Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1170 Қаулысы
(2023.29.07. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңының 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. ҚР Үкіметінің 2023.14.07. № 586 Қаулысымен алып тасталды (2023 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мыналарға:
1) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлеріне - 4 (төрт) лауазымдық жалақы, бірақ 300 (үш жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын;
2) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қызметкерлеріне - шетелдік валютадағы лауазымдық жалақысының 50 пайызы мөлшерінде өкілдік керек-жарақ құнының жыл сайынғы ақшалай өтемақысы белгіленсін.
3. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағы туралы ереже. ҚР Үкіметінің 2023.14.07. № 586 Қаулысымен алып тасталды (2023 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)