2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
1. Инфрақұрылымдық облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, инфрақұрылымдық облигациялар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу тәртібі, сондай-ақ инфрақұрылымдық облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, инфрақұрылымдық облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін құжаттарға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2. Инфрақұрылымдық облигацияларды эмитент акциясына айырбастауға тыйым салынады.
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Инфрақұрылымдық облигациялардың айналысы мерзiмi iшiнде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының талаптарын облигациялар ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерiн кемсiтуге әкеп соқтыратындай етiп өзгертуге жол берiлмейдi не инфрақұрылымдық облигацияларды ұстаушылардың барлығының немесе олардың өкілдерінің келісімімен жол беріледі.
2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 18-2-баппен толықтырылды
18-2-бап. Облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
1. Эмитенттің осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында және 15-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген, облигацияларды шығару шарттарын өзгерту туралы шешім қабылдауы мақсатында облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы өткізіледі.»;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге құқығы бар облигацияларды ұстаушылардың тізімін орталық депозитарий облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы өткізілетін күннен үш жұмыс күні бұрын бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінің негізінде жасайды.
Облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге құқығы бар облигацияларды ұстаушылардың тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге енгізілген тұлға өзіне тиесілі облигацияларды иеліктен шығарған жағдайда, облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысу құқығы облигациялардың жаңа ұстаушысына ауысады. Бұл ретте облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысу үшін аталған тұлға облигацияларға меншік құқығын растайтын құжаттарды эмитентке ұсынады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
3. Эмитент облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізу туралы ақпаратты облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы өткізілетін күнге дейін кемінде он жұмыс күні бұрын қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында және қор биржасының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде (егер осы облигациялар қор биржасының ресми тізіміне енгізілген жағдайда) орналастырады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізу тәртібі эмитенттің басқару органы бекітетін эмитенттің ішкі құжаттарымен белгіленеді.
Облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысында дауыс беру «бір облигация - бір дауыс» қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
Облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысының шешім қабылдауы осы Заңның 9-бабының 3-тармағында белгіленген талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Егер барлық орналастырылған облигация бір ұстаушыға тиесілі болған жағдайда, облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы өткізілмейді. Осы Заңда облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімді осындай ұстаушы жеке-дара қабылдайды және ол жазбаша түрде ресімделуге жатады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
5. Облигацияларды ұстаушылардың (жалғыз ұстаушының) жалпы жиналысының шешімі қабылданған күнінен кейін үш жұмыс күні ішінде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялануға тиіс. Көрсетілген мерзімде эмитент қабылданған шешім туралы уәкілетті органды, орталық депозитарийді хабардар етеді.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
6. Осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген, облигациялар шығарылымы проспектісіндегі мәліметтерді өзгерту мәселелері бойынша облигацияларды ұстаушылардың (жалғыз ұстаушының) жалпы жиналысы өткізілген күннен бастап облигацияларды ұстаушылардың (облигацияларды ұстаушының) жалпы жиналысында қабылданған шешім қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жарияланған күннен кейінгі күнге дейінгі кезеңде облигацияларды орналастыру және олардың айналысы тоқтатыла тұрады.
Облигацияларды ұстаушылар осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген, облигацияларды шығару шарттарын өзгерту туралы шешім қабылдаған жағдайда, облигацияларды орналастыруды және олардың айналысын тоқтата тұру мерзімі облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер мемлекеттік тіркелген күннен кейінгі күнге дейін ұзартылады.
Эмитент осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген жағдайларда орталық депозитарий мен қор биржасын (облигациялар қор биржасының ресми тізімінде болған жағдайда) облигацияларды орналастыруды және олардың айналысын тоқтата тұру туралы хабардар етеді.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 18-3-баппен толықтырылды; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 18-3-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-3-бап. Номиналы шетел валютасында көрсетілген мемлекеттік емес облигациялар шығарудың ерекшеліктері
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Эмитенттер Қазақстан Республикасының аумағында номиналды құны шетел валютасында көрсетілген облигацияларды шығаруға құқылы.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
2. Номиналы шетел валютасында көрсетілген мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, номиналы шетел валютасында көрсетілген мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу тәртібі, сондай-ақ номиналы шетел валютасында көрсетілген мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, номиналы шетел валютасында көрсетілген мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін құжаттарға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 18-4-баппен толықтырылды; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 18-4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-4-бап. Орналастырылған мемлекеттік емес облигацияларды сатып алу
1. Эмитент орналастырылған мемлекеттік емес облигацияларды қайталама нарықта сатып алуға құқылы.
2. Эмитент орналастырылған мемлекеттік емес облигацияларды:
1) эмитенттің органы облигациялардың делистингі туралы шешім қабылдаған;
2) тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалған ақпаратты қор биржасына ұсыну бөлігінде арнайы (листингтік) талаптарды орындамау себебімен қор биржасы эмитент облигацияларының делистингі туралы шешім қабылдаған;
3) эмитент облигацияларды ұстаушылардың бұрынғы өкілімен шартты бұзған немесе оның қолданысын тоқтатқан күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен асатын мерзімде облигацияларды ұстаушылардың өкілімен шарт жасаспаған (егер облигацияларды ұстаушылардың өкілімен шарт жасасу міндеті осы Заңның талаптарында көзделген және (немесе) оны жасасуға эмитент бастамашылық жасаған жағдайда) жағдайларда сатып алуға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талап «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығарылу шарттары қамтамасыз етілмеген міндеттемені субординарлық борышқа жатқызу шарттарына сай келетін, екінші деңгейдегі банктерге және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына олар шығарған (шығаратын) мемлекеттік емес облигацияларға қатысты қолданылмайды.
3. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісінде қосымша ковенанттар (шектеулер) белгіленуі мүмкін, олар басталған кезде эмитент өзі орналастырған облигацияларды сатып алуға міндетті.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген жағдайларда, эмитент орналастырылған мемлекеттік емес облигацияларды мына бағалардың ең жоғарысы бойынша:
жиналған, бірақ төленбеген сыйақыны ескере отырып, мемлекеттік емес облигациялардың номиналды құнына сәйкес келетін бағамен;
қор биржасының сауда жүйесіне айналысқа жіберілген қаржы құралдарын бағалау әдістемесіне сәйкес айқындалған мемлекеттік емес облигациялардың нарықтық бағасымен (осындай баға болған кезде);
Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындаған бағамен (егер эмитенттің облигациялары бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында айналысқа түспесе) сатып алуды жүзеге асыруға міндетті.
19-бап. Облигацияларды ұстаушылардың өкiлi
2005.21.04. № 46-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қамтамасыз етілген, инфрақұрылымдық немесе ипотекалық облигацияларды немесе секьюритилендіру мәмілесі шеңберіндегі облигацияларды шығару, орналастыру, олардың айналысы және оларды өтеу кезiнде эмитент алдында облигацияларды ұстаушылардың мүдделерiн бiлдiрудi облигацияларды ұстаушылардың өкiлi (бұдан әрi - өкiл) жүзеге асырады.
Өкiлдi таңдауды бағалы қағаздар рыногында кастодиандық және (немесе) брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылар арасынан эмитент дербес жүзеге асырады.
Өкiл эмитенттiң үлестес тұлғасы болмауға тиiс.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Өкілдің өз функциялары мен міндеттерін орындау тәртібі, эмитент пен өкілдің арасында жасалатын облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар, өкілдің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі мен жағдайлары, сондай-ақ осы Заңның 20-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес уәкілетті органға ақпарат беру мерзімдері уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленеді.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
3. Осы баптың талаптары жеке орналастыруға жататын облигацияларды шығаруға, орналастыруға, айналысқа жіберуге және өтеуге қолданылмайды.
20-бап. Өкiлдiң функциялары мен мiндеттерi
1. Өкiл мынадай функцияларды жүзеге асырады:
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
1) эмитенттiң облигацияларды ұстаушылар алдындағы облигациялар шығару проспектiсiнде немесе жеке меморандумда белгiленген мiндеттемелерiн орындауын бақылайды;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) эмитенттің облигацияларды орналастырудан алған ақшаны нысаналы пайдалануын бақылайды;
2) эмитенттiң облигацияны ұстаушылар алдындағы мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлiктiң жай-күйiн бақылайды;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
3) эмитентпен, бөлінген активтердің құрамына кіретін мүлікті қоспағанда, эмитенттiң облигацияларды ұстаушылар алдындағы мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлiкке қатысты кепiл шартын жасасады;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) эмитенттің қаржылық жағдайына мониторингті және оның корпоративтік оқиғаларына талдау жасауды жүзеге асырады;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
4) облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға бағытталған, оның ішінде меншігінде эмитенттің орналастырылған (сатып алғандарды шегергенде) облигацияларының елу және одан көп пайызы бар облигацияларды ұстаушылардың атынан сотқа эмитенттің облигациялар шығару проспектісінде немесе жеке меморандумда белгіленген міндеттемелерді орындамауы мәселелері бойынша талап-арыз беру арқылы шаралар қолданады;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерін басқаруды (бөлінген активтерді өткізу және кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану құқығымен және бөлінген активтердің құрамына кіретін өзге де қамтамасыз ету) жүзеге асырады;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
5) облигацияларды ұстаушыларға және уәкілетті органға осы тармақтың 1), 1-1), 2), 3), 3-1) және 4) тармақшаларына сәйкес өзiнiң iс-әрекеттерi туралы және мұндай iс-әрекеттерінiң нәтижелерi туралы тоқсанына кем дегенде бір рет хабарлайды.
2005.21.04. № 46-III ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Инфракұрылымдық облигацияларды ұстаушылардың өкілі осы баптың 1-тармағында айқындалған функцияларымен қатар, жобаның уақтылы және сапалы іске асырылуының, сондай-ақ оның инфракұрылымдық облигациялар шығарудың талаптарына сәйкес келуінің мониторингін жүргізеді.
2. Өкiл облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында:
1) облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін бұзуға әкеп соғуы мүмкiн мән-жайларды анықтауға және көрсетiлген мән-жайлар туралы оларға күнтiзбелiк үш күн iшiнде хабарлауға;
2) эмитенттiң облигацияларды ұстаушылардың алдындағы мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлiкке кепiл құқығын ресiмдеуге және тiркеуге байланысты құқықтық қатынастарда облигацияларды ұстаушылардың мүдделерiн бiлдiруге;
3) Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленген тәртiппен эмитенттiң облигацияларды ұстаушылар алдындағы мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлiктiң жай-күйiне бақылауды жүзеге асыруға;
4) облигациялар бойынша сыйақының уақтылы төленуiн бақылауды жүзеге асыруға;
5) уәкiлеттi орган мен облигацияларды ұстаушыларға эмитенттiң облигацияларды ұстаушылар алдындағы мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлiктiң жай-күйi туралы хабарлауға;
6) уәкiлеттi орган мен облигацияларды ұстаушыларға эмитентпен шартты бұзған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өзiнiң өкiл ретіндегі өкiлеттiктерiнiң тоқтатылғаны туралы хабарлауға;
7) уәкiлеттi орган мен облигацияларды ұстаушыларға олардың сұратуы бойынша өзiнiң өкiл ретіндегі қызметiне қатысты ақпарат пен құжаттарды беруге;
8) қызметтiк, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етпеуге;
9) эмитент облигацияларды ұстаушылар алдындағы өз мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кепiлге салынған мүлiктi өткізуге мiндеттi.
2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Өкіл облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында:
1) облигацияларды шығару проспектісінде белгіленген облигацияларды ұстаушылардың алдындағы өзінің міндеттемелерін орындау туралы талаптармен эмитентке;
2) уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарына;
3) сотқа жүгінуге құқылы.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген функцияларды іске асыру мақсатында өкіл облигацияларды ұстаушылардың тізімі туралы ақпаратты сұратуға және алуға құқылы.
Эмитент уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және өкілмен жасалған шартта көзделген тәртіппен және шарттарда өкілге осы баптың 1-тармағында көрсетілген функцияларды іске асыру үшін оның сұратқан ақпаратын ұсынуға міндетті.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Өкiлдiң осы баптың 1 және 2-тармақтарында айқындалған функциялар мен мiндеттердi орындау тәртібі мен мерзімдері уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Өкіл өзінің интернет-ресурсында осы баптың 1-тармағының 1), 1-1), 2), 3), 3-1) және 4) тармақшаларына сәйкес өзiнiң iс-әрекеттерiнің нәтижелерi туралы ақпаратты, сондай-ақ эмитент пен өкіл арасында жасалған шартқа сәйкес эмитент ұсынатын ақпаратты орналастыруға міндетті.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-1-тараумен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (
3-1-тарау. Орнықты дамудың мемлекеттік емес облигацияларын және орнықты дамумен байланысты мемлекеттік емес облигацияларды шығару ерекшеліктері
20-1-бап. Орнықты дамудың мемлекеттік емес облигациялары және орнықты дамумен байланысты мемлекеттік емес облигациялар
1. Орнықты дамудың мемлекеттік емес облигацияларына мыналар жатады:
1) «жасыл» облигациялар;
2) әлеуметтік облигациялар;
3) орнықты даму облигациялары.
2. Орнықты дамудың мемлекеттік емес облигацияларын және орнықты дамумен байланысты мемлекеттік емес облигацияларды шығару шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
3. «Жасыл» облигацияларды шығару мен орналастыру нәтижесінде алынған қаражат тек қана мынадай салалардағы жобаларды қаржыландыруға (қайта қаржыландыруға) бағытталуға тиіс:
1) жаңартылатын энергия;
2) энергетикалық тиімділік (жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан өнеркәсіптік объектілердің, ғимараттардың, құрылыстардың, құрылысжайлардың энергетикалық тиімділігін арттыру);
3) қоршаған ортаның ластануын болғызбау және бақылау;
4) су мен қалдықтарды орнықты пайдалану (су үнемдеу, қалдықтар мен сарқынды сулар, су ресурстарын сақтау және қалпына келтіру);
5) ауыл және орман шаруашылығын орнықты жүргізу, жер пайдалану, биологиялық әртүрлілікті сақтау;
6) экологиялық туризм;
7) экологиялық таза көлік (оның ішінде төмен көміртекті көлік құралдары, экологиялық таза көліктік инфрақұрылым);
8) климаттың өзгеруіне бейімделу (климаттың өзгеруі салдарына инфрақұрылымның төзімділігін арттыру, климаттың өзгеруін байқау және осындай өзгерістердің ерте алдын алу жүйесі);
9) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген, «жасыл» облигациялар арқылы қаржыландыруға жататын «жасыл» жобалардың сыныптамасына (таксономиясына) және (немесе) Халықаралық капитал нарықтары қауымдастығының «жасыл» облигациялар стандартын қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, орнықты даму саласындағы халықаралық танылған стандарттарда көзделген сыныптамаларға сәйкес келетін өзге де жобалар.
4. Әлеуметтік облигацияларды шығару мен орналастыру нәтижесінде алынған қаражат тек қана мынадай салалардағы жобаларды қаржыландыруға (қайта қаржыландыруға) бағытталуға тиіс:
1) қолжетімді инфрақұрылым құру (халықты таза ауызсумен қамтамасыз ету, сарқынды суларды тазарту, санитариялық жағдайларды жақсарту, көлік, энергетика);
2) денсаулық сақтауға, білім беруге, оның ішінде кәсіптік оқытуға, қаржыландыруды алуға және қаржылық көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ету;
3) қолжетімді тұрғынжай салу;
4) халыққа көмек, жұмыссыздықпен күрес жөніндегі бағдарламалар;
5) азық-түлік қауіпсіздігі (оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің еңбек өнімділігін арттыру саласында);
6) қолайлы әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау және оларды дамыту (мүліктік теңсіздікті қысқартуды, мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау бағдарламаларын, әйелдер кәсіпкерлігін, гендерлік теңдік саласындағы жобаларды қоса алғанда, активтерге, көрсетілетін қызметтерге, ресурстарға және оларды бақылауға тең құқықпен қол жеткізу, тең құқықпен нарыққа шығу және қоғам өміріне араласу);
7) Халықаралық капитал нарықтары қауымдастығының әлеуметтік облигацияларының стандартын қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, орнықты даму саласындағы халықаралық танылған стандарттарда айқындалған өзге де әлеуметтік жобалар.
5. Орнықты даму облигацияларын шығару мен орналастыру нәтижесінде алынған қаражат осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген тек қана «жасыл» және әлеуметтік жобалардың үйлесімін қаржыландыруға (қайта қаржыландыруға) бағытталуға тиіс.
6. Орнықты дамумен байланысты мемлекеттік емес облигацияларды шығару кезінде эмитент болашақта алдын ала белгіленген мерзімдерде орнықты даму саласындағы қызметтің нақты нәтижелерін жақсартуға міндеттенеді.
Эмитенттің орнықты даму саласындағы қызметінің көрсетілген нәтижелері сандық бағалауға, салыстырмалы талдауға және сыртқы бағалауға болатын тиімділіктің өлшенетін түйінді көрсеткіштері түрінде көрсетілуге тиіс.
Осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген сипаттамаларды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, орнықты дамумен байланысты мемлекеттік емес облигациялардың қаржылық және (немесе) құрылымдық сипаттамалары тиімділіктің түйінді көрсеткіштеріне эмитенттің қол жеткізу нәтижелеріне қарай өзгеріп отырады.
Эмитент оларға қол жеткізген жағдайда қолданысқа енгізілетін, эмитенттің орнықты даму саласындағы қызметі тиімділігінің түйінді көрсеткіштері, сондай-ақ орнықты дамумен байланысты облигациялардың қаржылық және (немесе) құрылымдық сипаттамалары осы облигацияларды шығарудың шарттары шеңберінде және (немесе) облигацияларды шығару жөніндегі негіздемелік бағдарламада көрсетілуге жатады.
20-2-бап. Сыртқы бағалау (верификация)
1. Эмитенттер «жасыл», әлеуметтік облигациялардың, орнықты даму облигацияларының және орнықты дамумен байланысты облигациялардың, сондай-ақ осы облигацияларды шығару жөніндегі негіздемелік бағдарламаның орнықты даму саласындағы халықаралық танылған стандарттардың негізгі қағидаттарына сәйкестігі тұрғысынан облигацияларды шығару алдында сыртқы бағалауды алу үшін тәуелсіз сарапшыға жүгінеді.
2. «Жасыл» және (немесе) әлеуметтік облигациялар және (немесе) орнықты даму облигациялары және (немесе) орнықты дамумен байланысты облигациялар шығарылғаннан және орналастырылғаннан кейін эмитенттер осы облигацияларды орналастырудан түсетін кірістер мен қаражатты пайдалану мен бөлуге және олардың облигацияларды шығару жөніндегі негіздемелік бағдарламада және (немесе) облигацияларды шығару шарттарында мәлімделген мақсаттарға сәйкестігіне қатысты бағалау мен талдау жүргізу (верификация) үшін сыртқы аудиторлық ұйымды немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған өзге де ұйымдарды тартады.