Листинг, делистинг, бағалы қағаздардың ресми тізімінің санаттарын немесе алаңын алмастыру мәселелері бойынша шешімдер қабылдау кезінде:
1) көрсетілген шешімге сәйкес бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілетін, осы тізімнен шығарылатын немесе осы тізімнің өзге санатына немесе алаңына ауыстырылатын эмитенттің (осы тармақта бұдан әрі - мүдделі эмитент);
2) мүдделі эмитентке қатысты еншілес ұйымдар немесе тәуелді акционерлік қоғамдар болып табылатын ұйымдардың;
3) өздеріне қатысты мүдделі эмитент еншілес ұйым немесе тәуелді акционерлік қоғам болып табылатын ұйымдардың;
4) мүдделі эмитентпен бірге үшінші ұйымға қатысты еншілес ұйымдар немесе тәуелді акционерлік қоғамдар болып табылатын ұйымдардың;
5) мүдделі эмитентке қызметтер көрсететін қаржы консультантының, маркет-мейкердің, андеррайтердің;
6) осы бөліктің 1) және 5) тармақшаларында аталған тұлғалармен үлестес тұлғалардың қызметкерлері және (немесе) өкілдері болып табылатын листинг комиссиясы мүшелерінің дауыс беруге құқығы жоқ.
Осы баптың төртінші бөлігінің талаптары листинг комиссиясының мүшесі - уәкілетті органның өкіліне қолданылмайды.»;
6-тармақтағы «проспектісінде» және «проспектісіне» деген сөздер тиісінше «шарттарында» және «шарттарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Осы баптың талаптары орталық депозитарийге қолданылмайды.»;
57) 85-бапта:
5-тармақта:
4) тармақша алып тасталсын;
6), 6-1), 7), 8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) бағалы қағаздарды қор биржасының тізіміне енгізу, оларды осы тізімнен алып тастау және тізім санатын алмастыру бойынша шарттар мен талаптарды;
6-1) бағалы қағаздар болып табылмайтын қаржы құралдарын қор биржасында айналысқа жіберу шарттары мен талаптарын;
7) бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитенттердің міндеттері мен жауапкершілігін (оның ішінде ақпаратты ашып көрсету бойынша);
8) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген бағалы қағаздарды жіберуге бастамашының ашып көрсетуіне жататын ақпараттың тізбесін, мерзімдерін және оған қойылатын талаптарды;
9) бағалы қағаздармен биржалық сауда-саттық өткізу шарттары мен әдістерін;»;
15), 19), 20), 21), 21-1) және 21-2) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Осы баптың 5-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарын сауда-саттықты ұйымдастырушының атқарушы органы әзірлейді және бекітеді.»;
58) 86-баптың 3 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін шетелдік заңды тұлғалар, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушылар қор биржасының мүшелері бола алады.»;
«6. Қор биржасының мүшелері қор биржасына тізбесі мен беру мерзімдері қор биржасының қағидаларында айқындалатын қаржылық есептілік пен өзге де ақпаратты беруге міндетті.»;
59) 88-бапта:
2-тармақтың 11) және 18-2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«11) барлық бағалы қағазы оңайлатылған рәсім бойынша қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитенттерді қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміндегі бағалы қағаздар эмитенттерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында және қор биржасының ішкі құжаттарында талап етілетін көлемде ақпаратты ашып көрсетуін мониторингтеу;»;
«18-2) егер бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесінің болуы сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында көзделген болса, осындай жүйенің жұмыс істеуін және оны техникалық қолдап отыруды қамтамасыз ету;»;
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесінің болуы сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында көзделген болса, қор биржасы өзінің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен осындай жүйенің жұмыс істеуін және оны техникалық қолдап отыруды қамтамасыз етеді.»;
60) 89-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«89-бап. Қор биржасының тізімі
1. Бағалы қағаздарын қор биржасының тізіміне енгізу болжанатын немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптар мен шарттар оның қағидаларында белгіленеді.
Уәкілетті орган эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының ресми тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Акциялары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, қор биржасының ресми тізімінің санаттарына енгізілген эмитенттер, сондай-ақ оларды жіберуге бастамашылар орналастырылған және еркін айналыстағы акциялардың қор биржасының қағидаларында белгіленген ең төмен көлемін қамтамасыз етуге міндетті.
3. Эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу үшін эмитент брокермен және (немесе) дилермен осы Заңның 64-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында аталған қызметтерді көрсетуге арналған шартты жасасуға міндетті.
Осы тармақтың талабы қаржы ұйымы болып табылатын эмитентке қолданылмайды.
4. Эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитенттер, сондай-ақ осы бағалы қағаздарды жіберуге бастамашылар осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және қор биржасының қағидаларында эмитенттің қызметі және қор биржасының ресми тізіміне енгізілетін бағалы қағаздар туралы ақпаратты ашып көрсетуге қатысты белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.
5. Эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитент үшін корпоративтік басқару кодексінің болуы міндетті.
Эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитент Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық кеңес қабылдаған қазақстандық (елдік) корпоративтік басқару кодексін пайдалануға құқылы.
Эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитент қазақстандық (елдік) корпоративтік басқару кодексін пайдалану кезінде жыл сайын қазақстандық (елдік) корпоративтік басқару кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде, жылдық есеп шеңберінде оны өзінің корпоративтік интернет-ресурсында жариялау арқылы қазақстандық (елдік) корпоративтік басқару кодексінің сақталуы туралы ақпаратты ашып көрсетеді.
Осы тармақтың талаптары тек қана жеке орналастыруға жататын облигацияларды шығаруды жүзеге асыратын эмитенттерге, сондай-ақ шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын эмитенттерге қолданылмайды.»;
61) 102-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, бағалы қағаздар шығару шарттарында қамтылған ақпарат осыған мүдделі барлық тұлғаларға қолжетімді болып табылады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Эмитент эмиссиялық бағалы қағаздардың айналысы кезеңінде осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында:
19-тармақтың 61) тармақшасының алтыншы абзацының қолданысы 2023 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац осы Заңның 2-баптың 8-тармағының редакциясында қолданылды
1) орталық депозитарий ашып көрсететін, осы баптың 5-тармағының 3), 5) 6) және 6-1) тармақшаларында көрсетілген оқиғалар туралы ақпаратты қоспағанда, эмитенттің корпоративтік оқиғалары туралы ақпаратты;
2) жыл қорытындысы бойынша акционерлік қоғамның атқарушы органы мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты;
3) акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді;
4) эмитенттің қатысу үлестерінің он және одан көп пайызын иеленетін қатысушылардың құрамын;
5) эмитент әрбір осындай ұйым акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан көп пайызын иеленетін ұйымдардың тізімін;
6) эмитенттің жылдық қаржылық есептілігін және эмитенттің аудиторлық есептерін (аудиторлық есептерді ашып көрсетуді «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті аудитке жататын эмитенттер жүзеге асырады);
7) акционерлік қоғам ұйымдастырылмаған нарықта акцияларды сатып алған кезде олардың құнын айқындау әдістемесін ашып көрсетуді жүзеге асыруға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында көзделген талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерін және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін
басқаруға байланысты ақпарат пен мәліметтерге қолданылмайды.
Бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитент осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпаратқа қосымша ретінде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті ашып көрсетуді жүзеге асыруға міндетті.»;
5-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) эмитенттің дауыс беретін акцияларының он және одан көп пайызын иеленетін акционерлердің құрамындағы өзгерістер;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) эмитенттің қатысу үлестерінің он және одан көп пайызын иеленетін қатысушылардың құрамындағы өзгерістер;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) эмитенттің директорлар кеңесі қабылдаған немесе акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің мынадай шешімдерді қабылдауға уәкілеттік берілген тиісті органы қабылдаған:
акционерлердің (қатысушылардың) жылдық және кезектен тыс жалпы жиналыстарын шақыру;
жарияланған акцияларды орналастыру (өткізу), оның ішінде олардың саны шегінде орналастырылатын (өткізілетін) акциялардың саны, оларды орналастыру (өткізу) тәсілі мен бағасы;
егер қоғам сатып алатын акциялардың саны орналастырылған акциялардың жалпы санының бір пайызынан асып түссе, эмитенттің орналастырылған акцияларды сатып алуы және оларды сатып алу бағасы;
облигациялар мен туынды бағалы қағаздарды шығару;
ірі мәмілелерді және (немесе) бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: акционерлік қоғамның оларды жасасуға мүдделігі бар және акционерлік қоғамның уәкілетті органы осындай мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдаған күнге құны акционерлік қоғам активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алуға немесе иеліктен шығаруға байланысты мәмілелер болып табылатын мәмілелерді жасасу туралы шешімдер;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) акцияларды бөлшектеу;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) акционерлік қоғамның ірі мәмілелерді және (немесе) бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: акционерлік қоғамның оларды жасасуға мүдделілігі бар және акционерлік қоғамның уәкілетті органы осындай мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдаған күнге құны акционерлік қоғам активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алуға немесе иеліктен шығаруға байланысты мәмілелер болып табылатын мәмілелерді жасауы туралы мәліметтер түсініледі.
Нәтижесінде акционерлік қоғам активтері мөлшерінің он және одан көп пайызы сомасына мүлік сатып алынатын не иеліктен шығарылатын мәміле туралы ақпаратта мәміленің тараптары, сатып алынған немесе иеліктен шығарылатын активтер, мәміленің мерзімдері мен шарттары туралы мәліметтер, сондай-ақ болған кезде, мәміле туралы өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс;»;
мынадай мазмұндағы 7-1 және 7-2-тармақтармен толықтырылсын:
«7-1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптары тек қана жеке орналастыруға жататын, қор биржасының ресми тізіміне енгізілмеген облигацияларды шығаруды жүзеге асыратын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қолданылмайды.
7-2. Осы баптың 2-тармағының талаптары «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асырған Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарына қолданылады.»;
62) 103-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) өзінің клиентін осы клиенттің бұйрығы бойынша қаржы құралдарымен мәміле жасасу және (немесе) оған инвестициялық консультация беру жөніндегі қызметтерді көрсету процесінде мүдделер қақтығысының туындау мүмкіндіктері мен фактілері туралы хабардар етуге;»;
63) 110-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы шарттарында және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында белгіленген, оның ішінде мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірісті төлеу тәртібі жөніндегі шарттарды сақтауы;».
20. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) қаржылық көрсетілетін қызметтер - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялар негізінде жүзеге асырылатын, сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылардың (актуарийлерді қоспағанда), бағалы қағаздар нарығына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына кәсіби қатысушылардың қызметі, банк қызметі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізу жөніндегі ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі, сондай-ақ:
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының;
орталық депозитарийдің;
мемлекетке, тізбесін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган бекітетін квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі немесе өздеріне қатысты мемлекеттің, көрсетілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мүліктік құқықтары бар бағалы қағаздарды номиналды ұстау функцияларын жүзеге асыру бөлігінде мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың;
өзара сақтандыру қоғамдарының;
сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның лицензиялауға жатпайтын қызметі;»;
2) 6-5-баптың екінші бөлігінде:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қаржы ұйымдарына және өзге тұлғаларға өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын қолдану тәртібін айқындайды;»;
5) тармақша алып тасталсын;
20-тармақтың 2) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтары 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 18-2) тармақшамен толықтырылсын:
«18-2) «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін пайдаланылатын таргеттелетін шығындылықтың, анықтық факторының және түзету коэффициенттерінің мөлшерлерін бекітеді;»;
3) 9-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) және 3-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, банкке айналдыру нысанында микроқаржы ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсаттар береді;»;
«3-5) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, бағалы қағаздар нарығында қызметін жүзеге асыру үшін лицензия алуға үміткер немесе лицензиялары бар заңды тұлғалардың, орталық депозитарийдің және бірыңғай оператордың, банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) қолданыстағы келісімдердің тізілімін жүргізеді;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) қаржы ұйымдарына және өзге де тұлғаларға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды және өзге де шараларды қолданады;»;
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкілетті орган қаржы ұйымдарына және олардың үлестес тұлғаларына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына, оның ішінде аудиторлық ұйымдарды, қаржы технологиялары саласындағы бағалаушылар мен мамандарды тарта отырып:»;
1) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
2) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
5) тармақшадағы «алдын алу мақсатында тексеру жүргізуге құқылы.» деген сөздер «алдын алу;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) қаржылық операцияларды жасау кезінде ақпараттық технологияларға тән тәуекелдерді анықтау және (немесе) алдын алу;
7) қаржы құралдарының құнын айқындаудың объективтілігін бағалау мақсатында тексеру жүргізуге құқылы.»;
2-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2-2. Уәкілетті орган қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, банк холдингтерінде, инвестициялық портфельді басқарушыларда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында, сақтандыру холдингтерінде, сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымда сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда өз өкілінің (бұдан әрі - өкіл) болуына құқылы.»;
4) 12-баптың 2) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың, исламдық бағалы қағаздардың, туынды бағалы қағаздардың шығарылымдарын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептерді, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есептерді, исламдық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есептерді қарайды және бекітеді;
акциялар мен облигациялар шығарылымдарының күшін жоюды жүргізеді;»;
«4) бағалы қағаздардың, оның ішінде туынды бағалы қағаздардың шығарылымдарын мемлекеттік тіркеудің, оларды орналастырудың қорытындылары туралы есептерді, исламдық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есептерді қараудың, сондай-ақ олардың күшін жоюдың шарттары мен тәртібін белгілейді;»;
5) 13-3-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ерекше реттеу режимі уәкілетті орган Басқармасының шешімімен енгізіледі, онда қаржы саласындағы қызметтің (көрсетілетін қызметтер, өнімдер), қаржы ресурстарын шоғырландыруға және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметтің түрлері, оларды ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асырудың арнаулы шарттары, қатысушылар тізбесі, ерекше реттеу режимінің қатысушыларына Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қолданудың тәртібі мен шарттары көрсетіледі.»;
6) 13-5-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкілетті орган:
1) банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, банк холдингтеріне, банктің ірі қатысушыларына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру холдингтеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру топтарына және (немесе) сақтандыру топтарының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру брокерлеріне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийлерге, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларына;
2) банктің, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беретін ұйымның, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) басшы қызметкерлеріне, басшы қызметкерлері лауазымына кандидаттарға қатысты уәжді пайымдауды пайдалануға құқылы.»;
2-тармақтың екінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат, банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім, банктің және (немесе) банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдар капиталдарына қомақты қатысуына рұқсат, банктің және (немесе) банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құруына немесе сатып алуына рұқсат, сондай-ақ банктің, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беру (келісім беруден бас тарту) кезінде, банк, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі, сақтандыру брокері, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым басшы қызметкерлерді тағайындау (сайлау) туралы хабардар еткен кезде, банк немесе өзге де операцияларды жүргізуге, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға, сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыруға, бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензияларды беру кезінде мінсіз іскерлік беделінің болуы не болмауы тұрғысынан іскерлік беделін бағалау, сондай-ақ орнықсыз қаржылық жағдайының болуы не болмауы тұрғысынан қаржылық жағдайын бағалау;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен және 4) тармақшадағы «бағалау жағдайларында пайдалануға құқылы.» деген сөздер «бағалау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) банктің, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беретін ұйымның, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) басшы қызметкерлерінің өз міндеттерін жүзеге асыруы кезеңінде немесе банктің, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімнің қолданысы кезеңінде мінсіз іскерлік беделінің болуы не болмауы тұрғысынан іскерлік беделін бағалау;»;
«5) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары, банк, сақтандыру холдингтері болып табылатын (бірлесе отырып) тұлғаларды айқындау жағдайларында пайдалануға құқылы.»;
3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәжді пайымдау уәкілетті органның осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың қызметіне бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруы шеңберінде алынған ақпарат пен жеке және заңды тұлғалардан, халықаралық ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, оның ішінде шетелдік қадағалау органдары мен ұйымдарынан, өзге де қолжетімді көздерден алынған және уәжді пайымдауды қалыптастыру үшін маңызды болып табылатын өзге де ақпаратқа негізделеді.»;