6) 55-бап «әкеп соғатын болса,» деген сөздерден кейін «сондай-ақ осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген, жария компаниялардың айналымдағы акциялардың он пайыздан астамын өзара иеленуіне алып келетін мәмілелер жасалған кезде,» деген сөздермен толықтырылсын.
11. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат):
1) 42-бапта:
бірінші бөліктің 11) тармақшасы алып тасталсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көзделген жағдайда оған қатысты тізімдемеден шығару (тыйым салудан босату) туралы талап қойылған мүлік бөлігінде ғана атқарушылық әрекеттер тоқтатыла тұрады.»;
2) 44-баптың 2) тармақшасындағы «және 11)» деген сөздер алып тасталсын.
12. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 97-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Шешім қабылданған кезден бастап екі жыл ішінде мүліктік кешен ретінде мемлекеттік кәсіпорынды жекешелендіру туралы шешім орындалмаған жағдайда, бұл мемлекеттік кәсіпорын таратылуға жатады.»;
2) 98-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Шешім қабылданған кезден бастап екі жыл ішінде мемлекеттің қатысуы жүз пайызды құрайтын акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін жекешелендіру туралы шешім орындалмаған жағдайда, бұл заңды тұлғалар таратылуға жатады.»;
3) 130-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «Азаматтық кодексінде» деген сөздерден кейін «, осы Заңның 97-бабының 5-тармағында, 98-бабының 4-тармағында» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 133-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекет мынадай:
1) мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, қорғаныс қабілетін немесе қоғамның мүдделерін қорғауды қамтамасыз етудің өзге мүмкіндігі болмаған;
2) мемлекетке тиесілі стратегиялық объектілер пайдаланылған және күтіп-ұсталған;
3) мемлекеттік монополияға жатқызылған салалардағы қызмет жүзеге асырылған;
4) тиісті тауар нарығында ұқсас не өзара алмастырылатын тауарды өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі (субъектілері) болмаған;
5) мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында тікелей көзделген жағдайларда мемлекеттік кәсіпорындар құрады.»;
5) 135-баптың 3-тармағы мынадай редакция жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорын заңды тұлғаларды құра алмайды, сондай-ақ басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.».
13. «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 22-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Кредитор оңалту рәсімін немесе банкроттық рәсімін жүргізу барысында соттың шешіміне, әкімшінің әрекетіне, егер осы шешімдер немесе әрекеттер оның заңды мүдделеріне нұқсан келтірсе, шағым жасауға құқылы.»;
2) 26-баптың 5-тармағының жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кредиторлар жиналысының оңалту жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешімі, талаптары осындай кредиторлармен бір кезек құрамында және (немесе) кейінгі кезектер құрамында қанағаттандырылуға жататын кредиторларды қоса алғанда, осы өзгерістермен және (немесе) толықтырулармен мүдделері қозғалған кредиторлар дауыстары санының көпшілік дауысымен қабылданады.»;
3) 38-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «борышкердің өтініші негізінде сотта қозғалады» деген сөздер «борышкердің немесе, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредиторды қоспағанда, кредитордың (кредиторлардың) өтініші негізінде сотта қозғалады» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-1-тармақ алып тасталсын;
4) 45-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын;
5) 89-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Банкроттықты басқарушы:
1) кредиторлардан мәлімделген талаптардың негізі мен сомасын растайтын құжаттарды сұратуға;
2) кредиторлар жиналысының келісімімен банкроттық рәсімін жүргізу үшін кредит алуға құқылы.»;
6) 93-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 14-2) тармақшамен толықтырылсын:
«14-2) банкроттық рәсімін жүргізу үшін банкроттықты басқарушының кредит алуы туралы шешім қабылдау;»;
7) 100-баптың 3-тармағы «талаптары» деген сөзден кейін «, сондай-ақ банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде банкроттықты басқарушының кредит алуы нәтижесінде туындаған талаптар» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 101-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде банкроттықты басқарушының кредит алуы нәтижесінде туындаған кредиторлар талаптары екінші кезек құрамына енгізілген, олардың алдындағы берешек банкроттық рәсімі қозғалғанға дейін туындаған кредиторлардың талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейін өтеледі.»;
9) 103-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы Заңның 104-бабында белгіленген тәртіп өздерінің талаптары банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде банкроттықты басқарушының кредит алуы нәтижесінде туындаған кредиторларға қолданылмайды.».
14. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 23, 143-құжат):
3-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасындағы «шілдеден» деген сөз «сәуірден» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Заңның 1-бабы 38-тармағы 21) тармақшасының елу алтыншы, елу жетінші және елу сегізінші абзацтарының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
1) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«1) мыналарға:
бюджет қаражаты есебінен немесе мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандарының қатысуымен қаржыландырылатын жаңа объектілерді салу немесе бұрыннан барларын өзгерту;
мемлекеттік инвестициялардың қатысуынсыз қаржыландырылатын ықтимал қауіпті жаңа өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларын салу немесе бұрыннан барларын өзгерту үшін жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға);»;
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«1) мыналарға:
қаржыландыру көздеріне қарамастан, ықтимал қауіпті құрылыс объектілеріне жататын жаңа өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі жаңа объектілерді, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларын салу;
бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен қаржыландырылатын бұрыннан бар ықтимал қауіпті, сондай-ақ техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу үшін жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға);».».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы сәуірдің 22-і.
№ 308-V