерiн қайта өңдеу;
7) су объектiлерiнiң арналары бойынша табиғат қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық су берудiң шаруашылық су беру алдындағы басымдығы.
129-бап. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерi аймағындағы шаруашылық қызметке қойылатын талаптар
Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерi аймағын қорғау мақсатында оларда шаруашылық қызметтiң ерекше режимi белгiленедi, ол:
1) санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық жағдайды сақтау мен жақсартуға бағытталған қызмет түрлерiнiң басымдығын;
2) су объектiлерiнiң экологиялық жүйесiне шаруашылық қызметтiң әсерiн ұдайы азайтуды;
3) тұрақты даму принциптерiнде әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешудiң және ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерiн қорғаудың баланстылығын көздейдi.
130-бап. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерi аумағында тыйым салынған қызмет түрлерi
Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерiнiң аумағында:
1) бассейннiң табиғи экологиялық жүйелерiнiң бұзылуын, қоршаған ортаның халықтың өмiрi мен денсаулығына қауiптi өзгерiсiн туғызатын шаруашылық және өзге де қызметке;
2) радиоактивтi қалдықтарды және зарарсыздандыруға немесе кәдеге жаратуға келмейтiн өнiмдi ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерi аймақтарына әкелуге, сондай-ақ онда сақтауға немесе көмуге;
3) қамыс шабуға және құрғақ өсiмдiктердi өртеуге, орман ағаштарын тамырымен жұлуға, балық уылдырық шашатын өзендердiң арналарын өңдеуге;
4) мiндеттi мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасыз аумақта шаруашылық қызметтi және жұмыстар мен қызмет көрсетулердi жүргiзуге тыйым салынады.
131-бап. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерi аймағындағы шаруашылық қызметтi реттеуге мемлекеттiң қатысуы
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді; 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiнiң экологиялық жүйесiн сақтау және қалпына келтiру мақсатында орталық және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары су объектiлерiн кешендi пайдаланудың және қорғаудың бассейндiк схемаларын жасау кезiнде аймақтың ерекшелiктерiн ескередi.
2. Мемлекеттік органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн республикалық деңгейде үйлестiру үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі Ұлттық үйлестiру кеңесiн құруы мүмкін.
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 9 бөлімнің тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
9-Бөлім. Су қорын пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды реттеудің
экономикалық тетігі
28-тарау. Су пайдалануды реттеудің экономикалық әдістері
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 132-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
132-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы экономикалық реттеудiң түрлерi
Экономикалық реттеудiң негiзгi түрлерi:
1) су пайдаланушылардан Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген төлемдер мен алымдарды алу;
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) су объектiлерiн ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру мәселелерін көздейтін Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң құжаттарын әзірлеу;
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың ресурстар сақтау, қалдығы аз технологияларды және энергияның дәстүрден тыс түрлерiн енгізуi және игеруi, су ресурстарын қорғау мен ұтымды пайдалану, сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі басқа да тиiмдi шараларды жүзеге асыруы кезiнде оларға кредиттiк және өзге де жеңiлдiктер беру;
4) қоғамдық қорлар құру және оларды су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау үшiн пайдалану болып табылады.
133-бап. Су ресурстарын пайдаланғаны үшiн ақы төлеу
1. Қазақстан Республикасында ортақ су пайдалану тегiн жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасында арнайы су пайдалану Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес ақылы негiзде жүзеге асырылады.
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 134-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
134-бап. Су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау, су бұру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтерге ақы төлеу
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Су пайдаланушыларға су беруге, сумен жабдықтауға, су бұруға, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын және басқа да су шаруашылығы iс-шараларын орындауға байланысты көрсетiлетiн қызметтер ақылы негiзде жүзеге асырылады.
2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау және су бұру бойынша көрсетілген қызметтер үшiн тарифтер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес бекітіледi.
3. Су беру жөніндегі қызметтер үшiн ақы төлеу тәртібі мен талаптары тараптардың шарттарымен айқындалады.
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 135-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
135-бап. Су шаруашылығын, сумен жабдықтауды және су бұруды мемлекеттiк қолдаудың түрлерi және су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі инвестициялық саясаттың қағидаттары
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Су шаруашылығын, сумен жабдықтауды және су бұруды мемлекеттік қолдаудың негiзгi түрлерi:
1) су шаруашылығы жүйесiнiң мемлекеттік мекемелерiн ұстау;
2) су беруге байланысты емес трансшекаралық су шаруашылығы құрылыстарын және республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану жөніндегі шығындарды қаржыландыру;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
3) ерекше авариялық қаупi бар су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелердi қалпына келтiру жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру;
4) су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелердiң жаңаларын салуға және қазiр барларын қайта құруға қаржы ресурстарын, оның iшiнде қарыз қаражаттарын тарту;
ҚР 2006.10.01 № 116-III Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердiң құнын уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша субсидиялау;
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды өтеусіз және қайтарымсыз негізде субсидиялау;
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 6) тармақша өзгертілді
6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен су шаруашылығы субъектiлерiне, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдарға жеңiлдiктi және ұзақ мерзiмдi кредиттер мен басқа да артықшылықтар беру;
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)