7) 15-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өзге де ұйымдар деп «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті, банктік сектордың, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру нарығының қызметін реттеудің бірыңғай стандарттарын тұжырымдау мақсатында құрылған, басқа мемлекеттердің орталық банктерінің, бақылау және қадағалау органдарының бірлестіктері түсініледі.»;
8) 15-6-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың үй-жайларын біліктілік талаптарына сәйкестігіне қарап-тексеру;»;
9) 15-9-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында уәкілетті орган банктерге, банк холдингтеріне, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру холдингтеріне, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға уәкілетті орган өзінің қызметкерлері арасынан тағайындайтын өз өкілін жібереді.»;
10) 15-13-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Егер уәкілетті органның лауазымды адамы уәкілетті органда өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындау кезеңінде жұмысын тоқтатудың алдындағы бір жылда аталған адам өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне байланысты осы коммерциялық ұйымды тексеру нысанындағы бақылау функцияларын тікелей жүзеге асырса не осы коммерциялық ұйымның қызметі оның лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес уәкілетті органның көрсетілген лауазымды адамымен тікелей байланысты болса, уәкілетті органда жұмысы тоқтатылғаннан кейін бір жыл бойы коммерциялық ұйымға жұмысқа қабылдана алмайды.».
21. «Туристі міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушы сақтанушыға туристі міндетті сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес.»;
21-тармақтың 2) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 8-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушы мен интернет-ресурстарға қойылатын талаптар
1. Туристі міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу үшін сақтандырушының интернет-ресурсы және (немесе) ақпараттық жүйесі пайдаланылады.
Туристі міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және сақтандыру жағдайын реттеу үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді.
Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында электрондық нысанда туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымының интернет-ресурсына сілтеме орналастырылады.
2. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
3. Сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушы:
1) сақтанушыға, сақтандырылушыға туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаны электрондық хабар түрінде дереу жөнелтуді;
2) реттеу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуды (бас тарту себептерін көрсете отырып) қоса алғанда, сақтандыру жағдайын реттеу процесінің негізгі кезеңдері туралы сақтанушыны (сақтандырылушыны) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен электрондық хабар түрінде хабардар етуді;
3) сақтанушының (сақтандырылушының) жасалған туристі міндетті сақтандыру шарты жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
4) сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
5) сақтанушы, сақтандырылушы үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, электрондық нысанда туристі міндетті сақтандыру шартының және ол бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпараттың сақталуын;
6) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға):
туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу;
туристі міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;
сақтандыру жағдайының (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиғаның) басталғаны туралы хабардар ету;
осы Заңның 20-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, туристі міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін қажетті электрондық нысандағы ақпаратты (өтініштер, хабарламалар және (немесе) өзге де құжаттар, мәліметтер) жасау және сақтандырушыға жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.
Туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарламалардың тәртібі мен мазмұнына қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
4. Егер туристі міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, туристі міндетті сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы сақтандыру шартын сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген кезден бастап жасады деп есептеледі.
5. Туристі міндетті сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын төлейді, сол арқылы ол өзіне ұсынылған талаптармен қосылу шартын жасасуға келісетінін растайды.
6. Сақтандырушы сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, туристі міндетті сақтандыру шарттарын жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.»;
3) 12-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;»;
2-тармақ 4) тармақшасындағы «ұсынуға міндетті.» деген сөздер «ұсынуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) өзіне сақтанушы шығу туризмі саласында туроператор қалыптастырған туристік өнімді өткізген тұлғаны сақтандырушымен осы тұлғаның пайдасына туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы хабардар етуге міндетті.»;
2-1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;»;
4) 13-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырып қорғаудың қолданысы кезеңінде басталған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) туралы хабардар етілген кезінде оны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес дереу тіркеуге және осы сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) бойынша мәліметтерді дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға ұсынуға;»;
5) 18-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандырылушы не сақтандырылушыға ассистанс берілген кезде ассистанс компания сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жазбаша нысанда, оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қояды.
Өтініш беруші сақтандырушының талап етуі бойынша сақтандырушы қол жеткізе алатын мемлекеттік органдардың дерекқорларында және (немесе) ақпараттық жүйелерінде электрондық нысанда бар құжаттарды қоспағанда, сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың түпнұсқаларын беруге міндетті.»;
6) 20-баптың 4-тармағындағы «негіздемесі келтірілген» деген сөздер «негіздемесімен және сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламамен» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 20-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Туристі міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы, сақтандырылушы (пайда алушы):
талаптарын көрсетіп және өзінің талабын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтінішін сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурстарыарқылы) жіберуге не «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, туристі міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін өтінішін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы.».
22. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
19-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында:
22-тармақтың үшінші - бесінші абзацтары 2022 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) (кредиттік серіктестіктер мен коллекторлық агенттіктерді қоспағанда) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты берушілер үшін - осы Заңның 24-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 3-2) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген, кредиттік тарих субъектісі - жеке тұлға туралы бір жұмыс күні ішінде;»;
екінші абзацтағы «он бес» деген сөздер «он» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «хабар беруге» деген сөздер «ақпарат беруге» деген сөздермен ауыстырылсын.
23. «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша «аффилиирлендірілген» деген сөз «үлестес» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 9-баптың 3-тармағындағы «кастодиан,» деген сөз алып тасталсын;
3) 20-бапта:
1-тармақтың 1), 3) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар, еркін нысанда жасалған, басқарушы компанияның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған өтініш;»;
«3) қордың директорлар кеңесі, басқарушы компанияның жарғысына сәйкес оның директорлар кеңесі немесе акционерлерінің жалпы жиналысы (дауыс беретін барлық акцияларды иеленетін жалғыз акционері) бекіткен инвестициялық пай қорының қағидалары;»;
«5) егер көрсетілген құжаттар бұрын уәкілетті органмен келісілмеген болса, басқарушы компанияның Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін, оның қызметінің, басқарушы компанияның құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлерінің инвестициялық пай қорын құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және жұмысын тоқтату жөніндегі қызметінің шарттары мен тәртібін регламенттейтін ішкі құжаттары негізінде жүзеге асырады.»;
23-тармақтың 3) тармақшасының алтыншы - жиырма алтыншы абзацтары 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Басқарушы компания өтініш пен қажетті құжаттарды электрондық нысанда ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 1-2, 1-3 және 1-4-тармақтармен толықтырылсын:
«1-2. Пайлар шығарылымын тіркеуге, инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге байланысты іс-шаралар кешені инвестициялық пай қорының пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу болып табылады.
1-3. Инвестициялық пай қорының пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу мыналарды қамтиды:
1) инвестициялық пай қорының пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне қарау;
2) халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ІSІN коды) туралы мәліметті қоса алғанда, инвестициялық пай қоры, бағалы қағаздар туралы мәліметтерді Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізу;
3) басқарушы компанияға электрондық нысанда:
инвестициялық пай қорының пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және қор қағидаларын;
өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, инвестициялық пай қорының қағидаларын және инвестициялық пай қорының пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу кезінде) жіберу.
1-4. Инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер мен толықтыруларды келісу үшін басқарушы компания уәкілетті органға электрондық нысанда мына құжаттарды ұсынады:
1) ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар, еркін нысанда жасалған, уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған өтініш;
2) өзгерістер мен толықтырулар ескерілген қордың қағидалары;
3) қордың қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге негіз болған орган отырысы шешімінің (хаттамасының) көшірмесі немесе хаттамасынан үзінді көшірме.»;
4-тармақ 2) тармақшасындағы «ішкі құжаттарын келіседі.» деген сөздер «ішкі құжаттарын;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер мен толықтыруларды келіседі.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган басқарушы компанияға электрондық нысанда:
пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және инвестициялық пай қорының қағидаларын (инвестициялық пай қорының пайларын мемлекеттік тіркеу кезінде);
өзгерістер мен толықтырулар ескерілген инвестициялық пай қорының қағидаларын (өзгерістер мен толықтыруларды келісу кезінде);
инвестициялық пай қорының пайларын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (басқарушы компания өзгерген және инвестициялық пай қорының қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілген кезде) жібереді.»;
4) 23-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Пайды кейіннен орналастыру бағасы, өтінім болған кезде, ақша түскен күннің алдындағы күннің соңында қалыптасқан баға бойынша айқындалады. Өтінім ақша түскеннен кейін түскен кезде пайды орналастыру бағасы өтінім келіп түскен күннің алдындағы күннің соңында қалыптасқан баға бойынша айқындалады. Пайды орналастыру бағасына, егер бұл қордың қағидаларында көзделген болса, үстемеақы қосылуы мүмкін.»;
23-тармақтың 5) тармақшасы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
5) 28-баптың 5 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті орган оларды басқарушы компания ұсынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
6. Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган өзгерістер мен толықтырулар ескерілген қордың қағидаларын электрондық нысанда басқарушы компанияға жібереді.
Уәкілетті органның инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер мен толықтыруларды келісуден бас тарту туралы шешімдері:
1) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
2) келісуге ұсынылған қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар туралы қайшы келетін немесе жаңылыстыратын мәліметтер болған жағдайларда қабылданады.»;
6) 34-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Басқарушы компания және (немесе) кастодиан инвестициялық пай қорының жұмыс істеуі тоқтатылған кезде осы Заңның және қор қағидаларының талаптарына сәйкес қор активтерін өткізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға, инвестициялық пай қорының кредиторларымен есеп айырысуды жүзеге асыруға, қордың жұмыс істеуінің тоқтатылуына байланысты шығыстарды төлеуге және қалған ақшаны пай ұстаушылардың арасында бөлуге міндетті.
Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар келіскен жағдайда, басқарушы компания және (немесе) кастодиан осы Заңның 36-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген шығыстарды төлегеннен кейін қалған ақшаны бөледі және өткізілмеген активтерді инвестициялық қор қағидаларында белгіленген тәртіппен пайларды ұстаушылардың меншігіне береді.»;
7) 36-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Басқарушы компанияға және кастодианға берілетін сыйақыны қоса алғанда, инвестициялық пай қорының жұмыс істеуінің тоқтатылуына байланысты шығыстар инвестициялық пай қорының активтерін өткізу нәтижесінде алынған ақша сомасының бес пайызынан аспайтын мөлшерде инвестициялық пай қорының активтері есебінен өтеледі.»;
23-тармақтың 8) тармақшасы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
8) 39-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Акционерлік инвестициялық қордың инвестициялық декларациясына өзгерістер мен толықтыруларды осы инвестициялық қордың директорлар кеңесі бекітеді және олар бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде нормативтік құқықтық актіде айқындалған тәртіппен уәкілетті органға электрондық нысанда тіркеуге ұсынылады.
Акционерлік инвестициялық қордың инвестициялық декларациясына өзгерістер мен толықтырулар уәкілетті органда тіркелгені туралы көрсетіле отырып, осы өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні баспасөз басылымында жарияланғаннан кейін немесе барлық акция ұстаушылар қордың жарғысында белгіленген тәртіппен оны алғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң күшіне енеді.»;
9) 41-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 11-1) тармақшасындағы «өткізуге;» деген сөз «өткізуге құқылы емес.» деген сөздермен ауыстырылып, 13) тармақшасы алып тасталсын;
10) 45-баптың 3-тармағы 5) тармақшасындағы «мәлімдеулер болмауға тиіс.» деген сөздер «мәлімдеулер;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) қатарынан күнтізбелік он екі айдан аз кезең үшін инвестициялық қордың инвестициялық қызметінің кірістілігі туралы ақпарат болмауға тиіс.»;
11) 46-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) басқарушы компанияға және инвестициялық қордың кастодианына олардың инвестициялық қордың активтерін басқару, есепке алу және сақтау жөніндегі қызметіне байланысты қолданылған санкциялар, қадағалап ден қою шаралары, әкімшілік жазалар және өзге де әсер ету шаралары туралы мәліметтерді;»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Активтер мен міндеттемелердің құны және құрамы, инвестициялық қордың таза активтерінің құны, сондай-ақ пай ұстаушылар саны және пайдың кірістілігі туралы ақпаратты акционерлік инвестициялық қор немесе басқарушы компания уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен, нысандар бойынша және мерзімдерде береді.».
24. «Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 8-бапта:
3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушы сақтанушыға объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес.»;
4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Сақтанушының қалауы бойынша объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырушыға жазбаша жүгіну не сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасалуы мүмкін.»;
24-тармақтың 2) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 8-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушы мен интернет-ресурстарға қойылатын талаптар
1. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым, сақтандырушы және сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу үшін сақтандырушының интернет-ресурсы және (немесе) ақпараттық жүйесі пайдаланылады.
Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және сақтандыру жағдайын реттеу үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді.
Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында электрондық нысанда объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымының интернет-ресурсына сілтеме орналастырылады.
2. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу тәртібі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
3. Сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушы:
1) сақтанушыға объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаны электрондық хабар түрінде дереу жөнелтуді;
2) реттеу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуды (бас тарту себептерін көрсете отырып) қоса алғанда, сақтандыру жағдайын реттеу процесінің негізгі кезеңдері туралы сақтанушыны (сақтандырылушыны) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен электрондық хабар түрінде хабардар етуді;
3) сақтанушының (сақтандырылушының) жасалған объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
4) сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
5) сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, электрондық нысанда объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және ол бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпараттың сақталуын;
6) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға):
объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу және өзгерту;
объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;
сақтандыру жағдайының (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиғаның) басталғаны туралы хабардар ету;
келтірілген зиян мөлшерін бағалауды айқындау;
сақтандыру төлемін алу;
осы Заңның 21-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін қажетті электрондық нысандағы ақпаратты (өтініштер, хабарламалар және (немесе) өзге де құжаттар, мәліметтер) жасау және сақтандырушыға жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.