2. Кондоминиум объектісін тіркеу кондоминиумға қатысушының не меншік иелерінің уәкілетті өкілінің өтініші бойынша жүзеге асырылады. Кондоминиум объектісін тіркеу кезінде ортақ мүліктің құрамы мен әрбір үй-жайдың құқық иелерінің ортақ меншіктегі үлесінің мөлшері айқындалады.
Кондоминиум объектісін басқару органы құрылған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде кондоминиум объектісін тіркеуге байланысты функцияларды орындауға міндетті.
Кондоминиум объектісін тіркегенге дейін ортақ меншіктегі үлесі бар мәміле дара (бөлек) меншіктегі (өзге заттай құқықтағы) мүлікпен мәміле жасау кезінде жасалған деп саналатын жағдайларды қоспағанда, ортақ мүлікпен жасалатын мәмілелер заңдық күшке ие болмайды.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды; 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 2-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-2. Кондоминиумды бастапқы тіркеген кезде кондоминиум объектісіне техникалық паспорт дайындау бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
3. Көп пәтерлi тұрғын үйдi не мемлекеттік тұрғын үй қоры жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларды жекешелендiру кезiнде кондоминиум объектiсiн бастапқы тiркеу iсiн жекешелендiрудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган жүргiзуге тиiс.
2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Үй-жайлардың алаңын қатысушылардың келісімі немесе өзге де негіздер бойынша өзгерту нәтижесінде кондоминиум қатысушыларының ортақ мүлкінің құрамы және (немесе) олардың ортақ мүліктегі үлестерінің мөлшері өзгерген кезде тиісті өзгерістер мемлекеттік тіркелуге тиіс.
33-бап. Дара (бөлек) үй-жай иелерiнiң ортақ мүлiктегi үлестерi
1. Бiрнеше меншiк иелерiне тиесiлi дара (бөлек) үй-жайға меншiк иелерiнiң ортақ мiндеттемелеріндегі ынтымақтастық жауапкершiлiгiмен ортақ мүлiктегi бiр үлес сәйкес келедi. Мұндай меншiк иелерiнiң арасындағы өзара қатынастар олардың арасындағы келісімiмен реттеледi.
2. Ауызша немесе жазбаша келісім болмаған жағдайда әрбiр меншiк иесiнiң ортақ мүлiкте көрсетiлген үлеске меншiгiне байланысты бөлiнбейтiн құқықтары мен мiндеттерi тең болады.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 34-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
34-бап. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кондоминиумдағы құқықтары
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Үй-жайлардың (пәтерлердің) барлық меншiк иелерi-кондоминиумға қатысушылар ортақ мүлiктi басқаруда тең құқыққа ие болады.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Үй-жай (пәтер) иесiнiң ортақ мүлiктi, сондай-ақ жер учаскесiн басқа меншiк иелерiмен қатар пайдалануға құқығы бар.
3. Үй-жай иелерiнiң басқа жерде тұруы, сондай-ақ үй-жайды пайдалану құқығын басқа адамдарға беруi үй-жайды меншiктенушi құқықтарының шектелуiне әкелiп соқпайды және меншiк иесiн оған заңдармен, кондоминиум объектiсiн басқару жөніндегі меншiк иелерiнiң келісімiмен немесе меншiк иелерi бiрлестiгiнiң Жарғысымен жүктелетiн мiндеттерден босатпайды.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Үй-жайлардың (пәтерлердің) иелерi ортақ мүлiктiң өздерiне бекiтіліп берiлген пайдаланылуы шектеулi бөлiгiн үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң келісімiнде белгiленген ережелермен пайдалануға құқылы.
Үй-жай (пәтер) иесiнiң пайдаланылуы шектеулi қандай да болсын ортақ мүлiктi өз атынан иелiктен шығаруға құқығы жоқ.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 35-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
35-бап. Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерiнiң мiндеттерi
1. Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерi осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген мiндеттердi атқарады.
2. Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерi ортақ мүлiктің және дара (бөлек) меншiктегi үй-жайлардың сақталуына және қауiпсiз пайдаланылуына жәрдемдесуге міндетті.
36-бап. Үй-жайлардың иесi емес адамдардың мiндеттерi
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Үй-жайды жалдаушының (жалға алушының), сондай-ақ оның меншiк иесi (өзге де құқық иеленушілері) немесе олардың өкілдері емес басқа да адамдардың дауыс беруге құқығы жоқ және кондоминиум объектiсiн басқаруға өзге де түрде қатыса алмайды, бiрақ барлық тұрғындар мен кондоминиум объектiсiнiң үй-жайларын жалдаушыларға (жалға алушыларға) ортақ ереженi сақтауға мiндеттi.
2. 2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
37-бап. Тұрғын емес үй-жайлар иелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiнiң ерекшелiктерi
1. Тұрғын емес үй-жайдың иесi ортақ мүлiктiң тұрғын үй-жайларды пайдалануға ғана байланысты бөлiктерiне қатысты ортақ шығыстарға қатысуға мiндеттi емес.
2. Ортақ мүлiктiң тұрғын емес үй-жайларды пайдалануға ғана байланысты бөлiктерiне қатысты шығыстарды осындай үй-жайлардың меншiк иелерi көтередi.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Тұрғын емес үй-жайдың иесi өз мүдделерiне қатысы жоқ кондоминиум мәселелерiн шешуге қатыса алмайды.
Тұрғын емес үй-жайлар иелерiнiң мүдделерiне ғана қатысы бар мәселелердi шешуге басқа меншiк иелерi қатыса алмайды. Ортақ мүлікті пайдалануға қатысты мәселелер бұларға кірмейді.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 38-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
38-бап. Үй-жайларға кіру
Егер меншiк иесiнiң үй-жайынан ғана жүргiзiлуi мүмкiн ортақ мүлiктiң жай-күйiн тексеру, ортақ мүлiктi жөндеу немесе алмастыру қажет болса, алдын ала жазбаша хабар алу бойынша меншiк иесi не басқа бiр тұрушы үй-жайлардың (пәтерлердің) басқа меншiк иелерiнiң немесе кондоминиум объектiсiнiң басқару органының өкiлiн үй-жайға кiргiзуге мiндеттi.
Авариялық жағдайларда немесе адамның денсаулығына немесе өмiрiне қауiп төндiретiн өзге де төтенше жағдайларда кіруге алдын ала хабарлаусыз рұқсат етiлуге тиiс.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 39-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
39-бап. Ортақ мүлiкке немесе басқа үй-жайларға келтiрiлген залалды өтеу
1. Егер үй-жайдың (пәтердің) меншiк иесi ортақ мүлiктiң кез келген бөлiгiне немесе кез келген басқа үй-жайға залал келтiрсе, ол залалды өз есебiнен жоюға, не оны жою жөніндегі шығындарды өтеуге мiндеттi.
2. Егер үй-жайда тұрушылар не үй-жайды пайдаланушы адамдар тiкелей залал келтiрушiлер болса, олар осындай мiндеттi меншiк иесiмен бiрлесiп көтередi.
40-бап. Кондоминиум объектiсіндегі үй-жайдың iшiн өзгерту
Меншiк иесiнiң үй-жайды ортақ мүлiкке қауiп төндiретiн немесе оны нашарлататын жұмыстар жүргiзумен байланысты өзгертуiне, соның iшiнде қайта жоспарлауына және қайта жабдықтауына тыйым салынады.
41-бап. Үй-жайлар арасындағы, сондай-ақ үй-жайлар мен ортақ мүлiк арасындағы шекаралардың өзгертiлуi
1. Үй-жайлар арасындағы, сондай-ақ үй-жайлар мен ортақ мүлiк арасындағы шекараларды өзгертуге құрылыс нормалары мен ережелерi, сондай-ақ өзге де мiндеттi қауiпсiздiк талаптары сақталған жағдайда жол берiледi.
2. Көршiлес (шектес) үй-жайлардың арасындағы шекараларды өзгерту осы үй-жайлар иелерiнiң өзара келісімi бойынша жасалуы мүмкiн.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Үй-жайлар мен ортақ мүлiктiң арасындағы шекараларды өзгерту басқа меншiк иелерiнiң және кондоминиум объектiсiн басқару органының келiсуiмен ғана жасалуы мүмкiн.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 6-1-тараумен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 6-1-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 6-1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-1-тарау. Тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылау
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 41-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 41-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 41-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
41-1-бап. Тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылау
Тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылау жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй инспекциясының (бұдан әрі - тұрғын үй инспекциясы) лауазымды адамдарының тексеру жүргізуі арқылы жүзеге асырылады.
Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 41-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
41-2-бап. Тұрғын үй инспекциясының тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарының өкілеттіктері
2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Тұрғын үй инспекциясы:
1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру;
2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін, кезеңділіктерін және кезектілігін айқындау;
3) кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келісу;
4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;
5) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және олар туралы істерді қарау;
6) осы Заңның 42-бабының 1-1-тармағында көзделген жағдайда қызмет көрсететін ұйымды айқындау;
7) кондоминиум объектісі үй-жайларының (пәтерлерінің) меншік иелерi өтініш берген кезде кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептің бар-жоғын тексеруді жүргізу бойынша өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Тұрғын үй инспекциясының өкілеттігіне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мәселелер кіреді.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Тұрғын үй инспекциясы лауазымды адамдарының:
1) тексеру жүргізген уақытта қызметтік куәлігін көрсеткен кезде тексерілетін объектіге баруға;
2) тексеру жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратуға, тексеру нысанына жататын құжаттардың түпнұсқасымен танысуға құқығы бар.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Тұрғын үй инспекциясының лауазымды адамдары:
1) тексеруді «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізуге;
2) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін объектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
3) тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге;
4) кондоминиум объектiсiнің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережелерінің бұзылуы туралы актілер жасауға;
5) кондоминиум объектiсiнің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережелерін бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама шығаруға міндетті.
5. Тұрғын үй инспекциясының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға болады.
7-тарау. Кондоминиум объектiсiн басқару
42-бап. Кондоминиум объектiсiн басқару нысандары
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерi кондоминиум құрылған күнінен бастап бір ай мерзімде жалпы жиналыста кондоминиум объектiсiн басқару нысаны туралы мәселенi шешуге тиiс. Мұндай шешiмге дейiн бiртұтас кешен ретiнде кондоминиум объектісіне, сондай-ақ тұрғын үйдi коммуналдық қызметтермен бiр орталықтан қамтамасыз етуге байланысты мiндеттемелер бойынша меншiк иелерi бірлесе жауап бередi.
Бiртұтас инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету жүйесi бар және бiртұтас тұрғын үй-коммуналдық кешендi құрайтын көппәтерлi тұрғын үйде (немесе оның бiр бөлiгiнде) кондоминиум объектiсiн басқару нысандарының бiрі ғана қолданылуы мүмкiн.
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзімде үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері арасында кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдау туралы келісімге қол жеткізілмеген ретте, тұрғын үй инспекциясы тұрғын үй (тұрғын ғимарат) пайдалануға берілген кезде үш ай мерзімге кондоминиум объектісін басқару органының функцияларын жүзеге асырушы қызмет көрсететін ұйымды айқындайды.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Кондоминиум объектiсiн басқару нысаны оған қатысушылардың келісімiмен белгiленедi. Ондай нысандар:
1) егер барлық меншiк иелерiнiң саны жиырма адамнан аспаса, олардың тiкелей бiрлесiп басқаруы;
2) үй-жай (пәтерлер) иелерiнiң кооперативi;
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) кондоминиум объектісін үшінші (бөгде) тұлғалардың: сайланбалы немесе жалдамалы жеке тұлғалардың - тұрғын үйлерді басқарушылардың (менеджерлердің) немесе заңды тұлғалардың басқаруы;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де нысандар болуы мүмкiн.
2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Кондоминиум объектiсiн басқару органы мынадай функцияларды:
1) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерi жиналысының өткізілуін, жазбаша сауалнама жүргізілуін ұйымдастыруды;
2) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерi жиналысының хаттамаларын және жазбаша сауалнама жүргізу кезіндегі дауыс беру парақшаларын ресімдеуді;
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерiнің жалпы жиналысында бұрын қабылданған шешімдер туралы ақпаратты үй-жайлардың (пәтерлердің) жаңа меншік иелерiнің назарына жазбаша түрде жеткізуді;
3) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерiнің жиналысы шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруды;
4) сервистік қызмет субъектісімен шарттар жасасуды және олардың орындалуын бақылауды;
5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі мәселелері бойынша үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерiнің мүдделерін білдіруді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Жеке немесе заңды тұлғаға үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері беретін кондоминиум объектісін басқару жөніндегі өкілеттіктердің мерзімдері мен көлемі уәкілетті орган бекіткен кондоминиум объектісін басқарудың үлгі шарты негізінде айқындалады.
Кондоминиум объектісін басқару органының осы кондоминиум объектісінде сервистік және кондоминиум объектісіне жатпайтын өзге де қызметті жүзеге асыруына тыйым салынады.
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Үй-жайлар иелерi тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсететiн ұйымдармен осындай қызмет көрсету туралы жеке шарттар жасасуға құқылы.
Көрсетілетін коммуналдық қызметтер ұлттық стандартта және техникалық регламентте көзделген техникалық талаптарға сәйкес келуге тиіс.
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Меншiк иелерiнiң арасында кондоминиум объектiсiн басқару нысаны туралы келiсiмге қол жеткізілмеген ретте меншiк иелерiнiң кез келгенi, ал кондоминиум объектiсi тұрғын үй-жайларды жекешелендiру нәтижесiнде құрылған үйлерде жекешелендiрудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган да меншiк иелерiнiң алдына үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерiнiң кооперативiн құру, тұрғын үйді басқарушыны (менеджерді) не кондоминиум объектісін басқару үшін заңды тұлғаны таңдау немесе жалдау туралы мәселелер қоюға құқылы.
6. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерi көпшiлiгiнiң шешiмi бойынша кондоминиум объектiсiн басқару нысанының өзгертiлуi мүмкiн.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Басқа үйлермен бiрге үй-жайлар иелерiнiң бiр кооперативi басқаратын тұрғын үй-жайдың иелерi көпшiлiк болып қабылданған шешiм бойынша осы кооперативтiң құрамынан шығып, өзiнiң жеке кооперативiн құруға, басқа кооперативке ауысуға не кондоминиум объектiсiн басқарудың өзге нысанын қолдануға құқылы.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды
8. Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кооперативтерін құруға, қайта ұйымдастыруға және таратуға, олардың қызметін бақылауға байланысты қатынастар осы Заңмен реттеледі.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды
9. Егер кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын тұлғалардың, сондай-ақ тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) ортақ мүлкін күтіп-ұстау және пайдалану жөніндегі міндеттерін орындамайтын немесе тиісінше орындамайтын үй-жайлардың (пәтерлердің) жекелеген меншік иелерінің өз міндеттерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне шығын келтірілсе, осы тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шығындарды өтеуге міндетті.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 7-тарау 42-1-баппен толықтырылды
42-1-бап. Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жиналысы
2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жиналыстарында кондоминиум объектісін басқаруға және күтіп-ұстауға байланысты мәселелер бойынша шешімдер қаралады және қабылданады.
Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысының шешімі хаттамамен ресімделеді және ол Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуге тиіс.
2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мынадай:
1) кондоминиум объектісінің басқару нысанын таңдауға немесе өзгертуге байланысты;
2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін басқаруға және күтіп-ұстауға арналған жарналардың мөлшерін бекітуге;
3) кондоминиум объектісін басқару шартын жасасу, өзгерту немесе бұзу туралы шешімдер қабылдауға;
4) әділет органдарындағы құқықтық кадастрға өзгерістер енгізуге;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) өзгертуге (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, реконструкциялауға, қалпына келтіруге, күрделі жөндеуге);
6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу туралы шешім қабылдауға және (немесе) жинақ шотында ақша жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың сомасын айқындауға байланысты;
7) жинақ шотында жинақталған ақшаны жұмсауға;
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) сервистік қызмет субъектісінің көрсететін қызметтерін таңдауға және (немесе) олардан бас тартуға;
9) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасын бекітуге қатысты мәселелер үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жиналысында міндетті түрде қарауды және мақұлдауды талап етеді.
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жиналыс кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдау үшін бастамашы топ ұйымдастыра алады.
Жиналыс кондоминиум объектісін басқару органының бастамасы бойынша, сондай-ақ үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кемінде оннан бір бөлігінің талап етуі бойынша өткізіледі. Жергілікті атқарушы органдар тұрғын үйді басқарушыны (менеджерді) не кондоминиум объектісін басқару үшін заңды тұлғаны таңдау немесе жалдау туралы мәселені шеше отырып, үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жиналысын өткізуге бастамашылық жасауға құқылы.
Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысының бастамашылары алдағы жиналыстың күні, орны және күн тәртібі туралы барлық үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерін кемінде он күн бұрын хабардар етеді.
4. Үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жиналыс өткізілгенге дейін оның бастамашыларындағы шешім қабылдауға қажетті материалдармен танысуға құқығы бар.
5. Үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жиналысы үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жалпы санының кемінде үштен екісі болған кезде заңды болып табылады. Үй-жайдың (пәтердің) әрбір меншік иесі дауыс беру кезінде бір дауысқа ие болады. Егер үй-жайдың (пәтердің) меншік иесіне бірнеше үй-жай (пәтер) тиесілі болса, ол тиісінше дауыс санына ие болады.
Жиналысты жүргізу үшін төраға мен хатшы сайланады.
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Жиналыстың шешімі осы баптың 6-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, жиналысқа тікелей қатысқан не электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланып дауыс берген үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды
6-1. Кондоминиум объектісінің үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы саны дауысының кемінде бестен бір бөлігі осы баптың 2-тармағының 2), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көзделген мәселелер бойынша ұсынылған шешімге қарсы дауыс берген жағдайда, шешім қабылданбады деп есептеледі және жалпы жиналыста қайта қарауды талап етеді. Қайта қараған кезде осы мәселе бойынша шешім қабылдау үшін кондоминиум объектісі үй-жайлары (пәтерлері) меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екісінің келісімі қажет.
7. Кворум болмаған жағдайда, дауыс беру осы Заңның 42-2-бабына сәйкес жазбаша сауалнама жасау арқылы жүргізіледі.
2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысының хаттамасында:
1) кондоминиум объектісінің орналасқан жері;
2) жиналыстың өткізілетін күні, уақыты;
3) үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы саны;
4) үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жиналысына қатысушылардың саны;
5) жиналыстың төрағасы мен хатшысы;
6) жиналыстың күн тәртібі;
7) жиналыста сөз сөйлеген адамдар;
8) дауыс беру нысаны және қорытындылары;
9) жиналыс қабылдаған шешім көрсетіледі.
Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды. Хаттамаға жиналысқа қатысқан үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің тегі, аты, әкесінің аты, (ол болған кезде) үй-жайлардың (пәтерлердің) нөмірлері көрсетіліп, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерін тіркеу парағы қоса тіркеледі.
9. Қабылданған шешім барлық үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері үшін міндетті болып табылады және үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің еркін білдіру ретінде соттарда және басқа да мемлекеттік мекемелерде дауларды және өзге де мәселелерді қарау үшін құжат болып табылады, сондай-ақ тұрғын үй көмегін есептеу үшін негіз болады.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 7-тарау 42-2-баппен толықтырылды
42-2-бап. Жазбаша сауалнама жүргізу
1. Үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы жиналысын өткізу кезінде кворумды қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, жазбаша сауалнама жүргізіледі.
2. Үй-жайдың (пәтердің) әрбір меншік иесі жазбаша сауалнама жүргізу кезінде бір дауысқа ие болады. Егер үй-жайдың (пәтердің) меншік иесіне бірнеше үй-жай (пәтер) тиесілі болса, ол тиісінше дауыс санына ие болады.
3. Жазбаша сауалнама жүргізуді ұйымдастыру үшін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері арасынан жауапты адамдар тағайындалады.
2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Әрбір дауыс беру парағында реттік нөмірі, талқылауға енгізілген мәселелер, үй-жайлар (пәтерлер) меншік иесінің мекенжайы, тегі, аты, әкесінің аты, (ол болған кезде) қол қойылатын орын, кондоминиум объектісін басқару органы басшысының қолтаңбасы болуға тиіс.
5. Жазбаша сауалнама жүргізуге шығарылған мәселелер бойынша дауыс беру парағы үй-жайдың (пәтердің) әрбір меншік иесінің назарына жеткізіледі.
6. Егер дауыс беруге үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кемінде үштен екісі қатысса, жазбаша сауалнама жүргізілген болып есептеледі.
7. Дауыс берудің қорытындылары үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жиналысында шығарылады. Егер үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, шешім қабылданған болып есептеледі.
8. Жазбаша сауалнаманың қорытындылары бойынша хаттамада дауыс беру парақтары жөніндегі жиынтық деректер беріледі. Дауыс беру парақтары хаттамаға міндетті қосымша болып табылады және бірге сақталады.
9. Жазбаша сауалнама арқылы қабылданған шешім үй-жайлардың (пәтерлердің) барлық меншік иелері үшін міндетті болып табылады.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 43-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
43-бап. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативiн құру
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Көп пәтерлi тұрғын үйдi немесе үйлер тобын басқару үшiн үй-жайлар иелерiнiң кооперативтерi, ал қоса салынған тұрғын емес үй-жайлары жоқ үйлер үшiн - пәтерлер иелерiнiң кооперативтерi құрылуы мүмкiн. Пәтерлер иелерi кооперативiнiң құқықтық жағдайы үй-жайлар иелерi кооперативiнiң құқықтық жағдайымен бiрдей.