Жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы, мемлекеттік орман қоры жерінде орналасқан республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды бекітіп беру облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша уәкілетті орган ведомствосының шешімімен жүргізіледі.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 32-1-тармақпен толықтырылды; 2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 32-1-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
32-1-бап. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы
1. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы Қазақстан Республикасының аумағындағы өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің жай-күйі, оларды зерделеу, қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі қажетті шаралар туралы мәліметтер жиынтығын қамтитын, өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлері тізбелерінің суреттер мен безендірілген басылымы болып табылады. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы қазақ және орыс тілдерінде басып шығарылады, қажет болған кезде басқа тілдерде де басып шығарылуы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына Қазақстан Республикасының аумағында құрлықта, суда, атмосферада және топырақта, Қазақстан Республикасының континенттік қайраңы мен айрықша экономикалық аймағында табиғи еркіндік жағдайында, тұрақты немесе уақытша өсетін өсімдіктердің (биік және аласа) және мекендейтін жануарлардың (омыртқалылар және омыртқасыздар) мынадай санаттағы түрлері (кіші түрлері, популяциялары) енгізіледі:
1) жойылып бара жатқан (жойылып кету қаупі төнген немесе жойылып кеткен болуы да мүмкін);
2) азайып бара жатқан (олардың саны жеткілікті дәрежеде әлі де көп, бірақ ол өте тез түрде азаюда);
3) сирек кездесетін (шектеулі мөлшерде немесе өте шағын аумақтарда кездеседі);
4) айқындалмаған (жеткілікті зерделенбеген, ал популяцияларының саны мен жай-күйі алаңдаушылық тудырады);
5) қалпына келтірілген (түрлердің жай-күйі қауіптілік туғызбайды, бірақ олардың популяцияларын үнемі бақылап отыру қажет).
3. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізуді уәкілетті орган бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы қағаз және электрон дық жеткізгіштерде ресми жариялануға (басып шығарылуға) жатады, сондай-ақ уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады, өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің суреттермен безендірілген Қазақстан Республикасы Қызыл кітабының материалдары бұқаралық ақпарат құралдарында, ақпараттық және өзге де басылымдарда жариялануы мүмкін.
4. Өсімдіктер мен жануарлар түрлерін өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің тізбелеріне және Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізу не олардан алып тастау жөнінде ұсынымдар әзірлеу үшін ведомствоаралық ботаникалық және зоологиялық комиссиялар құрылады.
5. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің мемлекеттік кадастрларының құрамдас бөлігі болып табылады.
33-бап. Табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары
1. Табиғат қорғау мекемелері мемлекеттік инспекторларының өз аумағы мен күзет аймақтарының шекарасында:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жүрген адамдардан осында болу құқығына берілген рұқсатты тексеруге;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізу мақсатында табиғат қорғау мекемесінің және оның күзет аймағының аумағындағы жеке және заңды тұлғалардың объектілеріне баруға;
3) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзушылық анықталған кезде мемлекеттік қадағалау тəртібімен жедел ден қою шараларын қабылдауға немесе жедел ден қою шараларын қолдануға байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке немесе заңды тұлғалардың қызметін тоқтату немесе оған тыйым салу туралы сотқа талап арыз беруге;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзу салдарынан келтірілген шығынның мөлшерін анықтауға және осының негізінде кінәлі тұлғаларға осы шығынды ерікті түрде өтеу туралы талап қоюға не сотқа талап арыз беруге;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайларда мемлекеттік инспекторлардың актілер жасауға және материалдарды шаралар қолдану үшін тиісті мемлекеттік органдарға жіберуге;
7) ерекше қорғалатын табиғи аумақта, оның күзет аймағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзған адамдарды ұстауға және оларды құқық қорғау органдарына жеткізуге;
8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың, оның күзет аймағында көлік және суда жүзу құралдарын тоқтатуға, оларға тексеру жүргізуге;
9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзған жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен атыс қаруын, заңсыз олжалаған өнімді және оны олжалау құралын, көлік және суда жүзу құралдарын алып қоюға;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен арнайы құралдар мен қызмет қаруын сақтауға, алып жүруге және қолдануға;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11) тармақша өзгертілді
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды
12) Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын, Қазақстан Республикасы орман заңнамасын бұзушылықтар анықталған кезде жеке және заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұруға құқығы бар.
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Табиғат қорғау мекемелерi мемлекеттiк инспекторларының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) және шешiмдерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкiн.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айырым белгілері бар нысанды киіммен (погонсыз), арнайы құралдармен және қызметтік қарумен қамтамасыз етіледі.
4. Табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары өз құзыретіне сәйкес мынадай актілер:
1) тексеру өткізу нәтижелері бойынша акт;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы, Қазақстан Республикасының орман заңнамасы талаптарының бұзылуын жою туралы ұйғарым;
4) мынадай:
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы, Қазақстан Республикасының орман заңнамасы бұзылған жағдайда кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы;
сот шешімі шығарылғанға дейін уақытша сақтау үшін атыс қаруын, олжалау құралдарын, заңсыз олжаланған өнімді, көлік және суда жүзу құралдарын алып қою туралы қаулылар жасайды.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 33-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
33-1-бап. Жедел ден қою шаралары жəне олардықолдану тəртібі
1. Тексерілетін субъектілерге қоғамдық қаупі бар салдарлардың туындауын болғызбау мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру барысында жəне оның нəтижелері бойынша қолданылатын əсер ету тəсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады.
2. Егер тексерілетін субъектілердің қызметі ормандардың биологиялық əралуандығының, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің, мəдени жəне табиғи мұраның сақталуына тікелей қатер төндірсе, уəкілетті орган ведомствосының жəне оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары жедел ден қою шараларын қолданады.
3. Жедел ден қою шараларына:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақта, оның күзет аймағында Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстау жəне құқық қорғау органдарына жеткізу;
2) Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзған жеке жəне заңды тұлғалардан атыс қаруын, заңсыз олжаланған өнімді жəне оны олжалау құралдарын, көлік жəне жүзу құралдарын алып қою;
3) Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзушылықтар анықталған кезде жеке жəне заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұру жатады.
4. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы заңнамасында, Қазақстан Республикасының орман заңнамасында айқындалған талаптарды бұзушылықтар жедел ден қою шараларын жəне олардың түрлерін қолдануға негіз болып табылады.
5. Бұзушылық анықталған кезде уəкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамы бұзушылық жасалған жерде уəкілетті орган бекіткен нысан бойынша Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 153-бабына сəйкес қадағалау актісін ресімдейді жəне тексерілетін субъектіге табыс етеді.
6. Қадағалау актісі ресімделгеннен кейін уəкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы жедел ден қою шараларын тікелей қолдануды жүзеге асырады.
7. Тексерілетін субъект қадағалау актісінде көрсетілген мерзімдерде жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтарды жоюға міндетті.
8. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда уəкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды.
9. Қадағалау актісінде көрсетілген талаптарды бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғанын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
10. Қадағалау актісінің қолданысы уəкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі жоспардан тыс тексеру нəтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда тоқтатылады. Актінің нысанын уəкілетті орган бекітеді.
11. Қадағалау актісінде көзделген мерзімдер өткенге дейін тексерілетін субъект бұзушылықтың жойылу фактісін дəлелдейтін материалдарды (қажет болған жағдайда) қоса бере отырып, анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
12. Тексерілетін субъект жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік қадағалау нəтижелерімен келіспеген жағдайда қадағалау актісін жарамсыз деп тану жəне оның күшін жою туралы шағым бере алады.
Шағым Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тəртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа беріледі.
Шағым беру қадағалау актісінің орындалуын тоқтата тұрмайды.
13. Қадағалау актісін жарамсыз деп тануға жəне оның күшін жоюға мыналар негіз болып табылады:
1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;
2) осы шараға сəйкес келмейтін негіз бойынша жедел ден қою шараларын қолдану;
3) уəкілетті орган ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшесінің өз құзыретіне кірмейтін мəселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы.
14. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тəртіппен жіберіледі.
6-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қаржыландыру жүйесi
34-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қаржыландыру көздерi
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қаржыландыру:
1) бюджет қаражаты;
2) табиғат қорғау мекемелерінің қаражаты;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) гранттар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту қорларының қаражаты;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) жеке және заңды тұлғалардың қайырмалдықтары, ерiктi жарналары, оның ішінде өздері шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу кезінде мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне келтірілетін және (немесе) болмай қоймайтын зиян үшін жасайтын қайырмалдықтары, ерiктi жарналары есебiнен жүргiзiледi.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
35-бап. Табиғат қорғау мекемелерін дамыту және күтіп ұстау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру
Iс-шараларды қаржыландыру табиғат қорғау мекемелерiн басқару жоспарларына сәйкес табиғат қорғау мекемелерiн дамыту мен күтіп-ұстауға олардың санатына қарай бөлiнетiн бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады және мыналарға:
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту кезінде, сондай-ақ осы аумақтарды құру және кеңейту үшін жерлерді резервте қалдыру кезінде жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскелерінің меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға келтірілген залалдарды жабуға және ысыраптарды өтеуге;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет аймақтарында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметін шектеу жөніндегі залалдарды жабуға және ысыраптарды өтеуге;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбелерін жүргізуге;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақ пен оның күзет аймағының жер бөлудің жерге орналастыру жобасын жасау және шекарасын нақтылы жерінде бөлу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге;
6) әкімшілік-шаруашылық, ғылыми, ақпараттық-ағартушылық, туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілер мен құрылыстарды салуға және қайта жаңартуға;
7) штат санын ұстауға;
8) мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін күзетуге, қорғауға және қалпына келтіруге;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) экологиялық-ағартушылық, ғылыми, оқу, туристік және рекреациялық қызмет жүргiзуге;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттік ұлттық табиғи парктің туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарында және мемлекеттік табиғи резерваттың аралық аймағында инфрақұрылымды дамыту объектілерін (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін және басқа да коммуникацияларды) салуға жұмсалады.
36-бап. Мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарын дамыту және күтіп-ұстау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру
Мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарын дамыту және күтіп-ұстау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
37-бап. Заңды тұлға мәртебесі жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін күзету, қорғау және қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру
Заңды тұлға мәртебесі жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи-қорық қоры объектілерін күзету, қорғау және қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды оларға бекітіп берілетін табиғат қорғау мекемелері, орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелері өздеріне осы мақсаттарға бөлінетін бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
38-бап. Табиғат қорғау мекемелерінің қаражаты
1. Табиғат қорғау мекемелерінің қаражаты олардың қызмет бағыты мен күзет режимінің түрлеріне байланысты олардың негізгі қызметіне жатпайтын мынадай тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу:
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.30.09. № 362-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) жеке және заңды тұлғалар табиғи кешендердi туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалануы кезінде оларға ақылы қызметтер көрсету, соның ішінде:
туристік соқпақтар, тамашалау алаңдарын, демалу алаңқайларын, көлік тұрақтарын, кемпингтер, шатырлы лагерьлер немесе оларды орналастыратын орындар; қонақ үйлер, мотельдер, туристік базалар, балық өсіру шаруашылықтары, қоғамдық тамақтандыру, сауда және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басқаруындағы басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілер немесе оларды орналастыратын орындар беру; ерекше қорғалатын табиғи аумақта құбырлар, электр қуатын беру және байланыс желілерін, жолдарды салу және орналастыру жөнінде қызметтер көрсету; туристік құрал-жабдықтар беру;
әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, сондай-ақ балық өсіруді жүргізу;
мемлекеттік табиғи-қорық қоры, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектілерінде, табиғат мұражайларында және жанды табиғат мүйістерінде болу және оларды зерделеу кезінде жолсеріктер, экскурсия ұйымдастырушылар, жол нұсқаушылар мен аудармашылар қызметтерін көрсету, кино, бейне және фото таспаларына түсіру;
пайдалануға берілген аумақтар мен объектілерді санитарлық тазарту және абаттандыру жөнінде, сондай-ақ өзге де ұйымдардың аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізу жөнінде қызметтер;
қоғамдық тамақтандыру объектілері үшін өнім өндіру жөнінде қызметтер;
көрсетілетін көлік қызметтерін, сондай-ақ жегілген малды және мініс малын уақытша иеленуге және пайдалануға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) шектеулі шаруашылық қызметінен, соның ішінде:
кәдесый өнімдерін өндіруден;
аралық мақсатта пайдалану және басқа да мақсаттарда кесілген ағаштан жасалған тауарларды, олардан алынған сүректі өңдеу өнімдерін өткізуден;
жанама орман пайдаланудың өнімдерін өткізуден (шектеулі мал жаю, марал шаруашылығы, шөп шабу, саңырауқұлақтарды, жемістер мен жидектерді әуесқойлық жинау, бақ шаруашылығы);
ормандарды молайту және елді мекендерді көгалдандыру үшін көшет материалын өсіруден түсетін табыстар;
шектеулі шаруашылық қызмет тауарларын өткізуден, балық және балық өнімдерін өткізуден, орман дақылдарын, қорғаныштық және жасыл екпелерді жасаудан түсетін кірістер;
балық шабақтарын өсіруден;
жеке және заңды тұлғалармен туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда жасалатын бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша өнім өндіруден және қызмет көрсетуден алынған табыстар;
орман тұқымдарын жинаудан (қайта өңдеуден);
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) рәміздерді (эмблема мен туды) пайдаланғаны үшін төленетін ақы;
4) баспа, кәдесый және басқа да көбейтілген өнім өндіруден алынған табыстар;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) жеке және заңды тұлғалардың ерікті жарналары мен қайырымалдықтары;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) гранттардан, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту қорларларының қаражатынан;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) осы Заңның 82-бабына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға және мемлекеттік табиғи-қорықтық қор объектілеріне залал келтірген жеке және заңды тұлғалардан түсетін түсімдер есебiнен құралады.
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Табиғат қорғау мекемелерінің қаражаты:
1) туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілерден төлемақы алу;
2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) зейнеткерлерден, мүгедектігі бар адамдардан, Ұлы Отан соғысының ардагерлерінен, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінен, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерден, еңбек ардагерлерінен, мектеп жасына дейінгі балалардан алынатын төлемақыны қоспағанда, туристерден төлемақы алу;
3) автомобиль көлік құралының табиғат қорғау мекемелерінің аумағына кіргені үшін төлемақы алу есебінен де қалыптастырылады.
2. Табиғат қорғау мекемелерінің тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өткізуінен алынған қаражаты Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес пайдаланылады.
3. Табиғат қорғау мекемелері осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерінен табыс табу мақсатында мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарға қатыса алады.
2-бөлім. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлерін, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін және экологиялық желіге енетін қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастырудың, қорғаудың және олардың
қызмeтінiң ерекшеліктерi
7-тарау. Мемлекеттік табиғи қорықтар
39-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтар ұғымы және олардың негізгі қызметi
1. Мемлекеттік табиғи қорық - табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметінің мақсаты өзінің аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін, өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлері мен қауымдастықтарын, әдеттегі және бірегей экологиялық жүйелерді сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтіру болып табылады.