2018.02.07. № 168-VI ҚР Заңымен 3-6-баппен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-6-бап. Санкциялар
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
1. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына бұрын оған қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, осы Заңның 51-бабында белгіленген негіздер бойынша бағалы қағаздар нарығында қызметтің барлық немесе жекелеген түрлерін жүргізуге лицензияның қолданысын тоқтата тұру не одан айыру түріндегі санкцияларды қолдануға құқылы.
2. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының бағалы қағаздар нарығында қызметтің барлық немесе жекелеген түрлерін жүргізуге лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Лицензияның қолданылуы осындай шешім бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының назарына жеткізілген күннен бастап тоқтатыла тұрды деп есептеледі.
3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе одан айыру жөнінде қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Бағалы қағаздар нарығында қызметтің барлық немесе жекелеген түрлерін жүргізуге лицензиядан айыру туралы шешімге бағалы қағаздар нарығына қатысушы атынан оның акционерлері ғана шағым жасауға құқылы.
Бағалы қағаздар нарығында қызметтің барлық немесе жекелеген түрлерін жүргiзуге арналған лицензиядан айыру туралы шешімге Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы болып табылатын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының атынан Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі ғана шағым жасауға құқылы.
4-бап. Бағалы қағаздар рыногының объектiлерi
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - ұйымдарының шығаруын осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган тiркеген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының резиденттерi емес ұйымдардың шығаруын уәкiлеттi орган тiркеген немесе Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналысқа жiберiлген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
3) Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - ұйымдарының шығаруы шет мемлекеттiң заңдарына сәйкес тiркелген және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногына айналысқа жiберiлген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
4) халықаралық қаржы ұйымдарының шығаруын уәкiлеттi орган тiркеген немесе уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналысқа жiберiлген эмиссиялық бағалы қағаздары;
5) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) шетелдiк мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
5-2) шығарылуы «Астана» халықаралық қаржы орталығының актілеріне сәйкес тіркелген бағалы қағаздар;
6) туынды бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногының объектiлерi болып табылады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
2. Эмиссиялық бағалы қағаздардың түрлерi Азаматтық кодекспен, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен айқындалады.
5-бап. Бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi
1. Жеке және институционалдық инвесторлар, эмитенттер, бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары, сауда-саттықты ұйымдастырушылар және өзiн-өзi реттейтiн ұйымдар бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi болып табылады.
2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
2. Жеке инвесторлар эмиссиялық бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына инвестицияны дербес немесе брокерлiк және дилерлiк қызметтi немесе инвестициялық портфельдi басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары көрсететiн қызметтi пайдалана отырып жүзеге асырады.
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Институционалдық инвесторлар, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиялары бар бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушылар көрсететiн қызметтердi пайдалана отырып, инвестицияларды жүзеге асырады.
4. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды
5-1-бап. Білікті инвесторлар
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
1. Осы бапта белгіленген тәртіппен білікті инвесторлар деп танылған жеке тұлғалар білікті инвесторлар болып табылады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұлғаларды білікті инвесторлар деп тану тәртібі мен шарттары, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың білікті инвесторлар болып табылмайтын жеке тұлғаларға қызметтер көрсету ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2. 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
3. 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
4. Өзін білікті инвестор деп тануға өтініш берген тұлға өзі туралы берген ақпараттың дәйектілігі үшін жауапты болады.
Өзі берген дәйексіз ақпараттың негізінде тұлғаны білікті инвестор деп тану оның мүддесін көздейтін және оның есебінен жасалған мәмілелердің жарамсыздығына негіз болып табылмайды.
5. Тұлға бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының бір түріне немесе бірнеше түріне, білікті инвесторларға арналған қызметтердің бір түріне немесе бірнеше түріне қатысты білікті инвестор болып танылуы мүмкін.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Тек қана білікті инвесторлардың қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдары инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның инвестициялық басқаруындағы инвесторларды білікті инвесторлар деп тануынсыз, осындай инвесторлардың қаражаты есебінен сатып алынуы мүмкін.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
7. Осы баптың 3-тармағында 1-1-тармағында көрсетілген, білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушы:
1) білікті инвесторды бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының немесе көрсетілетін қызметтердің қандай түрлеріне қатысты оның білікті инвестор деп танылғаны туралы хабардар етуге;
2) білікті инвестор деп танылған тұлғадан оны білікті инвестор деп тану үшін сәйкес болуы қажет талаптардың сақталуын растауды талап етуге және көрсетілген талаптардың сақталуына тұрақты түрде тексеруді жүзеге асыруға;
3) өзі білікті инвесторлар деп таныған тұлғалардың тізілімін жүргізуге міндетті.
8. Білікті инвесторды білікті инвесторлар тізілімінен шығару ол білікті инвесторлар тізіліміне енгізілу шарттарына сай келмеген жағдайда жүзеге асырылады.
2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу
6-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмi
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
1. Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен, тіркелген эмиссиялық бағалы қағаздар және олардың эмитенттері туралы уәкілетті орган енгізген мәліметтер және басқа да орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының дерекқорлары негізінде қалыптастырылады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
2. Шығарылымы жойылған немесе Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмiне олар туралы мәлiметтер енгiзiлмеген эмиссиялық бағалы қағаздар бағалы қағаздар рыногында мәмiлелердiң объeктici бола алмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігі шығарылымы шет мемлекеттің заңнамасына немесе «Астана» халықаралық қаржы орталығының актілеріне сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген бағалы қағаздарға қолданылмайды.
3. 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7-бап. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару
1. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың, оларды тiркеудiң, орналастырудың, айналысқа жiберудiң және өтеудiң талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
2. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу
1. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеудi уәкiлеттi орган осы Заңда және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген талаппен және тәртiппен жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу:
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) табыс етiлген құжаттардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгiн қарауды;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмiне эмитент туралы мәлiметтер енгізудi;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 3) тармақшасы өзгертілді; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағазға орталық депозитарий берген халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ІSІN коды) туралы мәліметтерді Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізуді;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті жіберуді (беруді);
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының (он екі айдан аспайтын айналыс мерзімі бар мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын қоспағанда) проспектісін жіберуді (беруді) қамтиды.
07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Инвестициялық пай қорларының пайларын шығаруды мемлекеттік тiркеудiң шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының жеке заң актiсiмен айқындалады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
3. Егер осы Заңда өзге де мерзімдер айқындалмаса, уәкілетті орган мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы туралы құжаттарды олар мемлекеттік тіркеуге ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Эмитент мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттарды уәкілетті органға электрондық нысанда ұсынады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Эмитент пен оның лауазымды адамдары мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге қойылатын талаптарды бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
5. Уәкiлеттi органның мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды мақсатқа сай еместiк желеуiмен мемлекеттік тiркеуден бас тартуға құқығы жоқ.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 9-бап өзгертілді; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-бап жаңа редакцияда
9-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі
1. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде мыналар қамтылуға тиіс:
1) эмитенттің атауы және оның орналасқан жері туралы ақпарат;
2) эмиссиялық бағалы қағаздар туралы, оларды төлеу және олар бойынша кіріс алу тәсілдері туралы мәліметтер;
3) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру, айналысы, өтеу шарттары мен тәртібі, сондай-ақ осы Заңның 15 және 18-4-баптарында белгіленбеген облигацияларды сатып алудың қосымша шарттары, олар бар болса;
4) ковенанттар (шектеулер), олар бар болса (акциялар шығарылымы проспектісін қоспағанда);
5) эмиссиялық бағалы қағаздарды конвертациялау шарттары, мерзімдері мен тәртібі (конвертацияланатын бағалы қағаздарды шығару кезінде);
6) шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара қамтамасыз ету болып табылатын облигациялар эмитенті мүлкінің құнын көрсете отырып, осы мүлік туралы мәліметтер (қамтамасыз етілген облигациялар бойынша);
7) облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты туралы;
8) эмитенттің орналастырылған (акционерлік қоғам сатып алғандарын қоспағанда) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он және одан көп пайызын иеленетін құрылтайшылары туралы немесе ірі акционерлері (қатысушылары) туралы мәліметтер;
9) эмитенттің басқару органы және атқарушы органы туралы мәліметтер (акциялар шығарылымының проспектісін қоспағанда);
10) эмитент қызметінің негізгі түрлерін көрсете отырып, эмитенттің қаржы-экономикалық және шаруашылық қызметінің көрсеткіштері;
11) эмитент туралы және ол орналастыратын эмиссиялық бағалы қағаздар туралы қосымша мәліметтер.
2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда, эмитент мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды олар туындаған немесе эмитенттің немесе облигацияларды ұстаушылардың тиісті органдары шешім қабылдаған күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
3. Осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіндегі мәліметтерді өзгертуді эмитент облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысының шешімі негізінде бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:
1) орналастырылған (сатып алынғандарын қоспағанда) облигациялардың жалпы санының кемінде сексен бес пайызын иеленетін ұстаушылар осы шешім үшін дауыс берген кезде;
2) эмитент сатып алған облигацияларды қоспағанда, облигациялар ұстаушылардың құрамында осы шығарылым облигацияларының он пайызынан астамын дербес иеленген екі және одан көп тұлға болған жағдайда, шығарылым шарттарын өзгерту үшін осындай облигациялар ұстаушылардың жалпы санының жетпіс бес және одан көп пайызы дауыс берген кезде жүзеге асырады.
Осы тармақтың талабы қаржы ұйымдарына немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда олар қайта құрылымдауды жүргізген кезде қолданылмайды.
4. Эмитент:
1) орналастырылған акциялар санын азайтуды көздейтін акциялар шығарылымының проспектісіне;
2) жарияланған облигациялар санын ұлғайтуды көздейтін мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы емес.
5. Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес арнайы қаржы компаниясы шығаратын облигациялар шығарылымының проспектісіне қойылатын қосымша талаптар Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасында белгіленеді.
6. Ислам бағалы қағаздары шығарылымының проспектісі исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңеспен келісуге жатады.
Эмитент ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтірілетін жағдайларда, ислам бағалы қағаздары шығарылымының проспектісінде белгіленген ислам бағалы қағаздарын орналастыру, айналысы және өтеу шарттарын өзгертуге құқылы емес.
7. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жасау және ресімдеу қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
8. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі) уәкілетті органға қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады. Шетел валютасында номиналданған мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылған жағдайда, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі уәкілетті органға ағылшын тілінде қосымша ұсынылады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды
9. Осы баптың талаптары айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын облигацияларға, жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигацияларға қолданылмайды.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред. қара)
10-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды (бағалы қағаздарды шығару проспектісіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды) мемлекеттік тiркеуден бас тарту және олардың шығарылуын мемлекеттік тiркеудi тоқтата тұру
07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Эмитент шығару құжаттарын мемлекеттік тiркеуге табыс ету талаптары мен тәртібін бұзған және құжаттарды қарау процесiнде олардың Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiндiгi анықталған жағдайда уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды (бағалы қағаздарды шығару проспектісіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды) мемлекеттік тiркеуден бас тартуға құқылы.
2. Егер табыс етiлген құжаттарды қарау процесiнде эмитент пен оның қызметi туралы қосымша мәлiметтер алу қажеттiгi туындаса, уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды (бағалы қағаздарды шығару проспектісіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды) мемлекеттік тiркеудi тоқтата тұруға құқылы.
Уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды (бағалы қағаздарды шығару проспектісіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды) мемлекеттік тiркеудi эмитент қосымша мәлiметтердi табыс еткен күннен бастап қайта жаңғыртады.
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Эмитент уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды (бағалы қағаздарды шығару проспектісіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды) мемлекеттік тiркеуден бас тарту туралы шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-бап. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жарияланған акцияларды шығару туралы шешімді акционерлік қоғамның құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшысы) немесе акционерлердің жалпы жиналысы (дауыс беретін барлық акцияларды иеленетін акционер) қабылдайды.
Акционерлік қоғам жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды:
1) акционерлік қоғам заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген;
2) егер бұрын акциялар шығарылымы жарияланған акциялар шығарылымын жарамсыз деп тану туралы сот шешімі негізінде жойылған жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысы (жалғыз акционердің шешімімен) жарияланған акцияларды шығару туралы шешім қабылдаған күннен кейін күнтізбелік бір ай ішінде ұсынуға міндетті.
Осы тармақтың екінші бөлігі 1) тармақшасының талабы құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, құрылатын банкке қолданылмайды.
Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, құрылатын банк сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға немесе банк ашуға рұқсат алуға құжаттарды берген кезде жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсынуға міндетті.
2. Уәкілетті орган акционерлік қоғам заңды тұлға ретінде тіркелген күннен кейін не жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану туралы сот шешімі негізінде акционерлік қоғамның акциялар шығарылымы жойылған күннен кейін бір жыл өткеннен кейін жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға құқылы емес.
3. Егер акционерлік қоғамның акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу осы баптың 1-тармағында көрсетілген күннен бастап бір жыл өткеннен кейін жүзеге асырылмаса:
1) акционерлік қоғам ерікті түрде таратылуды немесе басқа ұйымдық-құқықтық нысанға қайта ұйымдастырылуды жүзеге асыруға міндетті;
2) уәкілетті орган акционерлік қоғамды тарату не қайта ұйымдастыру мақсатында сотқа жүгінуге құқылы.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
4. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу акционерлік қоғам уәкілетті органға электрондық нысанда ұсынған мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:
1) ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар, еркін нысанда жасалған, акционерлік қоғамның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған өтініш;
2) осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасында белгіленген жағдайда, жарияланған акцияларды шығару туралы құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшы шешімінің) немесе акционерлердің жалпы жиналысы (дауыс беретін барлық акцияларды иеленетін акционер шешімі) хаттамасының көшірмесі;
3) осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасында белгіленген жағдайда жарияланған акциялар шығарылымын жарамсыз деп тану туралы сот шешімінің көшірмесі;
4) акциялар шығарылымы проспектісі;
5) акционерлік қоғамның құрылтайшылары арасында орналастырылатын жарияланған акцияларға ақы төленгенін растайтын құжаттар.
5. Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті орган жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады және акционерлік қоғамға жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік пен акциялар шығарылымы проспектісін береді (жібереді).