39) Қазақстан Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру қағидаларын;
40) 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
41) 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
42) Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақша шығару, пайдалану және өтеу қағидаларын, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды;
43) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына әкелінетін вексель қағазының қорғаныш дәрежелеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарды;
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 44) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
44) клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын;
45) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
46) 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 47) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
47) экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 48) тармақша жаңа редакцияда
48) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Ұлттық Банкі беретін соңғы сатыдағы қарыздар туралы қағидаларды;
49) Қазақстан Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларын;
50) банктер, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларын;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 51) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
51) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлемдер мен ақша аударымдары лимитінің мөлшерін;
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 52) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 52) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
52) банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтаманы және банктік шот бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді көшірмені ресімдеуге және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды;
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 52-1), 52-2), 52-3), 52-4), 52-5), 52-6), 52-7), 52-8) және 52-9) тармақшалармен толықтырылды
52-1) төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын;
52-2) жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтер беру қағидаларын;
52-3) Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын;
52-4) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банктік қызметтерді көрсету қағидаларын;
52-5) көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларын;
52-6) көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімін жүргізу қағидаларын;
52-7) төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларын;
52-8) маңызды төлем жүйелері өлшемшарттарының көрсеткіштерін;
52-9) көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге жатқызатын көрсеткіштерді;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 53) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
53) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы ұйымдарын жүйелік маңызы бар ұйымдар қатарына жатқызу қағидаларын;
54) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
55) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
56) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
57) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 57-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
57-1) Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларын;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 58) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
58) Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларын;
59) Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 59-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
59-1) Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу қағидаларын;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 60) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
60) Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 61) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
61) шетелдік қаржылық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыратын филиалдарының (өкілдіктерінің) ақпарат ұсыну қағидаларын;
62) банктердің металл шоттарды ашуы, жүргізуі және жабуы қағидаларын;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 63) тармақша өзгертілді
63) барлық қаржы ұйымдары, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, Қазақстанның Даму Банкі орындауға мiндеттi бухгалтерлiк есеп мәселелерi жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi, оның ішінде бухгалтерлiк есеп шоттарының типтік жоспарларын, бухгалтерлiк есеп жүргiзу жөніндегі нұсқаулықтарды, бухгалтерлiк есеп жүргiзудi ұйымдастыру қағидаларын және бухгалтерлiк есеп жүргiзудi автоматтандыру қағидаларын;
64) халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарымен реттелмеген мәселелер бойынша қаржылық есептiлiк стандарттарын, сондай-ақ оларға әдiстемелiк ұсынымдарды;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 65) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 65) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
65) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы ұйымдарының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есептiлiктi ұсыну қағидаларын бекітеді, оларда есептіліктің нысандарын, тiзбесiн, оны ұсыну кезеңділігі мен мерзімдерін қоса алғанда, оны ұсыну тәртібі айқындалады;
65-1) - 67) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 68) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
68) салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақылау чегінің нысанын және мазмұнын;
68-1) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 69) тармақша өзгертілді; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 69) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
69) валюталық реттеу, қолма-қол ақша айналысы, төлемдер және төлем жүйелері, қаржылық тұрақтылық, қаржы ұйымдары мен олардың үлестес тұлғаларын, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымды, кредиттік бюроларды, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды және коллекторлық агенттіктерді реттеу, бақылау және қадағалау, ақша-кредит статистикасын және қаржы нарығы статистикасын қалыптастыру мәселелері бойынша әкімшілік деректерді жинау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулықты;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 69-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 69-1) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
69-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимін енгізуі және оның күшін жоюы, қаржы ұйымдары болып табылмайтын төлем ұйымдарының және (немесе) өзге заңды тұлғалардың ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыруы қағидаларын;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 69-2) тармақшамен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 69-2) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
69-2) ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің құжаттарды іріктеуі өлшемшарттарын және оларды қарау тәртібін;
70) бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынылатын, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқару нәтижелері туралы есепті;
71) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн айырбастау немесе қайта айырбастау қағидаларын;
72) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн сыртқы басқарушыларды таңдау қағидаларын;
73) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтын сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру қағидаларын;
74) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын;
75) Қазақстан Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстанның Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларын;
76) ішкі аудит бөлімшесі туралы ережені, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінде ішкі аудитті ұйымдастыру және жүргізу тәртібін;
77) Қазақстан Ұлттық Банкінің банктік сәйкестендіру кодтарын беру, пайдалану және жою, сондай-ақ банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын беру және жою, олардың құрылымы және Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастыру және жүргізу туралы нұсқаулықты;
78) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 79) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
79) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде қызметін жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушыларға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидаларын;
80) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаратын шетелдік ұйымдарға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидаларын;
81) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
82) Қазақстан Ұлттық Банкінің регламентін;
83) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
84) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
85) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің қауіпсіз және іркіліссіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды;
86) - 86-3) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
87) 2017.13.03. № 53-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
88) осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкінің өзге де нормативтік-құқықтық актілерін бекітеді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы:
1) мемлекеттік ақша-кредит саясатын мақұлдайды;
2) қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін белгiлейдi;
3) ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн белгілейді;
4) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын дайындау, айналысқа шығару, айналыстан алып қою, оның ішінде басқа елдердің тапсырыстары бойынша дайындау, айналысқа шығару, айналыстан алып қою, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының дизайны немесе нысаны өзгерген кезде, оларды ауыстыру туралы шешiмдер қабылдайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлiнген банкноттары мен монеталарын айырбастау тәртiбiн белгiлейді;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының дизайны (нысаны) өзгерген кезде олардың қатар айналыста болу кезеңін белгілейді;
5) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тұжырымдама негiзiнде банкноттар мен монеталардың номиналдық құнын және дизайнын айқындайды;
6) коллекциялық және инвестициялық монеталарды шығару тақырыбын, дайындау тиражын, қорытпасын, шығарылатын мерзiмдерi мен күнiн айқындайды;
7) айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілейді;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін жарғылық капиталды қалыптастыру мөлшерін және тәртібін белгілейді;
9) шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді, олардың құрылымын қоса алғанда, басқарудың негізгі қағидаттарын айқындайды;
10) монетарлық қызметке жататын қызметті айқындайды;
11) Қазақстан Ұлттық Банкі қызмет көрсететін заңды тұлғалардың санаттарын айқындайды;
12) Қазақстан Ұлттық Банкінің жұмысы туралы жылдық есепті қарайды, қабылдайды және Қазақстан Республикасының Президентiне бекiтуге ұсынады;
13) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымын, жалпы штат санын, еңбекақы төлеу жүйесiн және Қазақстан Ұлттық Банкi туралы ереженi, сондай-ақ оларға өзгерiстер мен толықтыруларды қарайды, мақұлдайды және Қазақстан Республикасының Президентiне бекiтуге ұсынады;
14) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бюджетiн (шығыстар сметасын) бекiтеді;
15) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін қарайды және бекітеді;
16) Қазақстан Ұлттық Банкiнің, оның ведомстволары мен ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шарттарын және Қазақстан Ұлттық Банкi мен оның ведомстволарының қызметкерлерiн әлеуметтiк-тұрмыстық жағынан қамсыздандыру шарттарын бекітеді;
17) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқару бойынша шешiмдерді жедел қабылдау өкiлеттiгiне кiретiн, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейдегi лауазымды адамды (өкiлеттi өкiл) айқындайды;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18) тармақшаның қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2019.03.07. № 262-VІ Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылады
18) төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге шектеулi ықпал ету шараларын, қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын қолдану тәртібін айқындайды;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 19) тармақша жаңа редакцияда
19) осы Заңда және Қазақстан Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен және шарттарда соңғы сатыдағы қарыздарды беру туралы мәселені қарайды;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
19-1) дербес өзі не қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған бағдарламаларды бекітеді;
20) ұйымдарды құру, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкінің өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына ықпал ететін және (немесе) қаржы нарығы инфрақұрылымының бір бөлігі болып табылатын ұйымдарды құру және олардың қызметіне қатысу туралы шешімдер қабылдайды;
21) осы Заңға сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкінің халықаралық және өзге де ұйымдарға қатысуы туралы шешім қабылдайды;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 21-1) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21-1) құзыреті шегінде ерекше реттеу режимін енгізу туралы шешім қабылдайды;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 21-2) тармақшамен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 21-2) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21-2) құзыреті шегінде ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шартты бекітеді;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 21-3) тармақшамен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 21-3) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21-3) құзыреті шегінде ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты қарайды және мақұлдайды;
22) Қазақстан Ұлттық Банкінің консультативтік-кеңесші органдарын құру туралы шешім қабылдайды;
23) аудиторлық тексерулердің орта мерзімді жоспарын және ішкі аудит бөлімшесінің жылдық есебін бекітеді;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды
23-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін есепке алу мен сақтау үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің шоттары ашылатын шетелдік кастодиандарды айқындайды;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 23-2), 23-3), 23-4), 23-5), 23-6), 23-7) және 23-8) тармақшалармен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
23-2) Қазақстан Ұлттық Банкінің клиенттер активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруы тәртібін айқындайды;
23-3) Қазақстан Ұлттық Банкінің брокерлік қызметті жүзеге асыруы тәртібін айқындайды;
23-4) Қазақстан Ұлттық Банкінің дилерлік қызметті жүзеге асыруы тәртібін айқындайды;
23-5) Қазақстан Ұлттық Банкінің туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізуі тәртібін айқындайды;
23-6) Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен операциялар жүргізуі тәртібін айқындайды;
23-7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясын бекітеді;
23-8) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі операцияларды есепке алу бойынша есепке алу саясатын бекітеді;
24) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды және өкiлеттiктерді жүзеге асырады.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 16-бап жаңа редакцияда; 11.07.97 ж. № 154-1; 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертiлдi
16-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының құрамы
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы 9 адамнан тұрады.
Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы және Қазақстан Ұлттық Банкінің төрт лауазымды адамы, Қазақстан Республикасының Президентiнен бiр өкiл, Қазақстан Республикасының Үкіметінен екi өкiл және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органнан бір өкіл кiредi.
Қазақстан Республикасы Президентiнен, Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Ұлттық Банкiнен және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органнан Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мүшелерiн тиiсiнше Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Төрағасы тағайындайды және босатады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1 Заңдарымен; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 17-бап өзгертiлдi
17-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мәжілістерi
Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мәжілістерi қажет болуына қарай, Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес өткiзiледi.
Басқарманың жоспардан тыс мәжілістерi Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының немесе Басқарманың үш мүшесiнiң талап етуi бойынша өткізіледі.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқарма мүшелерi Басқарма мәжілісiнiң тағайындалғаны туралы уақтылы хабардар етiледi.
Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мәжілісiн Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, ал ол болмаған кезде-оның мiндетiн атқарушы адам жүргiзедi.
Басқарма мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатынасқан жағдайда Басқарма шешiм қабылдауға құқылы, олардың iшiнде Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы немесе оның орнында қалған адам болуға тиiс.
Басқарманың шешiмi Басқарма мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусы мен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының даусы шешушi болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы қайтара талқылау және дауыс беру үшiн өзi бiлдiрген қарсылығын қосып, Басқарма шешiмiн бір апта мерзiмнен кешiктiрмей қайтаруға құқылы. Егер Басқарма бұрын қабылданған шешiмдi өз мүшелерiнiң жалпы санының үштен екi даусымен қуаттаса, Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы шешiмге қол қояды.