Қазақстан Республикасының
Заңы
1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне
Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы
2015 жылғы 27 шілдеде Женевада жасалған 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қазанның 12-і.
№ 356-V