2) жаңадан жасалған зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан төленетін ай сайынғы сақтандыру төлемінің мөлшері жаңа зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күнге қолданыста болатын ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан төмен болмауы керек.
10. Зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан салымшының (алушының) зейнетақы аннуитеті шартын жасасқаннан кейін зейнетақы шотында қалған және (немесе) сақтандыру ұйымымен басқа зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін жаңадан қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалануға құқығы бар.
11. Қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген жағдайда:
1) сақтандыру төлемдерінің кезеңділігі осы баптың 13-тармағына сәйкес айқындалады;
2) зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан төленетін кезеңдік сақтандыру төлемінің мөлшері қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күнге қолданыста болатын ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан төмен болмайды.
12. Сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеуді сақтандыру ұйымы уәкілетті орган белгілеген әдістемеге сәйкес жүзеге асырады.
Сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша іс жүргізуге жұмсайтын шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемі индекстеу мөлшерлемесін уәкілетті орган белгілейді.
13. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдері ай сайын жүзеге асырылады.
Сақтандыру ұйымы алғашқы ай сайынғы сақтандыру төлемін зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының сомасы сақтандыру ұйымына аударылған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ сақтанушы:
ерлер - 55 жасқа;
әйелдер:
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 52 жасқа;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 52,5 жасқа;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 53 жасқа;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 53,5 жасқа;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 54 жасқа;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 54,5 жасқа;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 55 жасқа;
осы Заңның 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдар 50 жасқа толғаннан кейін жүзеге асырады.
34-тармақтың 12) тармақшасының отыз сегізінші және отыз тоғызыншы абзацтарының қолданысы осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған зейнетақы аннуитеті шарттарынан туындаған құқықтық қатынастарға да қолданылады
14. Зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан тұлғалар оны жасасқан күннен бастап екі жылдан кейін сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту бөлігінде шарттың талаптарын өзгерту және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ақшаны қайтару туралы өтінішпен сақтандыру ұйымына жүгінуге құқылы.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтарылуға жататын ақша сомасы зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күнге ол бойынша сатып алу сомасы мен зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күнге осы Заңның 59-бабының 2-тармағында айқындалған төлем мөлшері негізге алына отырып есептелген сақтандыру сыйлықақысының сомасы арасындағы айырмаға тең.
15. Сатып алу сомаларын зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға байланысты бір сақтандыру ұйымынан екінші сақтандыру ұйымына аудару тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
13) 61-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу кезінде немесе қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға;»;
2-1) тармақша алып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) зейнетақы аннуитеті шартының көшірмесін алуға құқығы бар.»;
34-тармақтың 13) тармақшасының сегізінші абзацы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сақтандыру ұйымы:
1) сақтанушыны сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдері мөлшерінің есеп-қисаптарымен таныстыруға;
2) зейнетақы аннуитеті шартын осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен ресімдеуге;
3) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен жасалған зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша деректер алмасуды жүзеге асыруға;
34-тармақтың 13) тармақшасының он төртінші абзацы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан жаңа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу туралы мәліметтер алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сатып алу сомасын жаңа сақтандыру ұйымына аударуға;
5) зейнетақы аннуитеті шартында көзделген, сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдері уақтылы жүзеге асырылмаған кезде құқықтары бұзылған сақтанушыға немесе сақтандырылушыға мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін төленбей қалған соманың 1,5 пайызы, бірақ төленбей қалған соманың 50 пайызынан аспайтын мөлшерінде өсімпұл төлеуге;
6) сақтанушы және (немесе) сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға зейнетақы аннуитеті шартында белгіленген мөлшерде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде 15 еселенген мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем түрінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға;
34-тармақтың 13) тармақшасының он жетінші абзацының қолданысы осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған зейнетақы аннуитеті шарттарынан туындаған құқықтық қатынастарға да қолданылады
7) қайтарылуға жататын ақша сомасын осы Заңның 60-бабының 14-тармағында көзделген өтінішті алған кезден бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға міндетті.»;
34-тармақтың 14) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14) 62-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шарты туралы мәліметтерді алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуға міндетті.».
35. «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) кепілді кредитор - Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін, талаптары борышкердің мүлкін кепілге салумен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредитор;»;
2) 7-бап мынадай мазмұндағы 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын:
«8. Осы баптың 2-тармағы 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының ережелері мынадай:
1) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) оңалту және (немесе) банкроттық туралы іс қозғалғаннан кейін немесе оңалту және (немесе) банкроттық туралы іс қозғалған күнге дейінгі бір ай ішінде жасалған;
2) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) борышкерден қаржы саласындағы қызметпен және (немесе) қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысуға лицензия кері қайтарып алынған күнге дейінгі бір ай ішінде жасалған;
3) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) борышкердің үлестес тұлғасымен немесе оның мүддесі үшін оңалту және (немесе) банкроттық туралы іс қозғалған күнге дейінгі алты ай ішінде жасалған;
4) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) борышкердің уақытша төлем қабілетсіздігі белгілері туралы білген (немесе білуге тиіс) тұлғамен оңалту және (немесе) банкроттық туралы іс қозғалған күнге немесе борышкерден қаржы саласындағы қызметпен және (немесе) қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысуға лицензия кері қайтарып алынған күнге дейінгі алты ай ішінде жасалған;
5) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша мынадай жағдайлардың бірінде:
оңалту және (немесе) банкроттық туралы іс қозғалғаннан кейін немесе оңалту және (немесе) банкроттық туралы іс қозғалған күнге дейінгі бір ай ішінде;
борышкерден қаржы саласындағы қызметпен және (немесе) қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысуға лицензияны кері қайтарып алған күнге дейінгі бір ай ішінде;
борышкердің үлестес тұлғасымен оңалту және (немесе) банкроттық туралы іс қозғалған күнге дейінгі алты ай ішінде;
борышкердің уақытша төлем қабілетсіздігі белгілері туралы білген (немесе білуге тиіс) тұлғамен оңалту және (немесе) банкроттық туралы іс қозғалған күнге немесе борышкерден қаржы саласындағы қызметпен және (немесе) қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысуға лицензия кері қайтарып алынған күнге дейінгі алты ай ішінде тараптардың ауысуы (әмбебап құқық мирасқорлығы нәтижесінде тараптардың ауысуын қоспағанда) жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда, бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәмілеге (мәмілелерге) қатысты қолданылмайды.
9. Бас қаржылық келісім шеңберіндегі бір немесе бірнеше мәміленің жарамсыздығы, егер бас қаржылық келісімге және қалған мәмілелерге қатысты оларды жарамсыз деп тануға негіздер болмаса, бас қаржылық келісімнің өзінің және бас қаржылық келісім шеңберіндегі қалған мәмілелердің жарамсыздығына алып келмейді.
Нетто-міндеттеме (нетто-талап) айқындалғаннан кейін бас қаржылық келісім шеңберіндегі бір немесе бірнеше мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда, нетто-міндеттеме (нетто-талап) нетто-міндеттемеден (нетто-талаптан) жарамсыз деп танылған мәміленің немесе мәмілелердің нәтижелерін алып тастау арқылы нетто-міндеттемені (нетто-талапты) айқындаған мәміле тарабының қайта есептеуіне жатады.»;
3) 8-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Осы баптың 1, 2, 3 және 4-тармақтарының, 28-2-бабының, 50-бабы 1-тармағының, 51-бабының, 68-бабы 1-тармағының, осы Заңның 76-бабы 4) тармақшасының, 87-бабының, 94-бабы 6) тармақшасының, 101-бабы 3-тармағының, 117-бабының және 122-бабы 1-тармағының ережелері бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жазуға және (немесе) тарату неттингіне қатысты қолданылмайды.
Бас қаржылық келісімнің тараптары бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жазуды және (немесе) тарату неттингін бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырады (қолданады).
Бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылған (қолданылған) талаптарды есепке жазу және (немесе) тарату неттингі нәтижесінде туындаған (есептелген) нетто-талап осы Заңда белгіленген кредиторлармен есеп айырысу қағидаларына сәйкес жалпы негіздерде қанағаттандырылады.»;
4) 96-баптың 4-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес жобалық қаржыландыру кезінде арнайы қаржы компаниясының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету және секьюритилендіру кезінде арнайы қаржы компаниясының облигациялары бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтер мен ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын кепілге салынған мүлік: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша (ипотекалық куәліктерді қоса алғанда) талап ету құқығы, сондай-ақ көрсетілген облигацияларға олардың ұстаушыларында мәмілелер не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер бойынша меншік құқығы туындаған немесе оларға ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары енгізілмейді.
Банкроттықты басқарушы бөлінген активтерді қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкіліне басқаруға (бөлінген активтерді өткізу және кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану құқығымен және бөлінген активтердің құрамына кіретін өзге де қамтамасыз ету) береді.
Банкроттықты басқарушы осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын кепілге салынған мүлікті ипотекалық облигациялар эмитенті кредиторларының талаптарын қанағаттандыру үшін ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкіліне береді;»;
10) тармақшадағы «лизинг нысанасы енгізілмейді.» деген сөздер «лизинг нысанасы;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) банкроттық және (немесе) оңалту туралы іс қозғалған күнге немесе борышкерден қаржы саласындағы қызметпен және (немесе) қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысуға лицензия кері қайтарып алынған күнге дейін, осы күндердің қайсысы бұрын болғанына қарай, бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміледе (мәмілелерде) айқындалған тәртіппен және шарттарда кредиторға берілген қамтамасыз ету төлемақысы енгізілмейді.»;
5) 100-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Екінші кезекте осы Заңның 104-1-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда кепілді кредиторлардың талаптары, банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде банкроттықты басқарушының қарыз алуы нәтижесінде туындаған талаптар, сондай-ақ орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын клирингтік ұйымның осы клирингтік ұйымның клирингтік қатысушысы болып табылатын банкрот орталық контрагенттің қатысуымен бұрын жасаған және орындамаған мәмілелердің салдарынан туындаған талаптары қанағаттандырылады.»;
6) 103-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кепілді кредитор талабының сомасын айқындау кезінде кепілмен қамтамасыз етілген бөлігіндегі міндеттеме бойынша берешек ескеріледі.
2. Кепілді кредитордың талаптары кепіл нысанасын өткізуден түскен соманың мөлшері шегінде қанағаттандырылады. Талаптардың кепіл нысанасын өткізуден түскен соманың мөлшерінен асатын сомасы төртінші кезек құрамына енгізуге жатады.».
36. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
«24-1) жол-көлік оқиғасын оңайлатылған ресімдеу - «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда жол-көлік оқиғасы туралы құжаттарды Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатысуынсыз ресімдеу;»;
2) 54-бапта:
2-тармақта:
5) тармақша «кезде» деген сөзден кейін «және жол-көлік оқиғасын оңайлатылған ресімдеу жүзеге асырылмаған кезде» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) жол-көлік оқиғасын оңайлатылған ресімдеуді жүзеге асыруға;»;
3-тармақтың 8) тармақшасының төртінші абзацындағы «5) тармақшасында» деген сөздер «5) және 5-1) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын.
37. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілетін эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын, хабарламаларды, ақпарат пен есептерді мемлекеттік тіркеуге;»;
2) 33-баптың 6-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Бір немесе одан көп банк операциялары және өзге де операциялар лицензияланатын қызмет түрінен алып тасталған жағдайда, өтініш беруші тиісті нормативтік құқықтық акт қолданысқа енген күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде лицензияның қосымшасымен бірге лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Сақтандыру нарығындағы қызметті қоспағанда, қаржы саласындағы қызмет және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгерген жағдайда, егер мұндай өзгеріс лицензияланатын қызмет түрі және (немесе) кіші түрі мәнінің өзгеруіне алып келмесе, өтініш беруші тиісті нормативтік құқықтық акт қолданысқа енген күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.»;
3) 34-бап мынадай мазмұндағы 5-2-тармақпен толықтырылсын:
«5-2. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру кезінде микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысы микроқаржы ұйымы банк болып мемлекеттік қайта тіркелген кезден бастап тоқтатылады.»;
4) 1-қосымшада:
53-жолдың 3-бағанының 26-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтары салымшыларының салымдарын қабылдау, банктік шоттарын ашу мен жүргізу және оларға тұрғын үй қарыздарын беру;»;
58-жолдың 3-бағанының 13-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Заңды тұлғалардың қарыздарын сақтандыру.»;
58-1-жолдың 3-бағанының 13-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Заңды тұлғалардың қарыздарын сақтандыру.»;
59, 59-1 және 65-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
59. | «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия | 1. «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген сыныпты қоспағанда, өмірді сақтандыру. 2. «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген сыныпты қоспағанда, аннуитеттік сақтандыру. 3. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру. 4. Зейнетақы аннуитеттік сақтандыру. | Иеліктен шығарылмайтын; конкурс рәсімі қолдануға келмейді; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; 1-сынып |
59-1. | «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия | 1. «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген сыныпты қоспағанда, өмірді сақтандыру. 2. «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген сыныпты қоспағанда, аннуитеттік сақтандыру. 3. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру. 4. Зейнетақы аннуитеттік сақтандыру. | Иеліктен шығарылмайтын; конкурс рәсімі қолдануға келмейді; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; 1-сынып |
»
«
65. | Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия | | Иеліктен шығарылмайтын; конкурс рәсімі қолдануға келмейді; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; 1-сынып |
»;
5) 2-қосымшада:
242-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
242. | Банкке немесе банк холдингіне еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына немесе банктің немесе банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру | Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Басқармасының банкке немесе банк холдингіне еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына немесе банктің немесе банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру (рұқсат беруден бас тарту туралы) туралы қаулысы | Мерзімсіз рұқсат; конкурс рәсімі қолдануға келмейді; рұқсат беру кезінде осы Заңның 25-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданыл майды |
»;
мынадай мазмұндағы 246-1-жолмен толықтырылсын:
«
246-1 | Микроқаржы ұйымына банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру | Микроқаржы ұйымына банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат | Рұқсаттың қолданылу мерзімі 1 жыл. Мерзім Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда тоқтатыла тұрады. Конкурс рәсімі қолдануға келмейді; рұқсат беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды |
».
38. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 19-тармағы 12) тармақшасының сегізінші абзацындағы «жеке сәйкестендіру нөмірі және (немесе) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары жоқ және (немесе)» деген сөздер алып тасталсын;
2) 2-баптың 3) тармақшасының он үшінші абзацындағы «жеке сәйкестендіру нөмірі және (немесе) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары жоқ және (немесе)» деген сөздер алып тасталсын.
39. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы банк - «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында депозиттер қабылдау және (немесе) банктік шоттар ашу және жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынуға «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің лицензиясы бар «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы;»;
2) 4-баптың 1-тармағының 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«17) банктер арасында, банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату, сондай-ақ банктердің «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы банктермен корреспонденттік қатынастар орнатуы қағидаларын;»;
3) 27-бапта:
7-тармақта:
екінші бөлік «сондай-ақ» деген сөзден кейін «банктер мен «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы банктер арасында,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Банктердің «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы банктерге корреспонденттік шоттар ашу және жүргізу ерекшеліктері, оның ішінде валюта мен операциялар тізбесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
10-тармақтың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
5-2) номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын осы тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
5-3) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыруға арналған банктік шоттардағы ақшаға;»;
11-тармақтың екінші бөлігі «банктік шоттардағы активтеріне» деген сөздерден кейін «, инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын осы тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыруға арналған банктік шоттардағы ақшаға» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 46-баптың 7-тармағының бірінші бөлігінде:
5) тармақша «шотындағы ақшаны,» деген сөздерден кейін «инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаны, номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын осы тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаны, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыруға арналған банктік шоттардағы ақшаны,» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақшадағы «кезде жүргізіледі.» деген сөздер «кезде;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) банктердің «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы банктермен корреспонденттік қатынастар орнатуын реттейтін нормативтік құқықтық актінің талаптарына нұсқау сәйкес келмеген кезде жүргізіледі.».
40. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: