14) ҚР Үкіметінің 2020.16.10. № 669 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15) кадрларды орналастыруды және әскери атақтар беруді, Қорғаныс министрінің қарауына номенклатураға сәйкес лауазымдарға тағайындау және әскери атақтар беру жөніндегі ұсыныстарды енгізуді жүзеге асырады;
16) Қарулы Күштерді қару-жарақтың, әскери техниканың қажетті түрлерімен, оқ-дәрілермен және басқа да материалдық құралдармен қамтамасыз етуді, оларды пайдалануды, сақталуын, есепке алуды, есептен шығару мен кәдеге жаратуды ағымдағы және перспективалық жоспарлауды, сондай-ақ бейбіт уақытта әскерлерді жұмылдыра өрістету үшін осы құралдардың қорларын жинақтауды және орналастыруды жоспарлауды ұйымдастырады;
16-1) Қарулы Күштерге əскери мақсаттағы автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізуді ұйымдастырады;
17) Қарулы Күштерде әскери ғылымды дамыту бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлейді;
18) жеке құрамның жоғары жауынгерлiк жəне моральдық-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында əскерлерді моральдық-психологиялық жəне идеологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
19) әскерлердің қызметіне байланысты экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
20) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органды, ал жергілікті әскери басқару органдары арқылы төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық, қалалық басқармаларды тиісті жауынгерлік әзірлік дәрежесіне келтіру туралы, сондай-ақ жұмылдыруды жариялау туралы хабардар етеді;
21) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери жиындарды ұйымдастырады және өткізеді;
22) халық пен аумақты қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану салдарынан қорғау жөніндегі, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан сақтандыру және оның салдарын жою жөніндегі міндеттерді шешу кезінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды;
23) Қарулы Күштерде шифрланған, кодталған, құпияландырылған байланысты, мемлекеттік құпияларды қорғауды, ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
24) мемлекеттік авиация қызметі саласында бақылауды жүзеге асырады;
25) мемлекеттік авиациядағы әуе кемелері ұшуларының қауіпсіздігін қадағалауды жүзеге асырады;
25-1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыруды, жинақтауды, сақтауды және пайдалануды жүзеге асырады;
25-2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді;
25-3) Қазақстан Республикасының Үкiметі белгілеген тәртіппен соғыс қимылдарын жүргізу кезеңінде жарамсыз күйге түскен немесе Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамының өмiрiне қатер төнген кезде жоғалған әскери мүлікті есептен шығарады;
25-4) Қазақстан Республикасының Үкiметі белгілеген тәртіппен өздерiнiң жедел басқаруындағы әскери мүлiктің есебін жүргізедi;
25-5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде əскери тасымалдарды ұйымдастыру қағидаларын жəне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде əскери тасымалдарды ресімдеу жəне оларға ақы төлеу қағидаларын əзірлейді;
26) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қарулы Күштерді қолдануды және басқаруды, олардың басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен өзара іс-қимылын жоспарлау саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;
3) демеушілік, қайырымдылық көмекті, сондай-ақ әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберінде көрсетілетін көмекті алу және пайдалану;
4) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне басшылық жасауды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі жүзеге асырады, ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
19. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрін Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.
20. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдарға тағайындалатын және лауазымдарынан босатылатын орынбасарлары болады.
ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 671 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.30.10. № 685 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.16.11. № 772 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.16.10. № 669 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.08.04. № 217 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 21-тармақ өзгертілді
21. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің өкілеттігі:
1) өз орынбасарларының, Министрлік пен оның құрылымдық бөлімшелері лауазымды адамдарының, Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектерінің құрылымын, штат санын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі бекіткен Қарулы Күштердің, Министрліктің және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санының лимиті шегінде Министрлікке ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санын белгілейді;
3) бекітілген штат санының лимиті шегінде Министрліктің құрылымын және оның бөлімшелерінің штат санын айқындайды;
4) Министрліктің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
5) барлық мемлекеттік және өзге де ұйымдарда Министрлікті білдіреді;
6) Қарулы Күштер жауынгерлік әзірлігінің жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады;
7) Қазақстан Республикасының Президентіне белгіленген номенклатураға сәйкес Қарулы Күштердегі лауазымдарды алмастыру үшін және жоғары әскери атақтар беруге генералдар мен офицерлердің кандидатураларын ұсынады;
8) бұйрықтар мен директивалар шығарады;
9) Қазақстан Республикасының Президентіне Қарулы Күштердің құрылымы жөніндегі ұсыныстарды, оларды қолдану, жұмылдыра өрістету және қаржылық қамтамасыз ету жоспарларын бекітуге ұсынады;
10) өз өкілеттіктері шегінде әскери қызметшілерді лауазымдарға тағайындайды, қызметі бойынша ауыстыру, әскери атақтар беру және одан айыру, сондай-ақ Қарулы Күштер қатарынан шығару жөніндегі мәселелерді шешеді;
11) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы және әскер түрлері, тектері мен өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің басқару органдары туралы ережелерді бекітеді;
12) қару-жарақтың, әскери техниканың, күрделі салымдар мен басқа да материалдық-техникалық құралдардың негізгі түрлеріне тапсырыстар беру, сатып алу көлемін, сондай-ақ Қарулы Күштердің түрлері, әскер тектері, өңірлік қолбасшылықтар мен Министрліктің құрылымдық жабдықталым бөлімшелері бойынша бюджет қаражатын бөлуді бекітеді;
13) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қару-жарағына қару-жарақ пен әскери техниканы қабылдау қағидаларын бекітеді;
13-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының қарулануынан қару-жарақ пен əскери техниканы шығару қағидаларын бекітеді;
14) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қару-жарағы мен әскери техникасының кадастрын бекітеді;
15) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың əскери киiм нысанын киіп жүру жəне айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру қағидаларын бекітеді;
16) Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналын Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға және құрметті атақтар беруге ұсынады, көтермелейді, сондай-ақ жазалар қолданады;
17) азаматтардың шағымдарын, өтініштерін қарауды және Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелерінің, зейнеткерлерінің, қызметшілері мен қызметкерлерінің құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін қорғауды ұйымдастырады;
18) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға дербес жауапты болады;
19) меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
19-1) жоғары оқу орындарында және жоғары кәсіптік білім беру ұйымдары жанындағы әскери факультеттерде әскери даярлық қағидаларын бекітеді;
19-2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қарулы Күштерді жабдықтау нормаларын бекітеді;
19-3) әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери есебін жүргізу тәртібі туралы қағидаларды бекітеді;
19-4) ҚР Үкіметінің 2020.16.10. № 669 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
19-5) əскери атташе аппараты əскери қызметшілерінің қызметін жəне қызмет өткеру шарттарын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
19-6) жергілікті әскери басқару органдары туралы ережені бекітеді;
19-7) азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидаларын бекітеді;
19-8) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру тәртібін бекітеді;
19-9) жалпыға бірдей әскери оқыту бағдарламаларын бекітеді;
19-10) әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекітеді;
19-11) оларда қызмет өткеру әскери қызметшілерге жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беруге құқық беретін жергілікті жерлердің тізбесін бекітеді;
19-12) тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне, әскери оқу орындарының бірінші және екінші курстарының курсанттарына пошта жөнелтілімдеріне өтемақы мөлшерін бекітеді;
19-13) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекітеді;
19-14) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды өткізу қағидаларын бекітеді;
19-15) Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидаларын бекітеді;
19-16) дербестендірілген белгілердің, омырауға тағатын белгілердің жəне өзге де əскери-геральдикалық белгілердің, əскери оқу орындарын бітіргені туралы, сыныпты мамандарға арналған белгілердің, əскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы, техникалық жəне басқа да спорттық іс-шаралардың жүлдегерлеріне арналған наградалық медальдардың (белгілердің) сипаттамасын, сондай-ақ оларды беру жəне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери қызметшілерінің тағып жүру тəртібін бекітеді;
19-17) əскери бөлімдер мен ұйымдарға нақты жəне шартты атаулар беру жəне Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде хат-хабар алмасу кезінде оларды қолдану қағидаларын бекітеді;
19-18) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
19-19) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі орталық аппаратының əскери қызметшілеріне қызметтік куəлік беру қағидаларын жəне оның сипаттамасын бекітеді;
19-20) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі қаржылық жəне шаруашылық қызметті ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
19-21) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арсеналдарында, базалары мен қоймаларында зымырандарды жəне оқ-дəріні сақтауды ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекітеді;
19-22) қару мен оқ-дəрінің ұрлануы, жоғалуы не əскери қызметшінің əскери бөлім орналасқан жерді қаруымен өз бетінше тастап кетуі туралы ақпаратқа Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери бөлімдері қолбасшылығының жəне əскери полиция органдарының ден қою қағидаларын бекітеді;
19-23) бастапқы əскери дайындық қағидаларын бекітеді;
19-24) қосымша білім беру бағдарламалары бойынша əскери дайындық қағидаларын бекітеді;
19-25) əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша дайындық қағидаларын бекітеді;
19-26) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша əскери дайындық қағидаларын бекітеді;
19-27) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің əскери оқу орындарынан шығарып жіберу қағидаларын бекітеді;
19-28) денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша əскери интернатурадағы дайындық қағидаларын жəне мамандықтар тізбесін бекітеді;
19-29) білім беру саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша əскери оқу орындары мен əскери кафедралардағы оқу-материалдық базаны ұйымдастыру жəне пайдалану қағидаларын бекітеді;
19-30) шетелдік əскери оқу орындарында даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери қызметшілерін іріктеу қағидаларын бекітеді;
19-31) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене шынықтыру дайындығы қағидаларын бекітеді;
19-32) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін топогеодезиялық қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
19-33) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін навигациялық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
19-34) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінiң мəдениет аясында жəне спорт саласында маманданатын мемлекеттік мекемелерi ақылы негізде көрсететін қызметтерге тарифтерді бекітеді;
19-35) полиграфологиялық жəне психологиялық-физиологиялық зерттеулерді қолданумен тексеру жүргізу қағидаларын бекітеді;
19-36) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
19-37) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери көлік құралдарының жəне арнайы мақсаттағы көлік құралдарының колонналарына ілесіп жүруді ұйымдастыру жəне қамтамасыз ету, автомобиль жолдары мен көшелерде осы колонналар өтетін уақытта жол жүрісін реттеу қағидаларын бекітеді;
19-38) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тəртіптеме жəне онда күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау тəртібі қағидаларын бекітеді;
19-39) əскери қызметшілердің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының гауптвахтасында əкімшілік қамаққа алуды өтеу қағидаларын бекітеді;
19-40) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
19-41) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыруы қағидаларын бекітеді;
19-42) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдары əскери қызметшілерінің қызметтік əдеп қағидаларын бекітеді;
19-43) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде əскерлер қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
19-44) анықтау, тергеу органдарынан жəне соттан жасырынып жүрген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери бөлімдері орналасқан жерді өз бетінше тастап кеткен əскери қызметшілерді іздестіруді ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
19-45) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери барлау органдарының жария етілмейтін құрамының тізбесін бекітеді;
19-46) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамын есепке алу қағидаларын бекітеді;
19-47) «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігін арттыру» бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
19-48) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері полигондарының және оқу-жаттығу орталықтарының қызметі қағидаларын бекітеді;
19-49) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ғимаратына өткізу режимін қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
19-50) Жергілікті әскери басқару органдарының қызметтік істерін бағалау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
19-51) Жергілікті әскери басқару органдарында кезекшілер қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
19-52) Қорғанысты ғылыми қамтамасыз етуді ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
19-53) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналымы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік авиацияның борттық дәрі қобдишасының және алып жүрілетін авариялық қорының дәрiлік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекітеді;
19-54) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ведомстволық күзет бөлімшелерінің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерін күзетуін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
19-55) Ішкі аудит қызметі туралы ережені бекітеді;
19-56) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықты бекітеді;
19-57) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің еңбек сіңірген жылдарын есептеуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
19-58) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жауынгерлік кезекшілікті атқаруды бағалау әдістемесін бекітеді;
19-59) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі қағидаларды бекітеді;
19-60) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің гарнизондарында, әскери бөлімдері мен мекемелерінде диверсияға қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
19-61) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
19-62) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекітеді;
19-63) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен шығарылатын адамдарды әлеуметтік бейімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекітеді;
19-64) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру және атқару қағидаларын бекітеді;
19-65) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
19-66) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде есептеу техникасы құралдарын (жергілікті есептеу желілерінде және автоматтандырылған басқару жүйелерінде) қолдана отырып, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді өңдеу кезінде құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
19-67) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын бекітеді;
19-68) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты жұмыстарды жүргізуге рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери басқару органдарының, республикалық мемлекеттік мекемелерінің арнайы сараптамаларын және командирлерді (бастықтарды) аттестаттауды жүргізу жөніндегі сараптама комиссияларының құрамын бекітеді;
19-69) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындары ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобаларды (бағдарламаларды) орындау шеңберінде іске асыратын ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және технологиялық жұмыстарды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекітеді;
19-70) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде сүңгуірлік түсулерді ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
19-71) ұйымдық-штаттық іс-шаралардың материалдарын жоспарлау және дайындау, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери басқару органдарының, республикалық мемлекеттік мекемелерінің штаттары мен табельдерін әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
19-72) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Әскери атақтар тізбесіне сәйкес әскери қызметшілердің штаттық лауазымдарының, әскери атақтарының, әскери-есептік мамандықтарының тізбесін, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері лауазымдары мен әскери атақтарының кодтарын бекітеді;
19-73) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери басқару органдарының, республикалық мемлекеттік мекемелерінің орналасу есебін жүргізу қағидаларын бекітеді;
19-74) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерін жұмылдыруды жүргізу және жергілікті әскери басқару органдарының адам және көлік ресурстарын жұмылдыруды жүргізу қағидаларын бекітеді;
19-75) Бітімгершілік операцияларына қатысу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін іріктеуді жүргізу қағидаларын бекітеді;
19-76) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясы органдарының кинологиялық қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
19-77) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын бақылауды және 200 шақырымнан астам қашықтықта пайдалануды ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
19-78) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде парашюттік (парашюттік-десанттық, әуе-десанттық) даярлық жөніндегі қағидаларды бекітеді;
19-79) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін әскери мүлікпен материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
19-80) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
19-81) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери оркестрлерінің, әскери дирижерлері мен мәдени-демалыс орталықтары музыканттарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
19-82) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде құпияландырылған байланыстың қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
19-83) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде құпияландырылған байланыстың ведомстволық желісі жабдығын орналастыру және монтаждау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
19-84) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде байланыс қауіпсіздігін ұйымдастыру және байланыс қауіпсіздігі бұзушылықтарын жіктеу қағидаларын бекітеді;
19-85) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің республикалық мемлекеттік мекемелерінде қызметтік хат алмасу және іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
19-86) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мүддесінде мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастырған және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Бас штабының және Қарулы Күштерінің құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл қағидаларын бекітеді;
19-87) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
19-88) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарының қызметтік жұмысын бағалау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
19-89) алғашқы көмек (жеке, топтық) дәрі қобдишаларының тізімдемелерін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
19-90) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери барлау органдарының жедел-іздестіру қызметін жүргізу, сондай-ақ өздеріне жүктелген өзге де міндеттерді шешу үшін құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қажетті ақпаратты алу қағидаларын және негіздерін бекітеді;
19-91) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде және Қарулы Күштерінде қызметтік пайдаланудағы техникалық құралдарды (ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын және мобильді құрылғыларды) кіргізу, шығару және пайдалану қағидаларын бекітеді;
19-92) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің террористік тұрғыдан осал әскери бөлімдері мен мекемелерінің тізбесін олардың санаттарына сәйкес әзірлейді және бекітеді;