2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Өткізіп алынған процестік мерзімді қалпына келтіру туралы арыз өзінің құқықтарының немесе заңды мүдделерінің бұзылғандығы туралы арыз иесіне белгілі болған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей, процестік әрекеттер жасалуға тиіс сотқа беріледі.
Іске қатысатын адамдар арыздың келіп түскені туралы дереу хабарландырылады және олардың сотқа пікір ұсынуға құқығы бар.
Сот өткізіп алынған процестік мерзімді қалпына келтіру туралы арызды сотқа келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және шешеді.
Сот өткізіп алынған процестік мерзімді қалпына келтіру туралы арызды өз қалауы бойынша, іске қатысатын адамдарды шақырмастан қарауға не сот отырысын тағайындауға құқылы. Бұл ретте сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылған, іске қатысатын адамдардың келмеуі арызды қарауға кедергі болып табылмайды.
5. Мерзімді қалпына келтіру туралы арыз берумен бір мезгілде құқықтарды қорғау туралы талап берілуге, мерзімді өткізіп алу себептерінің дәлелділігін растайтын құжат ұсынылуға тиіс.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 6-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Өткізіп алған процестік мерзімді ұзартудан немесе қалпына келтіруден бас тарту туралы соттың ұйғарымына жеке шағым берілуі, прокурордың өтінішхаты, наразылығы келтірілуі мүмкін.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 7-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Процестік мерзімді ұзарту немесе қалпына келтіру туралы соттың ұйғарымы шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды.
11-тарау. СОТТЫҢ ХАБАРЛАУЛАРЫ МЕН ШАҚЫРУЛАРЫ
127-бап. Соттың хабарлаулары мен шақырулары
1. Іске қатысатын адамдар, олардың өкілдері, сондай-ақ куәлар, сарапшылар, мамандар мен аудармашылар сот отырысының немесе жекелеген процестік әрекеттерді жасаудың уақыты мен орны туралы хабарландырылады және соттың шақыру қағаздарымен сотқа шақырылады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Іске қатысатын адамдар, куәлар, сарапшылар, мамандар мен аудармашылар электрондық пошта мекенжайы немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша хабарлама жіберу арқылы, сондай-ақ хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де электрондық байланыс құралдары пайдаланыла отырып хабарлануы немесе шақырылуы мүмкін.
Электрондық пошта мекенжайы немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де электрондық байланыс құралдары туралы мәліметтер болмаған жағдайда, соттың шақыру қағазы немесе қағаз жеткізгіштегі өзге де хабарлама белгілі болған соңғы тұрғылықты жері немесе тұрған жері бойынша жіберіледі.
Егер сотқа хабарланған мекенжай бойынша адам іс жүзінде тұрмайтын болса, хабарлау немесе шақыру оның жұмыс орны бойынша жіберілуі мүмкін.
Іске қатысатын адамдар хабарланатын және шақырылатын адамдар сотқа келмеген істер бойынша сот талқылауының уақыты, күні мен орны туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқылы.
Осы баптың төртінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген электрондық байланыс құралдары туралы мәліметтер болған кезде хабарламалар тараптардың өкілдеріне жіберіледі.
3. Хабарлаулар мен шақырулар хабарланатын немесе шақырылатын адамның сотқа уақтылы келуіне және іске дайындалуына жеткілікті мерзімі болатындай есеппен істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым шығарылған күннен не сот талқылауы тағайындалған күннен кейінгі келесі күннен кешіктірілмей жіберілуге тиіс.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Тарапқа:
1) іске қатысатын тарап көрсеткен электрондық пошта мекенжайына;
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының электрондық сервистерінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына;
3) бір жыл ішінде тараптар арасында жасалған және даудың нысанасы болып табылатын шартта көрсетілген электрондық пошта мекенжайына;
4) жеткізілгенін растайтын есепті алған кезде жеке өзі сотқа ұсынған ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша;
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) егер мұндай хабарламаның келіп түспегені не кешірек түскені дәлелденбесе, хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де электрондық байланыс құралдары пайдаланыла отырып;
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) белгілі болған соңғы тұрғылықты жері немесе тұрған жері бойынша қағаз жеткізгіште;
2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
7) «электрондық үкіметтің» веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабар жөнелте отырып, «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы пайдаланушы кабинетіне жіберілген хабарлама тараптың тиісінше хабарландырылуы болып табылады.
Осы бөліктің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген электрондық байланыс құралдары арқылы жіберілген бірінші хабарлама бойынша тарап келмеген жағдайда, қайта хабарлау соттың хабарлауының немесе шақыруының тіркелуін қамтамасыз ететін байланыстың және жеткізудің өзге де электрондық құралдары пайдаланыла отырып жіберіледі.
5. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. Осы бапта көзделген сот хабарлауларының нысандары, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше тәртіп белгіленбесе, осы Кодекстің 23-бабының бесінші бөлігінде көрсетілген субъектілерге қатысты да қолданылады.
128-бап. Соттың шақыру қағазының немесе өзге де хабарлаудың, шақырудың мазмұны
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Соттың шақыру қағазында немесе өзге де хабарлауда, шақыруда:
1) хабарланатын немесе сотқа шақырылатын адамды (тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландырылатын құжатта көрсетілсе) және адамның тұрғылықты жерін не заңды тұлғаның атауы мен оның орналасқан жерін) көрсету;
2) соттың атауы мен мекенжайы;
3) сотқа келетін жері мен уақытын көрсету;
4) адресат хабарланатын немесе шақыртылатын істің атауы;
5) адресаттың кім ретінде хабарландырылып немесе шақырылып отырғандығын көрсету;
6) іске қатысатын адамдарға дәлелдемелерді осы Кодекстің талаптарына сәйкес ұсынбаудың салдарын көрсетіп, іс бойынша оларда бар барлық дәлелдемелерді табыс етуді ұсыну;
7) осы Кодекстің 46-бабында көзделген құқықтар мен міндеттерді көрсету;
8) адресаттың болмауына байланысты шақыру қағазын немесе өзге де хабарлауды, шақыруды қабылдаған адамның оны алғашқы мүмкіндік болған кезде адресатқа тапсыруға міндеттілігін көрсету;
9) хабарландырылатын немесе шақырылатын адамның сотқа келмей қалу салдарын және келмеу себебін сотқа хабарлауға оның міндетті екендігін көрсету;
10) шақыру қағазын немесе өзге де хабарламаны, шақыруды жіберген адамның қойған қолы қамтылуға тиіс.
2. Ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша жіберілетін хабарда:
1) хабарландырылатын немесе сотқа шақырылатын адамды (хабарлау жіберілетін адамның тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не заңды тұлғаның атауын) көрсету;
2) соттың атауы мен мекенжайы;
3) келетін жері мен уақытын көрсету;
4) адресат хабарландырылып немесе шақыртылып отырған істің қысқаша атауы;
5) адресаттың кім ретінде хабарландырылып немесе шақыртылып отырғандығын көрсету;
6) хабар жіберген адамның тегі мен аты қамтылуға тиіс.
Хабардың жіберілгендігін растайтын құжат іс материалдарына қоса тіркеледі.
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 2-1-бөлікпен толықтырылды
2-1. Хабарлау немесе шақыру туралы телефонограмманы берген адам оны өзінің қолтаңбасымен және оның кімге және қашан берілгендігін көрсетіп, куәландыруға тиіс.
Телефонограмманың жіберілгенін растайтын құжат іс материалдарына қоса тіркеледі.
3. Хабарламаны алған тараптар, жабық сот отырысында қарауға жататын істерді қоспағанда, талап қоюмен және оған қоса берілетін материалдармен соттың ресми интернет-ресурсы арқылы танысуға құқылы.
129-бап. Соттың шақыру қағазын немесе өзге де хабарлауды жеткізу
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Соттың шақыру қағазы немесе өзге де хабарлама электрондық пошта мекенжайы бойынша немесе ұялы байланыстың абоненттік нөміріне не пошта арқылы жеткізіледі немесе судья оларды жеткізуді тапсыратын адам жеткізеді.
Адресатқа электрондық пошта мекенжайы немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша оларды жөнелту уақыты растайтын есеппен тіркеледі, ал қолма-қол жеткізілген жағдайда, сотқа қайтарылуға жататын шақыру қағазының түбіртегінде немесе өзге де хабарламаның көшірмесінде белгіленеді.
2. Судья хабарландырылатын немесе іс бойынша шақырылатын басқа адамға тапсыру үшін шақыру қағазын немесе соттың өзге де хабарлауын іске қатысатын адамның келісімімен оған беруі мүмкін.
3. Соттың шақыру қағазын немесе өзге де хабарлауды жеткізу тапсырылған адам оның тапсырылған күні көрсетілген және адресаттың оларды алғандығы жөнінде қолы қойылған шақыру қағазының түбіртегін немесе өзге де хабарлаудың көшірмелерін сотқа қайтаруға міндетті.
4. Осы тараудың талаптары сақталған кезде және керісінше жағдай дәлелденбесе, соттың шақыру қағазы немесе өзге де хабарлау жеткізілген болып есептеледі.
130-бап. Соттың шақыру қағаздарын немесе өзге де хабарлауды тапсыру
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда
1. Азаматқа жіберілген соттың шақыру қағазы немесе қағаз жеткізгіштегі өзге де хабарлама сотқа қайтарылуға жататын қағаз жеткізгіштегі шақыру қағазының түбіртегіне немесе өзге де хабарламаның көшірмесіне қол қойғызып, оған жеке табыс етіледі.
Заңды тұлғаға жіберілген соттың шақыру қағазы немесе қағаз жеткізгіштегі өзге де хабарлама оның өкіліне немесе басқарушылық функцияларды орындайтын тиісті адамға, күзет қызметінің қызметкеріне не шақырылатын, хабарланатын тұлғаның басқа жұмыскеріне табыс етіледі, олар өздерінің лауазымын, тегін және аты-жөнін көрсете отырып, қағаз жеткізгіштегі шақыру қағазының түбіртегіне немесе өзге де хабарламаның көшірмесіне алғандығы туралы қол қояды.
Соттың шақыру қағазы немесе қағаз жеткізгіштегі өзге де хабарлама, егер хабарлау мен шақырудың электрондық түрлерін жіберудің барлық мүмкіндігі таусылған жағдайда, заңды тұлғаға жіберіледі.
Соттың шақыру қағазы немесе қағаз жеткізгіштегі өзге де хабарлама, тіпті, егер заңды тұлға көрсетілген мекенжайда болмаса да, заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша оған жеткізілген болып есептеледі.
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Егер шақыру қағазын жеткізген адам іс бойынша хабарландырылатын немесе шақырылатын адамды тұрғылықты жерінен немесе жұмысынан таба алмаса, онда шақыру қағазы онымен бірге тұратын отбасының кәмелеттік жасқа толған мүшелерінің біріне не олардың келісімімен басқа адамға, ал олар болмаған кезде - үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативінің немесе көппәтерлі тұрғын үйлер мүлкінің меншік иелері бірлестігінің не жай серіктестігінің, тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер көрсету қызметінің уәкілетті тұлғасына не тұрғын үй басқарушысына, жергілікті өзін-өзі басқару органының немесе адресаттың тұрғылықты жері бойынша тиісті атқарушы органның не оның жұмыс орны бойынша әкімшіліктің уәкілетті тұлғасына тапсырылады. Бұл жағдайларда шақыру қағазын қабылдап алған адам шақыру қағазының түбіртегіне өзінің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), сондай-ақ адресатқа қатыстылығын немесе атқаратын лауазымын көрсетуге міндетті. Шақыру қағазын қабылдап алған адам оны кешеуілдемей адресатқа тапсыруға міндетті.
Көрсетілген жағдайларда соттың шақыру қағазы тиісті түрде тапсырылған болып есептеледі.
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бөлік өзгертілді
3. Адресат уақытша болмаған жағдайда шақыру қағазын жеткізетін адам қағаз жеткізгіштегі шақыру қағазының түбіртегіне немесе өзге де хабарлауға адресаттың қайда кеткенін және оның қашан қайтып келуі мүмкін екенін белгілейді. Осы мәліметтерді онымен бірге тұратын кәмелетке толған отбасы мүшелерінің және басқа адамдардың ішінен біреуі растауы не үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативінің немесе көппәтерлі тұрғын үйлер мүлкінің меншік иелері бірлестігінің не жай серіктестігінің, тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтерді көрсету қызметінің уәкілетті тұлғасы не тұрғын үй басқарушысы, жергілікті өзін-өзі басқару органының немесе адресаттың тұрғылықты жері бойынша тиісті атқарушы органның немесе оның жұмыс орны бойынша әкімшіліктің уәкілетті тұлғасы, сондай-ақ қағаз жеткізгіштегі соттың шақыру қағазын немесе хабарлауды жеткізген адам қағаз жеткізгіштегі куәландыруға тиіс.
131-бап. Соттың шақыру қағазын немесе өзге де хабарлауды қабылдап алудан адресаттың бас тартуының салдары
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Адресат соттың шақыру қағазын немесе қағаз жеткізгіштегі өзге де хабарламаны қабылдап алудан бас тартқан кезде, оларды табыс етуші адам сотқа қайтарылатын шақыру қағазына немесе қағаз жеткізгіштегі өзге де хабарламаға тиісті белгі қояды, сондай-ақ бұл туралы акт жасауға құқылы. Адресаттың соттың шақыру қағазын немесе қағаз жеткізгіштегі өзге де хабарламаны алудан бас тартуы туралы белгіні үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативінің немесе қағаз жеткізгіштегі көппәтерлі тұрғын үйлер мүлкінің меншік иелері бірлестігінің не жай серіктестігінің, тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер көрсету қызметінің уәкілетті адамы не тұрғын үй басқарушысы, жергілікті өзін-өзі басқару органының немесе қағаз жеткізгіштегі адресаттың тұрғылықты жеріндегі тиісті атқарушы органның немесе оның жұмыс орны бойынша әкімшіліктің уәкілетті адамы куәландырады.
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Адресаттың соттың шақыру қағазын немесе қағаз жеткізгіштегі өзге де хабарлауды қабылдап алудан бас тартуы істі қарауға немесе қағаз жеткізгіштегі жекелеген процестік әрекеттерді жасауға кедергі болмайды және адам тиісті түрде хабарландырылған болып есептеледі.
132-бап. Іс бойынша іс жүргізу кезінде тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) ауыстыру, мекенжайды, ұялы байланыстың абоненттік нөмірін және электрондық мекенжайды өзгерту
Іске қатысатын адамдар мен олардың өкілдері іс бойынша іс жүргізу кезінде тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) ауысқан, мекенжайы, ұялы байланысының абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы өзгерген жағдайда бұл туралы сотқа хабарлауға міндетті. Мұндай хабар болмаған кезде шақыру қағазы немесе өзге де хабарлау, шақыру сотқа белгілі соңғы деректер бойынша жіберіледі және адресат бұл мекенжай бойынша енді тұрмаса да немесе болмаса да, ұялы байланыстың осы абоненттік нөмірін немесе электрондық мекенжайды пайдаланбаса да жеткізілген болып есептеледі. Мұндай хабарлау тиісінше хабарлау болып табылады.
133-бап. Жауапкердің және (немесе) баланың болған жерінің белгісіздігі және оларды іздестіру
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жауапкердің нақтылы тұрған жері белгісіз болған кезде үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативінің немесе көппәтерлі тұрғын үйлер мүлкінің меншік иелері бірлестігінің не жай серіктестігінің, тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер көрсету қызметінің уәкілетті тұлғасы не тұрғын үй басқарушысы, жергілікті өзін-өзі басқару органының немесе адресаттың соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша тиісті атқарушы органның немесе оның соңғы белгілі жұмыс орны бойынша әкімшіліктің уәкілетті тұлғасының соттың шақыру қағазын немесе өзге де хабарлауды, шақыруды алғанын куәландыратын жазба сотқа келіп түскеннен кейін сот істі қарауға кіріседі. Мұндай хабарлау тиісінше хабарлау болып табылады.
Жауапкердің және (немесе) баланың болған жері белгісіз болған кезде Қазақстан Республикасына заңсыз алып өткен немесе Қазақстан Республикасында ұсталып отырған баланы кері қайтару туралы немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың негізінде осындай балаға қатысты қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы талап бойынша судья жауапкерді және (немесе) баланы іздестіруді жариялау туралы ұйғарым шығаруға міндетті.
2. Мемлекет мүддесіне орай, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу, асыраушысының денсаулығының зақым алуынан немесе қайтыс болуынан келген зиянды өтеу туралы талап қоюлар бойынша жауапкердің тұрған жері белгісіз болған кезде сот уәкілетті органдар арқылы жауапкерді іздестіруді жариялауға міндетті. Соттың жауапкерге іздеу жариялауы істі қарауға кедергі болмайды.
3. Жауапкер өзіне сот шешімінің көшірмелері тапсырылғаннан кейін осы Кодекстің 126-бабында белгіленген тәртіппен апелляциялық шағым беру үшін өткізіп алынған процестік мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхат беруге және соттың шешіміне шағым жасауға құқылы.
4. Жауапкерді және (немесе) баланы іздестіру жөніндегі шығыстарды өндіріп алу уәкілетті органның арызы бойынша сот бұйрығын беру арқылы жүргізіледі.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 11-1-тараумен толықтырылды
11-1-тарау. ЭЛЕКТРОНДЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
133-1-бап. Азаматтық сот ісін жүргізу форматы
1. Азаматтық сот ісін жүргізу талап қоюшы таңдаған сотқа жүгіну тәсіліне қарай қағаз немесе электрондық форматта жүргізіледі.
2. Сот тараптардың пікірін және процесті жүргізудің техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, сот ісін жүргізу форматын өзгерте алады, бұл туралы уәжді ұйғарым шығарады.
3. Сот ісін электрондық форматта жүргізу кезінде электрондық азаматтық іс қалыптастырылады.
Бұл ретте соттың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылған электрондық сот актісі сот актісінің төлнұсқасы болып табылады.
4. Сот ісін жүргізу форматы өзгертілген кезде, іс материалдары тиісті форматқа өзгертіледі және оларды судья куәландырады.
133-2-бап. Электрондық құжаттар
1. Соттың, iске қатысатын адамдардың процестік актілері мен әрекеттерi электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында ресiмделуi мүмкiн. Көрсетілген құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында электрондық құжатты пайдалануға жол берілмейтін жағдайларды қоспағанда, жазбаша нысандағы құжаттармен бірдей мәнге ие.
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 1-1-бөлікпен толықтырылды
1-1. Соттың процестік құжаттарының жобалары соттың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі пайдаланылып дайындалуы мүмкін.
2. Электрондық құжатқа қойылатын техникалық талаптарды және оның соттың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде айналыс тәртібін соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып айқындайды.
133-3-бап. Техникалық байланыс құралдарын пайдалану арқылы сот отырысына қатысу
1. Іске қатысатын адамдар, олардың өкілдері, сондай-ақ куәлар, сарапшылар, мамандар, аудармашылар сот отырысына өздері мәлімдеген өтінішхат бойынша немесе соттың бастамасы бойынша техникалық байланыс құралдарын пайдалау арқылы қатыса алады.
2. Сот отырысына қатысу үшін пайдаланылатын техникалық байланыс құралдары төрағалық етушінің іске қатысатын адамның жеке басын анықтау, сондай-ақ өкілдің өкілеттіктерін тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
Мұндай техникалық мүмкiндiк болмаған кезде сот отырысына қатысу құқығын іске асыруды iске қатысатын адамның тұрғылықты жерi бойынша сот қамтамасыз етедi.
3. Егер әскери қызметшілердің, емдеу мекемелеріндегі, халықты әлеуметтік қорғау мекемелеріндегі, сондай-ақ күзетпен ұстау немесе бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың іске қатысуын қамтамасыз ету үшін осы мекемелердің техникалық байланыс құралдары пайдаланылатын жағдайда, онда жеке басты анықтау, істі қарайтын соттың оларға құқықтары мен міндеттерін түсіндіргені және оларды бұзғаны үшін жауаптылық туралы ескертілгені жөнінде қолхат алу осы мекемелер әкімшілігінің жәрдемімен жүзеге асырылады.
Сот отырысына қатысатын адамның жеке басын куәландыратын құжаттардың, сондай-ақ оның қолхатының куәландырылған көшірмелері алынған күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірілмей, іс материалдарына қосып тігу үшін істі қарайтын сотқа жіберіледі.
4. Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын қолдану тәртібін, оларға қойылатын талаптарды соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган осы Кодекстің талаптарын ескере отырып айқындайды.
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 133-4-баппен толықтырылды
133-4-бап. Электрондық хаттама
1. Сот талқылауының аудио-, бейнежазбасы электрондық хаттама деп танылады.
2. Электрондық хаттаманың толықтығын, құрылымы мен сапалы тыңдалуын қамтамасыз ететін техникалық талаптарды соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган осы Кодекстің талаптарын ескере отырып айқындайды.
2-БӨЛІМ. БІРІНШІ САТЫДАҒЫ СОТТА ІС ЖҮРГІЗУ
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 1-кіші бөлімінің тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-КІШІ БӨЛІМ. БҰЙРЫҚ АРҚЫЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 12-тараудың бүкіл мәтіні бойынша:
«өндіріп алушыны», «өндіріп алушының», «Өндіріп алушының», «өндіріп алушы», «Өндіріп алушы», «өндіріп алушыға», «Өндіріп алушыға» деген сөздер тиісінше «талап қоюшыны», «талап қоюшының», «Талап қоюшының», «талап қоюшы», «Талап қоюшы», «талап қоюшыға», «Талап қоюшыға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«борышкерді», «борышкерден», «борышкердің», «Борышкердің», «Борышкерден», «борышкерге», «Борышкерге», «борышкер», «Борышкер» деген сөздер тиісінше «жауапкерді», «жауапкерден», «жауапкердің», «Жауапкердің», «Жауапкерден», «жауапкерге», «Жауапкерге», «жауапкер», «Жауапкер» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
12-тарау. БҰЙРЫҚ АРҚЫЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ
134-бап. Соттың бұйрығы негізінде берешекті өндіріп алу
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Сот бұйрығы сот актісі болып табылады, оны жауапкерді және талап қоюшыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сот талқылауынсыз, даусыз талаптар бойынша жауапкерден ақшаны өндіріп алу немесе жылжымалы мүлікті талап ету туралы талап қоюшының арызы бойынша, сондай-ақ заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда дауды сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған келісімдерді орындау туралы талап қоюшының арызы бойынша электрондық нысанда шығарылады.
2. Сот бұйрығының атқарушылық құжат күші болады. Сот бұйрығы бойынша өндіріп алу сот шешімдерін орындау үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
135-бап. Сот бұйрығы шығарылатын талаптар
Сот бұйрығы:
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) жеке тұлғалардан кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешекті, өсімпұлдарды, пайыздарды өндіріп алу туралы;
2) 2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерді орындау туралы;
4) әке (ана) болудың анықталуына немесе үшінші тұлғаларды тарту қажеттігіне байланысты емес кәмелетке толмаған балаларды бағып-күтуге арналған алименттерді өндіріп алу туралы;
5) 2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) 2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) уәкілетті органдар мәлімдеген жауапкерді, жауапкерді және (немесе) баланы іздестіру жөніндегі шығыстарды өтеу туралы;
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған кәсіпкерлік, инвестициялық қызметке байланысты даулар бойынша келісімдерді орындау туралы;