1. Микроқаржы ұйымдарын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында қайта ұйымдастыру осы Заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
2. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру (бұдан әрі - микроқаржы ұйымын банкке айналдыру) деп осы Заңда және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес банк мәртебесін алу және қызметті жүзеге асыру мақсатында микроқаржы ұйымының қызметін өзгертуге бағытталған іс-шаралар кешені түсініледі.
Акционерлік қоғам нысанында қызметін жүзеге асыратын микроқаржы ұйымдары ғана микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға жатады.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нәтижесінде құрылған банк оның барлық құқықтары (талаптары) мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып табылады.
3. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру шеңберінде микроқаржы ұйымын банк етіп мемлекеттік қайта тіркеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға уәкілетті органның рұқсаты және микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы ол мақұлдаған есеп негізінде жүзеге асырады.»;
6) 3-тарау мынадай мазмұндағы 25-1, 25-2, 25-3, 25-4 және 25-5-баптармен толықтырылсын:
«25-1-бап. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға уәкілетті органның рұқсаты
1. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру уәкілетті органның рұқсатымен микроқаржы ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген құжаттар берілген күннен бастап алпыс бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру тәртібі, сондай-ақ микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға уәкілетті органның рұқсатын беру үшін қажетті құжаттардың тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Уәкілетті орган микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсат берумен бір мезгілде «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-1 және 17-1-баптарында көзделген тәртіппен рұқсат және келісім береді.
2. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсаттың уәкілетті орган банкке банк операцияларын жүргізуге лицензия беру туралы шешім қабылдағанға дейін заңды күші болады.
3. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға берілген рұқсаттың мынадай:
1) микроқаржы ұйымы өзге нысанда қайта ұйымдастыру немесе тарату арқылы өз қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған;
2) сот микроқаржы ұйымының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған;
3) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабында көзделген тәртіппен банк операцияларын немесе өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алынбаған жағдайларда күші жойылды деп есептеледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-1 және 17-1-баптарында көзделген тәртіппен бұрын берілген рұқсат беру құжаттарының күші жойылды деп есептеледі.
25-2-бап. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсат беруден бас тарту негіздері
1. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсат беруден бас тарту мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:
1) банк атауының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының талаптарына сәйкес келмеуі;
2) микроқаржы ұйымы акционерлерінің қаржылық жағдайының орнықсыздығы.
Қаржылық жағдайдың орнықсыздығы деп «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабының 10-тармағында белгіленген белгілердің болуы түсініледі;
3) акционер-жеке тұлға не акционердің-заңды тұлғаның атқарушы органының не басқару органының бірінші басшысы:
оның жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар болған;
Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің уәкілетті органы немесе қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымының басқару органының бірінші басшысы, атқарушы органының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері лауазымын атқарған жағдайларда.
Көрсетілген талап Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің уәкілетті органы немесе қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады. Осы тармақшаның мақсаттары үшін қаржы ұйымы деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы да түсініледі;
4) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабында белгіленген талаптардың сақталмауы;
5) уәкілетті органның «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабына сәйкес банктің ірі қатысушысы, банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тартуы;
6) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-1-бабына сәйкес банк холдингінің еншілес ұйымын құруға (сатып алуға) рұқсат беруден бас тартылуы;
7) банктің бизнес-жоспарының және өтініш беруші ұсынған өзге де құжаттардың:
алғашқы үш қаржы жылы (операциялық жыл) өткеннен кейін банк қызметінің рентабельді болатынын;
банк тәуекелді шектеуге қойылатын талаптарды сақтауға және тиісті басқару құрылымын құруға ниетті екенін;
банктің өз қызметінің жоспарларына сәйкес келетін ұйымдық, есептік және бақылау құрылымының бар екенін көрсетпеуі;
8) ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті орган ескертулерінің ол белгілеген мерзімде жойылмауы;
9) микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының осы Заңның 25-3-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
10) микроқаржы ұйымын банкке айналдыру салдарының қаржылық болжамынла микроқаржы ұйымын банкке айналдыру салдарынан микроқаржы ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауының және (немесе) құрамына банк және (немесе) банк холдингі кіретін банк конгломератының пруденциялық нормативтерді сақтамауының күтілуі;
11) микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсат беру туралы өтініш берілген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде микроқаржы ұйымының белгіленген пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;
12) өтініш берілген күнге және құжаттарды қарау кезеңінде микроқаржы ұйымында осы Заңның 28-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген қолданыстағы шектеулі әсер ету шарасының және (немесе) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 211-бабының бірінші, 3-1, төртінші бөліктерінде және 227-бабының үшінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалардың болуы;
13) осы Заңның 25-1-бабының және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 және 21-баптары талаптарының сақталмауы.
2. Уәкілетті орган өтініш берушіні бас тарту негіздері туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.
3. Рұқсат беруге негіз болған анық емес мәліметтер анықталған жағдайда, уәкілетті орган микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға берілген рұқсатты кері қайтарып алады.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсатты кері қайтарып алған немесе микроқаржы ұйымы осы рұқсатты ерікті түрде қайтарған кезде уәкілетті орган рұқсатты кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факт анықталған немесе микроқаржы ұйымы рұқсатты ерікті түрде қайтару туралы өтініш берген күннен бастап екі ай ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды.
Микроқаржы ұйымы микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға өзіне берілген рұқсатты уәкілетті органның микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсатында көрсетілген айналдыру мерзімі өткенге дейін ерікті түрде қайтаруға құқылы.
Микроқаржы ұйымы микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсатты ерікті түрде қайтарған кезде микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға бұрын берілген рұқсаттың және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-1 және 17-1-баптарына сәйкес берілген рұқсат беру құжаттарының күші жойылды деп есептеледі.
25-3-бап. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
1. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын микроқаржы ұйымының директорлар кеңесі бекітеді.
2. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында іске асыру мерзімдерін қоса алғанда, мынадай іс-шаралардың егжей-тегжейлі сипаттамасы қамтылуға тиіс:
1) банктің банк операцияларын жүргізу туралы шарттардың үлгілік шарттарын әзірлеу;
2) айналдыру туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялау және микроқаржы ұйымының интернет-ресурсында орналастыру;
3) қызметтің жаңа түрлерін ескере отырып, микроқаржы ұйымын корпоративтік басқаруды және оның ішкі саясаттары мен рәсімдерін, өзге де ішкі құжаттарын қайта қарау және өзгерту;
4) микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуына жауапты микроқаржы ұйымының басшы қызметкерлерін айқындау;
5) осы Заңның 25-4-бабына сәйкес микрокредит беру туралы шарттар бойынша клиенттермен жұмыс жүргізу;
6) барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды жүргізу, оның ішінде уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін, бухгалтерлік есепке алу мен бас бухгалтерлік кітаптың жүргізілуін автоматтандыру бойынша үй-жайларды, жабдықты және бағдарламалық қамтылымды дайындау, банктің банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуі үшін бағдарламалық қамтылымды пысықтау, тиісті персоналды жалдау үшін қызметкерлердің тегін, атын, әкесінің атын (егер олар жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсете отырып, штат кестесінің, банк қызметін және өзге де қызметті жүзеге асыру қағидаларының, ішкі аудит қызметі, кредит комитеті туралы ереженің жобаларын дайындау;
7) қойылатын талаптары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделетін автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйеге орталықтандырылған қолжетімділік бар, банктің атқарушы органы орналасатын елді мекенде меншікті үй-жайды дайындау;
8) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымына кандидаттарды келісу;
9) осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы есепті уәкілетті органға ұсыну;
10) микроқаржы ұйымын банк етіп мемлекеттік қайта тіркеу туралы өтінішпен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгіну;
11) микроқаржы ұйымы банк болып мемлекеттік қайта тіркелгеннен кейін банк қызметін және өзге де қызметті жүзеге асыру қағидаларын, қызметкерлердің тегін, атын және әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсете отырып, штат кестесін бекіту, банктің директорлар кеңесінің ішкі аудит қызметі, кредит комитеті туралы ережені бекітуі;
12) банктің банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгіну;
13) микроқаржы ұйымын банкке айналдырудың осы Заңның 25-4-бабының 4-тармағында көрсетілген мерзімнен аспауға тиісті жоспарланатын мерзімі;
14) микроқаржы ұйымын банкке айналдыру үшін қажетті өзге де іс-шаралар.
3. Уәкілетті органның рұқсатында көрсетілген айналдыру мерзімі аяқталғанға дейін екі айдан кешіктірмей, микроқаржы ұйымы уәкілетті органға іс-шаралардың орындалуын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы есепті ұсынады.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген есепке ескертулер болған кезде уәкілетті орган микроқаржы ұйымынан қосымша іс-шаралардың орындалуын және (немесе) қосымша ақпарат пен құжаттардың берілуін талап етуге құқылы. Микроқаржы ұйымы уәкілетті органның ескертулерін ескеруге (талап етілетін қосымша іс-шараларды орындауға және (немесе) қосымша ақпарат пен құжаттарды беруге) және уәкілетті орган белгілеген мерзімде растайтын құжаттарды қоса бере отырып, микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы есепті уәкілетті органға қайта ұсынуға міндетті.
5. Уәкілетті орган микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы есеп уәкілетті органға ұсынылған күннен бастап екі ай ішінде оны мақұлдайды немесе мақұлдаудан бас тартады.
25-4-бап. Микроқаржы ұйымының банкке айналуы кезеңіндегі қызметі
1. Айналдыру кезеңінде микроқаржы ұйымы микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға міндетті.
2. Микроқаржы ұйымы микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға уәкілетті органның рұқсатын алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде:
1) микроқаржы ұйымын банкке айналдыру туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды және микроқаржы ұйымының интернет-ресурсында (бар болса) орналастырады;
2) микроқаржы ұйымының клиенттеріне микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен жүргізілуі жоспарланатын банк операциялары мен өзге де операциялардың тізбесін көрсете отырып, микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жүргізілетіні туралы хабарламаны жібереді.
3. Микроқаржы ұйымына микрокредит беру туралы жаңа шарттар жасасуға және осы Заңда көзделген өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға және, банк болып мемлекеттік қайта тіркелгеннен кейін қарыз алушылар үшін шарттарды жақсарту жағына қарай өзгертуді қоспағанда, клиенттермен жасалған микрокредит беру туралы шарттардың талаптарын өзгертуге тыйым салынады.
4. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру мерзімін бір жылдан асыруға болмайды. Осы мерзімді уәкілетті орган микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы есепті қарау және микроқаржы ұйымының осы Заңның 25-3-бабының 4-тармағына сәйкес уәкілетті органның ескертулерін жою мерзіміне тоқтата тұрады.
25-5-бап. Микроқаржы ұйымын мемлекеттік қайта тіркеу және банктің банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру
1. Уәкілетті орган осы Заңның 25-3-бабының 3-тармағында көрсетілген есепті мақұлдағаннан кейін микроқаржы ұйымын банк етіп мемлекеттік қайта тіркеу үшін микроқаржы ұйымы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгінуге міндетті.
2. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға бұрын берілген лицензия микроқаржы ұйымы банк болып мемлекеттік қайта тіркелген кезден бастап өз қолданысын тоқтатады.
3. Микроқаржы ұйымы уәкілетті органның рұқсатында көрсетілген айналдыру мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, уәкілетті органға «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабында көзделген тәртіппен банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтінішпен жүгінуге міндетті.
4. Банк операцияларын немесе өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беруден бас тарту «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабында көзделген жағдайларда жүргізіледі.
5. Микроқаржы ұйымына банктің банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия берілген кезден бастап микроқаржы ұйымын банкке айналдыру аяқталды деп есептеледі.»;
7) 27-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-5) тармақшамен толықтырылсын:
«4-5) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру қағидаларын, сондай-ақ микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға уәкілетті органның рұқсатын беру үшін қажетті құжаттар тізбесін, микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға уәкілетті органның рұқсатын алуға арналған өтініштің, рұқсаттың нысандарын және мәліметтердің нысандарын бекітеді;».
33. «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» 2013 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) білім беру жинақтау сақтандыруы - сақтандыру жағдайының туындауы нәтижесінде, оның ішінде білім беру жинақтау сақтандыруы шартында белгіленген кезең өткеннен кейін, қайсысы бірінші басталатынына қарай, сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін, білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаражат жинақтау мақсатында жүзеге асырылатын өмірді жинақтау сақтандыруы;
2) білім беру жинақтау сақтандыруы шарттарының бірыңғай тізілімі - оператор мемлекет сыйлықақысын есепке жазатын білім беру жинақтау сақтандыруы шарттарын тіркеудің бірыңғай базасы;
3) білім беру жинақтау сақтандыруы шарты (бұдан әрі - сақтандыру шарты) - өмірді жинақтау сақтандыруы шарты, оған сәйкес бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (қатысушы-сақтандыру ұйымы) сақтандыру жағдайының туындауы нәтижесінде сақтандыру төлемін, оның ішінде есепке жазылған инвестициялық кірісті негізге ала отырып есептелген сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттенеді;
4) білім беру жинақтау салымы - салымшының немесе енгізушілердің жарналарын, қатысушы банктің капиталдандырылған сыйақылары мен мемлекет сыйлықақысын қамтитын, салымшының қатысушы банк шотындағы ақшасы;
5) білім беру жинақтау салымы туралы шарт (бұдан әрі - салым шарты) - салымшы қатысушы банкпен жасасқан, білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаражат жинақтауға арналған банктік салым шарты;
6) білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімі - оператор мемлекет сыйлықақысын есепке жазатын салым шарттарын тіркеудің бірыңғай базасы;
7) білім беру қызметтері - білім беру ұйымының білім алушыға жеке адамның білім алу қажеттіліктерін іске асыруға және білім беру бағдарламаларын меңгеруге бағытталған қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметі;
8) білім беру саласындағы уәкілетті орган - білім беру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
9) білім беру ұйымы - Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және әрекет ететін, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлға;
10) енгізуші - салымшының пайдасына білім беру жинақтау салымына жарна салуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденті немесе бейрезиденті;
11) кредитор - банктік қарыз операцияларын жүргізуге лицензиясы бар және мемлекет уәкілеттік берген ұйымның кепілдігімен білім беру кредиттерін ұсыну туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі;
12) кредиттік желі - қарыз алушыға кредитордың білім беру кредиті шартында айқындалған уақыт ішінде келісілген лимит шегінде оған ақша беру жөніндегі заңды түрде ресімделген міндеттемесін ұсыну;
13) қарыз алушы - білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін жетпейтін сомаға кредитормен білім беру кредиті шартын жасасқан салымшы;
14) қатысушы банк - осы Заңда белгіленген талаптарға сай келетін және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператормен Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді жасасқан Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі;
15) қатысушы-сақтандыру ұйымы - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператормен Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді жасасқан заңды тұлға;
16) мемлекет сыйлықақысы - білім беру жинақтау салымының нақты жинақталған қалдығына және сақтандыру шарты бойынша есептеу сомасына бюджет қаражаты есебінен жыл сайын белгіленген мерзімде төленетін ақша;
17) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі - Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін және қатысушы банктердің халықтың салымдарын, қатысушы-сақтандыру ұйымдарының сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарды) тартуына және оларға тиісінше сыйақыларды, инвестициялық кірісті және мемлекет сыйлықақыларын есепке жазуға негізделген, білім беру қызметтеріне ақы төлеуге арналған ақшалай жинақтар жүйесі;
18) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор (бұдан әрі - оператор) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын, Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі қатысушыларының қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және оның Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйым;
19) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі - ынтымақтастық туралы келісім) - Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін іске асыру шеңберінде оператор мен қатысушы банк, оператор мен қатысушы-сақтандыру ұйымы немесе оператор мен білім беру ұйымы арасындағы олардың өзара іс-қимылының шарттары мен тәртібін белгілейтін келісім;
20) пайда алушы - сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;
21) сақтандыру шарты бойынша есептеу сомасы - сақтандыру шарты бойынша сыйлықақыны (жарналарды), инвестициялық кірісті, өткен кезеңдердегі есепке жазылған мемлекет сыйлықақыларын ескере отырып, сақтандыру шарты бойынша қалыптасқан сақтандыру резервін негізге ала отырып айқындалатын және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептелетін мемлекет сыйақысын есептеу үшін қабылданатын сома;
22) сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемі (бұдан әрі - сақтандыру төлемі) - сақтандыру жағдайының туындауы нәтижесінде не сақтандыру шартында айқындалған мерзім басталған кезде, пайдасына сақтандыру шарты жасалған адамның білім алу қызметтеріне (пайда алушыға) ақы төлеу үшін сақтандыру шартында көзделген, оның ішінде сақтандыру сыйлықақысын (жарналарын), инвестициялық кірісті, мемлекет сыйлықақысын қамтитын және қатысушы-сақтандыру ұйымы төлейтін ақша сомасы;
23) сақтанушы - пайда алушының ата-анасы, қамқоршысы, заңды өкілі болып табылатын және қатысушы-сақтандыру ұйымымен сақтандыру шартын жасасқан адам (осы Заңға сәйкес сақтанушы сақтандырылушы болып табылады);