Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.
Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарламалардың тәртібі мен мазмұнына қойылатын талаптарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
4. Егер объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы сақтандыру шартын сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап жасады деп есептеледі.
5. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді, сол арқылы ол өзіне ұсынылған талаптармен қосылу шартын жасасуға өзінің келісетінін растайды.
6. Сақтандырушы сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.
7. Сақтандыру агенттерінің объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметіне жол берілмейді.»;
3) 12-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Сақтанушының (сақтандырылушының) құқықтары мен міндеттері»;
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзац «Сақтанушы» деген сөзден кейін «(сақтандырылушы)» деген сөзбен толықтырылсын;
4), 5), 6), 7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) сақтандырушы (оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) және (немесе) тәуелсіз сарапшы жүргізген, келтірілген зиянның мөлшерін бағалаудың нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисаптарымен танысуға;
5) объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға (бұл құқық сақтанушыға ғана қолданылады);»;
«6) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;
7) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектідегі сақтандыру тәуекелін, сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығын немесе ол басталған кезде болуы мүмкін зиян мөлшерін төмендетуге алып келуі мүмкін мән-жайлар өзгерген жағдайда объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының талаптарын өзгертуді талап етуге (бұл құқық сақтанушыға ғана қолданылады);
8) осы Заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен сақтандыру төлемін алуға құқылы.»;
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтанушының (сақтандырылушының) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа құқықтары да көзделуі мүмкін.»;
4) 13-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырып қорғаудың қолданысы кезеңінде басталған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) туралы хабардар етілген кезінде оны қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес дереу тіркеуге және осы сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) жөніндегі мәліметті дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға ұсынуға;»;
4) тармақшадағы «бас тартудың дәлелді негізделген себептерін» деген сөздер «бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін және сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламаны» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 14-баптың 1-тармағының 4) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) сақтандырушы (оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) және (немесе) тәуелсіз сарапшы жүргізген, келтірілген зиянның мөлшерін бағалау нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисаптарымен танысуға;»;
«6) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;»;
6) 19-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтанушы (сақтандырылушы) не пайда алушы болып табылатын өзге тұлға сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты мынадай құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша нысанда, оның ішінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қояды:»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандырушының талап етуі бойынша өтініш беруші, сақтандырушы қол жеткізе алатын мемлекеттік органдардың дерекқорларында және (немесе) ақпараттық жүйелерінде электрондық нысанда бар құжаттарды қоспағанда, сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың түпнұсқаларын сақтандырушыға ұсынуға міндетті.»;
7) 21-баптың 4-тармағы «себептерін дәлелді негіздей отырып,» деген сөздер «себептерінің уәжді негіздемесімен және сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламамен» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 21-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (үшінші тұлға, пайда алушы):
талаптарын көрсетіп және өзінің талабын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтінішін сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурстары арқылы) жіберуге не «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін өтінішті сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы.».
25. «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 8-бапта:
1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге құқығы бар.»;
2-тармақта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) пайда алушы бойынша сақтандыру төлемін есептеу, аннуитет шартын жасасу үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты (оның ішінде ұялы байланыстың абоненттік нөмірін және (немесе) электрондық пошта мекенжайын) шартта белгіленген мерзімде сақтандырушыға беруге;»;
15) тармақшадағы «жасасуға міндетті.» деген сөздер «жасасуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) аннуитет шарты жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оның көшірмесін пайдасына аннуитет шарты жасалған пайда алушыға ұсынуға міндетті.»;
2) 9-баптың 2-тармағында:
бірінші бөлікте:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырып қорғаудың қолданылу кезеңінде басталған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) туралы хабардар етілген кезінде оны қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес дереу тіркеуге және осы сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) жөніндегі мәліметті дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға ұсынуға;»;
5) тармақшадағы «бас тартудың дәлелді негізделген себептерін» деген сөздер «бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін және сақтанушының (пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламаны» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сақтандырушы аннуитет шарты жасалған күннен кейін жиырма жұмыс күні ішінде пайда алушыны (оның заңды өкілін) оның пайдасына жасалған аннуитет шарты туралы хабардар етуге міндетті.»;
3) 10-бапта:
2) тармақша «ақпаратты» деген сөзден кейін «, сондай-ақ оның пайдасына жасалған аннуитет шартының көшірмесін» деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге құқығы бар.»;
4) 11-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты аннуитеттік сақтандыру сыныбы және міндетті сақтандырудың осы түрі бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалады.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушы үшін мұндай шарт жасасу міндетті болып табылады.»;
6-тармақтың бірінші бөлігінің 10) тармақшасындағы «сериясын;» деген сөз «сериясын қамтуға тиіс.» деген сөздермен ауыстырылып, 11) және 12) тармақшалары алып тасталсын;
5) 13-баптың 2-тармағы үшінші бөлігінің үшінші абзацындағы «кәсіптік патология саласында мамандандырылған медициналық, сараптамалық көмек көрсетуді жүзеге асыратын» деген сөздер «кәсіптік патология және сараптама саласында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 20-баптың 2-тармағында:
бірінші бөліктің 1) тармақшасының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«кәсіптік патология және сараптама саласында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымы берген, кәсіптік аурудың бар-жоғын растайтын құжаттың көшірмесі;»;
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құжаттарды өтініш беруші олар дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым сақтандырушыға қолжетімділікті беретін мемлекеттік органдардың дерекқорларында және (немесе) ақпараттық жүйелерінде электрондық нысанда болған (оларда көрсетілген мәліметтер болған) жағдайда бермейді.
Сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу мақсатында сақтандырушы зардап шеккен жұмыскердің немесе оның заңды өкілінің жазбаша нысандағы келісімі болған және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптары сақталған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құжаттарды (оларда көрсетілген мәліметтерді) және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді мемлекеттік органдардың дерекқорынан және (немесе) ақпараттық жүйелерінен электрондық нысанда алуға құқылы.»;
7) 24-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (пайда алушы):
талаптарын көрсетіп және өзінің талаптарын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтінішін сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурстары арқылы) жіберуге не жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып реттеу үшін өтінішті сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы.».
26. «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» 2005 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-баптың 2-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Заңда белгіленген көлемде және тәртіппен экологиялық залалды өтеу;»;
2) 7-бапта:
3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушы сақтанушыға міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес.»;
4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Сақтанушының қалауы бойынша міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтандырушыға жазбаша жүгіну не сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасалуы мүмкін.»;
26-тармақтың 3) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 7-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушы мен интернет-ресурстарға қойылатын талаптар
1. Міндетті экологиялық сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым, сақтандырушы және сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу үшін сақтандырушының интернет-ресурсы және (немесе) ақпараттық жүйесі пайдаланылады.
Міндетті экологиялық сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және сақтандыру жағдайын реттеу үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді.
Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында электрондық нысанда міндетті экологиялық сақтандыру шарттарын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымының интернет-ресурсына сілтеме орналастырылады.
2. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу тәртібі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
3. Сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушы:
1) сақтанушыға міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаны электрондық хабар түрінде дереу жөнелтуді;
2) реттеу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуды (бас тарту себептерін көрсете отырып) қоса алғанда, сақтандыру жағдайын реттеу процесінің негізгі кезеңдері туралы сақтанушыны (сақтандырылушыны) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен электрондық хабар түрінде хабардар етуді;
3) сақтанушының (сақтандырылушының) жасалған міндетті экологиялық сақтандыру шарты жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
4) сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
5) сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, электрондық нысанда міндетті экологиялық сақтандыру шартының және ол бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпараттың сақталуын;
6) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға):
міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу;
міндетті экологиялық сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;
сақтандыру жағдайының (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиғаның) басталғаны туралы хабардар ету;
авария салдарынан келтірілген экологиялық залалдың мөлшерін бағалауды айқындау;
сақтандыру төлемін алу;
осы Заңның 22-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін қажетті электрондық нысандағы ақпаратты (өтініштер, хабарламалар және (немесе) өзге де құжаттар, мәліметтер) жасау және сақтандырушыға жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарлама бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.
Міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарламалардың тәртібі мен мазмұнына қойылатын талаптарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
4. Егер міндетті экологиялық сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, міндетті экологиялық сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы сақтандыру шартын сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап жасады деп есептеледі.
5. Міндетті экологиялық сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын (бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді, сол арқылы ол өзіне ұсынылған талаптармен қосылу шартын жасасуға өзінің келісетінін растайды.
6. Сақтандырушы сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, міндетті экологиялық сақтандыру шарттарын жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.
7. Сақтандыру агенттерінің міндетті экологиялық сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметіне жол берілмейді.»;
4) 11-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Сақтанушының (сақтандырылушының) құқықтары мен міндеттері»;
1-тармақта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзац «Сақтанушы» деген сөзден кейін «(сақтандырылушы) деген сөзбен толықтырылсын;
4), 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) сақтандырушы (оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) немесе тәуелсіз сарапшы жүргізген, авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын бағалау нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисаптарымен танысуға;
5) міндетті экологиялық сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға (бұл құқық сақтанушыға ғана қолданылады);»;
«6) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтанушының (сақтандырылушының) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа құқықтары да көзделуі мүмкін.»;
5) 12-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандырып қорғаудың қолданылу кезеңінде басталған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) туралы хабардар етілген кезде оны қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес дереу тіркеуге және осы сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) жөніндегі мәліметті дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға ұсынуға;
5) сақтанушының немесе оның өкілінің жазбаша нысандағы өтініші бойынша авария салдарынан болған экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын бағалауды жүргізуге, сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисабын көрсете отырып, сақтандыру актісін жасауға және оны танысу үшін пайда алушыға ұсынуға;»;
10) тармақша «негіздемесін» деген сөзден кейін «және сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламаны» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 13-баптың 4) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) сақтандырушы (оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) немесе тәуелсіз сарапшы жүргізген, авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын бағалау нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисаптарымен танысуға;»;
«6) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге құқылы.»;
7) 19-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтанушы немесе пайда алушы сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша нысанда, оның ішінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қояды.
Сақтандырушының талап етуі бойынша өтініш беруші сақтандырушы қол жеткізе алатын мемлекеттік органдардың дерекқорларында және (немесе) ақпараттық жүйелерінде электрондық нысанда бар құжаттарды қоспағанда, сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың түпнұсқаларын сақтандырушыға ұсынуға міндетті.»;
8) 22-баптың 4-тармағындағы «дәлелді негіздемесі келтірілген» деген сөздер «уәжді негіздемесімен және сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламамен» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 22-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (пайда алушы):
талаптарын көрсетіп және өзінің талабын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтінішін сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурстары арқылы) жіберуге не «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін өтінішті сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы.».
27. «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша «аффилиирленгендігін», «аффилиирленген» деген сөздер тиісінше «үлестестігін», «үлестес» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
2) тармақшадағы «кірістер (залалдар)» деген сөздер «кірістер (шығыстар)» деген сөздермен ауыстырылсын;