4-тарау. РАДИАЦИЯЛЫҚ АВАРИЯ КЕЗIНДЕ РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
2016.12.01. № 443-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.14.05. № 329-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15-бап өзгертілді
15-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың радиациялық авария кезіндегі қызметi
Радиациялық авария кезiнде уәкiлеттi мемлекеттік органдар осы Заңды басшылыққа алады және өз қызметiн Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2016.12.01. № 443-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертілді
16-бап. Авариялық даярлықты қамтамасыз ету
Пайдаланушы ұйымдарда:
ықтимал радиациялық авариялардың, олардың салдарының болжамы және радиациялық жағдайдың болжамы жасалып, уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісілген тiзбесi;
радиациялық авария болған кезде жедел шешiмдер қабылдау өлшемдерi және уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісілiп араласу деңгейi;
облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органымен, радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында мемлекеттік басқаруды, қадағалау мен бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органдармен келісілген, қызметшiлер мен халықты радиациялық авариядан және оның зардаптарынан қорғау жөніндегі шаралар жоспары;
радиациялық аварияны хабарлауға және оның зардаптарын жоюды қамтамасыз етуге арналған құралдар;
радиациялық зақымданудың алдын алуға арналған медициналық құралдар және радиациялық авария кезiнде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету құралдары;
қызметшiлер арасынан құрылатын авариялық-құтқару құрамалары болуға мiндеттi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2016.12.01. № 443-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17-бап өзгертілді
17-бап. Пайдаланушы ұйымдардың радиациялық авария кезiнде радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттерi
Пайдаланушы ұйым радиациялық авария жағдайында:
радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік басқаруды, қадағалау мен бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органдарға, сондай-ақ облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына және сәуле алуы жоғары болуы мүмкiн аумақтар халқына радиациялық авария туралы дереу хабарлауға;
уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен бiрлесе отырып, қызметшiлер мен халықты радиациялық авариялар мен оның зардаптарынан қорғау жөніндегі шаралардың орындалуын қамтамасыз етуге;
радиациялық авария кезiнде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету жөнiнде шаралар қолдануға;
радиоактивтi ластау ошағын оқшаулау және радиоактивтi заттардың қоршаған ортаға таралуына жол бермеу жөнiнде шаралар қолдануға;
радиациялық авария кезiнде радиациялық аварияның өршуiне және радиациялық жағдайдың өзгеруiне талдау жасап, болжам әзiрлеуге;
радиациялық авария жойылғаннан кейiн пайдаланушы ұйым аумағында радиациялық жағдайды қалпына келтiру жөнiнде шаралар қабылдауға;
қызметшiлер мен халықтың жеке сәуле алу мөлшерiн бағалау жөнiнде және бұл деректердi денсаулық сақтау органдары мен басқа да уәкiлеттi мемлекеттік органдарға беру жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
18-бап. Радиациялық аварияның зардаптарын жоюға тартылатын азаматтардың жоспарланатын сәуле алуының жоғары мөлшерi
1. Радиациялық аварияның зардаптарын жоюға, құтқару және шұғыл жұмыстар мен дезактивизацияға тартылатын азаматтардың жоспарланатын сәуле алуының жоғары мөлшерi тек адамдарды құтқару қажеттiгiне және олардың одан да көп сәуле алуына жол бермеуге ғана байланысты болуы мүмкiн.
2. Радиациялық авариялардың зардаптарын жоюға тартылатын азаматтардың жоспарланатын сәуле алуының жоғары мөлшерiне олардың ерiктi келісімiмен және сәуле алудың мүмкiн мөлшерi мен денсаулық үшiн қатерi туралы алдын ала хабарлай отырып, олардың өмiр кезеңi iшiнде бiр рет жол берiледi.
3. Өтемнiң түрлерi мен мөлшерi және аталған жұмыстарды орындауға тартылатын адамдардың денсаулығына радиациялық әсер келтiрген зиянның орнын толтыру Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
5-тарау. АЗАМАТТАРДЫҢ, ҚОҒАМДЫҚ БIРЛЕСТIКТЕР МЕН ҰЙЫМДАРДЫҢ
РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIКТI ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ
ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
2016.12.01. № 443-V ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19-бап. Радиациялық қауiпсiздiк құқығы
Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың радиациялық қауіпсіздікке құқығы бар. Бұл құқық иондандырушы сәулеленудің адам организміне белгіленген нормалардан жоғары радиациялық әсер етуіне жол бермеу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізумен, сондай-ақ жеке тұлғалардың және пайдаланушы ұйымдардың радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындауымен қамтамасыз етіледі.
2016.12.01. № 443-V ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-бап. Ақпарат алу құқығы
Жеке және заңды тұлғалардың уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында ақпарат алуға құқығы бар.
21-бап. Азаматтардың иондаушы сәулелендiруден сәуле алу кезiнде немесе радиациялық авария салдарынан өз өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның, мүлiктiк залалдың орны толтырылуына құқығы
1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың иондаушы сәулелендiрудiң белгiленген шегiнен тыс немесе радиациялық авария салдарынан сәуле алуға байланысты өз өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның орны толтырылуына және мүлiктiк залалдардың орны толтырылуына құқығы бар.
2.2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)
3. Радиациялық әсерден зардап шегушiлерге:
радиациялық аварияны жою кезiнде белгiленген мөлшерден артық сәуле алған адамдар;
ионданушы сәулелендiру көздерiнен қызметшiлер үшiн радиациялық қауiпсiздiк нормаларында белгiленген шектен артық сәуленiң әсерлi мөлшерiн алған және осы сәуле алумен тiкелей байланысты ауруы бар адамдар;
егер ата-анасының бiреуi радиациялық әсерден зардап шеккендер қатарына қосылса, солардан туып, иондаушы сәулелендiру ықпалына байланысты аурулар тiзбесiнде белгiленген аурулардың жекелеген түрлерiнен зардап шегушi балалар жатады.
2016.12.01. № 443-V ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мiндеттерi
Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы заңнамасын сақтауға мiндеттi.
Пайдаланушы ұйымның аумағында аталған адамдар осы ұйымның лауазымды адамдарының талаптарын орындауға міндетті.
6-тарау. РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIК ТАЛАПТАРЫН
БҰЗҒАНЫ ҮШIН ЖАУАПКЕРШIЛIК
2016.12.01. № 443-V ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23-бап. Қазақстан Республикасының радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
7-тарау. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАР
24-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы халықаралық шарттар
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы заңдарында бар нормалардан өзгеше нормалар белгiленсе, халықаралық шарттардың нормалары қолданылады.
Қазақстан Республикасының