2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар өз құзыретi шегiнде өзiнiң не өзге мемлекеттік органдардың бастамасы бойынша азаматтардың жеке басын сипаттайтын және шешiмдер қабылдау үшiн қажеттi:
- iшкi iстер, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі, ұлттық қауiпсiздiк, әскери барлау, қаржы полициясы, кеден органдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметiне жұмысқа және қызметке қабылдау туралы;
жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарға жұмысқа немесе қызметке қабылдау туралы;
- жеке және заңды тұлғалардың стратегиялық және күзетілетін объектілерді күзету және оларға қызмет көрсету жөніндегі, сондай-ақ күзетілетін адамдардың төңірегіндегі жұмыстарды істеуіне рұқсат беру туралы. Стратегиялық және күзетілетін объектілердің, сондай-ақ күзетілетін адамдардың тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады;
- мемлекеттік құпия болып табылатын мағлұматтарға немесе тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн апат немесе экологиялық қаупi аса жоғары объектiлер мен ғимараттарды пайдалануға байланысты жұмыстарға рұқсат беру туралы;
- жедел-iздестiру қызметiне қатысуға рұқсат беру немесе оны жүзеге асыру нәтижесiнде алынған материалдарды пайдалануға рұқсат беру туралы;
- күзет қызметімен айналысуға лицензиялар берiлгенi туралы деректер жинауға құқылы.
3. Көрсетiлген негiздер түпкiлiктi болып табылады және тек заңмен ғана толықтырылуы немесе өзгертiлуi мүмкiн.
19.02.02 ж. № 295-II; 09.08.02 ж. № 346-II; 2005.08.07 № 67-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 11-бап өзгертілді; 2009.17.07 № 187-IV ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.07.12 № 221-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-бап. Жедел-іздестіру іс-шаралары
1. Жедел-іздестіру іс-шаралары жалпы және арнаулы болып бөлінеді.
2. Жалпы жедел-іздестіру іс-шаралары мыналар болып табылады:
1) адамдарға сауал қою;
2) азаматтармен жария және жасырын қатынастар орнату, оларды жедел-іздестіру қызметіне пайдалану;
3) енгізу;
4) қылмыстық іс-әрекетті имитациялайтын мінез-құлық таныту;
5) астыртын кәсіпорындар мен ұйымдар құру;
6) бақыланатын өнім беру;
7) заңмен қорғалатын жеке өмірге, тұрғын үйге қол сұғылмауын, өзінің және отбасының құпиясын, сондай-ақ жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа да жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығын қозғамайтын мәліметтер алу үшін техникалық құралдарды қолдану;
8) анықтамалар алу;
9) үлгілерді алу;
10) жедел сатып алу;
11) іздеу-қызмет иттерін пайдалану;
12) жеке адамды белгілері бойынша іздеу және ұқсастыру;
13) ақпаратты заңсыз алып тастау қондырғыларын іздеу;
14) құқыққа қарсы әрекеттер іздерін табу, жасырын орнықтыру және алып қою, оларды алдын ала зерттеу;
15) қылмысты әзірлеуші, жасаушы немесе жасаған адамның ізіне түсу және оны ұстау;
16) ұстап алынған адамдардың жеке басын жете тексеруді, оларда болатын қылмыстық әрекетке қатысты болуы мүмкін заттар мен құжаттарды алып қоюды, сондай-ақ, тұрғын үй-жайларды, жұмыс орындары мен өзге де орындарды жете тексеруді, көлік құралдарын жете тексеруді куәгерлердің қатысуымен жүзеге асыру.
Терроризмге қарсы операцияны жүзеге асыру барысында жеке басты жете тексеру және жеке тұлғаның жанындағы заттарды жете тексеру, көлік құралдарын, оның ішінде техникалық құралдарды қолдана отырып жете тексеру куәгерлердің қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін;
17) қарулы қылмыскерлерді қолға түсіру жөніндегі операцияларды жүргізу;
18) байқау.
Осы тармақта көзделген жалпы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру және оларды жүргізу тактикасы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісу бойынша, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың бірінші басшыларының нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
3. Арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары мыналар болып табылады:
1) почта-телеграф жөнелтілімдерін бақылау;
2) байланыс желілеріндегі жедел іздеу;
3) бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздерді жасырын тыңдау және жазып алу, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргізілетін сөйлесулерді тыңдау және жазып алу, сондай-ақ телефон арқылы жүргізілген сөйлесулер туралы мәліметтер алу;
4) байланыстың техникалық арналарынан, компьютер жүйелерінен және өзге де техникалық құралдардан ақпаратты алып тастау;
5) жедел кіру.
Осы тармақта көзделген арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру және оларды жүргізу тактикасы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісу бойынша жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың бірінші басшыларының нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
4. Осы баптың 2-тармағының 1), 2), 5), 7), 8), 9), 11), 12), 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшаларында тізбеленген жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасының ережелеріне сәйкес іздестіру шаралары ретінде жүзеге асырылуы мүмкін.
ҚР Президентінің 25.12.95 ж. № 2725 Жарлығымен; ҚР 15.07.96 ж. № 31-1; 16.03.01 ж. № 163-II; 16.07.01 ж. № 244-II; 19.02.02 ж. № 295-II; 10.07.02 ж. № 338-II; 09.08.02 ж. № 346-II;; 09.07.04 ж. № 592-II; 2004.29.12 № 25-III; 2005.08.07 № 67-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 12-бап өзгертілді және толықтырылды; 2009.17.07 № 187-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.07.12 № 221-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.27.05 № 279-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.29.11. № 502-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.08.01. № 63-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.04. № 185-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.03.11. № 244-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12-бап өзгертілді
12-бап. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу шарттары
1. Адамдардың азаматтығы, жынысы, ұлты, тұрғылықты жерi, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайы, қандай қоғамдық бiрлестiктерге жататындығы, дiнге қатынасы мен саяси сенiмi, егер заңмен өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының аумағында оларға қатысты жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге кедергi бола алмайды.
2. Жалпы және арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы барлық органдар өздеріне жүктелген міндеттерге сәйкес жүргізеді.
Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жедел-іздестіру іс-шараларын қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органымен немесе оның аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасаса отырып жүргізуге құқылы.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жедел қамтамасыз ету объектілеріндегі және күзет іс-шараларын жүргізу аймағындағы жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісу бойынша жүзеге асырылады.
3. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге құқығы бар қызметтердiң, бөлiмшелердiң және қызметкерлер санаттарының тiзбесiн жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi органдардың басшылары белгiлейдi.
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
4. Арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары:
1) егер тексерілетін адам үшінші тұлғаның телефонын немесе өзге де сөйлесу құрылғысын пайдаланады деген мәліметтер болса немесе үшінші тұлға телефонды және басқа да сөйлесу құрылғыларын пайдаланып, тексерілетін адам үшін не тексерілетін адамнан басқа адамдарға беру үшін ақпаратты алады деген мәліметтер болса, тексерілетін адамға не үшінші тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 232-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу және ақпараттың мазмұнын материалдық жеткізгіште тіркеу мақсатында;
2) тергеуден, анықтаудан, соттан жасырынып жүрген және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 232-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан жалтарып жүрген, сондай-ақ хабарсыз кеткен адамдарды іздестіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру үшін прокурордың санкциясымен ғана жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 232-бабының төртінші бөлігінде көзделген қылмыстарды, сондай-ақ қылмыстық топ дайындайтын және жасайтын қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу мақсатында тексерілетін адамдарға қатысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары прокурордың санкциясымен жүргізіледі.
Осындай іс-шараларды жүргізуге санкцияны жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның бірінші орынбасары не орынбасарлары, Бас әскери прокурор, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар береді.
Осы Заңның 6-бабында тізбеленген барлық органдардың міндеттерді шешуі мүддесінде байланыс желісін пайдалануға байланысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын техникалық жағынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары жүзеге асырады, бұл үшін оларға қажетті күштер мен қаражаттар бөлінеді.
Байланыс желісін пайдалануға байланысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру және оларды жүргізу тактикасы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісу бойынша жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың бірінші басшыларының бірлескен нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.
Барлау ақпаратын алу, Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін және күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Қазақстан Республикасының аумағында байланыс қызметтері мен құралдарын беретін жеке және заңды тұлғалардың стационарлық аппаратурасы мен байланыс желілеріне қосылуды болғызбайтын телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыруға құқылы.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерiнің, шетелдік ұйымдардың және жекелеген адамдардың барлау-бүлдіру мақсатындағы қолсұғушылықтарын анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі қарсы барлау шараларын қамтамасыз ету мақсатында барлау және қарсы барлау ақпаратын алу үшін ғана, сондай-ақ күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ақпарат алу үшін арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келiсiлген тәртiппен жүзеге асырылуы мүмкiн.
6. Жекелеген адамдардың өмiрiне, денсаулығына, меншiгiне қауiп төнген жағдайда олардың өтiнiшi немесе жазбаша келісімi бойынша жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi орган басшысы бекiткен қаулы негiзiнде, 24 сағаттың iшiнде мiндеттi түрде прокурорды хабардар ете отырып, қаулы шығарылған кезден бастап олардың олардың телефондары немесе басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргізілетін сөйлесулердi тыңдауға және жазып алуға рұқсат етiледi.
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Кейінге қалдыруға болмайтын және ауыр және аса ауыр қылмыстардың, сондай-ақ қылмыстық топ дайындайтын және жасайтын қылмыстардың жасалуына әкеп соғуы мүмкін жағдайларда, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын тиісті орган басшыларының біреуінің уәжді қаулысы негізінде, прокурорды хабардар ете отырып және кейіннен, қаулы шығарылған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде санкция ала отырып, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге жол беріледі.
Белгіленген мерзімде прокурордың санкциясы алынбаған кезде арнаулы жедел-іздестіру іс-шарасы дереу тоқтатылуға жатады.
Судьяға қатысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары прокурордың санкциясымен ғана жүргізілуі мүмкін.
8. Арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге санкция алу кезінде прокурорға құпия көмекшілер мен штаттағы жасырын қызметкерлердің жеке басы туралы мәліметтердің құпиясын ашуға мүмкіндік бермейтін нысанда және мазмұнда оларды жүргізу үшін негіздеме материалдар табыс етіледі.
Арнаулы жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесі туралы оны жүргізуге санкция берген прокурор хабардар етіледі.
9. Жасырын жедел-iздестiру шараларын ұйымдастыру және оларды жүргiзу тактикасы «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн Құпияландыруға жататын мағлұматтар тiзбесiне сәйкес қызметтiк, әскери және мемлекеттік құпияны құрауы мүмкiн.
2009.17.07 № 187-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.07.12 № 221-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді
13-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға жәрдемдесу
1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, ұйымдарының, әскер бөлiмшелерiнiң, құрамаларының және қоғамдық бiрлестiктерiнiң лауазымды адамдары мен басқа қызметкерлерi осы Заңның 2-бабында көзделген мiндеттердi шешуде жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға жәрдемдесуге міндетті және олардың көрсетілген органдарға өз құзыреті шегінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруына кедергі жасауға құқығы жоқ.
2. Жекелеген азаматтар өз қалауы бойынша жедел-iздестiру қызметiн жүргiзу органдарымен қызмет жасау құпиялылығын сақтай отырып, өз келісімiмен жедел-iздестiру шараларын әзiрлеуге және жүргiзуге (соның iшiнде келісім-шарт бойынша) тартылуы мүмкiн. Бұл адамдар жедел-iздестiру шараларын әзiрлеу немесе жүргiзу барысында өздерiне мәлiм болған мағлұматтарды құпия ұстауға және аталған органдарға көрiнеу жалған хабарлама бермеуге мiндеттi. Осындай мағлұматтарды жария еткенi және көрнеу жалған хабарлама бергенi үшiн олар Қазақстан Республикасының заңымен белгiленген жауапқа тартылады.
3. Жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi органдар кәмелетке толған әрекет қабiлетi бар адамдармен олардың азаматтығына, ұлтына, жынысына, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, білімiне, қандай қоғамдық бiрлестiктерге жататынына, саяси және дiни сенiмiне қарамастан ынтымақтасу туралы келісім-шарт жасай алады. Келісім-шарттың түрi, оның қолданылу шарты мен мерзiмi ведомстволық қалыптық құжаттармен белгiленедi.
2009.17.07 № 187-IV ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.07.12 № 221-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара; 2010.27.05 № 279-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-бап өзгертілді
14-бап. Жедел-іздестіру қызметінің материалдарын пайдалану
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жедел-іздестіру қызметі процесінде алынған материалдар тергеу әрекеттерін әзірлеу мен жүзеге асыру және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасының дәлелдемелерді жинауды, зерттеуді және бағалауды регламенттейтін ережелеріне сәйкес тексерілген жағдайда қылмыстық істер бойынша дәлелдеу процесінде пайдаланылуы мүмкін.
Жедел-іздестіру қызметінің материалдары барлау және қарсы барлау қызметі барысында алынған, оларды пайдалану тәртібі ведомстволық нормативтік актілерде белгіленген нәтижелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексерілгеннен кейін осы Заңның 2-бабында көзделген басқа да міндеттерді орындау кезінде пайдаланылуы мүмкін.
2. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде алынған материалдар оларға Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген сипат берілгенге дейін не оларды қылмыстық процеске енгізуге мүмкіндік болмағанда жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін шектеуге негіз болып табылмайды.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жедел-іздестіру қызметін ұйымдастыру туралы, нақты жедел-іздестіру іс-шаралары туралы, мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат көздері және оларды алу тәсілдері туралы мәліметтер, сондай-ақ адам мен азаматтың жеке өміріне, ар-ожданы мен қадір-қасиетіне қатысты мәліметтер жария етуге жатпайды.
4. Кәсіби міндеттерін орындау нәтижесінде жедел-іздестіру қызметі туралы өзіне белгілі болған мәліметтерді жария еткен адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жауапты болады.
2009.17.07 № 187-IV ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды
14-1-бап. Жедел-іздестіру қызметін ақпараттық қамтамасыз ету әне құжаттау
1. Осы Заңда көзделген міндеттерді шешу үшін жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар жедел есепке алулар мен ақпараттық жүйелерді құруы және пайдалануы, сондай-ақ жедел есепке алу істерін ашуы мүмкін.
2. Жедел есепке алулар мен ақпараттық жүйелерде мәліметтер жинақтау, сондай-ақ жедел есепке алу істерін ашу осы Заңның 10-бабының 1-тармағында көзделген негіздер болған кезде, мәліметтерді жинау мен жүйеге келтіру, жедел-іздестіру қызметінің нәтижелерін тексеру және бағалау, сондай-ақ солардың негізінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың тиісті шешімдер қабылдауы мақсатында жүзеге асырылады.
3. Жедел есепке алулар мен ақпараттық жүйелерді қалыптастырудың және пайдаланудың, сондай-ақ жедел есепке алуларды жүргізудің тәртібі жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
2009.07.12 № 221-IV ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
15-бап. Жедел-iздестiру қызметіндегі шектеулер
Жедел-iздестiру қызметiн жүргiзу кезiнде:
- аса қажет және қорғаныс қажет болған жағдайда басқа реттерде азаматтардың өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне нақты қатер төндiретiн iс-әрекеттер жасауға;
- қандай да бiр саяси партияның, сондай-ақ қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң мүддесi үшiн әрекет етуге;
- азаматтарды құқық бұзушылыққа итермелеуге және арандатуға;
- азаматтар мен лауазымды адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн шектейтiн зорлық-зомбылық жасауға, қатер төндiруге, бопсалауға және өзге де заңсыз әрекеттер жасауға;
- жедел-iздестiру материалдарын бұрмалауға, сол сияқты көрiнеу күмәндi не жалған мағлұматтарды пайдалануға;
адамның және азаматтың жеке өміріне қол сұғылмауын, өзінің және отбасының құпиясын, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу процесінде белгілі болған мәліметтерді, заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтардың келісімінсіз жариялауға тыйым салынады.
2009.17.07 № 187-IV ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
16-бап. Жедел-iздестiру шараларын тоқтату негiздерi
Жедел-iздестiру шаралары:
- жедел-iздестiру қызметiн жүргiзу арқылы шешу көзделген мiндеттер орындалған ретте;
- алға қойылған мiндеттердiң шешiлуi объективтi түрде мүмкiн еместiгiн растайтын жағдайлар анықталған ретте;
- тексерiлетiн адамды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша жауапқа тартуға болмайтын жағдайлар анықталған кезде;
жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру кезінде заңның, адам мен азаматтың құқықтары бұзылуы анықталған жағдайда жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы жоғары тұрған органның, прокурордың қаулысы не соттың шешімі бойынша тоқтатылады.
Жедел-iздестiру шаралары жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қалыптық құжаттарында көзделген мерзiмде Қазақстан Республикасы Бас прокурорының келісімiмен жүзеге асырылады, тоқтатыла тұрады, тоқтатылады.
4 бөлiм. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың өзара iс-қимылы
17-бап. Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарының өзара iс-қимылы
Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдары:
- өздерiнiң алдарында тұрған мiндеттердi дербес, бiр-бiрiмен өзара iс-қимыл жасап, мемлекеттік, қоғамдық және өзге ұйымдардың мүмкiндiгiн, сондай-ақ азаматтардың жәрдемiн пайдалана отырып шешедi;
- осы органдардың құзыретiне қатысты қылмыстық әрекеттердiң мәлiм болған деректерi туралы бiрiн-бiрi хабардар етiп отыруды қамтамасыз етедi және өзара қажеттi көмектi көрсетедi.
18-бап. Басқа мемлекеттердiң органдарымен өзара iс-қимыл
1. Басқа мемлекеттердiң жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға құқық берiлген органдары Қазақстан Республикасы аумағында өзара iс-қимылды және жедел-iздестiру шараларын осы заңда және тиiстi шарттар мен келісімдерде белгiленген тәртiп пен шекте жүргiзедi.
2. Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдары басқа мемлекеттердiң аумақтарында өзара iс-қимылды және жедел-iздестiру шараларын осы Заңда, сондай-ақ тиiстi шарттар мен келісімдер негiзiнде сол мемлекеттердiң заңдарымен белгiленген тәртiп пен шекте жүргiзедi.
19-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен өзара iс-қимылы
Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен өзара iс-қимылы құқықтық көмек туралы шарттарға (келісімдерге) сәйкес және осы Заңда белгiленген қалыптар шегiнде жүзеге асырылады.
5 бөлiм. Жедел-iздестiру қызметiн қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
15.07.96 ж. № 31-1; 22.12.98 ж. № 327-I; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 20-бап өзгертілді
20-бап. Жедел-iздестiру қызметiн қаржылай қамтамасыз ету
Жедел-iздестiру қызметiн қаржыландыру жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарды ұстауға ұлттық валюта түрiнде де, шетел валютасы түрiнде де бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
ҚР 15.07.96 ж. № 31-1; 22.12.98 ж. № 327-I Заңдарымен 20-бап өзгертілді; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 21-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
21-бап. Жедел-iздестiру қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Жедел-iздестiру қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
6 бөлiм. Жедел-iздестiру қызметiнiң субъектiлерiн әлеуметтiк және құқықтық қорғау
2009.07.12 № 221-IV ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
22-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар қызметкерлерiн әлеуметтiк және құқықтық қорғау
1. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде өкiмет өкiлдерi болып саналады және мемлекет қорғауында болады. Оларға өздерi штатына кiретiн министрлiктер мен ведомстволар қызметкерлерiнiң құқықтық және әлеуметтiк қорғау кепiлдiктерi қолданылады. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар қызметкерлерiнiң жұмыс ерекшелiктерi ескерiле отырып оларға қосымша жеңiлдiктер берiлуi мүмкiн.
2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қызметкерлерi өздерiнiң қызмет бабында заң талаптарын басшылыққа алады әрi саяси партиялардың және саяси мақсаттарды көздейтiн бұқаралық қоғамдық қозғалыстардың шешiмдерiне байланысты болмайды.
3. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы қызметкерлер мен органдардың заңды iс-қимылына заңмен тiкелей уәкiлдiк берiлген адамнан басқа ешкiмнiң араласуына құқығы жоқ. Заңнамаға қайшы келетiн бұйрық немесе нұсқау алған кезде олар заңды басшылыққа алуға мiндеттi.
4. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың басшылары өз қызметкерлерiнiң, олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының жеке басының қауiпсiздiгiн, мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
5. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қызметкерлерiне қызмет мiндеттерiн лайықты орындау мақсатында арнаулы кәсiби даярлықтан өтуiне, біліктiлiгiн көтеруге және медициналық қызмет көрсетiлуi үшiн қажеттi жағдайлар жасалады.
ҚР 15.07.96 ж. № 31-1 Заңымен; 2009.07.04 № 149-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07 № 187-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.07.12 № 221-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 23-бап өзгертілді
23-бап. Құпия көмекшілерді әлеуметтік және құқықтық қорғау
1. Құпия көмекшілер мемлекет қорғауында болады.
2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға жәрдемдесуге келісім бiлдiрген азаматтарға мемлекет осы Заңға, Қазақстан Республикасының басқа заңдарына және қалыптық құжаттарына сәйкес олардың құқықтарын қамтамасыз етуге және мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк бередi.
3. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдарға жәрдемдесуiне байланысты азаматтардың өмiрiне, сондай-ақ олардың отбасы мен жақын туыстарының денсаулығына немесе мүлкiне, заңға қайшы қол сұғушылықтың анық қаупi төнген кезде, бұл органдар құқыққа қарсы әрекеттi болдырмау, айыптыларды анықтап, оларды жауапқа тарту, сондай-ақ қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оларды қорғау жөнiнде арнаулы жұмыстар жүргiзу үшiн барлық қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi.