30. Жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, осы баптың 35-тармағында көрсетілген ЕЭА аумақтарының және Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігінің арасында алып жүрілетін багажда жеке тұлғалар өткізетін жеке пайдалануға арналған тауарлар мынадай жағдайларда кедендік декларациялауға жатпайды:
1) мұндай жеке пайдалануға арналған, оның ішінде осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілмеген, Одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған өзге де тауарлардың жиынтығында әкелінетін тауарлар кедендік баждарды, салықтарды төлемей Одақтықтың кедендік аумағына әкелінетін, жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты белгіленген құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалар шегінде Одақтың кедендік аумағына әкелінеді.
2) мұндай тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулер қолданылмайды және мұндай шектеулердің сақталуын растайтын құжаттардың табыс етілуі талап етілмейді.
31. Осы баптың 30-тармағында көрсетілген тауарлар, осы баптың 30-тармағы 1 және 2-тармақшаларында көзделген өзге де жағдайларда, белгіленген тәртіпте келу орнында кедендік декларациялауға жатады.
32. Одақтың тауарлары болып табылатын жеке пайдалануға арналған және жеке тұлғалар осы баптың 25-тармағында көрсетілген ЕЭА аумақтарының және Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігінің арасында өткізетін тауарларға қатысты кедендік операциялар мұндай тауарларды идентификациялауды есепке ала отырып жасалады.
Көрсетілген тауарларды идентификаттауды осы баптың 33 және 34-тармақтарында көзделген құжаттарды пайдалана отырып, шығу орынның кеден органдары жүргізеді.
33. Жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, осы баптың 25-тармағында көрсетілген ЕЭА аумақтарының және Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігінің арасында жөнелтілетін багажда жеке тұлғалар өткізетін жеке пайдалануға арналған тауарлар, шығу орнындағы кеден органының уәкілетті лауазымды тұлғасының жеке нөмірлі мөрінің бедерімен және осы тұлға қолын қойып куәландырылған, «Еуразиялық экономикалық Одақтың тауарлары» белгісі қойылған мұндай тауарларды идентификаттауды мүмкіндік беретін мәліметтерді қамтитын жолаушыларға арналған кедендік декларация болған кезде Одақтың тауарлары ретінде келу орнындағы кеден органы қарайды.
34. Мүше мемлекеттердің аумағында тіркелген және осы баптың 25-тармағында көрсетілген ЕЭА аумақтарының және Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігінің арасында жеке тұлғалар өткізетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын Одақтың тауарлары ретінде шығу орнындағы кеден органы және келу орнындағы кеден органы қарайды және мұндай тіркеуді растайтын және мұндай көлік құралдарын пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулер туралы белгілерді қамтымайтын құжаттар болған кезде кедендік декларациялауға жатпайды.
35. Жеке тұлғаларға, мұндай ЕЭА аумағына еркін кедендік аймақ кедендік рәсіміне орналастырылған және оларды осындай ЕЭА аумағынан шығу орнында және Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне келу орнында кедендік декларациялау шартымен, аумағында осындай ЕЭА құрылған әкімшілік-аумақтық құрылымы бірлігінің аумағында тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкелу үшін шегі Одақтың кедендік аумағы учаскелерімен толықтай қиылысатын ЕЭА аумағынан 2 айдан аспайтын мерзімге уақытша шығаруға рұқсат етіледі. Бұл ретте мұндай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты, осы тармақтың екінші абзацын ескере отырып, осы Кодекстің 271 бабында көзделген тәртіпте мүше мемлекеттердің жеке тұлғалары шығу орнындағы кеден органына Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтарында тіркелген және Одақтың кедендік аумағына әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты белгіленген мөлшерде кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттерді орындауды қамтамасыз ету ұсынылады.
Мұндай ЕЭА аумағына еркін кедендік аймақ кедендік рәсіміне орналастырған және аумағында осындай ЕЭА құрылған әкімшілік-аумақтық құрылымы бірлігінің аумағында тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралын Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне уақытша әкетілген жағдайда, осы көлік құралының иесі болып табылатын жеке тұлға 6 айдан астам уақыт ішінде және кеден органына жүгіну күніне белгіленген кедендік төлемдерді төлеу бойынша орындалмаған талаптардың (осы жеке тұлғаның жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын уақытша шығаруға құқығы бар сенімді өкілі) және аумағында осындай ЕЭА құрылған мүше мемлекеттердің заңнамаларында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа осы тұлғаны тарту фактілері болмаған кезде, олардың бұрын шығарылған жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын осындай ЕЭА аумағына кері әкелуге дейін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын екінші және алдағы уақытта уақытша әкету жағдайын қоспағанда, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттерді орындауды қамтамасыз ету ұсынылмайды.
Жеке тұлға осы тармақтың бірінші және екінші абзацтарында көзделген шарттарды орындау кезінде, кеден органының уәкілетті лауазымды тұлғасы жолаушыларға арналған кедендік декларацияға жеке нөмірлі мөрінің бедері мен осы тұлғаның қолымен куәландырылған «Еуразиялық экономикалық одақтың КА қалған бөлігіне әкетуге рұқсат етілді» белгісін қояды.
Осы тармақтың бірінші және екінші абзацтарында көрсетілген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары, егер оларды әкелуді жүзеге асыратын тұлғада осы тармақтың үшінші абзацында көзделген белгісімен жолаушыларға арналған кедендік декларация болмаған жағдайда, Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкелуге жатпайды.
Егер бұрын шығарылған жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын белгіленген мерзім өткенге дейін осындай ЕЭА аумағына жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын нақты әкетуді жүзеге асыратын жеке тұлға кері әкелмеген жағдайда, апаттың немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының жойылуы, сондай-ақ оларды өзге де кедендік рәсімге орналастыру немесе еркін айналымға шығарған жағдайларын қоспағанда, шығу жерінін кеден органы мұндай көлік құралдарына қатысты кедендік баждарды, салықтарды жеке пайдалануға арналған көлік құралдары осындай ЕЭА аумағынан Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкелу үшін уақытша әкетілетін жолаушыларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күніне есептелген осындай көлік құралдарын еркін айналымға шығарғандай кездегі төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомаларына сәйкес мөлшерде алынады.
Жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын өзге де кедендік рәсімге орналастыру немесе еркін айналымға шығарумен байланысты кедендік операцияларды осындай ЕЭА аумағында орналасқан кеден органы жасайды.
Декларанттың жазбаша түрдегі (жазбаша нысанда) дәлелді жүгінуі бойынша осы тармақтың бірінші абзацында белгіленген мерзімін шығу орнындағы кеден органы жеке пайдалануға арналған көлік құралын кеден органына нақты көрсетпей 2 айға бір рет ұзартуы мүмкін.
36. Ресей Федерациясының аумағында тіркеу есебінен шығарылған және осы баптың 25-тармағында көрсетілген ЕЭА аумағының және Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігінің арасында жеке тұлғалардың өткізетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын, шығу орындағы кеден органының уәкілетті лауазымды тұлғасының жеке нөмірлі мөрінің бедері мен осы тұлға қолымен куәландырылған, «Еуразиялық экономикалық Одақтың тауарлары» белгісі қойылған мұндай көлік құралдарын идентификаттауға мүмкіндік беретін мәліметтерді қамтитын жолаушыларға арналған кедендік декларация болған кезде, Одақтың тауарлары ретінде келу орнындағы кеден органы қарайды.
37. Жеке тұлғалар осы баптың 25-тармағында көрсетілген ЕЭА аумағынан Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттер аумақтарынан Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген тауарларды қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты белгіленген құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалардың шегінде Одақтың кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлемей әкелінетін тауарларға қатысты белгіленген сол нормаларды асыра отырып шетелдік тауарлар болып табылатын жеке пайдалануға арналған тауарларды әкеткен жағдайда, кедендік баждарды, салықтарды Одақтың кедендік аумағына әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты айқындалған мөлшерде шығу орнындағы кеден органы алады.
Жеке тұлғалар осы баптың 25-тармағында көрсетілген ЕЭА аумағынан Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне жеке пайдалануға арналған көлік құралдары ретінде мұндай ЕЭА аумағында еркін кедендік аймақ кедендік рәсіміне орналастырылған көлік құралдарын шығарған жағдайда, кедендік баждарды, салықтарды осы баптың 35-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Одақтың кедендік аумағына әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты белгіленген мөлшерде осындай ЕЭА аумағында орналасқан шығу орнындағы кеден органы алады.
38. Осы баптың 27-37-тармақтарының ережелері осы баптың 25-тармағында көрсетілген ЕЭА аумағынан Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына әуе көлігін қондырмай, Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әуе көлігімен тасымалданатын жеке пайдалануға арналған тауарларға қолданылмайды.
39. Осы тармақта көрсетілген міндеттер басталған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемдік баждарды төлеу жөніндегі міндеттер орындауға жатады.
Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемдік баждарды төлеу мерзіміне:
1) осы баптың 10-тармағында көрсетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын пайдаланудың осы Кодексте белгіленген шарттарын бұзу кезінде, осы баптың 10-тармағында көрсетілген ЕЭА аумағы мен (Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттер аумақтарының арасындағы тауарларды, жолаушыларды, багажды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде, не осы баптың 10-тармағында көрсетілген ЕЭА аумақтары мен Ресей Федерациясы аумағының қалған бөлігінің арасындағы тауарларды, жолаушыларды, багажды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде - мұндай шарттарды бұзудың бірінші күні, ал егер бұл күн анықталмаса - осындай бұзушылық фактісінің анықталған күні;
2) жеке тұлға осы баптың 25-тармағында көрсетілген ЕЭА аумағынан Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне еркін кеден аймағы кедендік рәсіміне орналастырған жеке пайдалануға арналған көлік құралын әкетудің осы баптың 35-тармағында көрсетілген шарттарын бұзған кезде - мұндай шарттарды бұзудың бірінші күні, ал егер бұл күн анықталмаса осындай бұзушылық фактісінің анықталған күні;
3) Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігімен ортақ құрлықтық шекарасы бар, осы баптың 1-тармағы 1-тармақшасында көрсетілгендерден Ресей Федерациясының ЕЭА құрылған әкімшілік-аумақтық құрылымы бірлігінің аумағынан Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне жеке тұлғалардың еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырған жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын әкету кезінде осындай ЕЭА құрылған әкімшілік-аумақтық құрылымы бірлігінің аумағынан көрсетілген тауарларды әкету күні, ал егер бұл күн анықталмаса - осындай әкету фактісінің анықталған күні;
4) осы тармақтың 3-тармақшасында көрсетілген ЕЭА аумағына жеке тұлғалардың еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған жеке пайдалануға арналған және осындай ЕЭА құрылған әкімшілік-аумақтық құрылымы бірлігі аумағының қалған бөлігіне жеке пайдалануға емес әкетілген көлік құралдарын пайдалануы кезінде - өзге мақсатқа пайдаланылған бірінші күн, ал егер бұл күн анықталмаса осындай бұзушылық фактісінің анықталған күні;
5) осы тармақтың 3-тармақшасында көрсетілген ЕЭА құрылған әкімшілік-аумақтық құрылымы бірлігі аумағынан Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне осындай ЕЭА аумағында еркін кедендік аймақ кедендік рәсіміне орналастырған шетелдік тауарларды ЕЭА қатысушылары өзінің өндірістік және технологиялық мұқтаждарына арналған тауарлар ретінде әкету кезінде осындай әкімшілік-аумақтық құрылымы бірлігі аумағынан мұндай тауарларды әкету күні, ал егер бұл күн анықталмаса - осындай әкету фактісінің анықталған күні;
6) осы тармақтың 3-тармақшасында көрсетілген ЕЭА қатысушылары, осындай ЕЭА құрылған әкімшілік-аумақтық құрылымы бірлігі аумағының қалған бөлігіне өзінің өндірістік және технологиялық мұқтаждары үшін бұрын әкеткен тауарларды, өзінің өндірістік және технологиялық мұқтаждарынан басқа өзге де мақсаттарға пайдалану кезінде - тауарларды өзге мақсаттарда пайдаланған бірінші күн, ал егер бұл күн анықталмаса - осындай бұзушылық фактісінің анықталған күні саналады.
40. Осы баптың 39-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі тарифтік преференциялар мен жеңілдіктерді қолданбай, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімдерімен тауарларды орналастыру кезінде төленуге жататын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемдік баждардың сомаларына сәйкес келетін мөлшерде төленуге жатады. Кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемдік баждар еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен мұндай тауарларды орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күнге есептеледі.
456-бап. Еркін қойма кедендік рәсімін қолдану ерекшеліктері туралы өтпелі ережелер
1. Иесі Армения Республикасында 2016 жылғы 1 желтоқсанға дейін, Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясында 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін еркін қойма иелерінің тізіліміне енгізілген еркін қоймада, сондай-ақ иесі Қырғыз Республикасында «Алтын-Ажыдаар» ЖШҚ, «Кока-Кола Бішкек ботлерс» ЖАҚ, «Илбирс» ААҚ, «Авиньен» ЖШҚ, «Жібек жолы» ЖШҚ және «Ренесанс» ЖШҚ болып табылатын еркін қоймада еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетел тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлардың мәртебесі, егер мұндай тауарлар Одақтың кедендік аумағынан тысқары әкетілмесе, осы Кодекстің 218-бабына сәйкес осы баптың 2 және 3-тармақтарының ережелері ескеріле отырып, 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін айқындалады.
2. Иелері 2010 жылғы 1 мамырға дейін еркін қойма иелерінің тізіміне енгізілген еркін қоймалар үшін Комиссия осы Кодекстің 218-бабына сәйкес айқындалған жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарын орындауға қарамастан еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған және шетелдік тауарлар мәртебесін алатын, шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар тізбесін айқындауға құқылы. Көрсетілген тізбе, егер мұндай тауарлар Одақтың кедендік аумағынан тысқары әкетілмеген жағдайда қолданылады,
3. 2010 жылғы 1 мамырға дейін еркін қойма иелерінің тізіліміне енгізілген еркін қойманың жекелеген иелеріне қатысты Комиссия, егер мұндай тауарларды Одақтың кедендік аумағына шығару мүше мемлекеттің экономика саласына елеулі экономикалық залал келтіретіндей немесе мұндай залалды келтіру қаупін туғызатындай сандарда және шарттарда жүргізілетін болса, Одақтың тауарлары болып танылуы мүмкін еркін қойма кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар саны бойынша шектеулер белгілеуге құқылы. Көрсетілген шектеулерді белгілеу туралы шешім Комиссия айқындаған тәртіпте қабылданады және, егер мұндай тауарлар Одақтың кедендік аумағынан тысқары әкетілмейтін болса қолданылады.
4. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды Одақтың тауарлары ретінде тану үшін жеткілікті шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялар тізбесін айқындайтын осы Кодекстің 218-бабының 4-тармағында көзделген Комиссияның шешімі күшіне енгенге дейін, көрсетілген тауарларды Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Қырғыз Республикасында Одақтың тауарлары ретінде тану мақсатында осы мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттары қолданылады.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген, шығу тегі Армения Республикасы, Беларусь Республикасы және Қырғыз Республикасы үшін - СТ-1 нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификатымен, Қазақстан Республикасы үшін - CT-KZ нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификаттымен расталған тауарлар Одақтың тауарлары деп танылады.
457-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларға және керек-жарақтарға қатысты өтпелі ережелер
1. Кедендік декларациялануы және (немесе) шығарылуы осы Кодекс күшіне енгенге дейін кедендік рәсімдермен орналастырылмай жүзеге асырылған және осы Кодекс күшіне ену күніне кедендік бақылаудағы жеке пайдалануға арналған тауарларға және керек-жарақтарға қатысты, осы Кодекс күшіне енген күннен бастап осы Кодексте көзделген тауарлардың мұндай санаттарын пайдалану үшін белгіленген шарттарды сақтауға жатады.
2. Осы Кодекс күшіне енгенге дейін орындау мерзімі (төлеу мерзімі) басталмаған осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлардың санаттарына қатысты туындаған кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет, мән-жайлар басталған кезде осы Кодексте көзделген тәртіпте, мерзімдерде және мөлшерде орындауға жатады, және (немесе) осы Кодекске сәйкес тоқтатылады.
3. Осы Кодекстің 256-бабы 3-тармағының ережелері көрсетілген тармақтың бесінші абзацына сәйкес қабылданған және Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызу өлшемшарттарының сандық сипаттамаларын айқындайтын Комиссияның шешімі күшіне енгенге дейін қолданылмайды.
Комиссияның көрсетілген шешімі күшіне енгенге дейін тиісті құқықтық қатынастарды реттеу 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімнің 3-бабының 1-тармағының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
4. Осы Кодекс күшіне енгенге дейін шетелдік жеке тұлға әкелген мұндай көлік құралдарын кеден органының рұқсатынсыз немесе мүше мемлекеттің жеке тұлғасы әкелген осындай көлік құралдарын ата-аналарына, балаларына, тіркелген некеде тұрған (туратын) жұбайына (зайыбына) берумен байланысты пайда болған және орындауға жататын, осы Кодекс күшіне енген күні орындалмаған жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет, осы Кодекстің күшіне ену күніне төленбеген (өндіріп алынбаған) кедендік баждар, салықтар сомалары мөлшерінде тоқтатылады.
5. Осы Кодекс күшіне енгенге дейін жеке пайдалануға арналған уақытша әкелінген көлік құралдары Одақтың кедендік аумағында уақытша болуы мүмкін мерзім аяқталғанға дейін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын әкетпеумен байланысты пайда болған және орындауға жататын осы Кодекс күшіне енген күніне орындалмаған жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет, бір мезгілде мынадай:
1) Одақтың кедендік аумағынан әкету мақсаттында жеке пайдалануға арналған уақытша әкелінген көлік құралдары Одақтың кедендік аумағында уақытша болу мерзімі өткен күннен бастап 6 айдан кешіктірілмей осындай көлік құралдарын кедендік декларациялауды жүзеге асыру;
2) жеке пайдалануға арналған мұндай көлік құралдарына қатысты оларды осы баптың 4-тармағында көрсетілген жеке тұлғаларға беруді қоспағанда, 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімнің ережелерін бұза отырып, оларды берумен байланысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі басталмаған сияқты шарттарды сақтау кезінде осы Кодекс күшіне енген күніне төленбеген (өндіріп алынбаған) кедендік баждар, салықтар сомаларының мөлшерінде тоқтатылады.
458-бап. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына қатысты өтпелі ережелер
1. Осы Кодекс күшіне енгенге дейін Одақтың кедендік аумағына әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары осы Кодекстің 38-тарауының ережелеріне сәйкес Одақтың кедендік аумағында болады және пайдаланылады және Одақтың кедендік аумағынан әкетілуге жатады.
2. Осы Кодекс күшіне енгенге дейін Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары, осы Кодекстің 38-тарауынын ережелеріне сәйкес Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерде орналасады және пайдаланылады, сондай-ақ Одақтың кедендік аумағына қайта әкелінеді.
3. Орындау мерзімі (төлеу мерзімі) осы Кодекс күшіне енгенге дейін басталмаған осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына қатысты пайда болған кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет жай-күйлер басталған кезде осы Кодексте көзделген тәртіпте, мерзімдерде және мөлшерде орындалуға жатады және (немесе) осы Кодекске сәйкес тоқтатылады.
4. Халықаралық тасымалдаудың уақытша әкелінген көлік құралдарын кедендік рәсімдермен орналастырмай Кеден одағының Кеден кодексінің 344-бабы 2-тармағында көрсетілген әрекеттерді жасаумен байланысты осы Кодекс күшіне енген күнге дейін пайда болған және орындауға жататын, осы Кодекс күшіне енген күніне толық мөлшерде орындалмаған халықаралық тасымалдаудың уақытша әкелінген көлік құралдарына қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет Кеден одағының Кеден кодексінің 282-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеуден ішінара босатумен уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары Одақтың кедендік аумағынан тауарларды әкету күніне дейін халықаралық тасымалдаудың уақытша әкелінген көлік құралдары ретінде оларды шығарған күннен кейінгі күннен бастап кезең ішінде төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомалары мөлшерінде орындалуға жатады.
5. Мүше мемлекеттің тұлғасы Кеден одағының Кеден кодексінің 342-бабы 1-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген шарттарды сақтамаумен байланысты осы Кодекс күшіне енген күнге дейін пайда болған және орындауға жататын, осы Кодекс күшіне енген күніне толық мөлшерде орындалмаған халықаралық тасымалдаудың уақытша әкелінген көлік құралдарына қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет осы Кодекстің күшіне ену күніне төленбеген (өндіріп алынбаған) кедендік баждар, салықтар сомалары мөлшерінде тоқтатылады.
459-бап. Құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша тауарларды еткізу кезінде кедендік операцияларды жасау туралы өтпелі ережелер
Кеден органдары лауазымды тұлғаларының осы Кодекстің 292-бабының 1-4-тармақтарында көзделген құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу құралдарына қолжетімділік тәртібін айқындайтын шектес мемлекет болып табылатын үшінші елмен мүше мемлекеттің халықаралық шарттары күшіне енгенге дейін тасымалдаушылар ұсынатын шектес мемлекеттің аумағында орналасқан құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша тауарлардың есепке алу құралдарына көрсеткіштерін пайдалануға жол беріледі.
460-бап. Жер қойнауын пайдалану саласындағы (отын-энергетикалық секторы) туындайтын құқықтық қатынастар бойынша өтпелі ережелер
1. Осы Кодекс күшіне енгенге дейін және ол күшіне енгеннен кейін туындайтын Ресей Федерациясындағы жер қойнауын пайдалану (отын-энергетикалық сектор) саласында туындайтын құқықтық қатынастарға Ресей Федерациясының кеден заңнамасы қолданылады, оған сәйкес тиісті келісімшарттар, атап айтқанда мұндай кеден заңнамасында реттелмеген, осы Кодекс қолданылады.