24) салымшы - салым шартының тарапы болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы;
25) сатып алу сомасы - сақтанушының сақтандыру шартының қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде алуға құқығы бар, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен айқындалатын ақша сомасы.»;
2) 3-баптың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) білім беру жинақтау салымының және білім беру жинақтау сақтандыруының нысаналы мақсаты;
4) азаматтардың, қатысушы банктердің және қатысушы-сақтандыру ұйымдарының Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысуға қосылуының еріктілігі;»;
3) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі жұмыс істеуінің құқықтық негіздері
1. Осы Заңның 11-бабының 7-тармағында және 11-1-бабының 11-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру бағдарламалары бойынша білім алуға қолданылады.
2. Салымшы, пайда алушы, қатысушы банк, қатысушы-сақтандыру ұйымы, енгізуші, сақтанушы, оператор, білім беру ұйымы, білім беру саласындағы уәкілетті орган Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысушылар болып табылады.»;
4) 6-бапта:
1), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қатысушы банкпен, қатысушы-сақтандыру ұйымымен ынтымақтастық туралы келісім жасасады;»;
«3) қатысушы банктен, қатысушы-сақтандыру ұйымынан, білім беру ұйымынан, салымшыдан, сақтанушыдан және пайда алушыдан салым шартын, сақтандыру шартын жасасуға, оның қолданысына, мемлекет сыйлықақысын есепке жазуға, білім беру қызметтерінің құны мен ақысына, білім алушының мәртебесіне қатысты қажетті мәліметтерді сұратады;
4) жасалған салым шарттарын, сақтандыру шарттарын тіркеуді жүзеге асырады және есепке алуды жүргізеді;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) және 5-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) тиісінше салымшыда немесе пайда алушыда операторда тіркелген салым шартының немесе сақтандыру шартының, сондай-ақ пайда алушы және салымшы сол бір тұлға болып табылатын сақтандыру шартының немесе салым шартының бар-жоғын тексеруді жүзеге асырады;»;
«5-1) пайда алушының шетелдік білім беру ұйымына қабылданғаны туралы растау құжаттары қатысушы-сақтандыру ұйымынан алынғаннан кейін және сақтандыру шарты бойынша шетелдік білім беру ұйымына сақтандыру төлемі жүзеге асырылғаннан кейін сақтандыру шартын білім беру жинақтау сақтандыруы шарттарының бірыңғай тізілімінен алып тастайды және ол бойынша мемлекет сыйлықақысын есепке жазуды тоқтатады;»;
6), 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысу үшін осы Заңда қойылатын талаптарды қатысушы банктің, қатысушы-сақтандыру ұйымының орындағаны туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жылына екі рет жариялайды;
7) білім беру жинақтау салымына немесе сақтандыру шартына есепке жатқызылуға жататын мемлекет сыйлықақысы сомасын есептеуді жүзеге асырады және оны тиісінше қатысушы банкке немесе қатысушы-сақтандыру ұйымына ұсынады;
8) қатысушы банктің және қатысушы-сақтандыру ұйымының білім беру жинақтау салымдарына және сақтандыру шарттарына мемлекет сыйлықақылары сомаларын есепке жатқызу мерзімдерін сақтауына мониторингті жүзеге асырады;
9) осы Заңның 14 және 14-1-баптарында көзделген жағдайларда мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуын қайта есептеуді жүргізеді;
10) бюджетке қайтарылуға жататын мемлекет сыйлықақысы сомасының мөлшері туралы анықтама-үзінді көшірмені салымшыға, қатысушы банкке, сақтанушыға, пайда алушыға, қатысушы-сақтандыру ұйымына немесе білім беру ұйымына береді;
11) қатысушы банктің, қатысушы-сақтандыру ұйымының немесе білім беру ұйымының мемлекет сыйлықақысы сомасын бюджетке толық және уақытылы қайтаруын қамтамасыз етеді;
12) салымшыға, сақтанушыға, қатысушы банкке, қатысушы-сақтандыру ұйымына, білім беру ұйымына осы Заңда және (немесе) ынтымақтастық туралы келісімде қойылатын талаптарды бұзушылықтар анықталған жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту үшін шаралар қабылдайды;»;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) қатысушы-сақтандыру ұйымы осы Заңның 18-1-бабының 2-тармағында қойылған талаптарды орындамаған жағдайда, қатысушы-сақтандыру ұйымымен ынтымақтастық туралы келісімді біржақты тәртіппен бұзады, сондай-ақ сатып алу сомасын және сақтандыру шарты бойынша есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы сомасын сақтанушының таңдауы бойынша басқа қатысушы-сақтандыру ұйымына аударуды талап етеді;»;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) салымшының немесе пайда алушының Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу фактісі анықталған жағдайда, салымшымен салым шартын немесе сақтанушымен сақтандыру шартын бұзу қажеттігі туралы қатысушы банкті немесе қатысушы-сақтандыру ұйымын хабардар етеді.»;
5) 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Салым шарты және сақтандыру шарты»;
6) 9-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Заңның талаптарына сәйкес келетін, қатысушы банк ұсынған салым шарттары тіркелуге жатады. Салымшының операторда тіркелген салым шарты немесе ол бойынша салымшы пайда алушы болып табылатын, операторда тіркелген сақтандыру шарты болған кезде, салым шарты тіркелуге жатпайды.»;
7) 2-тарау мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:
«11-1-бап. Сақтандыру шарты және сақтандыру шартына билік ету
1. Сақтандыру шарты осы Заңның талаптарына сәйкес және білім беру саласындағы уәкілетті орган қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекіткен үлгілік шарт негізінде қатысушы-сақтандыру ұйымы мен сақтанушы арасында жазбаша нысанда жасалады.
2. Сақтандыру шарты кемінде үш жыл мерзімге жасалады.
3. Сақтандыру шартында мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:
1) сақтандыру шартының нысанасы;
2) сақтанушы туралы мәліметтер;
3) сақтандыру шарты бойынша пайда алушы туралы мәліметтер;
4) сақтандыру жағдайын көрсету;
5) сақтандыру сомасының мөлшері;
6) сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) мөлшері, оны (оларды) төлеу тәртібі мен мерзімдері;
7) төлем талаптары және сатып алу сомасының мөлшері;
8) сақтандыру шартының қолданылу мерзімі;
9) сақтандырып қорғаудың қолданылу мерзімі;
10) мемлекет сыйлықақысының осы Заңда белгіленген мөлшері;
11) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
12) сақтанушының, пайда алушының (заңды өкілдің) сақтандыру құпиясын операторға ашып көрсетуге жазбаша келісімі;
13) тараптардың жауапкершілігі;
14) сақтандыру шартының талаптарына өзгерістер енгізу жағдайлары мен тәртібі;
15) сақтандыру шартын бұзу талаптары;
16) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де ережелер.
4. Сақтандыру шарттары осы Заңның 14-1-бабына сәйкес мемлекет сыйлықақысы есепке жазылатын сақтандыру шарттарын есепке алу үшін білім беру жинақтау сақтандыруы шарттарының бірыңғай тізілімінде тіркелуге жатады.
5. Оператор білім беру жинақтау сақтандыруы шарттарының бірыңғай тізіліміне мәліметтерді енгізу және тіркеу нөмірін беру арқылы қатысушы-сақтандыру ұйымы ұсынған сақтандыру шарттарын тіркеуді жүзеге асырады. Сақтандыру шарты операторда тіркелген пайда алушының пайдасына жасалған сақтандыру шарты немесе ол бойынша салымшы мен пайда алушы сол бір тұлға болып табылатын, операторда тіркелген салым шарты болған кезде тіркелуге жатпайды.
6. Сақтандыру сомасы тараптардың келісімі бойынша сақтандыру шартында айқындалады.
7. Сақтандыру шартының валютасы теңге болып табылады.
8. Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы бір рет немесе сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру жарналары түрінде бөліп төленеді.
9. Мыналар сақтандыру жағдайлары болып табылады:
1) сақтандырылушының сақтандыру шартында белгіленген күнге дейін өмір сүруі;
2) сақтандырылушыға сақтандырып қорғаудың қолданылуы кезеңінде бірінші немесе екінші топтағы мүгедектіктің белгіленуі;
3) сақтандыру шартында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырып қорғаудың қолданылуы кезеңінде сақтандырылушының қайтыс болуы.
10. Пайда алушының шетелдік білім беру ұйымына оқуға түсу жағдайын қоспағанда, пайда алушы шарт негізінде білім беру ұйымына оқуға түскен кезде сақтандыру төлемі білім беру ұйымына жүзеге асырылады.
11. Пайда алушы шарт негізінде шетелдік білім беру ұйымына оқуға түскен кезде сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қатысушы-сақтандыру ұйымы пайда алушының банктік шот бойынша шығыс операцияларын жасау құқығын шектей отырып, шетелдік білім беру ұйымына білім беру қызметіне ақы төлеу мақсатында ғана осы тұлғаның атына «эскроу-шот» режиміндегі банктік шот ашады және сақтандыру төлемі сомасын осы шотқа аударады.
Қатысушы-сақтандыру ұйымы «эскроу-шот» режиміндегі банктік шотқа сақтандыру төлемін аударған кезден бастап мемлекет сыйлықақысын есепке жазу тоқтатылады.
12. Шарт негізінде білім беру ұйымына оқуға түсу кезінде сақтандыру төлемі сақтанушының немесе пайда алушының не оның заңды өкілінің өтініші бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда білім беру ұйымына кезең сайын төлемдермен (әрбір академиялық кезеңге немесе оқу жылына) немесе бір рет толық көлемде (оқудың бүкіл мерзіміне) ақша аудару арқылы жүзеге асырылады.
13. Пайда алушыға білім гранты тағайындалған жағдайда, сақтанушы, сақтанушы қайтыс болған жағдайда - пайда алушы не оның заңды өкілі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда:
1) инвестициялық кірісті және есепке жазылған мемлекет сыйлықақысын ескере отырып, сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін алуға;
2) білім берудің басқа деңгейлерін алу мақсатында сақтандыру шартының қолданылу мерзімін ұзартуға және сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін білім беру қызметтеріне ақы төлеуге жұмсауға;
3) инвестициялық кірісті және мемлекет сыйлықақысын ескере отырып, сақтандыру шарты бойынша сатып алу сомасын Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның пайдасына жасалған (жасалатын) сақтандыру шартына ақы төлеуге аударуға құқылы.
14. Сақтандыру төлемінің мөлшері оқудың бүкіл кезеңіндегі білім беру қызметтеріне ақы төлеу сомасынан асып кеткен жағдайда, асып кеткен сома мөлшеріндегі сақтандыру төлемі сақтандыру шартының қолданылу мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда сақтанушыға, пайда алушыға не оның заңды өкіліне төленуге жатады.
15. Пайда алушы қайтыс болған, сот оны әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кеткен деп таныған не қайтыс болды деп жариялаған немесе пайда алушы денсаулық жағдайының салдарынан оқуын жалғастыруға қабілетсіз болған жағдайда, сақтанушы, сақтанушы қайтыс болған жағдайда - оның мұрагерлері:
1) сақтандыру шартында көрсетілген пайда алушыны Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын басқа адаммен ауыстыруға;
2) сақтандыру шарты бойынша инвестициялық кіріс ескерілген және мемлекет сыйлықақысы сақталған сатып алу сомасын алуға құқылы.
16. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде сақтанушы сақтандыру шарты бойынша инвестициялық кіріс және есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы ескерілген сатып алу сомасын бір қатысушы-сақтандыру ұйымынан басқа қатысушы-сақтандыру ұйымына, бірақ сақтандыру шарты жасалған күннен бастап екі жыл өткеннен кейін аударуды жүзеге асыруға құқылы.
17. Сақтандыру төлемдерінің есептемесі мен оларды жүзеге асыру тәртібі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
8) 14-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) егер күнтізбелік үш жыл ішінде салымшы оқудан шығарылған білім беру ұйымына қайта қабылданбаса не басқа білім беру ұйымына оқуға түспесе, салымшы білім беру ұйымынан шығарылған күннен бастап осы үш жыл өткен;»;
9) 3-тарау мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
«14-1-бап. Сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысын есепке жазу, төлеу және қайтару
1. Мемлекет сыйлықақысы тіркелген сақтандыру шарты бойынша жиырма жылдан аспайтын мерзімге есепке жазылады.
2. Сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысын есепке жазу жыл сайын сақтандыру шарты бойынша 1 қаңтардағы жағдай бойынша есептеу сомасына жүзеге асырылады. Мемлекет сыйлықақысы сақтандыру шартының қолданылу кезеңі ішінде есепке жазылады.
3. Сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысы сақтандыру шарты бойынша есептеу сомасына қосылады және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесіне сәйкес есептеледі.
4. Сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысы салым шарты үшін осы Заңның 13-бабында көзделген мөлшерде есепке жазылады.
5. Сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысын есепке жазу:
1) осы баптың 1-тармағында белгіленген есепке жазу мерзімі өткен жағдайда;
2) сақтандыру шартының қолданылу мерзімі өткен жағдайда;
3) пайда алушы қайтыс болған, соттың оны әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кетті деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген не ол қайтыс болды деп жарияланған күннен бастап тоқтатылады.
6. Есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы:
1) инвестициялық кіріс және есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы ескерілген сатып алу сомасын басқа қатысушы-сақтандыру ұйымына аударуға байланысты шарт бұзылған жағдайды қоспағанда, сақтандыру шарты сақтанушының бастамасы бойынша бұзылған немесе мерзімінің өтуіне байланысты сақтандыру шарты бойынша міндеттемелер нысаналы мақсаты сақталмай тоқтатылған;
2) пайда алушы білім беру ұйымынан шығарылған күннен бастап күнтізбелік үш жыл өткен, егер осы үш жыл ішінде пайда алушы оқудан шығарылған білім беру ұйымына қайта қабылданбаған не басқа білім беру ұйымына оқуға түспеген;
3) пайда алушы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;
4) мемлекет сыйлықақысының артық есепке жазылу фактісі анықталған жағдайларда бюджетке қайтарылуға жатады.
7. Қатысушы-сақтандыру ұйымы мемлекет сыйлықақысын бюджетке қайтаруды оператор арқылы, оның бюджетке қайтарылуға жататын мемлекет сыйлықақысы сомасының мөлшері туралы анықтама-үзінді көшірме бойынша, оператордан анықтама-үзінді көшірме алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:
1) осы баптың 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша толық көлемде;
2) осы баптың 6-тармағының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесіне сәйкес білім беру қызметтеріне пайдаланылмаған сома бөлігінде;
3) осы баптың 6-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша, артық есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы сомасы бөлігінде жүзеге асырады.»;
10) 4-тарау мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:
«18-1-бап. Сақтандыру шарты бойынша мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысушылардың өзара іс-қимылы
1. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысу үшін қатысушы-сақтандыру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен ынтымақтастық туралы үлгілік келісім негізінде оператормен ынтымақтастық туралы келісім жасасады.
2. Қатысушы-сақтандыру ұйымдарына мынадай талаптар қойылады:
1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясының болуы;
2) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу.
3. Сақтандыру шартын жасасу кезінде қатысушы-сақтандыру ұйымы пайда алушының осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келуін, сондай-ақ пайда алушының пайдасына жасалған қолданыстағы сақтандыру шартының және ол бойынша пайда алушы мен салымшы сол бір тұлға болып табылатын салым шартының жоқтығын тексереді.
4. Әрбір сақтандыру шарты бойынша қатысушы-сақтандыру ұйымы ынтымақтастық туралы келісімде белгіленген мерзімдерде және тәртіппен операторға пайда алушы туралы, сақтандыру шарты бойынша есептеу сомасының мөлшерлері, сатып алу сомасы, инвестициялық кіріс ескеріле отырып есептелген мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуы мен сомасы туралы мәліметтерді ұсынады.
5. Оператор пайда алушылардың Қазақстан Республикасы азаматтығына жататынын растау туралы мәліметтерді сұратады, ал құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру жөніндегі уәкілетті орган оларды жыл сайын 1 қаңтарға қарай ұсынады.
6. Оператор сақтандыру шарттары бойынша қатысушы-сақтандыру ұйымдары ұсынған мәліметтер негізінде осы Заңның 17-бабының 2, 3, 4 және 6-тармақтарында көзделген тәртіппен және мерзімдерде мемлекет сыйлықақысын есептеуді, есепке жазуды және толық есепке жазуды жүзеге асырады.
7. Қатысушы-сақтандыру ұйымы пайда алушылардың пайдасына жасалған сақтандыру шарттарына мемлекет сыйлықақысын оператордан мемлекет сыйлықақысының жалпы сомасы алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде есепке жазады.
8. Сақтандыру шарты арқылы білім беру қызметтеріне ақы төлеу сақтанушының немесе пайда алушының өтініші бойынша жүзеге асырылады. Білім беру қызметтерін көрсету шартының көшірмесін ұсынған кезде қатысушы-сақтандыру ұйымы бес жұмыс күні ішінде білім беру ұйымының банктік шотына сақтандыру төлемін аударады.
9. Оқуға қабылданған, ауысқан, академиялық демалыс ресімделген, академиялық демалыстан оралған, оқуға қайта қабылданған, білім беру ұйымынан шығарылған, оның ішінде оқуды бітіруге байланысты шығарылған кезде пайда алушы немесе сақтанушы үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қатысушы-сақтандыру ұйымына және операторға растау құжаттарының көшірмелерін ұсынады.
10. Білім беру ұйымы:
1) пайда алушының оқуға қабылдануы, ауысуы, академиялық демалысты ресімдеуі, академиялық демалыстан оралуы, оқуға қайта қабылдануы, білім беру ұйымынан шығарылуы, оның ішінде оқуды бітіруге байланысты шығарылуы туралы қатысушы-сақтандыру ұйымын және операторды тиісті құжаттардың көшірмелерін жіберу арқылы олар қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабардар етеді;
2) сақтанушының, пайда алушының немесе қатысушы-сақтандыру ұйымының сұрау салуы бойынша талап етілетін академиялық кезеңге оқу құны немесе анықтама берілетін күнге толық оқу құны туралы анықтама береді;
3) оператордың сұрау салуы бойынша білім беру ұйымында білім алатын пайда алушы туралы қажетті мәліметтерді ұсынады;
4) пайда алушы басқа білім беру ұйымына ауысқан кезде, қабылдайтын білім беру ұйымының шотына білім беру қызметтеріне төленген ақының қалдығын аударады, бұл туралы операторды, қатысушы-сақтандыру ұйымын үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
11. Білім беру ұйымы пайда алушының оқуы үшін алған сома мен оқудан шығару туралы бұйрық шыққан күнге нақты алынған білім беру қызметтері құнының сомасы арасындағы айырма білім беру қызметтеріне төленген ақының қалдығы болып табылады.
12. Пайда алушы білім беру ұйымынан оқудан шығарылған кезде білім беру қызметтеріне пайдаланылмаған соманы білім беру ұйымы оқудан шығару туралы бұйрық шыққан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қатысушы-сақтандыру ұйымының банктік шотына аударуға тиіс.»;
11) 19-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру сақтандырудың кепілдік берілген түрлеріне жатады.».
34. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) орыс тіліндегі бүкіл мәтін бойынша түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
2) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым - акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының бір жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;»;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) зейнетақы аннуитеті шарты - бір тарап (сақтанушы) соған сәйкес сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарының сомасын (сатып алу сомасын) беруге міндеттенетін, ал екінші тарап (сақтандыру ұйымы) сақтанушының және (немесе) сақтандырылушының (сақтандырылушылардың) пайдасына өмір бойы немесе белгілі бір уақыт кезеңі ішінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға міндеттенетін сақтандыру шарты;»;
37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«37) сатып алу сомасы - зейнетақы аннуитеті шарты мерзімінен бұрын бұзылған кезде сақтанушының қайта жасалған зейнетақы аннуитеті шарты бойынша аударымды жүзеге асыру үшін пайдалануға немесе, егер Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге тұрақты тұруға шыққан, сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, шығу фактісін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам болса, сақтандыру ұйымынан алуға құқығы бар ақша сомасы;»;
3) 3-баптың 1-2-тармағындағы «, осы Заңның 60-бабының 8-тармағын қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын;
4) 8-бап мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
«4-2) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және зейнетақы жинақтарын (сатып алу сомасын) зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
5) 30-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «тармақшаларында» деген сөзден кейін «, 32-баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 31-баптың 1-1-тармағының үшінші абзацындағы және 32-баптың 1-1-тармағының үшінші абзацындағы «зейнетақы мен» деген сөздер алып тасталсын;
7) 34-баптың 9-тармағында:
4-2) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4-2) мыналарға:
осы Заңның 31-бабының 1-1-тармағында және 32-бабының 1-1-тармағында аталған жеке тұлғаларға міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру үшін қолжетімді сомасы туралы ақпаратты;
осы Заңның 35-1-бабының 5-тармағында аталған жеке тұлғаларға міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру үшін қолжетімді сомасы туралы ақпаратты ақы алмай ұсынуға міндетті.»;
4-3) тармақша «төлеу» деген сөзден кейін «және қайтару» деген сөздермен толықтырылсын;
34-тармақтың 7) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтары 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 9-2) тармақшамен толықтырылсын:
«9-2) дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша деректер алмасуды уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асыруға;»;
8) 39-баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру үшін қолжетімді сомасы туралы ақпарат алуға;»;
9) мынадай мазмұндағы 50-2-баппен толықтырылсын:
«50-2-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты және (немесе) зейнетақы активтері есебінен есеп айырысу жүзеге асырылатын бас қаржылық келісім
Осы Заңның 49-бабы 1-тармағының, 58-бабы 2, 4-тармақтарының және 8-тармағы 2) тармақшасының ережелері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты және (немесе) зейнетақы активтері есебінен есеп айырысу жүзеге асырылатын бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жазуға және (немесе) тарату неттингіне қатысты қолданылмайды.
Бас қаржылық келісімнің тараптары бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жазуды және (немесе) тарату неттингін бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырады (қолданады).
Бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылған (қолданылған) талаптарды есепке жазу және (немесе) тарату неттингі нәтижесінде туындаған (есептелген) нетто-талап осы Заңда және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген, кредиторлармен есеп айырысу қағидаларына сәйкес жалпы негіздерде қанағаттандырылады.»;
10) 55-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың мақсаттары үшін басшы қызметкер лауазымына кандидат деп бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымын атқаруға ниеті бар жеке тұлға немесе басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына сайланған, тәуелсіз директор болып табылатын адам түсініледі.»;