3) мынадай мазмұндағы 36-1-баппен толықтырылсын:
«36-1-бап. Берешекті сотқа дейін өндіріп алуға және реттеуге беру немесе құқықты (талап етуді) басқаға беру тәртібі
1. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның коллекторлық агенттікпен осындай шарт жасасу жағдайларын қоспағанда, оның үшінші тұлғалармен нысанасы берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу, сондай-ақ берешекке байланысты ақпарат жинау жөнінде қызметтер көрсету болып табылатын шарт (бұдан әрі - берешекті өндіріп алу туралы шарт) жасасуына тыйым салынады.
2. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның коллекторлық агенттікпен берешегі тұрғынжай түріндегі кепілмен қамтамасыз етілген жеке тұлғаға қатысты берешекті өндіріп алу туралы шарт жасасуына жол берілмейді.
3. Мынадай талаптардың бірі сақталған кезде:
құқықтарды (талап етулерді) сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген осындай ұйым қызметі түрлерінің бірі болып табылғанда;
құқықтарды (талап етулерді) сатып алу жеке тұлғаларды қолдау жөніндегі мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар немесе мемлекеттік органдардың құқықтық актілері шеңберінде жүзеге асырылғанда, құқықты (талап етуді) жарғылық капиталдарына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі ұйымдарға беруді қоспағанда, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның жеке тұлғамен жасасылған және тұрғынжай түріндегі кепілмен қамтамасыз етілген банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талап етуді) басқаға беруді жүргізуіне тыйым салынады.
4. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құқықты (талап етуді) мынадай тұлғаларға:
коллекторлық агенттікке;
банкке;
банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға;
бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымына;
екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға;
секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясына беруін қоспағанда, оның банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талап етуді) үшінші тұлғаға беруді жүргізуіне тыйым салынады.
Осы тармақтың талаптары осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды.
5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе банктік қарыз шартында өзгеше көзделмесе, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талап етуді) қарыз алушының келісімінсіз басқаға беруге құқылы емес.
6. Банктік қарыз шарты бойынша бір қарыз алушыға қатысты құқықты (талап етуді) бірнеше тұлғаға беруге жол берілмейді.
7. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банктік қарыз шарты бойынша құқығының (талап етуінің) үшінші тұлғаға өтуі талаптары қамтылған шарт (бұдан әрі - талап ету құқығын басқаға беру шарты) жасасылған кезде, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым:
1) талап ету құқығын басқаға беру шарты жасасылғанға дейін қарыз алушыны (немесе оның уәкілетті өкілін) құқықтардың (талап етулердің) үшінші тұлғаға өту мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай басқаға беруге байланысты қарыз алушының дербес деректерінің өңделетіні туралы банктік қарыз шартында көзделген не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен хабардар етуге;
2) талап ету құқығын басқаға беру шарты жасасылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарыз алушыны (немесе оның уәкілетті өкілін) банктік қарызды өтеу жөніндегі бұдан былайғы төлемдердің үшінші тұлғаға (банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) өткен тұлғаның атауы және тұрған жері) тағайындалатынын, берілген құқықтардың (талап етулердің) толық көлемін, сондай-ақ негізгі борыштың, сыйақының, комиссиялардың, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мерзімі өткен және ағымдағы сомаларының және төленуге жататын басқа да сомалардың қалдықтарын көрсете отырып, құқықтың (талап етудің) үшінші тұлғаға өткені туралы банктік қарыз шартында көзделген не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен хабардар етуге;
3) банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) өзіне өткен тұлғаға мынадай құжаттардың:
кепіл нысанасына (егер банктік қарыз кепілмен қамтамасыз етілген жағдайда) құқық белгілеуші құжаттардың;
кепілгерлік немесе кепiлдiк шарттарының (егер банктік қарыз бойынша міндеттемелерді орындау кепілгерлікпен немесе кепiлдiкпен қамтамасыз етілген жағдайда);
қарыз алушының құқық (талап ету) басқаға берілген күнгі берешегінің есептеулерінің;
қарыз алушымен наразылық хат алмасудың;
қарыз алушының - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының, қарыз алушының - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатының;
қарыз алушының берешекті өтегенін растайтын құжаттардың;
кепілге салынған мүлікті өткізу жөніндегі құжаттардың;
талап ету құқығын басқаға беру шартына сәйкес өзге де құжаттардың түпнұсқаларын және (немесе) көшірмелерін беруге міндетті.
Қарыз алушыға қойылатын барлық құқықтар (талап етулер) басқаға берілген жағдайда, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым өзінде бар барлық құжаттардың түпнұсқаларын банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаға береді.
Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым), банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға банктік қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлікке құқық белгілеуші құжаттардың тұпнұсқаларын жоғалтқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Қарыз алушыға қойылатын құқықтардың (талап етулердің) бір бөлігі басқаға берілген жағдайда, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осындай құқықтарды (талап етулерді) куәландыратын құжаттардың түпнұсқаларын сақтауға және көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) ішінара берілген тұлғаға беруге құқылы;
4) талап ету құқығын басқаға беру шартын жасасқаннан кейін төлемдердің әрбір қарыз алушы бөлінісінде таратып жазылуын бере отырып, қарыз алушылардан алынған ақшаны банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның банктік шотына берешекті өтеу есебіне аударуға міндетті.
8. Сатып алынған құқықты (талап етуді) бастапқы кредиторға кері сатуды (қайтаруды), құқықты (талап етуді) коллекторлық агенттіктерге, секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясына, сондай-ақ өзге де банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға беруді (қайта беруді) қоспағанда, жеке тұлғамен жасасылған банктік қарыз шарты бойынша банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құқығы (талап етуі) берілген тұлғаның осындай құқықты (талап етуді) өзге тұлғаларға қайта беруіне тыйым салынады.»;
5-тармақтың 4) тармақшасы 2017 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
4) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«37-бап. Талап қоюдың ескіру мерзімі
Банктердің, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктердің еншілес ұйымдарының, осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымның, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның қарыз алушыларға банктік қарыз шарттарын орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны жөнінде қоятын талабы бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі бес жылды құрайды.»;
5) 40-1-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі «мақсатында» деген сөзден кейін «, сондай-ақ, осы баптың 1-1-тармағында көзделген жағдайларда» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Банк омбудсманы жеке тұлға болып табылатын қарыз алушы және осындай қарыз алушымен жасасылған банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға арасында туындайтын келіспеушіліктерді қарыз алушының жүгінуі негізінде реттеуді жүзеге асырады.
Банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға өзі банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін сатып алған қарыз алушы жүгінген кезде банк омбудсманымен өзара іс-қимыл жасасуға және банк омбудсманы сұратқан кез келген ақпарат пен мәліметтерді беруге міндетті.»;
6) 40-3-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың талаптары осы Заңның 40-1-бабы 1-1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайда қарыз алушының - жеке тұлғаның жүгінуіне қолданылады.»;
4-тармақта:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның 40-1-бабының 1-1-тармағында көзделген жағдайда қарыз алушының - жеке тұлғаның жүгінуі бойынша банк омбудсманы тараптардың осы бапта көзделген шешімді қабылдамай-ақ, кездесулер өткізу және ұсынымдар беру арқылы өзара қолайлы нәтижеге қол жеткізуіне жәрдемдеседі.»;
екінші бөлік «банктің,» деген сөзден кейін «банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 50-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 4 - 8, 8-1-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өздерінің қызметтік мiндеттерiн жүзеге асыруына орай банк құпиясын құрайтын мәлiметтерге қолжетімділік алған банктердің, Қазақстан Республикасы резиденттерінің-банк холдингтерінің, осы баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 8), 8-1) және 8-2) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды адамдары, жұмыскерлерi және өзге де тұлғалар оларды жария еткенi үшiн қылмыстық жауаптылықта болады.»;
4-тармақтың екінші бөлігінде:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) банктердің негізгі борыш және (немесе) есепке жазылған сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар кредит (қарыз) бойынша құқықтар (талап етулер) басқаға берілген кезде, осы кредитке (қарызға) байланысты ақпаратты осы Заңның 36-1-бабының 3 және 4-тармақтарында көрсетілген тұлғаларға беруі;»;
мынадай мазмұндағы 8-2) тармақшамен толықтырылсын:
«8-2) банктердің коллекторлық агенттікке осы коллекторлық агенттікпен берешекті өндіріп алу туралы жасасқан шарт шеңберінде кредит (қарыз) бойынша ақпарат беруі;»;
6-тармақта:
а) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«а) қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға және лауазымды адамдарға: мөрмен расталған және прокурор санкциялаған жазбаша сұрау салу негізінде, олардың іс жүргізуінде жатқан қылмыстық істер бойынша;»;
б) тармақшадағы «негізінде олар жүргізіліп» деген сөздер «, қаулысы, шешімі және үкімі негізінде олардың іс жүргізуінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-2-тармақтағы «ипотекалық қарыз» деген сөздер «банктік қарыз» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):
1) 1-бапта:
5) тармақша «микроқаржы ұйымына» деген сөздерден кейін «, коллекторлық агенттікке» деген сөздермен толықтырылсын;
13-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13-1) кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпарат - заңды тұлға болып табылатын кредиттік тарих субъектісінің сот шешімімен таратылуы туралы немесе кредиттік тарих субъектісінің күнтізбелік тоқсан күннен асатын мерзімі өтіп кеткен берешегінің болуы туралы мәліметтерді қамтитын, кредиттік тарих субъектісі туралы кредиттік есептің қысқаша нысаны;»;
2) 11-бапта:
1-тармақтың бірінші және екінші бөліктері «микроқаржы ұйымына» деген сөздерден кейін «, коллекторлық агенттікке» деген сөздермен толықтырылсын;
1-3-тармақтың бірінші бөлігі «микроқаржы ұйымы» деген сөздерден кейін «, коллекторлық агенттік» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 18-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер;»;
4) 20-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер;»;
5) 24-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Коллекторлық агенттіктер банктік қарыз шарттары, микрокредит беру туралы шарттар бойынша банктерден, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан, микроқаржы ұйымдарынан сатып алынған құқықтар (талап етулер) бойынша кредиттік бюроларға ұсынатын ақпаратта:
1) берешек сатып алынған күнгі негізгі борыштың, сыйақының, комиссиялардың, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасын қамтитын берешектің жалпы сомасы;
2) борышты сатып алу күні;
3) борышты (график бойынша және нақты) өтеу күні;
4) міндеттемелердің құрамы және оларды орындауды қамтамасыз ету тәсілдері туралы ақпарат;
5) бар болған кезде, кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпарат;
6) тараптардың келісуі бойынша өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.».
7-тармақ 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 94-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 11, 63-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):
42-бапта:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақшада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының асып кетуін айқындау кезінде есепке жатқызылуға жататын қосылған құн салығы сомасында:»;
мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым жазып берген шот-фактуралар;
салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берілетін пайдалы қазбалар бойынша тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер (оның ішінде осындай пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша қосылған құн салығының сомасы есепке алынбайды.».
8. «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 126-құжат):
1) 4-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) үшінші тұлғаға берген кезде, қарыз алушының құқық (талап ету) берілген үшінші тұлғамен құқықтық қатынастарына Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулердің күші қолданылады.
Өзіне құқық (талап ету) берілген үшінші тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулерді бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.»;
2) 7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) қарыз алушыда микрокредит беру туралы шарт бойынша қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен асатын міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуі болған кезде, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) осы Заңның 9-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген тұлғаға беруге;»;
3) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) микрокредит беру туралы өзі жасасқан шарт бойынша құқық (талап ету) басқаға берілген жағдайда, осы Заңның 9-1-бабы 4 және 5-тармақтарында көрсетілген тұлғамен келіспеушіліктерді реттеу үшін банк омбудсманына жүгінуге құқығы бар. Көрсетілген құқық жеке тұлға болып табылатын қарыз алушыға қолданылады;»;
4) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
«9-1-бап. Берешекті сотқа дейін өндіріп алуға және реттеуге немесе құқықты (талап етуді) басқаға беру тәртібі
1. Микроқаржы ұйымының коллекторлық агенттікпен осындай шарт жасасу жағдайларын қоспағанда, оның үшінші тұлғалармен нысанасы берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу, сондай-ақ қарыз алушының берешегіне байланысты ақпарат жинау жөнінде қызметтер көрсету болып табылатын шарт (бұдан әрі - берешекті өндіріп алу туралы шарт) жасасуына тыйым салынады.
8-тармақтың 4) тармақшасының төртінші абзацы 2017 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
Микрокредит беру туралы шартта қарыз алушы микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуіне жол берген жағдайда микроқаржы ұйымының коллекторлық агенттікті тартуға құқығы болған кезде берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге жол беріледі.
2. Микроқаржы ұйымының коллекторлық агенттікпен берешегі тұрғынжай түріндегі кепілмен қамтамасыз етілген жеке тұлғаға қатысты берешекті өндіріп алу туралы шарт жасасуына жол берілмейді.
3. Берешек коллекторлық агенттікте сотқа дейін өндіріп алуда және реттеуде болған кезеңде микроқаржы ұйымы:
сотқа берешекті өндіріп алу туралы талап қойып жүгінуге;
берешек коллекторлық агенттікте жұмыста болған кезеңде есепке жазылған сыйақыны төлеуді талап етуге, сондай-ақ негізгі борышты және сыйақыны уақтылы өтемегені үшін көрсетілген кезеңге тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есепке жазуға құқылы емес.
4. Мынадай талаптардың бірі сақталған кезде:
құқықтарды (талап етулерді) сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген осындай ұйым қызметі түрлерінің бірі болып табылғанда;
құқықтарды (талап етулерді) сатып алу жеке тұлғаларды қолдау жөніндегі мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар немесе мемлекеттік органдардың құқықтық актілері шеңберінде жүзеге асырылғанда, құқықты (талап етуді) жарғылық капиталдарына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі ұйымдарға беруді қоспағанда, микроқаржы ұйымының жеке тұлғамен жасасылған және тұрғынжай түріндегі кепілмен қамтамасыз етілген микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) басқаға беруді жүргізуіне тыйым салынады.
5. Микроқаржы ұйымының құқықты (талап етуді) мынадай тұлғаларға:
коллекторлық агенттікке;
микроқаржы ұйымына;
секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясына беруін қоспағанда, оның микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) үшінші тұлғаға беруді жүргізуіне тыйым салынады.
Осы тармақтың талаптары осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды.
6. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе микрокредит беру туралы шартта өзгеше көзделмесе, микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) қарыз алушының келісімінсіз басқаға беруге құқылы емес.
7. Микрокредит беру туралы шарт бойынша бір қарыз алушыға қатысты құқықты (талап етуді) бірнеше тұлғаға беруге жол берілмейді.
8. Микроқаржы ұйымының микрокредит беру туралы шарт бойынша құқығының (талап етуінің) үшінші тұлғаға өтуі талаптары қамтылған шарт (бұдан әрі - талап ету құқығын басқаға беру шарты) жасасылған кезде, микроқаржы ұйымы:
1) талап ету құқығын басқаға беру шарты жасасылғанға дейін қарыз алушыны (немесе оның уәкілетті өкілін) құқықтардың (талап етулердің) үшінші тұлғаға өту мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай басқаға беруге байланысты қарыз алушының дербес деректерінің өңделетіні туралы микрокредит беру туралы шартта көзделген не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен хабардар етуге;
2) талап ету құқығын басқаға беру шарты жасасылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарыз алушыны (немесе оның уәкілетті өкілін) микрокредитті өтеу жөніндегі бұдан былайғы төлемдердің үшінші тұлғаға (микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) өткен тұлғаның атауы және тұрған жері) тағайындалатынын, берілген құқықтардың (талап етулердің) толық көлемін, сондай-ақ негізгі борыштың, сыйақының, комиссиялардың, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мерзімі өткен және ағымдағы сомаларының және төленуге жататын басқа да сомалардың қалдықтарын көрсете отырып, құқықтың (талап етудің) үшінші тұлғаға өткені туралы микрокредит беру туралы шартта көзделген не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен хабардар етуге;
3) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) өзіне өткен тұлғаға мынадай құжаттардың:
кепіл нысанасына (егер микрокредит кепілмен қамтамасыз етілген жағдайда) құқық белгілеуші құжаттардың;
кепілгерлік немесе кепiлдiк шарттарының (егер микрокредит бойынша міндеттемелерді орындау кепілгерлікпен немесе кепiлдiкпен қамтамасыз етілген жағдайда);
қарыз алушы берешегінің құқық (талап ету) басқаға берілген күнгі есептеулерінің;
қарыз алушымен наразылық хат алмасудың;
қарыз алушының - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының, қарыз алушының - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатының;
қарыз алушының берешекті өтегенін растайтын құжаттардың;
кепілге салынған мүлікті өткізу жөніндегі құжаттардың;
талап ету құқығын басқаға беру шартына сәйкес өзге де құжаттардың түпнұсқаларын және (немесе) көшірмелерін беруге міндетті.
Қарыз алушыға қойылатын барлық құқықтар (талап етулер) басқаға берілген жағдайда, микроқаржы ұйымы өзінде бар барлық құжаттардың түпнұсқаларын микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаға береді.
Қарыз алушыға қойылатын құқықтардың (талап етулердің) бір бөлігі басқаға берілген жағдайда, микроқаржы ұйымы осындай құқықтарды (талап етулерді) куәландыратын құжаттардың түпнұсқаларын сақтауға және көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) ішінара берілген тұлғаға беруге құқылы.
Микроқаржы ұйымы, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға микрокредит беру туралы шарт бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлікке құқық белгілеуші құжаттардың тұпнұсқаларын жоғалтқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.