5. Өндiрiстiк кооператив мүшесiнiң жарнасынан оның жеке борышын өндiрiп алуға оның мұндай борышты заң құжаттары мен кооперативтiң құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп бойынша жабу үшiн басқа мүлкi жетпеген жағдайда ғана жол берiледi.
101-бап. Өндiрiстiк кооперативтi қайта құру және тарату
1. Өндiрiстiк кооператив өз мүшелерiнiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша ерiктi түрде қайта құрылуы және таратылуы мүмкiн.
Өндiрiстiк кооперативтi қайта құрудың және таратудың өзге негiздерi мен тәртібі осы Кодексте және басқа заң құжаттарында белгiленедi.
2. Өндiрiстiк кооператив өз мүшелерiнiң бiрауызды шешiмi бойынша шаруашылық серiктестiгi болып қайта құрылуы мүмкiн.
VI. Мемлекеттік кәсiпорын
ҚР 02.03.98 ж. № 211-1 Заңымен; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 102-бап өзгертiлдi
102-бап. Мемлекеттік кәсiпорын туралы негiзгi ережелер
1. Мемлекеттік кәсiпорындарға:
1) шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген;
2) оралымды басқару құқығына негiзделген (қазыналық кәсiпорын) кәсiпорындар жатады.
2. Мемлекеттік кәсiпорынның мүлкi бөлiнбейдi және оны салымдар (үлестер, жарналар) бойынша, соның iшiнде кәсiпорын қызметкерлерiнiң арасында бөлуге болмайды.
3. Мемлекеттік кәсiпорындардың фирмалық атауында оның мүлкiн меншiктенушi көрсетiлуге тиiс.
4. Мемлекеттік кәсiпорын уәкiлеттi мемлекеттік органның шешiмi бойынша құрылады, таратылады және қайта ұйымдастырылады.
5. Мемлекеттік кәсiпорынның органы уәкiлетті мемлекеттік орган тағайындайтын және оған есеп беретiн басшы болып табылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде көзделген жағдайларда мемлекеттік кәсіпорын басшысынан басқа өзге де орган мемлекеттік кәсiпорынның органы ретінде әрекет ете алады.
5-1. Мемлекеттік кәсіпорын банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған және заңда белгіленген тәртіппен уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда, оны басқару бойынша барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.
6. Алынып тасталды
7. Мемлекеттік кәсiпорынның құқылық ережесi осы Кодексте және өзге заң құжаттарында белгiленедi.
ҚР 02.03.98 ж. № 211-1 Заңымен 103-бап өзгертiлдi
103-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорын
1. Құрылтайшы бекiтетiн шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорынның жарғысы оның құрылтай құжаты болып табылады.
2. Шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорын өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен жауап бередi.
Шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорын мемлекеттiң мiндеттемелерi бойынша жауапты болмайды.
Осы Кодексте және өзге де заң актілерінде көзделген реттердi қоспағанда, мемлекет шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорынның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
ҚР 16.12.98 ж. № 320 Заңымен; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 104-бап өзгертілді
104-бап. Қазыналық кәсiпорын
1. Жедел басқару құқығымен мемлекет мүлкiне ие болған кәсiпорын қазыналық кәсiпорын деп танылады.
2. Қазыналық кәсiпорын Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша құрылады.
3. Құрылтайшы бекiткен қазыналық кәсiпорынның жарғысы оның құрылтай құжаты болып табылады.
4. Жедел басқару құқығына негiзделген кәсiпорынның фирмалық атауында кәсiпорынның қазыналық болып табылатындығы көрсетiлуге тиiс.
5. Қазыналық кәсiпорынның шаруашылық қызметi жарғыда көрсетiлген оның мақсаттарымен және мiндеттерiмен белгiленедi.
6. Қазақстан Республикасы немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс қазыналық кәсiпорынның мiндеттемелерi бойынша жәрдем беру жауаптылығын өз мойнына алады. Шарттық мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде белгiленген тәртiппен туындайды.
VII. Коммерциялық емес ұйымдар
16.12.98 ж. № 320-1 ҚР Заңымен ; 21.05.02 ж. № 323-II ҚР Заңымен; 20.05.03 ж. № 417-II ҚР Заңымен ;10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 05.11.04 ж. № 552-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.04.12 № 97-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 105-бап өзгертілді; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 105-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
105-бап. Мекеме
1. Басқарушылық, әлеуметтiк-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы функцияларды жүзеге асыру үшiн өзінің құрылтайшысы құрған және қаржыландыратын ұйым, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, мекеме деп танылады.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне немесе Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес мемлекет құратын және егер қосымша қаржыландыру көздерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленбесе, тек қана бюджет немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің бюджетi (шығыстар сметасы) есебiнен ұсталатын мекеме мемлекеттік мекеме деп танылады.
3. Мемлекеттік мекеменiң шарттық мiндеттемелердi қабылдауы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мекемелердің құқықтық жағдайы осы Кодексте, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде айқындалады.
ҚР Президентінің 05.10.95 ж. № 2489 заң күші бар Жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 02.03.98 ж. № 211-1 Заңдарымен 106-бап өзгертiлді; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 106-бап өзгертілді
106-бап. Қоғамдық бiрлестiктер
1. Қазақстан Республикасында қоғамдық бiрлестiктер болып, егер заңдармен өзгеше көзделмесе, саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы келмейтiн, өздерiнiң ортақ мақсаттарына жету үшiн ерiктi негiзде құрған басқа да бiрлестiктерi танылады.
Қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың қоғамдық бiрлестiктерді құру және оларға қатысу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленеді.
Қоғамдық бiрлестiктерге қатысушылардың (мүшелерiнiң) осы бiрлестiктерге өздерi берген мүлiкке, соның iшiнде мүшелiк жарналарға құқықтары жоқ. Олар өздерi мүшелерi ретiнде қатысатын қоғамдық бiрлестiктердiң мiндеттерi бойынша жауап бермейдi, ал аталған бiрлестiктер өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
2-6-тармақтар алынып тасталды
7. Съездiң (конференцияның) немесе жалпы жиналыстың шешiмi бойынша таратылған қоғамдық бiрлестiктiң мүлкi оның жарғысымен көзделген мақсаттарға жұмсалады.
Сот шешiмi бойынша таратылған қоғамдық бiрлестiктiң мүлкi осы Кодекске немесе өзге заң құжаттарына сәйкес пайдаланылады.
8. Қоғамдық бiрлестiктiң құқықтық ережесi, осы Кодекске, заң құжаттарына сәйкес белгiленедi.
ҚР Президентінің 05.10.95 ж. № 2489 заң күші бар Жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-I Заңдарымен 107-бапқа өзгерістер енгiзiлдi; 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 107-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
107-бап. Қор
1. Азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерiктi мүлiктiк жарналар негiзiнде құрған, әлеуметтiк, қайырымдылық, мәдени, бiлiм беру және өзге де қоғамға пайдалы мақсаттарды көздейтiн, мүшелiгi болмайтын коммерциялық емес ұйым қор деп танылады.
2. Қор заңды тұлға болып табылады, азаматтық айналымда қордың органдары өкілдік етеді, оның дербес балансы және банк шоты болады.
3. Қорға оның құрылтайшылары берген мүлiк қордың меншiгi болып табылады.
Қор құрылтайшыларының қордың мүлкiне мүлiктiк құқықтары болмайды.
2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Құрылтайшылардың ақшасы, сондай-ақ басқа да мүлкi, ерiктi түрде жиналған қайырмалдықтар және өзге де заңды түсiмдер қордың қаржы көзi болып табылады.
5. Қорды басқару тәртiбi және оның органдарын құру тәртiбi оның құрылтайшылар бекiтетiн жарғысында айқындалады.
Қордың жарғысында осы Кодекстiң 41-бабының 5-тармағында қамтылатын мәлiметтерден басқа, қордың органдары туралы, қордың лауазымды адамдарын тағайындау және оларды босату тәртiбi, қор таратылған жағдайда оның мүлкiнiң тағдыры туралы нұсқаулар қамтылуға тиiс.
6. Қор өз мүлкiнiң пайдаланылуы туралы есептерiн ресми баспасөз басылымдарында жыл сайын жариялап отыруға мiндеттi.
7. Қор сот шешiмi бойынша мынадай жағдайларда:
1) егер қордың мақсаттарын жүзеге асыру үшiн оның мүлкi жеткiлiксiз болса және оның қажеттi мүлiктi алу ықтималдығы нақты болмаса;
2) егер қордың мақсаттарына қол жеткізу мүмкiн болмаса, ал қор мақсаттарына қажеттi өзгерiстер жасау мүмкiн болмаса;
3) қор өз қызметiнде жарғыда көзделген мақсаттардан жалтарған жағдайда;
4) заңнамалық актілерде немесе құрылтай құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін.
8. Қор таратылғаннан кейiн қалған мүлiк оның жарғысында көзделген мақсаттарға жұмсалады.
ҚР 02.03.98 ж. № 211-1 Заңымен 108-бап өзгертілді
108-бап. Тұтыну кооперативi
1. Қатысушылардың материалдық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру үшiн өз мүшелерiнiң мүлiктiк (үлестiк) жарналарын бiрiктiру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың ерiктi бiрлестiгi тұтыну кооперативi деп танылады.
Заң актілерінде көзделген жағдайларда тұтыну кооперативiне заңды тұлғалар кiре алады.
2. Тұтыну кооперативiнiң мүшелерi жыл сайынғы баланс бекітілгеннен кейiн пайда болған залалдарды қосымша жарналар төлеу арқылы үш ай iшiнде жабуға мiндеттi. Бұл мiндеттердi орындамаған ретте кооператив несие берушiлердiң талабы бойынша сот тәртібімен таратылуы мүмкiн.
Тұтыну кооперативiнiң мүшелерi оның мiндеттемелерi бойынша кооператив мүшелерiнiң қосымша төлемеген бөлiгi шегiнде жәрдем беру жөнiнен ортақ жауапты болады.
3. Тұтыну кооперативiнiң жарғысында, осы Кодекстiң 41-бабының 5-тармағында көрсетiлген мәлiметтерден басқа, кооператив мүшелерi жарналарының мөлшерi туралы; кооператив мүшелерiнiң құрамы мен жарна төлеу тәртібі және олардың жарна төлеу жөніндегі мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы; кооперативтi басқару органдарының құрамы мен құзыретi және олардың шешiмдер қабылдау, соның iшiнде шешiмi бiрауыздан немесе біліктi көпшiлiк дауыспен қабылданатын мәселелер жөнiнде шешiмдер қабылдау тәртібі туралы; кооператив мүшелерiнiң өздерi шеккен залалдарды жабу тәртібі туралы ережелер болуға тиiс.
4. Тұтыну кооперативiнiң тапқан табыстарын оның мүшелерi арасында бөлуге болмайды, олар жарғылық мақсаттарға берiледi.
5. Тұтыну кооперативi таратылған немесе кооператив мүшесi одан шыққан жағдайда ол тұтыну кооперативiнiң мүлкiнен өз үлесiн өз жарнасына қарай бөлiп алуға құқылы.
Тұтыну кооперативiнiң мүшесi қайтыс болған жағдайда, егер кооператив жарғысында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлерiнiң кооператив мүшелiгiне қабылдануға бiрiншi кезекте құқығы болады. Соңғы жағдайда кооператив мұрагерлерге тұтыну кооперативiнiң мүлкiнен оның қосқан жарнасына қарай үлесiн төлейдi.
6. Тұтыну кооперативiнiң құқықтық жағдайы, сондай-ақ оның мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi осы Кодекске сәйкес заң құжаттарында белгiленедi.
7. 2015.29.10. № 373-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР 2006.05.07. № 164-III Заңымен 8-тармақпен толықтырылды
8. Өзара сақтандыру қоғамдары - тұтыну кооперативтері қызметінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалады.
ҚР Президентінің 05.10.95 ж. № 2489 заң күші бар Жарлығымен; ҚР 02.03.98 ж. № 211-1 Заңымен 109-бапқа өзгерістер енгiзiлдi
109-бап. Дiни бiрлестiк
1. Рухани қажеттерiн қанағаттандыру үшiн өз мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде, заң құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша бiрiккен азаматтардың ерiктi түрдегi бiрлестiгi дiни бiрлестiк деп танылады.
2. Алынып тасталды
3. Республикадан тыс жерлерде басқару орталықтары бар Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктер әдiлет органдарында тiркеуге жатады. Басқару орталықтарының жарғылары (ережелерi), егер олар Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, осындай дiни бiрлестiктер жарғыларының (ережелерiнiң) негiзiне алынуы мүмкiн.
4-8-тармақтар алынып тасталды
9. Дiни бiрлестiктер өз қаражаты есебiнен сатып алған немесе өздерi құрған азаматтар, ұйымдар жылу ретiнде берген немесе мемлекет берген және заң құжаттарына қайшы келмейтiн басқа да негiздер бойынша сатып алынған мүлiкке меншiк құқығы болады.
10. Дiни бiрлестiктерге қатысушылардың (мүшелерiнiң) осы ұйымға өздерi берген мүлiкке, соның iшiнде мүшелiк жарналарға құқықтары сақталмайды. Олар дiни бiрлестiктiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, ал дiни бiрлестiк өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
11. Дiни бiрлестiктiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi осы Кодекске, Қазақстан Республикасының заң құжаттарына сәйкес белгiленедi.
02.03.98 ж. № 211-1; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 225-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 110-бап өзгертiлдi
110-бап. Жеке кәсіпкерлердің және (немесе) заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бiрлестiгi
1. Жеке кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ ортақ мүдделерін білдіру мен қорғау мақсатында қауымдастықтар (одақтар) құра алады.
Заңды тұлғалардың қаржы рыногында қызметтi жүзеге асыратын қауымдастығын (одақтарын) құру және оларға қатысу ерекшелiгi Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленедi.
2. Қоғамдық бiрлестiктер және өзге де коммерциялық емес ұйымдар, соның iшiнде мекемелер осы ұйымдардың қауымдастығына (одақтарына) өз еркiмен бiрiге алады.
3. Қауымдастық (одақ) коммерциялық емес ұйым болып табылады.
4. Қауымдастықтың (одақтың) мүшелерi өз дербестiгiн сақтап қалады.
2015.12.11. № 391-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, қауымдастық (одақ) өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, қауымдастықтың (одақтың) мүшелерi оның мiндеттемелерi бойынша қауымдастықтың (одақтың) құрылтай құжаттарында көзделген мөлшерде және тәртiппен субсидиарлық жауаптылықта болады.
§ 3. Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністің азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарға қатысуы
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 111-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
111-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық құқық қатынастарына қатысуы
1. Қазақстан Республикасы азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастарға осы қатынастардың өзге қатысушыларымен тең негiздерде кiредi.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өздерiнiң осы органдардың мәртебесiн айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, ережелерде және өзге де құжаттарда белгiленетiн құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының атынан өз әрекеттерi арқылы мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтар мен мiндеттердi алып, оларды жүзеге асырады, сотта өкiлдiк ете алады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген реттер мен тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының арнайы тапсырмасымен оның атынан өзге де мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар өкiлдiк ете алады.
3. Азаматтық-құқықтық дауларды Қазақстан Республикасының қатысуымен соттар шешедi.
112-бап. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысуы
1. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастарда бұл қатынастардың өзге де қатысушыларымен тең негiздерде кiредi.
2. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар осы органдардың мәртебесiн айқындайтын заң құжаттарында, ережелерiнде және өзге де құжаттарында белгiленетiн құзыретi шегiнде өз әрекеттерi арқылы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң атынан мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтар мен мiндеттердi алып, оларды жүзеге асырады, сотта өкiлдiк ете алады.
Заңдарда көзделген реттер мен тәртiп бойынша арнаулы тапсырмамен әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс атынан жергiлiктi мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар өкiлдiк ете алады.
3. Заңдарда белгiленген реттерде әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс азаматтық құқық қатынастарында мемлекет атынан өкiлдiк ете алады.
4. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс пен оның органдарына, егер заңдардан өзгеше жағдай туындамаса, осы Кодекстiң тиiсiнше мемлекет пен оның органдарының азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастарға қатысуы туралы ережелерi қолданылады.
5. Азаматтық-құқықтық дауларды әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң қатысуымен соттар шешедi.
113-бап. Қазақстан Республикасы мен әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң мiндеттемелерi бойынша ақы өндiрiп алу
1. Қазақстан Республикасы өз мiндеттемелерi бойынша мемлекеттік қазына мүлкiмен жауап бередi, ал әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс өз мiндеттемелерi бойынша жергiлiктi қазына мүлкiмен жауап бередi.
2. Қазақстан Республикасы мен әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс бiр-бiрiнiң мiндеттемелерi бойынша, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, ал азаматтар мен заңды тұлғалар осы Кодексте және заң құжаттарында көзделгеннен басқа жағдайларда Қазақстан Республикасы мен әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
114-бап. Мемлекетке және әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiске заңды тұлғалар туралы қалыптарды қолдану
Мемлекетке және әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерге заңды тұлғалардың азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастарға қатысуын анықтайтын қалыптар, егер заң құжаттарынан өзгеше қалып туындамайтын болса, қолданылады.
3-тарау. Азаматтық құқықтар объектілері
§ 1. Жалпы ережелер
2008.10.12. № 101-ІV ҚР Заңымен 115-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
115-бап. Азаматтық құқық объектiлерiнiң түрлерi
1. Мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар азаматтық құқық объектiлерi бола алады.
2. Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, қаржы құралдары, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар мен басқа да мүлiк жатады.
2007.12.01. № 225-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Ақшаға және ақшалай міндеттемелер бойынша құқықтарға (талаптарға) (ақша төлеу жөніндегі талап ету құқықтарына), егер осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе немесе міндеттеме мәнінен туындамаса, тиісінше заттардың немесе мүліктік құқықтардың (талаптардың) құқықтық режимі қолданылады.
3. Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке адамның өмiрi, денсаулығы, қадiр-қасиетi, абырой, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игiлiктер мен құқықтар жатады.
116-бап. Азаматтық құқық объектiлерiнiң айналым қабiлеттiлiгi
1. Азаматтық құқық объектiлерi, егер ол айналымнан алынып тасталмаса немесе айналымға шек қойылмаса, бiр адамнан екiншi адамға әмбебап құқықты мирасқорлық (мұрагерлiк ету, заңды тұлғаны қайта құру) тәртібімен не өзге де әдiспен еркiн берiледi немесе ауысады.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертiлдi (бұр.ред.қара)
2. Берiлуге рұқсат етiлмейтiн мүліктің түрлерi (айналымнан алынып тасталған) заңдарда тiкелей көрсетiлуге тиiс.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертiлдi (бұр.ред.қара)
3. Айналымның белгiлi бiр қатысушысына ғана тиесiлi болуы мүмкiн не алынуына немесе берiлуiне арнайы рұқсат бойынша (айналым қабiлеттiгi шектеулi) жол берiлетiн мүліктің түрлерi заңдарда белгiленедi.
4. Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар заң құжаттарында белгiленген реттердi қоспағанда, басқа әдiспен берiлмейдi және ауыспайды.
ҚР 02.03.98 ж. № 211-1 Заңымен 117-бап өзгертiлдi; 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 117-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 117-бап өзгертiлдi (бұр.ред.қара)
117-бап. Жылжымайтын және жылжымалы мүлік
1. Жылжымайтын мүлiкке (жылжымайтын заттар) жер учаскелерi, ғимараттар, құрылыстар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлiк, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкiн болмайтын объектілер жатады.
Егер кондоминиум объектiсiнiң құрамындағы пәтерлер және өзге де тұрғын үй-жайлар, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайлар дара (бөлек) меншiкте болса, олар дербес жылжымайтын мүлiк объектiлерi (түрлерi) болып танылады.
2. Мемлекеттік тiркеуге жататын әуе және теңiз кемелерi, iшкi суда жүзу кемелері, «өзен-теңiз» жүзу кемелері, ғарыш объектiлері, магистральдық құбырлардың желілік бөлігі де жылжымайтын заттарға теңестiрiледi. Заңнамалық актілермен жылжымайтын заттарға өзге мүлiктер де жатқызылуы мүмкiн.
Осы Кодекстің және өзге де заңнамалық актiлердiң жылжымайтын заттарға байланысты қатынастарды реттейтiн нормалары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тiкелей көзделген жағдайда, осы тармақта көрсетiлген заттарға қолданылады.
3. Ақша мен бағалы қағаздарды қоса алғанда, жылжымайтын затқа жатпайтын мүлiк жылжымалы мүлiк деп танылады. Заңнамалық актілерде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, жылжымалы заттарға құқықтарды тiркеу талап етiлмейдi.
ҚР 02.03.98 ж. № 211-1 Заңымен 118-бап өзгертiлдi; 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 118-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.06.01. № 529-ІV Заңымен 118-бап өзгертiлдi (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
118-бап. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеу
1. Жылжымайтын мүлiкке құқықтардың (құқықтар ауыртпалығының) туындауы, өзгеруi және тоқтатылуы осы Кодексте және «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мемлекеттік тiркелуге жатады.
Мемлекеттік тiркеудiң жылжымайтын мүлiкке байланысты өзге де объектiлерi «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Егер осы Кодексте және «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгiленбесе, жылжымайтын мүлiкке құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) мемлекеттiк тiркелген кезден бастап туындайды, өзгередi және тоқтатылады. Егер тіркеуден бас тартылмаса, мемлекеттік тіркеу кезі деп өтініш берілген кез, ал электрондық тіркеу кезінде - жүргізілген тіркеу туралы хабарлама жөнелту арқылы тіркеуші органның құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын растаған кезі танылады.
3. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыратын орган тiркеуге ұсынылған құқық белгiлейтiн құжатта жазба жасау арқылы жүргiзiлген тiркеудi құқық иеленушiнiң өтiнiшi бойынша куәландыруға мiндеттi. «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда тiркеудi жүзеге асыратын орган жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығы (өзге заттай құқық) туралы куәлiк бередi.
4. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеу жариялы болып табылады. Тiркеудi жүзеге асыратын орган жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар туралы ақпаратты кез келген тұлғаға «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген шектеулердi ескере отырып беруге мiндеттi.