Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қайтадан және одан кейiн тiркеу кезінде, сондай-ақ бала асырап алу жарамсыз деп танылған жағдайда, бұрын қалыптастырылған жеке сәйкестендiру нөмiрi бар құжат берiледi.
3. Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен бизнес-сәйкестендіру нөмірі:
1) заңды тұлға (филиал, өкілдік) таратылған кезде;
2) бірлескен дара кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруды тоқтатқан кезде;
3) резидент емес заңды тұлғаның салық салу объектілеріне және салық салумен байланысты объектілерге құқығы тоқтатылған кезде;
4) резидент емес заңды тұлға резидент-банктегі ағымдағы шотын жапқан жағдайда;
5) резидент емес заңды тұлға Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметін тоқтатқан және Қазақстан Республикасынан кетіп қалған жағдайда алып тасталады.
4. Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен бизнес-сәйкестендіру нөмірін шартты түрде алып тастау жүргізілмейді.
5. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінен сәйкестендіру нөмірін алып тастау немесе шартты түрде алып тастау мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде жүргізіледі. Алып тасталған немесе шартты түрде алып тасталған сәйкестендіру нөмірлері сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің ақпараттық жүйелерінің базасында сақталуға тиіс.
11-бап. Мәліметтер құпиясы
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған, жалпыға қолжетімді болып табылатын ақпараттан басқа, мәліметтер:
1) уәкілетті органның жазбаша рұқсатының негізінде сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің ақпараттық жүйелері деректерін өзектілік жағдайда ұстау мақсатында тіркеуші органдарға;
2) заңға сәйкес қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдарға;
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) құқық бұзушылықтар үшiн жауаптылық белгiлеу туралы iстердi қарау барысында соттарға;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) кредиттік тарих дерекқорын қалыптастыру мақсатында мемлекет қатысатын кредиттік бюроға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де реттерде мәліметтерді беру жағдайларын қоспағанда, жария етуге жатпайды.
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жалпыға қолжетімді ақпаратты қоспағанда, жеке немесе заңды тұлғаға қатысты ақпарат жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша келісімінсіз басқа тұлғаға берілуі мүмкін емес.
3. Жеке және заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің мемлекеттік дерекқорының құжаттарын немесе өзге де ақпарат жеткізгіштерді жоғалтуға, сол сияқты қызметтік іс-әрекетіне байланысты аталған ақпаратқа қол жеткізе алатын адамдардың оларды заңсыз өзгертуіне жол берілмейді.
12-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
13-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібi
2010.15.07. № 327-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Осы Заң, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 3-бабы 4-тармағының 4) және 5) тармақшаларын, 9-бабы 5-тармағының екінші бөлігін қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай өткен соң жеке және заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер), сондай-ақ дара кәсіпкерлер сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен қайта ресімдеу үшін тіркеуші органдарға өтініш беруге міндетті.
2010.15.07. № 327-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Туу туралы куәлікті қоспағанда, осы Заңның 9-бабының 3 және 4-тармақтарында көрсетілген құжаттарда қалыптастырылған сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап олар жарамсыз деп танылады.
2013 жылғы 1 қаңтарға дейін Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы сыныптауышының сәйкестендіру коды, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке коды пайдаланылады.
4. 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Қайта ресімдеу кезінде осы Заңның 9-бабының 3 және 4-тармақтарында көрсетілген сәйкестендіру нөмірі бар құжаттарды беру бұрын берілген құжаттарды тіркеуші органға тапсырған жағдайда, бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының
Астана, Ақорда, 2007 жылғы қаңтардың 12-сі.
№ 223-III ҚРЗ