ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі
салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 1 тамыздағы № 110-ө Өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім):
1) 740-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі 9) тармақшасындағы «ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.» деген сөздер «ақшаға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.»;
2) 741-баптың екінші бөлігі 8) тармақшасындағы «ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.» деген сөздер «ақшаға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.».
2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:
1) 37-баптың 5-тармағының 1) тармақшасындағы «шаруа немесе» деген сөздер «егер осы Кодекстің 43-1-бабының 1-2-тармағында өзгеше көзделмесе, шаруа немесе» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 43-1-бап мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
«1-2. Қоныс аударушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерде шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскелері иеліктен шығару, шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде, акционерлік қоғам акцияларының төлеміне немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде беру құқығынсыз, осы Кодекстің 50-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленген ең аз мөлшерден аспайтын мөлшерде конкурстан тыс тәртіппен бес жылға дейінгі мерзімге уақытша қысқа мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен беріледі.
Жер учаскелерін аталған мақсаттар үшін қайта беруге жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерден тұрақты тұрғылықты жерін ауыстыру осы Кодекстің 81-бабына сәйкес осы тармақтың бірінші бөлігі негізінде берілген жер пайдалану құқығын тоқтатуға алып келеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерде бес жылдан астам тұратын қоныс аударушыларға осы Кодекстің 37-бабында көзделген тәртіппен ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығының жаңа мерзіміне шарт жасасу құқығы беріледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шектеулер жаңа мерзімге жасалған шартқа қолданылмайды.»;
3) 81-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) жер пайдаланудың бастапқы бес жыл мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерден тұрақты тұрғылықты жерін ауыстыруы.»;
4) 97-баптың 6-тармағы 2) тармақшасының екінші бөлігінің бірінші сөйлеміндегі «Пайдалануға» деген сөз «Егер осы Кодекстің 43-1-бабының 1-2-тармағында өзгеше көзделмесе, пайдалануға» деген сөздермен ауыстырылсын.
3-тармақ 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:
мынадай мазмұндағы 428-1-баппен толықтырылсын:
«428-1-бап. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде, тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында бейнебақылау жүйесін, сол сияқты оның компоненттерін қасақана жою немесе бүлдіру
1. Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін, ұстау режимін бұзу мақсатында қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде, тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында бейне бақылау жүйесін, сол сияқты оның компоненттерін қасақана жою немесе бүлдіру -
екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде, тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында бейнебақылау жүйесін, сол сияқты оның компоненттерін қасақана жою немесе бүлдіру, сол сияқты бейнебақылау жүйесі арқылы жүргізілген жазбаларды қасақана жою -
екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған іс-әрекеттер -
бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
4. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:
1) 161-баптың жетінші бөлігінің екінші абзацы «әлеуметтік төлемдерді» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың 2) тармақшасы 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2) 187-баптың екінші бөлігі «428 (үшінші бөлігінде)» деген сөздерден кейін «, 428-1 (үшінші бөлігінде)» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың 3) тармақшасы 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) 191-баптың екінші бөлігі «428 (бірінші бөлігінде)» деген сөздерден кейін «, 428-1 (бірінші және екінші бөліктерінде)» деген сөздермен толықтырылсын.
5. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне:
1) 3-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бейнебақылау жүйесі - бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық және техникалық құралдардың және бейнежазбаларды сақтау құралдарының, сондай-ақ өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыратын бағдарламалық және (немесе) техникалық басқару құралдарының жиынтығы;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) жазаны орындайтын органдар - қамаққа алу түріндегі жазаны, сотталған адамды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар;»;
2) 99-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мекеме әкімшілігі қашып шығудың, құқық бұзушылықтардың, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзудың алдын алу, сотталған адамдардың мінез-құлқы туралы қажетті ақпарат алу үшін бейнебақылау жүйелерін, электрондық және өзге де инженерлік-техникалық құралдарды пайдаланады.».
6. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:
156-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацы «әлеуметтік төлемдерге» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекке» деген сөздермен толықтырылсын.
7. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:
57-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы «ықтиярхатының» деген сөзден кейін «немесе азаматтығы жоқ адам куәлігінің» деген сөздермен толықтырылсын.
8. 2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне:
112-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жұмыскердің көшуі жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне көшуге, тұрғын үйді жалдау (жалға алу), коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидиялар, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен экономикалық мобильділік сертификаттары түрінде материалдық көмек беруді;».
9. «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Қазақстан Республикасы азаматтығының сақталуы
Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде тұруы Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға алып келмейді.
Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасының азаматы емес адаммен некеге тұруы, сондай-ақ мұндай некені бұзуы Қазақстан Республикасының азаматтығын өзгертуге алып келмейді.»;
2) 16-1-баптың бірінші бөлігінде:
2) тармақша «ұрпақтары» деген сөзден кейін «, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар негізінде жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар адамдар» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы «этникалық қазақтар қабылдануы мүмкін.» деген сөздер «этностық қазақтар;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын жесірлері қабылдануы мүмкін.»;
3) 17-бапта:
тақырыптағы «және» деген сөз «немесе» деген сөзбен ауыстырылсын;
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «және» деген сөз «немесе» деген сөзбен ауыстырылсын;
5), 6), 7), 8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) террористік немесе экстремистік ұйымдарға қатыстылығы болса немесе террористік немесе экстремистік қылмыстар үшін сотталған болса;
6) халықаралық іздестіруде болса, соттың заңды күшіне енген үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе не сот оның іс-әрекеттерін қылмыстардың қайталануы немесе қылмыстардың қауіпті қайталануы деп таныса;
7) басқа мемлекеттің (мемлекеттердің) азаматы болса;
8) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтінішхатпен жүгінген кезде өзі туралы жалған мәліметтер хабарласа не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде дәлелді себепсіз қажетті құжаттарды ұсынбаса;
9) Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның шегінен тысқары жерлерде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қасақана қылмыс деп танылатын қылмысты жасағаны үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар болса;»;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен және 13) тармақшадағы «айырылса, оның өтініші қабылданбайды.» деген сөздер «айырылса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаса;»;
9-тармақтың 3) тармақшасының он үшінші, он төртінші, он бесінші абзацтары 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«14) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын көлемде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білмесе, оның өтінішхаты қабылданбайды.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың бірінші бөлігінің 14) тармақшасының ережелері кәмелетке толмағандарға, әрекетке қабілетсіз адамдарға, Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі бар не Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тізбе бойынша кәсіптерге ие және талаптарға сай келетін адамдарға, этностық қазақтарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар негізінде жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар адамдарға қолданылмайды.»;
4) 21-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін басқа мемлекеттің азаматтығын растайтын құжаттарды пайдаланған жағдайда;».
10. «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайының қағидаттары
Егер Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады.
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер заң мен сот алдында тең болады, оларды тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша ешқандай кемсітуге болмайды.
Шетелдіктердің өз құқықтары мен бостандықтарын пайдалануы Қазақстан Республикасының мүдделеріне, оның азаматтары мен басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірмеуге тиіс және мұны олардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген міндеттерді орындауынан бөліп қарауға болмайды.»;
2) 4-бапта:
екінші бөліктегі «және олардың отбасы мүшелерін» деген сөздер «, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар негізінде жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар адамдарды және олардың бірге немесе бөлек келген отбасы мүшелерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген шетелдіктерден басқа, Қазақстан Республикасында өзгедей заңды негізде жүрген, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша жәбірленуші, куә, қорғалуға құқығы бар куә, күдікті, айыпталушы немесе сотталушы деп танылған шетелдіктер қылмыстық іс бойынша іс жүргізу аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасында уақытша болатындар деп есептеледі.»;
3) 22-бапта:
екінші бөлікте:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) егер Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында оның экстремистік немесе террористік әрекетке қатыстылығы немесе Қазақстан Республикасында экстремистік немесе террористік деп танылған ұйымға қатыстылығы туралы мәліметтер болса;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) сот оның әрекеттерінде қылмыстардың қайталануы немесе қылмыстардың қауіпті қайталануы бар деп таныған жағдайда;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) егер ол Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін өзіне қолданылған әкімшілік жазаны атқармаған болса;»;
мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2) және 7-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) егер ол Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін өзіне тағайындалған жазаны атқармаған немесе өтемеген болса;
7-2) егер ол ұйымдасқан топта (қылмыстық ұйымда) топбастаушы жағдайына ие болса;
7-3) егер ол Қазақстан Республикасының аумағында ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған болса және Қазақстан Республикасы ратификациялаған, сотталған адамдарды беру туралы халықаралық шарттарға сәйкес не Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының шет мемлекеттің құзыретті органдарымен және лауазымды адамдарымен өзара келісім қағидаты негізінде қол жеткізген келісімге сәйкес өзінің азаматтығы тиесілі мемлекетке берілген болса;»;
12) және 13) тармақшалардағы «1991 жылғы 20 желтоқсандағы» деген сөздер алып тасталсын;
13) тармақшадағы «айырылса, тыйым салынады.» деген сөздер «айырылса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) егер ол кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаса, тыйым салынады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ұлттық қауіпсіздік органдары шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға олардың Қазақстан Республикасына және шетелдіктер баруға болмайтын жекелеген жерлерге (аумақтарға) келуіне келісім беруден бас тартуға негіз болған себепті түсіндірмеуге құқылы.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жіберілген, реадмиссия тәртібімен қайтарылған шетелдіктердің шығарып жіберу туралы сот шешімі орындалған, реадмиссия тәртібімен кеткен күннен бастап бес жыл бойы Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салынады.».
11. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 36-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі «әлеуметтік төлемдер» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмек» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 51-баптың 1-тармағының екінші бөлігі 11) тармақшасындағы «ақшаға тыйым салуды қолдануға жол берілмейді.» деген сөздер «ақшаға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға тыйым салуды қолдануға жол берілмейді.».
12. «Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:
«18-1-бап. Төтенше жағдай кезеңінде жеке басты куәландыратын құжаттардың, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар беретін лицензиялардың, рұқсаттардың және өзге де құжаттардың қолданылуы
Жеке басты куәландыратын құжаттар, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар беретін лицензиялар, рұқсаттар және өзге де құжаттар, егер төтенше жағдай енгізілген жерлерде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды ұзартуды немесе ауыстыруды жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайларда, олардың қолданылу мерзіміне, иесінің мәртебесі өзгергеніне және өзге де елеулі мән-жайларға қарамастан, төтенше жағдай кезеңі ішінде, сондай-ақ ол аяқталғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде жарамды болып есептеледі.
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген нормалар төтенше жағдай режимі қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылуы аяқталған құжаттарға не жеке немесе заңды тұлғаларға қосымша міндеттемелер жүктейтін құжаттарға қолданылмайды.».
13. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жеке сәйкестендіру нөмірі - жеке тұлға үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;»;
2) 7-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сәйкестендіру нөмірлері туралы мәліметтерді;»;
13-тармақтың 3) тармақшасы 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) 9-баптың 2-тармағындағы «3-тармағының 2) - 7)» деген сөздер «3-тармағының «2), 3), 4), 4-1), 5), 6), 7) және 9)» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 10-баптың 2-тармағында:
бірінші бөлікте:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасынан кеткен кезде;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жіберілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар кеткен кезде;»;
6), 7) және 8) тармақшалар алып тасталсын;
екінші бөліктегі «5), 6), 7) және 8)» деген сөздер «2-1) және 5)» деген сөздермен ауыстырылсын.
14. «Босқындар туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«6) пана іздеген адам - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы босқын мәртебесін беру туралы өздерінің өтінішхаты бойынша түпкілікті шешім қабылдағанға дейін Қазақстан Республикасында пана сұрауға ниет білдірген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
7) пана іздеген адамның куәлігі - босқын мәртебесін беру туралы өтінішхаттың тіркелуін растайтын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы беретін құжат;»;
2) 7-баптың 2-2-тармағының 1) тармақшасындағы «тұрғылықты жері бойынша тіркеуді» деген сөздер «болатын жері бойынша есепке алуды» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 8-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақтың 5) тармақшасында:
«аумағында тұрғылықты», «бұрынғы тұрғылықты» және «жаңа тұрғылықты» деген сөздер тиісінше «аумағында болатын», «бұрын болған» және «жаңа болатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тұрғылықты жері бойынша тіркеуді ресімдеуге» деген сөздер «болатын жері бойынша есепке тұруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 9-баптың 2-тармағының 3) тармақшасында:
«аумағында тұрғылықты», «бұрынғы тұрғылықты» және «жаңа тұрғылықты» деген сөздер тиісінше «аумағында болатын», «бұрын болған» және «жаңа болатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тұрғылықты жері бойынша тіркеуді ресімдеуге» деген сөздер «болатын жері бойынша есепке тұруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 10-баптың 6-тармағындағы «оны тіркеу» деген сөздер «оны болатын жері бойынша есепке қою» деген сөздермен ауыстырылсын.
15. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 58-баптың 2-тармағының екінші бөлігі 12) тармақшасындағы «ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.» деген сөздер «ақшаға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.»;
2) 62-баптың 3-тармағының екінші бөлігі 14) тармақшасындағы «ақшаға тыйым салуды қолдануға жол берілмейді.» деген сөздер «ақшаға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға тыйым салуды қолдануға жол берілмейді.»;
3) 98-баптың бірінші бөлігі 27) тармақшасындағы «ақшадан өндіріп алуды қолдануға болмайды.» деген сөздер «ақшадан;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 28) тармақшамен толықтырылсын:
«28) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшадан өндіріп алуды қолдануға болмайды.».
16. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 4-1) тармақшасындағы «ішкі істер органдары еңбекші көшіп келушіге беретін» деген сөздер «еңбекші көшіп келушіге берілетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігіндегі «аумағындағы көшіп келушілерге» деген сөздер «аумағына келетін және оның аумағындағы көшіп келушілерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
бірінші бөлік алып тасталсын;
үшінші бөлік «талаптар» деген сөзден кейін «визаларды не» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Визасы немесе уақытша тұруға арналған рұқсаты бар көшіп келушілер олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасынан кетуге не болу мерзімі аяқталғанға дейін оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұзартуға міндетті.»;
3) 6-1-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте көшіп келуші уақытша тұруға арналған рұқсатты немесе визаны ресімдеу кезінде қабылдаушы тарап көрсеткен уақытша болатын (тұратын) жерінде тұрмағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.»;
4) 7-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған визамен, инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның өтінішхаты бойынша берілген инвесторлық көпреттік визамен, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін, шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптер тізбесіне сәйкес берілген визамен Қазақстан Республикасында уақытша болатын не Қазақстан Республикасымен визасыз келу және болу тәртібі туралы келісімдер жасасқан мемлекеттерден келген не Қазақстан Республикасында босқын мәртебесіне ие шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ этностық қазақтар өздеріне берілген визаның санатына қарамастан, тұрақты тұруға арналған рұқсатты алу үшін ішкі істер органдарына жүгінеді. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрақты тұруға арналған рұқсатты алу үшін жүгінген көшіп келушілерге өтінішхатты қарауға қажетті, бірақ күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге виза не уақытша тұруға арналған рұқсат ресімделеді.»;