18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«18) талап ету құқықтарының біркелкілігі - талап ету құқықтарының облигацияларды шығару проспектісінде немесе жеке меморандумда немесе облигациялық бағдарлама проспектісінде немесе облигациялық бағдарлама шегіндегі облигацияларды шығару проспектісінде немесе жеке меморандумда айқындалған жалпы объективті өлшемшартқа сәйкестігі;»;
3) 3-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Оригинаторда соңғы қаржы жылы үшін аудиторлық есеп болуға тиіс.»;
4) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Арнайы қаржы компаниясын қайта ұйымдастыру және тарату
1. Арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе ерікті түрде тарату туралы шешімді арнайы қаржы компаниясы бөлінген активтермен қамтамасыз етілген барлық міндеттемені орындағаннан кейін ғана оның қатысушысы (қатысушылары) немесе акционері (акционерлері) қабылдауы мүмкін.
2. Арнайы қаржы компаниясының банкроттығы туралы сотқа арызды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда:
1) арнайы қаржы компаниясы;
2) арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушы (ұстаушылар);
3) арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкілі;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де тұлғалар беруі мүмкін.
3. Арнайы қаржы компаниясы банкрот болған кезде банкроттықты басқарушы бөлінген активтерді арнайы қаржы компаниясы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру үшін арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкіліне басқаруға (бөлінген активтерді өткізу және кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану құқығымен және бөлінген активтердің құрамына кіретін өзге де қамтамасыз ету) береді.
Банкроттықты басқарушының бөлінген активтерді арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкіліне басқаруға беру (бөлінген активтерді өткізу және кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану құқығымен және бөлінген активтердің құрамына кіретін өзге де қамтамасыз ету) тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
4. Арнайы қаржы компаниясы банкрот болған кезде арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкілі арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың талаптарын қанағаттандырудан бөлек, бөлінген активтердің құрамына кіретін және (немесе) бөлінген активтерді өткізуден түсетін ақша есебінен мыналарды:
кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдануға байланысты мемлекеттік баждар мен шығыстарды және бөлінген активтердің құрамына кіретін өзге де қамтамасыз етуді;
жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелері бойынша арнайы қаржы компаниясына:
орталық депозитарий;
қор биржасы;
арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкілі;
кастодиан банк;
арнайы қаржы компаниясының инвестициялық портфелін басқарушы;
арнайы қаржы компаниясына берілген талап ету құқықтары бойынша дебиторлардан төлемдер жинауды жүзеге асыратын тұлға көрсететін қызметтерді төлейді.
Банкроттық кезінде арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың талаптарын қанағаттандырудың тәртібі мен кезектілігі:
арнайы қаржы компаниясының облигацияларды шығару проспектісінде немесе жеке меморандумында;
облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылған жағдайда - арнайы қаржы компаниясының облигациялық бағдарламасы шегінде облигациялық бағдарлама проспектісінде және облигацияларды шығару проспектісінде (жеке меморандумда) айқындалады.»;
5) 6-1-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бөлінген активтерге өндіріп алуды арнайы қаржы компаниясының міндеттемелерін жобалық қаржыландыру немесе секьюритилендіру мәмілелері шеңберінде орындау үшін оригинатор және (немесе) арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылар (арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкілі) ғана қолдануы мүмкін.»;
6) 6-10-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығару проспектісінде немесе жеке меморандумында немесе облигациялық бағдарлама проспектісінде немесе облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінде немесе жеке меморандумында Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында көрсетілген мәліметтерден бөлек, мыналар қамтылуға тиіс:
1) ақшалай талаптардың сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімдерінің шарттары мен болжамды мерзімдері;
2) осы Заңның талаптарына сәйкес келетін, облигацияларды орналастыру нәтижесінде арнайы қаржы компаниясы алған ақшаның нысаналы мақсаты (облигациялық бағдарлама проспектісін қоспағанда);
3) облигацияларды ұстаушыларға базалық шарт бойынша түзілген мүліктің меншік иесінің ауысуы туралы ақпарат беру тәртібі және арнайы қаржы компаниясының органдарына кредиторлардың өкілдерін енгізу және олардың өкілеттіктерін белгілеу тәртібі;
4) арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру мәмілесіне қызмет көрсетуге, бөлінген активтер есебінен жүзеге асырылатын инвестициялық басқаруға байланысты шығыстар тізбесі;
5) сыйақы төлеу және бір облигациялық бағдарлама шегінде шығарылған әртүрлі шығарылымдардың облигацияларын өтеу тәртібі мен кезектілігі (облигациялық бағдарламаның проспектісінде және облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінде немесе жеке меморандумда көрсетіледі);
6) арнайы қаржы компаниясы банкрот болған кезде арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың талаптарын қанағаттандыру тәртібі мен кезектілігі.»;
7) 13-баптың 2-тармағындағы «кірісіне (залалына)» деген сөздер «кірістеріне (шығыстарына)» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 14-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «(облигациялық бағдарлама) проспектісі» деген сөздер «проспектісі немесе жеке меморандум немесе облигациялық бағдарлама проспектісі немесе облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісі немесе жеке меморандум» деген сөздермен ауыстырылсын;
5), 6), 7), 8) және 10) тармақшалар алып тасталсын;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) сыйақы төлеу және бір облигациялық бағдарлама шегінде шығарылған әртүрлі шығарылымдардың облигацияларын өтеу тәртібі мен кезектілігі (облигациялық бағдарлама проспектісінде және облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінде немесе жеке меморандумда көрсетіледі);»;
мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) арнайы қаржы компаниясы банкрот болған кезде арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың талаптарын қанағаттандыру тәртібі мен кезектілігін қамтуға тиіс.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығару проспектісіне немесе жеке меморандумына оригинатордың соңғы қаржы жылы үшін аудиторлық есебі, оригинатор мен арнайы қаржы компаниясы арасында жасалған, осы секьюритилендіру мәмілесі бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру шарты қоса беріледі.
Оригинатордың соңғы қаржы жылы үшін аудиторлық есебі болмаған жағдайда, арнайы қаржы компаниясы облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берудің алдындағы оригинатордың соңғы есепті тоқсан үшін қаржылық есептілігінің көшірмесін уәкілетті органға ұсынады.»;
3-тармақ алып тасталсын.
28. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
2-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
«3-2. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандартқа және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.»;
4-тармақтың екінші бөлігі «Қаржы ұйымдары» деген сөздерден кейін «(шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын.
29. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 58-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
6-2) номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын осы тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;»;
2) 62-баптың 3-тармағының екінші бөлігі 8) тармақшасындағы «ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.» деген сөздер «ақшаға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-1) инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
8-2) номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын осы тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.»;
3) 65-бапта:
5-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) эмитенттің (басқарушы компанияның) оларды өтеу, олар бойынша кірістерді төлеу, оларды өзге бағалы қағаздарға айырбастау, алмастыру немесе орналастырылған акциялардың санын ұлғайту есебінен жарияланған акциялардың санын ұлғайту жөніндегі әрекеттер жасауына, егер мұндай әрекеттер тыйым салынған бағалы қағаздарды шығару шарттарында (инвестициялық пай қорының қағидаларында) көзделсе және бағалы қағаздарға тыйым салу туралы қаулыда тыйым салынбаса, кедергі келтірмейді. Бағалы қағаздар бойынша кірістерді төлеуге байланысты әрекеттердің жасалуы туралы эмитент (басқарушы компания, басқарушы) сот орындаушысына дереу хабарлайды;»;
2) тармақшадағы «аяқтауға) кедергі келтірмейді.» деген сөздер «аяқтауға);» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
«3) орталық депозитарийдің айналыс мерзімі өткен және олар бойынша эмитент оларды өтеу жөніндегі міндеттемелерін орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттарынан (қосалқы шоттарынан) есептен шығару бойынша және эмитенттің осы эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын ұстаушылардың осы жеке шоттарына (қосалқы шоттарына) есепке жатқызу бойынша операцияларды жасауына;
4) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-1-бабының талаптарына сәйкес бағалы қағаздардың қайталама нарығында қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес және одан көп пайызын дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта сатып алған тұлғаның акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алуды жүргізуіне кедергі келтірмейді.
Осы тармақшада көрсетілген тұлға акционерлік қоғамның тыйым салынған дауыс беретін акцияларына ақы төлеуге арналған ақшаны қоғамның дауыс беретін акцияларын сатқан акционердің орталық депозитарийде ашылған шотына есепке жазады.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 4) тармақшаларының талаптары орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркелетін операцияларға қолданылады. Орталық депозитарий, бағалы қағаздар бойынша кірістерді төлеуге байланысты әрекеттерді қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 4) тармақшаларында көрсетілген әрекеттерді жасау туралы сот орындаушысына олар жасалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.»;
6, 7 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген операциялар нәтижесінде алынған қаржы құралдары, ақша немесе талап ету құқықтары, егер бұл тыйым салуды қолдану мақсаттарына қайшы келмесе, тыйым салуды қолдану туралы қаулы бойынша тыйым салынған бағалы қағаздар сияқты нақ сол шарттармен тыйым салуда тұрған болып есептеледі. Сот орындаушысы бұрын шығарылған қаулыға қосымша ретінде осы Заңның 55-бабының 5-тармағына сәйкес айқындалатын берешектің мөлшерін ескере отырып, айырбастау, алмастыру, қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді орындау нәтижесінде алынған қаржы құралдарына (талап ету құқықтарына) тыйым салуды қолдану туралы қаулы шығаруға міндетті.»;
«7. Егер атқарушылық құжатта борышкердің бағалы қағаздар бойынша кіріс алуға және (немесе) борышкерге тиесілі, тыйым салу қолданылған бағалы қағаздарды өтеу кезінде ақша сомасын алуға құқықтарын шектеу белгіленсе, онда осы бағалы қағаздар бойынша өтеу кезіндегі барлық кірістер және (немесе) ақша сомасы аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының деректемелері тиісті атқарушылық құжатта көрсетілген өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотына есепке жатқызылуға жатады.»;
«9. Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан номиналды ұстаушы айырылған не номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны ерікті түрде қайтару туралы номиналды ұстаушы шешім қабылдаған жағдайда, бағалы қағаздарды аударуды қоспағанда, тыйым салынған құжатсыз бағалы қағаздар алып қойылмайды және құқықтарды есепке алу үшін басқа номиналды ұстаушыға берілмейді.
Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) кастодиандық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан номиналды ұстаушы айырылған не номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) кастодиандық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны өз еркімен қайтару туралы номиналды ұстаушы шешім қабылдаған жағдайда, тыйым салынған бағалы қағаздарды орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі ұстаушының жеке шотына (қосалқы шотына) аудару жүзеге асырылады.»;
12-тармақ алып тасталсын;
4) 98-баптың бірінші бөлігі 23) тармақшасындағы «ақшадан өндіріп алуға болмайды.» деген сөздер «ақшадан;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 24) және 25) тармақшалармен толықтырылсын:
«24) инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшадан;
25) номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын осы тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшадан өндіріп алуға болмайды.»;
5) 138-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
30. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 126-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Мемлекеттік заңды тұлға, егер бас қаржылық келісім мемлекеттік заңды тұлғаның жарғысында (ережесінде) белгіленген оның қызметінің нысанасы мен мақсаттарына сәйкес келсе, оның шеңберінде мәмілелер жасасуға құқылы.
Бас қаржылық келісімнің тараптары бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жазуды және (немесе) тарату неттингін бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырады (қолданады).
Талаптарды есепке жазу және (немесе) бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылған (қолданылған) тарату неттингі нәтижесінде туындаған (есептелген) нетто-талап осы Заңда және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген кредиторлармен есеп айырысу қағидаларына сәйкес жалпы негіздерде қанағаттандырылады.»;
2) 172-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі «коммерциялық емес ұйымдардың» деген сөздерден кейін «, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген ұйымдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг, ұлттық компания немесе мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг, ұлттық компания бақылайтын өзге де акционерлік қоғам немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік акционерлік қоғамға, жауапкершілігі шектеулі серіктестікке немесе «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген ұйымдарға қарағанда өзге мемлекеттік емес коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесіне құқықтарға ие болған жағдайда, жарғылық капиталдағы көрсетілген қатысу үлесі, егер осы коммерциялық ұйым акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік немесе «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген ұйым болып қайта құрылмаса, оған құқықтарға ие болған кезден бастап бір жыл ішінде иеліктен шығарылуға жатады.».
31. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«22-бап. Қордың тобына кіретін ұйымдардың өзге заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иемденуі
1. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында акционерлік қоғамдардың дауыс беретін акцияларының отыз және одан көп пайызын иемденудің «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртібі Қорға немесе дауыс беретін акцияларының елу пайызынан астамын тікелей немесе жанама түрде Қор иеленетін заңды тұлғаларға қатысты қолданылмайды.
2. Дербес немесе өздерінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес және одан көп пайызы тиесілі, Қордың тобына кіретін ұйым қоғамның қалған акционерлерінен өздеріне тиесілі осы қоғамның дауыс беретін акцияларын өзіне сатуды талап етуге құқылы. Басқа акционерлерге тиесілі дауыс беретін акцияларды сату туралы мұндай талап қоғамның дауыс беретін акцияларының барлық түріне қатысты мәлімделуі мүмкін.
Акционерлерге тиесілі қоғамның дауыс беретін акцияларын сату туралы оларға қойылатын талапта аттарын (атауларын), тұрғылықты жерін (тұрған жерін), оған (оларға) тиесілі қоғамның дауыс беретін акцияларының санын қоса алғанда, осы талапты мәлімдеген тұлға (тұлғалар) туралы және қоғамның дауыс беретін акцияларын иемденудің осы баптың 4-тармағына сәйкес айқындалатын, ұсынылып отырған бағасы туралы деректер қамтылуға тиіс.
3. Акционерлік қоғам осы баптың 2-тармағында көрсетілген талапты алған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді. Қалған акционерлер өздеріне тиесілі қоғам акцияларын қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында талап орналастырылған күннен кейін күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде сатуға міндетті. Акционерлердің осы тармақта көрсетілген мерзім ішінде қоғам акцияларымен өзге де азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасуына тыйым салынады.
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғалардың талап етуі бойынша акционерлердің өздеріне тиесілі дауыс беретін акцияларды сату бағасы талап қойылған күнге төменде келтірілгендерден ең жоғары баға ретінде айқындалады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының өкілдік тізіміне енгізілген акцияларға қатысты:
нәтижесінде осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес немесе одан көп пайызы тиесілі болатын мәміле күнінің алдындағы соңғы алты айда ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында қалыптасқан акциялардың орташа өлшемді бағасы;
не нәтижесінде осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес немесе одан көп пайызы тиесілі болатын мәміле бойынша акциялардың бағасы;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген акцияларға қатысты:
Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындаған акциялардың нарықтық бағасы;
не нәтижесінде осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес немесе одан көп пайызы тиесілі болатын мәміле бойынша акциялардың бағасы.
5. Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ұйым қалған акционерлерден сатып алынатын қоғамның дауыс беретін акцияларын осы баптың 4-тармағына сәйкес айқындалатын, иемденудің ұсынылған бағасы бойынша төлеуге міндетті.
Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ұйым қалған акционерлерден сатып алатын қоғамның дауыс беретін акцияларына ақы төлеуге арналған ақша бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде өзекті деректемелері бар осы акционерлердің банктік шоттарына аударылады.
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде акционердің өзекті деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, иемденген қоғам акцияларына ақы төлеуге арналған ақша қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен, талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа аударылады.».
32. «Микроқаржылық қызмет туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе «құрудың» деген сөзден кейін «және қайта ұйымдастырудың» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 4-баптың 3-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Жеке тұлғамен күнтізбелік қырық бес күнге дейінгі мерзімге жасалған, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде микрокредит беру туралы шарт бойынша осы Заңның 5-бабының 1-тармағында белгіленген талап шарт мынадай талаптарға сәйкес келген кезде:
1) микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген шекті мәннен аспаса;
2) микрокредит беру туралы шарт бойынша микрокредит сомасын қайтару және (немесе) сыйақыны төлеу жөніндегі міндеттемені бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін орындалмаған міндеттеме сомасының 0,5 пайызынан аспаса;
3) микрокредит нысанасын қоспағанда, қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша барлық төлемдері, микрокредит беру туралы шартта көзделген сыйақы мен тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасын қоса алғанда, жиынтығында микрокредит беру туралы шарт қолданылатын бүкіл кезеңде берілген микрокредит сомасының жартысынан аспаса;
4) шартта микрокредит сомасын ұлғайтуға тыйым салу қамтылса;
5) микрокредит беру туралы шарттың қолданылу мерзімі тараптардың келісімі бойынша қолданыстағы немесе жақсартатын жағдайларда ұлғайтылуы мүмкін болса;
6) микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алған жағдайда, микроқаржы ұйымы ұсынған жақсартатын жағдайларда микрокредит беру туралы шарттың қолданылу мерзімін ұлғайту арқылы төлемді кейінге қалдыру қарыз алушының өтініші бойынша міндетті түрде жүргізілсе, қолданылмайды. Бұл ретте, микрокредит беру туралы шарттың қолданылу мерзімін ұлғайту жүзеге асырылатын жалпы мерзім күнтізбелік қырық бес күннен аспауға тиіс.»;
3) 14-бапта:
5-тармақтың екінші бөлігі 3) тармақшасының бірінші бөлігіндегі «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу,» деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақтың 4) тармақшасындағы «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу,» деген сөздер алып тасталсын;
4) 16-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтату мынадай жағдайларда:
1) микроқаржы ұйымы банк болып мемлекеттік қайта тіркелген кезден бастап;
2) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.»;
5) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«25-бап. Микроқаржы ұйымдарын қайта ұйымдастыру және тарату