2. Акционер артықшылықпен сатып алу құқығына сәйкес оған акцияны немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағазды сатып алуға өтінім беру үшін берілген күнтізбелік отыз күннің ішінде акцияны немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағазды иеліктен айырған кезде, егер бұрынғы меншік иесі мұндай өтініш бермеген жағдайда бұл құқық акцияның немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздың жаңа меншік иесіне өтеді.
3. Акцияларды орналастыру туралы шешім қабылдаған қоғамның органы осы орналастыру үшін белгілеген акцияларды орналастыру бағасы осы акциялардың сатылуы мүмкін ең төменгі бағасы болып табылады.
Акционерлер акцияларды басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес қоғамның орналастыру туралы шешiм қабылдаған органы белгiлеген осы акциялардың бiрыңғай ең төменгі орналастыру бағасы бойынша сатып алады.
Қоғамның акциялары осы орналастыру шегiнде акцияларды жазылу арқылы сатып алатын барлық тұлғалар үшiн бiрыңғай баға бойынша сатылуға тиiс.
4. Қоғамның уәкілетті органы орналастырылатын акциялардың санын ұлғайту және (немесе) басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру шеңберінде акционерлерге ұсынылған бағаны азайту арқылы жарияланған акцияларды орналастыру туралы бұрын қабылданған шешiмнің талаптарын өзгерту туралы шешімді қабылдаған жағдайда, қоғам акционерлерге осы акцияларды басымдықпен сатып алу құқығын қайта ұсынады.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 19-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
19-бап. Қоғам акцияларын ұстаушылардың тізілімдер жүйесі
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоғам акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiн жүргiзудi орталық депозитарий ғана жүзеге асыра алады.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қоғам акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiн жүргiзу сондай-ақ ол бойынша уәкілетті органға ақпарат беру тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарында белгіленеді.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Қоғам өз акциялары шығарылымын мемлекеттік тіркеу мақсатында уәкілетті органға құжаттар табыс етілгенге дейін қоғамның акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiн жүргiзу жөніндегі қызмет көрсету туралы орталық депозитариймен шарт жасасуға міндетті.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Орналастырылатын акция толық төленгенге дейін қоғамның осы акцияны қоғам акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесіндегі (нақтылы ұстаушыны есепке алу жүйесіндегі) оны сатып алушының жеке шотына есептеу туралы бұйрық беруге құқығы жоқ.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 20-бап жаңа редакцияда
20-бап. Қоғам акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп және қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есеп
1. Қоғам уәкілетті органға қоғамның акцияларын толық орналастырғанға дейін акцияларды орналастырудың әрбір есепті кезеңінің қорытындылары бойынша қоғам акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есептерді қоғамның акцияларын орналастырудың есепті кезеңі аяқталған күннен кейін немесе оларды толық орналастырған күннен кейін күнтізбелік қырық бес күн ішінде ұсынуға міндетті.
Қатарынан күнтізбелік он екі ай акцияларды орналастырудың есепті кезеңі болып табылады.
2. Егер есепті кезеңде қоғамның акцияларын орналастыру жүзеге асырылмаған жағдайда, есепті кезеңнің қорытындылары бойынша қоғам акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп уәкілетті органға ұсынылмайды.
3. Қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастаған жағдайда, қоғам уәкілетті органға қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті осындай айырбастау күнінен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде ұсынуға міндетті.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-бап. Қоғамның орналастырылатын акцияларына төлем жасау
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.10.01. № 134-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қоғамның орналастырылатын акцияларына төлем жасауға ақша, мүліктік құқықтар (оның ішінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар) және өзге де мүлік енгізілуі мүмкін.
Ақшадан басқа, өзге де мүлікпен (бағалы қағаздан басқа) төлем жасау бағалаушы айқындайтын баға бойынша жүзеге асырылады.
Қоғамның орналастырылатын акцияларына қор биржасында айналыста болатын бағалы қағаздармен ақы төлеу қор биржасының бағалы қағаздарды бағалау әдістемесіне сәйкес қор биржасы айқындайтын нарықтық баға бойынша жүзеге асырылады. Акцияларға ақы төлеуге енгізілетін бағалы қағаздардың түріне қатысты көрсетілген әдістеме бойынша қор биржасы есептеген мұндай бағалы қағаздардың нарықтық бағасы болмаған жағдайда, олардың құнын бағалауды бағалаушы жүргізеді.
2. Егер қоғамның орналастырылатын акцияларына төлем жасауға мүлікті пайдалану құқығы енгізілсе, мұндай құқықты бағалау осы мүлікті пайдалануға төленетін ақының мөлшері негізге алына отырып, қоғамның оны пайдаланған бүкіл мерзіміне жүргізіледі. Аталған мерзім аяқталғанға дейін қоғам акционерлері жалпы жиналысының келісімінсіз мұндай мүлікті алып қоюға тыйым салынады.
3. Акцияларды орналастырған кезде қоғамға:
1) орналастырылатын акцияларды сатып алуға;
2) шарттарында (шығару шарттарында) эмитент орналастырылған акцияларын эмитенттің сатып алу құқығы немесе міндеті көзделетін шарттар жасасуға (туынды бағалы қағазды сатып алуға) тыйым салынады.
22-бап. Қоғамның акциялары бойынша дивидендтер
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді қоспағанда, қоғамның акциялары бойынша дивидендтер акционерлердің жалпы жиналысында қоғамның дауыс беретін акцияларының жай көпшілігімен дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданған жағдайда ақшалай немесе қоғамның бағалы қағаздарымен төленеді.
Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша бағалы қағаздармен дивидендтер төлеуге жол берілмейді.
Қоғамның акциялары бойынша оның бағалы қағаздарымен дивидендтер төлеуге акционердің жазбаша келісімі болған кезде осындай төлем қоғамның жарияланған акцияларымен және (немесе) ол шығарған облигациялармен жүзеге асырылатын жағдайда ғана жол беріледі.
Дивидендтерді алуға құқығы бар акционерлердің тізімі дивидендтер төлеу басталатын күннің алдындағы күні жасалуға тиіс.
Төленбеген дивидендтері бар акцияларды иеліктен алу, егер осы Заңда және (немесе) акцияларды иеліктен алу туралы шартта өзгеше көзделмесе, акцияның жаңа иесінің оларды алу құқығымен жүзеге асырылады.
2. Қоғамның акциялары бойынша дивидендтер төлеудің кезеңділігі қоғамның жарғысымен және (немесе) акцияларды шығару проспектісімен белгіленеді.
3. Қоғамның акциялары бойынша дивидендтер төлеу төлем агенті арқылы жүргізілуі мүмкін. Төлем агентінің қызметіне ақы қоғам есебінен төленеді.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Орналастырылмаған немесе қоғамның өзi сатып алған акциялар бойынша, сондай-ақ егер сот немесе қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы қоғамды тарату туралы шешiм қабылдаса, дивидендтер есептелмейдi және төленбейдi.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Қоғамның жай және артықшылықты акциялары бойынша:
1) өз капиталының теріс мөлшері болған жағдайда немесе егер қоғамның өз капиталының мөлшері оның акциялары бойынша дивидендтер есептеу нәтижесінде теріс болса;
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) егер қоғам Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес төлем қабiлетсiздiгi немесе дәрменсiздiк белгiлерiне сай келсе не аталған белгiлер қоғамда оның акциялары бойынша дивидендтер төлеу нәтижесiнде пайда болса, дивидендтерді есепке жазуға жол берілмейді.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2-1) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы» және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда;
3) 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Акционер, осы баптың 5-тармағындағы негіздер бойынша дивиденд есептелмеген жағдайларды қоспағанда, қоғам берешегінің жиналып қалу мерзіміне қарамастан, алынбаған дивидендтердің төленуін талап етуге құқылы.
Дивидендтер оларды төлеу үшін белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда акционерге дивидендтердің негізгі сомасы және ақша міндеттемесін немесе оның тиісті бөлігін орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін негізге ала отырып есептелетін өсімпұл төленеді.
7. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар өз акциялары бойынша дивидендтерді есептемейді және төлемейді.
23-бап. Жай акциялар бойынша дивидендтер
2005.08.07 ж. № 72-IІІ (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Егер қоғамның жарғысында осындай төлем көзделген жағдайда, қоғамның жай акциялары бойынша тоқсан, жартыжылдық немесе жыл қорытындылары бойынша дивидендтер төлеу тек қана қоғамның тиісті кезең үшін қаржылық есептілігіне аудит жүргізілгеннен кейін және акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен жүзеге асырылады. Акционерлердің жалпы жиналысының жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімінде бір жай акцияға төленетін дивиденд мөлшері көрсетіледі.
Қоғамның жай акциялары бойынша жыл қорытындысы бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімді акционерлердің жылдық жалпы жиналысы қабылдайды.
Қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдауға құқылы.
2. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімде мынадай мәліметтер:
1) қоғамның атауы, орналасқан жері, банк және өзге де реквизиттері;
2) дивидендтер төленетін кезең;
3) бір жай акцияға шаққандағы дивидендтің мөлшері;
4) дивидендтер төлеудің басталатын датасы;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) дивидендтер төлеудің тәртібі мен нысаны;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) төлем агентінің атауы (төлем агенті болған кезде) қамтылуға тиіс.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Дивидендтерді төлеу акционерлердің жалпы жиналысы қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуға тиіс.
Қоғамда немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде, талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа жүзеге асырылуға тиіс.
24-бап. Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу қоғам органының шешімін талап етпейді.
Артықшылықты бір акцияға дивидендтер төлеу кезеңділігі және дивидендтің мөлшері қоғамның жарғысында белгіленеді.
Дивидендтерді төлеу дивидендтерді алу құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған күннен кейін тоқсан күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуға тиіс.
Қоғамда немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтерді төлеу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде, талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа жүзеге асырылуға тиіс.
Артықшылықты акциялар бойынша есептелетін дивидендтердің мөлшері жай акциялар бойынша осы кезең үшін есептелетін дивидендтердің мөлшерінен аз болмауға тиіс.
Дивидендтер алу құқығы бар және қоғамның акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде жаңартылған деректемелері бар акционерлерге артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер толық төленбейінше жай акциялары бойынша дивидендтер төленбейді.
2. Артықшылықты акция бойынша дивидендтің кепілдікті мөлшері оның мәні тұрақты және жалпы қолжетімді болған жағдайда қайсыбір көрсеткішке қатысты белгіленген түрінде де, индекстеу арқылы да белгіленуі мүмкін.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу мерзімінің басталуы алдындағы бес жұмыс күні ішінде қоғам қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде осы Заңның 23-бабы 3-тармағының 1), 2), 4), 5) тармақшаларында тізіп келтірілген мәліметтерді көрсете отырып, дивидендтер төлеу, сондай-ақ қоғамның бір артықшылықты акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері туралы ақпарат жариялауға міндетті.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25-бап. Тұлғаның бағалы қағаздардың қайталама нарығында қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызын дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта сатып алуы
1. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызын не қоғамның дауыс беретін акцияларының өзге санын дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта сатып алуға ниетті, сатып алу нәтижесінде тұлғаға дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызы тиесілі болатын осы тұлға бұл туралы қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алудың болжамды күніне дейін отыз жұмыс күні бұрын қоғамға хабарлама жіберуге міндетті. Хабарламада қоғамның сатып алынатын дауыс беретін акцияларының саны және олардың болжамды сатып алу бағасы туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
2. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызын не дауыс беретін акциялардың өзге санын дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта сатып алған, сатып алу нәтижесінде тұлғаға дербес немесе оның үлестес тұлғаларымен жиынтықта қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызы тиесілі болған осы тұлға қоғамға сатып алған күннен кейін он бес жұмыс күні ішінде қалған акционерлерге қоғамның өздеріне тиесілі акцияларын сатуға ұсыныс жіберуге міндетті.
Қалған акционерлерге қоғамның өздеріне тиесілі акцияларын сату туралы ұсыныста атын (атауын), тұрғылықты жерін (орналасқан жерін), қоғамның оларға тиесілі дауыс беретін акцияларының санын қоса алғанда, қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз және одан көп пайызы жиынтығында тиесілі болған тұлға және оның үлестес тұлғалары туралы және осы Заңның 69-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын, акцияларды сатып алудың ұсынылатын бағасы туралы деректер қамтылуға тиіс.
3. Қоғам осы баптың 2-тармағында көрсетілген акцияларды сату туралы ұсынысты алған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастыруды қамтамасыз етеді.
4. Қалған акционерлер осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның қоғамның өздеріне тиесілі акцияларын сату туралы ұсынысын акцияларды сату туралы ұсыныс жарияланған күннен кейін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылдауға құқылы.
Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның ұсынысын қабылдаған акционер қоғамның өзіне тиесілі акцияларын осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның пайдасына иеліктен шығаруды қоғамның өзіне тиесілі акцияларын сату туралы жазбаша келісім берген күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде жүргізуге міндетті.
Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлға акционердің қоғамның өзіне тиесілі акцияларын сату туралы жазбаша келісімін алған күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде осы акцияларды төлеуге міндетті.
5. Қоғам акционерлердің осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаға қоғамның акцияларын сатуына кедергі келтіруге құқылы емес. Қоғамның акцияларын сатқысы келетін тұлғаға, осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаға акцияларды қоғамның өзінің немесе үшінші тұлғалардың осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлға ұсынған бағадан асатын баға бойынша сатып алуы туралы ұсыныс жасауға қоғамның құқығы бар. Қоғамның акцияларын сатып алу туралы қоғамның ұсынысында акциялардың саны, бағасы және акцияларды үшінші тұлғалар сатып алған жағдайда сатып алушылардың деректемелері туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
6. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызын не қоғамның дауыс беретін акцияларының өзге санын дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта сатып алған, сатып алу нәтижесінде тұлғаға қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызы дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта тиесілі болған осы тұлға осы бапта белгіленген міндеттерді сақтамаған жағдайда, аталған тұлға (тұлғалар):
1) өзімен (өздерімен) үлестес емес тұлғаларға қоғамның дауыс беретін акцияларының жиырма тоғыз пайызынан асатын, қоғамның өзіне (өздеріне) тиесілі акцияларының бір бөлігін иеліктен шығаруды жүргізуге міндетті;
2) өзімен (өздерімен) үлестес емес тұлғаларға қоғамның дауыс беретін акцияларының жиырма тоғыз пайызынан асатын, қоғамның өзіне (өздеріне) тиесілі акцияларының бір бөлігін иеліктен шығаруды жүргізгенше қоғамның басшылығына немесе саясатына ықпал етуге бағытталған ешбір әрекетті жасауға және (немесе) қоғамның өзіне (өздеріне) тиесілі дауыс беретін акциялары бойынша дауыс беруге құқылы емес.
7. Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның қоғамның өзіне тиесілі акцияларын сату туралы ұсынысына жауап ретінде қоғамның өзіне тиесілі акцияларын сату туралы жазбаша келісім берген қоғамның акционері осы ұсынысты жариялаған тұлғаның қоғамның акцияларын сатып алудан бас тартуына сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.
8. Осы Заңның 25-1-бабының 1-тармағында белгіленген жағдайға осы баптың талаптары қолданылмайды.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9. Осы баптың 2, 3, 4, 6 және 7-тармақтарының талаптары:
тұлғаның (қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызын өзі дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта иеленетін және осы бапта белгіленген міндеттерді бұрын орындаған) бағалы қағаздардың қайталама нарығында өзінің үлестес тұлғаларынан (қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызын көрсетілген тұлғамен жиынтықта иеленетін және қоғамға бұрын жіберілген хабарламада көрсетілген) осы қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алуы;
үлестес тұлғаның (қоғамға бұрын жіберілген хабарламада көрсетілген және қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызын осы бапта белгіленген міндеттерді бұрын орындаған тұлғамен жиынтықта иеленетін) бағалы қағаздардың қайталама нарығында басқа үлестес тұлғадан (қоғамға бұрын жіберілген хабарламада көрсетілген және қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызын осы бапта белгіленген міндеттерді бұрын орындаған тұлғамен жиынтықта иеленетін) осы қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алуы жағдайларына қолданылмайды.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 25-1-баппен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
25-1-бап. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес немесе одан көп пайызын дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта сатып алған тұлғаның қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алуы
1. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес және одан көп пайызын не жиынтығында қоғамның дауыс беретін акцияларының кемінде он пайызын құрайтын дауыс беретін акциялардың өзге санын дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта сатып алған, сатып алу нәтижесінде тұлғаға дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес және одан көп пайызы тиесілі болға осы тұлға, сатып алу күнінен кейін алпыс жұмыс күні ішінде қоғамның қалған акционерлерінен осы қоғамның оларға тиесілі дауыс беретін акцияларын өзіне сатуды талап етуге құқылы.
Қоғамның өздеріне тиесілі дауыс беретін акцияларын сату туралы акционерлерге талапта атын (атауын), тұрғылықты жерін (орналасқан жерін), қоғамның оған (оларға) тиесілі дауыс беретін акцияларының санын қоса алғанда, осы талапты мәлімдеген тұлға (тұлғалар) туралы және осы баптың 4-тармағына сәйкес айқындалатын, қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алудың ұсынылып отырған бағасы туралы деректер қамтылуға тиіс.
2. Қоғам осы баптың 1-тармағында көрсетілген талапты алған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді.