2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 7-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-1) балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;
2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды
7-2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын, үлгілік оқу бағдарламаларын сараптау және сынақтан өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда; 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) заңды тұлғаларға мыналарды:
бастауыш білім;
негізгі орта білім;
жалпы орта білім;
біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім;
біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім;
кадрларды даярлау бағыттары және оқыту нысандары бойынша жоғары білім;
кадрларды даярлау бағыттары және оқыту нысандары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
діни білім беру үшін бiлiм беру қызметiмен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны береді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-1) - 8-4) тармақшалармен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 8-1) - 8-3) тармақшалар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8-1) бiлiм беру мониторингiн жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi;
8-2) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту бойынша қызметтi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;
8-3) «Алтын белгi» белгiсi туралы ереженi бекiтедi;
8-4) 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8-5) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тiзiлiмiн жүргiзедi;
8-6) «Жоғары оқу орнының үздiк оқытушысы» және «Үздiк педагог» атақтарын беру қағидаларын бекiтедi;
2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 8-7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8-7) «Орта бiлiм беретін үздiк ұйым», «Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білім беретін үздiк ұйым» гранттарының мөлшерін және оларды беру тәртiбiн белгiлей отырып, осы гранттарды беруге арналған конкурстарды өткiзу қағидаларын бекiтедi;
2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 8-8) тармақшамен толықтырылды
8-8) халықтың тығыздығына және елді мекендердің шалғайлығына қарай білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін әзірлейді және бекітеді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда
9) денсаулық сақтау саласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын және Сот төрелігі академиясын қоспағанда, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мыналарды:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын;
әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды жүргізеді;
9-1) 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10) тармақша өзгертілді
10) аккредиттеу органдарына, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және оларды танудың тәртібін белгілейді және танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беру бағдарламаларының тізілімдерін қалыптастырады;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
11) мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту бағдарламаларын, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмнің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды; 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 11-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
11-1) тиісті үлгілердегі және түрлердегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды
11-2) мемлекеттік білім беру кредитін беру және орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен 11-3) тармақшамен толықтырылды
11-3) білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен 11-4) тармақшамен толықтырылды
11-4) ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) ұлттық бірыңғай тестілеуді, кешенді тестілеуді өткізу және білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды
12-1) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекітеді;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 12-2) тармақшамен толықтырылды
12-2) орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 12-3) тармақшамен толықтырылды
12-3) тиісті саланың уәкілетті органымен келісу бойынша білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13) тармақша өзгертілді; 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13) тармақша жаңа редакцияда
13) мүдделі орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын әзірлейді және бекітеді;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды
13-1) мүдделі орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын әзірлейді және бекітеді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14) білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындайды;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды
14-1) орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 14-2) тармақшамен толықтырылды
14-2) қолайсыз ауа райы метеожағдайларында орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 14-3) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды) (бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен 14-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-3) экстернат оқыту және онлайн-оқыту нысанында жол берілмейтін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлау бағыттарының тізбесін бекітеді;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15) тармақша жаңа редакцияда; 2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
15) мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша сырттай және кешкі оқу, сондай-ақ экстернат нысандарында білім алуға жол берілетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесін бекітеді;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен 15-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-1) мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
15-2) 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16) тармақша жаңа редакцияда
16) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім алушыларды білім беру ұйымдарының типтері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17) тармақша жаңа редакцияда
17) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
18) 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды; 2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен 19-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-1) мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқулықтарға және оқу-әдістемелік кешендеріне қажеттілігін болжау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 19-2) тармақшамен толықтырылды
19-2) мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 19-3) тармақшамен толықтырылды
19-3) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 19-4) тармақшамен толықтырылды
19-4) орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен 19-5) тармақшамен толықтырылды
19-5) мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
20) 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21) білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 21-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-1) білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу рәсімін жүзеге асырады;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 21-2) тармақшамен толықтырылды
21-2) білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 21-3) тармақшамен толықтырылды
21-3) білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 22) тармақша жаңа редакцияда
22) бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарын қамтамасыз ету жөнiндегi қағидаларды әзiрлейдi және бекiтедi, олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
23) білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысандарын әзірлейді және бекітеді;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен 23-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23-1) орта білім беру ұйымдары үшін жекелеген пәндер бойынша базалық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді айқындайды және бекітеді;
23-2) 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
23-3) 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 23-4) тармақшамен толықтырылды
23-4) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын әзірлейді және бекітеді;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24) мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын әзірлейді және бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 24-1) тармақшамен толықтырылды
24-1) білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;
2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 24-2) тармақшамен толықтырылды
24-2) қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру және осындай кепілдік беру мөлшерін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 25) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 25) тармақша өзгертілді
25) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылықты жүзеге асырады және оны жүргізуді үйлестіреді, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын, оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ қашықтан оқытуды ұсыну бойынша білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар мен қашықтан оқыту бойынша және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 25-1) тармақшамен толықтырылды
25-1) Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 25-2) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 25-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
25-2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін және кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктер құрады және олардың қызметтері туралы ережені бекітеді;
2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 25-3) тармақшамен толықтырылды
25-3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін, бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерін құрады және олардың қызметі туралы ережелерді бекітеді;
26) республикалық орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес шетелдік мектептерде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етеді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 26-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26-1) мектепке дейiнгi, орта, техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын әзiрлеудi ұйымдастырады және бекiтедi;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 27) тармақша жаңа редакцияда
27) орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 27-1) тармақшамен толықтырылды; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 27-1) тармақша жаңа редакцияда
27-1) республикалық және жергілікті бюджеттер бекітілгенге дейін орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің тiзбесiн, оның ішінде электрондық нысанда бекітеді;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 27-2) тармақшамен толықтырылды
27-2) мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;
28) республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 29) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
29) жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 29-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен 29-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
29-1) жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын қалыптастырады және бекітеді;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 29-2) тармақшамен толықтырылды
29-2) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстарға) қатысушылар құрамын қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен 29-3) тармақшамен толықтырылды
29-3) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын қалыптастырады және бекітеді;
2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен 29-4) тармақшамен толықтырылды
29-4) жеңімпаздары, жүлдегерлері және оларды дайындаған педагогтер бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен көтермеленетін жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың тізбесін қалыптастырады және бекітеді;
2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен 29-5) тармақшамен толықтырылды
29-5) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу қағидаларын бекітеді, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы мөлшерін бекітеді;
30) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 31) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ведомстволық бағыныстағы бiлiм беру ұйымдарының жарғыларын бекiтедi;
32) білім беру ұйымдарында меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының және нормативтік құқықтық актілерінің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдардағы бюджеттік және қаржылық тәртіптің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асырады;
33) 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 34) тармақша жаңа редакцияда
34) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерді қоспағанда, педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын тиісті саланың уәкілетті органдарымен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 34-1) тармақшамен толықтырылды
34-1) педагогикалық әдеп қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 35) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 35) тармақша өзгертілді; 2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 35) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен 35) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
35) еңбек жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 35-1) тармақшамен толықтырылды
35-1) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
36) 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 36-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 36-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
36-1) қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарын береді;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 36-2) тармақшамен толықтырылды
36-2) ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
37) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
38) педагогтерді қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 38-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 38-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
38-1) педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын, сондай-ақ педагог қызметін курстан кейін қолдауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 38-2) тармақшамен толықтырылды; 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 38-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
38-2) педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 38-3) тармақшамен толықтырылды