2. Кеден органы сот шешімінің негізінде қабылдап алу-беру актісі бойынша тәркіленген тауарларды және (немесе) көлік құралдарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті мемлекеттік органына береді.
305-бап. Мемлекеттің пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды мемлекет меншігіне айналдыру тәртібі
Мемлекеттің пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар кедендік декларация және қабылдап алу-беру актісі бойынша декларант тауарларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті мемлекеттік органына берген күннен бастап мемлекет меншігіне айналады.
6-бөлім. КЕДЕНДІК РӘСІМДЕР
35-тарау. Кедендік рәсімдер туралы жалпы ережелер
306-бап. Кедендік рәсімдердің түрлері
1. Кедендік реттеу мақсатында тауарларға қатысты кедендік рәсімдердің мынадай:
1) ішкі тұтыну үшін шығару;
2) экспорт;
3) кедендік транзит;
4) кеден қоймасы;
5) кедендік аумақта қайта өңдеу;
6) кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу;
7) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу;
8) уақытша әкелу (жіберу);
9) уақытша әкету;
10) кері импорт;
11) кері экспорт;
12) бажсыз сауда;
13) жою;
14) мемлекеттің пайдасына бас тарту;
15) еркін кедендік аймақ;
16) еркін қойма;
17) арнайы кедендік рәсім түрлері белгіленеді.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағының 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсімдер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен белгіленеді.
307-бап. Кедендік рәсімді таңдау және өзгерту
1. Тұлғаның таңдауы бойынша Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар осы Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда белгілі бір кедендік рәсіммен орналастырылады.
2. Тұлға осы Кодекске сәйкес таңдалған кедендік рәсімді басқа рәсімге өзгертуге құқылы.
308-бап. Кедендік рәсіммен орналастыру
Кеден органының осы Кодексте белгіленген тәртіппен тауарды шығарған күні тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру күні болып саналады.
309-бап. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастырудың шарттарын сақтауды растау міндеті
Тауарларды кедендік рәсіммен орналастырудың шарттарын сақтауды растау міндеті декларантқа жүктеледі.
310-бап. Кедендік рәсімдер шарттарының сақталуын кедендік бақылау
1. Кеден одағы тауарларының мәртебесіне ие болмайтын тауарлар орналастырылған кезде кедендік рәсімдер шарттарының сақталуын кедендік бақылауды осы Кодексте белгіленген тәртіппен кеден органдары жүргізеді.
2. Кеден органы тауарларды шығарған мемлекеттен өзге Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағындағы, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік бақылау осы Кодекстің
20-тарауына сәйкес жүргізіледі.
311-бап. Кедендік рәсімнің шарттары мен талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершілік
1. Осы Кодексте белгіленген кедендік рәсімнің шарттары мен талаптарын сақтамағаны үшін, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, декларант жауапты болады.
Тұлғалар, кедендік рәсімнің шарттары мен талаптары кедендік бақылаудағы тауарлар шығарылғанға дейін не олар Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге іс жүзінде әкетілгенге дейін аварияның не еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан біржола жоғалуы, зақымдануы немесе жойылуы себепті сақталмаған, сондай-ақ көрсетілген тауарлардың саны немесе жай-күйі тасымалдаудың, көлікпен тасудың, сақтаудың және пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайлары кезінде олардың табиғи тозуының немесе табиғи кемуінің салдарынан өзгерген жағдайларда, жауапты болмайды.
2. Тұлғалар Кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерлерге қайта өңдеу үшін әкетілген тауарларға немесе олардың қайта өңдеу өнімдеріне қатысты:
1) тауарлардың немесе олардың қайта өңделген өнімдерінің аварияның немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан біржола жоғалуы немесе жойылуы себепті қайтарылмаған;
2) тауарлар немесе олардың қайта өңделген өнімдерінің саны тасымалдаудың, сақтаудың және пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайлары кезінде олардың табиғи тозуының немесе табиғи кемуінің салдарынан өзгерген;
3) тауарлар немесе олардың қайта өңделген өнімдері мемлекеттік органдардың немесе шет мемлекеттің лауазымды адамдарының іс-әрекеттері салдарынан иеліктен шыққан жағдайларда жауапты болмайды.
3. Тауарлардың біржола жоғалуына, бүлінуіне немесе жойылуына, олардың саны мен жай-күйінің өзгеруіне әкеп соққан мән-жайларды растау міндеті осы бөлімде айқындалған тұлғаларға жүктеледі. Шет мемлекеттердің аумағында болған мән-жайларды Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері немесе консулдық мекемелері, сондай-ақ жоғарыда аталған мән-жайлар болған мемлекеттің құзыретті органдары растайды.
312-бап. Кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды алып қою (тыйым салу) салдарлары
1. Кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлар алып қойылған не мұндай тауарларға тыйым салынған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы тауарларға қатысты кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатыла тұрады.
Егер тауарларды алып қоюдың не оларға тыйым салудың күшін жою туралы шешім қабылданса, кедендік рәсімнің қолданылуы қайта жаңғыртылады.
Кедендік рәсімнің қолданылуын қайта жаңғыртқан кезде осы бөлімге сәйкес көзделген пайыздар оларды есепке жазу және төлеу кедендік рәсімнің қолданылуын тоқтата тұру кезеңі ішінде есепке жазылмайды және төленбейді.
2. Кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды тәркілеу және мемлекет меншігіне өзгеше айналдыру кезінде осы тауарларға қатысты кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатылады, ал тәркіленген және мемлекет меншігіне өзгеше айналдырылған шетелдік тауарлар Кеден одағы тауарларының мәртебесіне ие болады.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұлғаны әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту оның кедендік рәсімді сақтамағанына байланысты болса және жол берілген сақтамау аталған кедендік рәсімді одан әрі қолданудың мүмкін еместігіне әкеп соқса, кедендік рәсімнің қолданылуы тұлғаны жауапкершілікке тарту жөніндегі тиісті шешімнің күшіне енген күнінен кейінгі күннен бастап күнтізбелік он бес күннің ішінде аяқталуы тиіс.
Оларға қатысты осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталмаған тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 26-тарауына сәйкес ұстайды.
36-тарау. Ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімі
313-бап. Ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінің мазмұны
Ішкі тұтыну үшін шығару, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, орналастырылған кезде шетелдік тауарлар Кеден одағының кедендік аумағында оларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулерсіз болатын және пайдаланылатын кедендік рәсім болып табылады.
314-бап. Тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру шарттары
1. Тауарлар:
1) егер тарифтік артықшылықтар, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер белгіленбесе, кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу;
2) шектеулер мен тыйым салуларды сақтау;
3) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемдік шаралардың қолданылуына байланысты шектеулердің сақталуын растайтын құжаттарды табыс ету шарттары сақталған кезде ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылады.
2. Көрсетілген шарттар орындалған кезде тауар Кеден одағы тауарларының мәртебесіне ие болады.
3. Тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулермен ұштасқан кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілген кезде тауарлар осы Кодекстің 301-бабына сәйкес шартты түрде шығарылуға жатады және шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды.
315-бап. Ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің туындауы, тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі
1. Декларантта ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет кеден органы кедендік декларацияны тіркеген кезден бастап туындайды.
2. Декларанттың кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеті:
1) ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты - осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда;
2) бұл тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулермен ұштасқан кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді пайдалана отырып, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты:
егер тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулерді қолданудың өзге мерзімі белгіленбесе, бұл кезеңде осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында белгіленген кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі туындамаған жағдайда ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарған күннен бастап бес жыл өткен соң;
бұл кезеңде осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында белгіленген кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі туындамаған жағдайда тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулерді қолданудың өзге де белгіленген мерзімі өткен соң;
мұндай тауарларды мемлекет пайдасына бас тартудың немесе жоюдың кедендік рәсімдеріне орналастыру кезінде ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарған күннен бастап бес жыл ішінде не жеңілдікті қолданудың өзге де белгіленген мерзімі ішінде - тауарларды мемлекет меншігіне қабылдауды не оны жоюды растайтын құжатты кеден органына табыс еткен кезден бастап;
бес жыл ішінде не ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарған күннен бастап жеңілдікті қолданудың өзге де белгіленген мерзімі ішінде туындаған, осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда;
мұндай орналастыруға дейін осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында белгіленген кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі туындамаған жағдайда шартты түрде шығарылған тауарларды кері экспорттың кедендік рәсімімен орналастырған кезде тоқтатылады.
3. Кедендік әкелу баждары, салықтар мынадай мерзімдерде:
1) ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты, - тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйкес шығарғанға дейін;
2) осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулермен ұштасқан кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді пайдаланып, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты:
мұндай жеңілдіктерді пайдаланудан бас тартылған жағдайда - тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияға жеңілдіктерді пайдаланудан бас тарту бөлігінде өзгерістер енгізгенге дейін;
мұндай жеңілдіктерді пайдалануға байланысты белгіленген осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулерді бұзатын немесе жеңілдіктер беру шарттарына сәйкес келетін мақсаттарды бұзатын тауарлармен іс-әрекеттер жасалған жағдайда, - көрсетілген іс-әрекеттерді жасаған бірінші күні, ал егер бұл күн белгіленбесе - кеден органы тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеген күні төленуге жатады.
37-тарау. Экспорт кедендік рәсімі
316-бап. Экспорт кедендік рәсімінің мазмұны
1. Кеден одағының тауарлары Кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетілетін және одан тысқары жерлерде тұрақты болуға арналған кездегі кедендік рәсім экспорт болып табылады.
2. Бұрын уақытша әкетудің немесе кедендік аумақтан тыс жерлерде қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды кеден органына іс жүзінде көрсетпей экспорт кедендік рәсімімен орналастыруға жол беріледі.
317-бап. Тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастыру шарттары
1. Тауарлар:
1) егер кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі жеңілдіктер белгіленбесе, кедендік әкету баждарын төлеу;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) тыйым салулар мен шектеулерді сақтау шарттары сақталған кезде экспорт кедендік рәсімімен орналастырылады.
3) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған және Кеден одағының кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілген тауарлар Кеден одағы тауарларының мәртебесін жоғалтады.
318-бап. Экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі
1. Декларантта экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндет кеден органы кедендік декларацияны тіркеген кезден бастап туындайды.
2. Декларантта экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндет осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда тоқтатылады.
3. Егер осы Кодексте өзгеше мерзім белгіленбесе, кедендік әкету баждары экспорт кедендік рәсіміне сәйкес тауарлар шығарылғанға дейін төлеуге жатады.
38-тарау. Кедендік транзит кедендік рәсімі
319-бап. Кедендік транзит туралы жалпы ережелер
1. Кедендік транзитке сәйкес тауарлар Кеден одағының кедендік аумағы арқылы, оның ішінде Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағы арқылы, жөнелтуші кеден органынан жеткізілу межеленген кеден органына дейін тарифтік емес және техникалық реттеу шараларын қоспағанда, тыйым салулар мен шектеулерді қолдана отырып, кедендік баждарды, салықтарды төлемей кедендік бақылаумен тасымалданатын кедендік рәсім кедендік транзит болып табылады.
2. Кедендік транзит:
1) келген жеріндегі кеден органынан кеткен жеріндегі кеден органына дейін шетелдік тауарларды;
2) келген жеріндегі кеден органынан ішкі кеден органына дейін шетелдік тауарларды;
3) шетелдік тауарларды, сондай-ақ, егер бұл осы баптың 5-тармағына сәйкес көзделген болса, ішкі кеден органынан кеткен жеріндегі кеден органына дейін Кеден одағының тауарларын;
4) бір ішкі кеден органынан басқа ішкі кеден органына дейін шетелдік тауарларды;
5) Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағы арқылы кеткен жеріндегі кеден органынан келген жеріндегі кеден органына дейін Кеден одағының тауарларын тасымалдау кезінде қолданылады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Егер әуе көлігі халықаралық рейс жасау уақытында келген жерінде тауарларды ішінара тиемей (түсірмей) аралық немесе мәжбүрлі түрде (техникалық) қонса, кедендік транзит әуе көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты қолданылмайды.
Халықаралық почта жөнелтімдерімен, құбыржол көлігімен және электр беру желілері арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік транзит осы Кодексте белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.
Кеден одағының кедендік аумағы арқылы теміржол көлігімен өткізілетін тауарларға қатысты кедендік транзит ерекшеліктері Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартымен айқындалады.
Теңiз көлiгiмен өткiзiлетiн тауарларға қатысты, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес Кеден одағына мүше бiр ғана мемлекеттiң аумағы арқылы өткiзiлетiн тауарларды тасымалдау кезiнде кедендiк транзиттiң ерекшеліктерін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
4. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды кедендік декларациялауды осы Кодекстің 284-бабының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар жүзеге асырады.
5. Егер осы Кодексте және (немесе) Комиссияның шешімінде өзгеше көзделмесе, экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылмай Кеден одағының кедендік аумағы арқылы тасымалданады.
6. Осы тарауды қолдану мақсатына орай халықаралық тасымалдаудың көлік құралы деп Кеден одағының кедендік аумағы арқылы оның шегінен шықпай тауарлар тасымалдайтын көлік құралы да түсініледі.
320-бап. Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру шарттары
Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыруға:
1) тауарларды Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге немесе мұндай аумақтан әкетуге тыйым салынбау;
2) тауарларға қатысты тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттар, егер осы құжаттар бар болған кезде мұндай өткізуге жол берілген жағдайда, табыс етілу;
3) егер тауарлар келген жерінде әкелінетін тауарларға қатысты шекаралық бақылауға және өзге де мемлекеттік бақылауға жатса, осындай бақылау түрлері жүзеге асырылу;
4) транзиттік декларация табыс етілу;
5) тауарларға қатысты осы Кодекстің 321-бабына сәйкес кедендік транзиттің сақталуын қамтамасыз ету шаралары қолданылу;
6) осы Кодекстің 198-бабына сәйкес тауарларды сәйкестендіру қамтамасыз етілу;
7) егер тауарлар кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалданған жағдайда халықаралық тасымалдаудың көлік құралы тиісті түрде жабдықталу шарттары сақталған кезде жол беріледі.
321-бап. Кедендік транзиттің сақталуын қамтамасыз ету шаралары
1. Кедендік транзиттің сақталуын қамтамасыз ету шараларына:
1) осы Кодекстің 16-тарауына сәйкес шетелдік тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету;
2) кедендік алып жүру;
3) тауарларды тасымалдау бағытын белгілеу жатады.
2. Егер:
1) декларант ретінде кедендік тасымалдаушы немесе уәкілетті экономикалық оператор әрекет етсе;
2) тауарлар теміржол және құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері арқылы өткізілсе;
3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленсе;
4) тауарлар кедендік алып жүру арқылы тасымалданса;
5) осы Кодексте және (немесе) Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында белгіленген өзге де жағдайларда, кедендік транзит кезінде кеден органы осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген кедендік баждарды, салықтарды төлеудің қамтамасыз етілуін ұсынуды талап етпейді.
3. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген кедендік транзиттің сақталуын қамтамасыз ету шарасы тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде айқындалатын жағдайларда кедендік транзиттің сақталуын қамтамасыз етудің өзге де шараларына тек қосымша қолданылуы мүмкін.
Бағыттарды жөнелтуші кеден органы көлік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілген мәліметтер негізінде айқындайды.
Жөнелтуші кеден органының не ол жүретін жолдағы кез келген кеден органының жазбаша рұқсатымен бағытты өзгертуге жол беріледі.
322-бап. Кедендік алып жүру
1. Кедендік транзит кедендік рәсімінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдарының лауазымды адамдары не өзге де ұйымдар жүзеге асыратын, тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдайтын көлік құралдарын алып жүру кедендік алып жүру болып табылады.
2. Кеден органы:
1) тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде айқындалатын;
2) осы Кодекстің 16-тарауына сәйкес кедендік баждар, салықтар төлеудің қамтамасыз етілуі ұсынылмаған не оның қамтамасыз етілуі жеткіліксіз болған;
3) егер көрсетілген қаулылардың ең болмағанда біреуі орындалмаса, әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы заңды күшіне енген қаулыларда белгіленген кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде тасымалдаушы міндеттерін бірнеше рет орындамаған;
4) тасымалдаушы осы Кодекстің 331-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетті орындамаған;
5) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген жағдайда кедендік алып жүру туралы шешім қабылдауға құқылы.
3. Кеден органы кедендік алып жүру туралы шешім қабылдаған жағдайда кеден органы осындай шешімді қабылдаған кезден бастап оны жиырма төрт сағаттан кешіктірмей ұйымдастырады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Кедендік алып жүру тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
323-бап. Кедендік транзит мерзімі
1. Жөнелтімнің кеден органынан жеткізілу межеленген кеден органына дейінгі кедендік транзит мерзімін жөнелтуші кеден органы көлік түрін және көлік құралдарының мүмкіндіктерін, белгіленген бағытты, тасымалдаудың басқа да шарттарын және (немесе) декларанттың немесе, егер тасымалдаушы кедендік транзит кедендік рәсімімен декларант болып әрекет етпесе, тасымалдаушының өтінішін негізге ала отырып, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес жүргізушінің еңбек режимінің талаптарын және тынығуын ескере отырып тауарларды тасымалдаудың әдеттегі мерзіміне, бірақ кедендік транзиттің шекті мерзімінен аспайтындай етіп белгілейді.
2. Кедендік транзиттің шекті мерзімі бір айға екі мың километр есебінен айқындалатын мерзімнен аспауға тиіс.
3. Егер тасымалдаушы кедендік транзит кедендік рәсімінің декларанты болып әрекет етпесе, декларанттың немесе тасымалдаушының дәлелді өтініші бойынша кеден органы белгілеген кедендік транзиттің мерзімі осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзім шегінде ұзартылуы мүмкін.
324-бап. Тауарларды жеткізу орны
1. Кедендік транзит кезінде тауарларды жеткізу орнын жөнелтуші кеден органы көлік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілген жеткізілу межеленген пункт туралы мәліметтердің негізінде айқындайды.
2. Жөнелтімнің кеден органы көлік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілген мәліметтерге тәуелсіз жеткізу орындарын:
1) тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие тұлғаның дәлелді сауал салуы бойынша көлік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілген мәліметтерге тәуелсіз жеткізу орнын белгілеу үшін негізді растайтын құжаттарды табыс еткен жағдайда;
2) тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде айқындалатын жағдайларда белгілеуге құқылы.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, тауарларды жөнелтімнің кеден органы белгілеген жеткізу орнына дейін жеткізу жөніндегі тасымалдаушының шығындары көлік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілген жеткізу орнына дейін тауарларды жеткізу жөніндегі шығындарға сәйкес болуы тиіс.
3. Жеткізілу межеленген кеден органының қызмет өңіріндегі кедендік бақылау аймағы тауарларды жеткізу орны болып табылады. Бұл ретте олардың келген орнынан тасымалданатын тауарлар, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кеден органы тұрған жерге жеткізіледі.
Жеткізілу межеленген станцияда (кіреберіс жолдарда) кедендік бақылау аймағы теміржол көлігімен өткізілетін тауарларды жеткізу орны болып табылады.
4. Егер кедендік транзит кезінде жеткізілу межеленген пункт Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасына сәйкес өзгертілген жағдайда, тасымалдаушы кеден органына тауарларды жеткізу орнын өзгерту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы. Бұл ретте тасымалдаушы өзінің жүретін жолындағы кез келген кеден органына еркін нысанда жасалған жеткізілу межеленген пунктті өзгерту туралы өтінішті, жеткізілу межеленген пунктті өзгертуді растайтын құжаттарды, сондай-ақ транзиттік декларацияны және тауарларға арналған өзге де құжаттарды табыс етеді.
Тауарларды жеткізу орнын өзгерту туралы шешімді кеден органы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өтініш пен құжаттарды алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей қабылдайды. Көрсетілген шешім жеткізу орны өзгерген тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтау және жаңа транзиттік декларацияны ресімдеу жолымен ресімделеді. Тауарлар кедендік транзит кедендік рәсімімен кеден органы тауарлардың жеткізілу орнын өзгерту туралы шешім қабылдаған күні орналастырылады.
325-бап. Тауарларды тасымалдау кезінде халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кедендік пломбалармен және мөрлермен жабдықтау
1. Тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдау үшін көлік құралдары мынадай талаптарды сақтай отырып, құрастырылған және жабдықталған болуға тиіс:
1) кедендік пломбалар қарапайым және сенімді тәсілмен салынуы мүмкін;
2) тауарлар халықаралық тасымалдау көлік құралының пломбаланған жүк үй-жайлары бөлігінен алынбайтындай болуға немесе олардың ашылған ізі көрінбейтіндей етіп немесе кедендік пломбалар мен мөрлер бүлдірілмей салынбауға тиіс;
3) тауарлар жасырылуы мүмкін жасырын орындар болмауға тиіс;
4) тауарлар орналастырылған орындар тауарларды кедендік қарауға жеңіл қол жеткізілетіндей болуға тиіс.
2. Егер халықаралық тасымалдау көлік құралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген өзінің конструкциясына және жабдықталуына қойылатын талаптарға сәйкес келсе, осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптар орындалған болып есептеледі.
3. Халықаралық тасымалдау көлік құралының осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкестігі халықаралық тасымалдау көлік құралын тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға жіберу туралы куәлік алу жолымен алдын ала расталуы мүмкін.
Халықаралық тасымалдау көлік құралын тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға жіберу туралы куәлік:
жеке-дара тәртіппен;
көлік құралдары құрылғысының түрі (сериялары) бойынша берілуі мүмкін.
Халықаралық тасымалдау көлік құралын тауарларды кедендік пломбалар мен мөрлер салынып тасымалдауға жіберу туралы куәлікті кеден органы мүдделі тұлғаның өтініші бойынша көрсетілген өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей береді. Көрсетілген куәлік халықаралық тасымалдау көлік құралының конструкциясында өзгерістер болғанға дейін, бірақ екі жылдан аспайтын мерзімде жарамды болады.
Халықаралық тасымалдау көлік құралын тауарларды кедендік пломбалар мен мөрлер салынып тасымалдауға жіберу туралы куәлік басқа тұлғаға ауысқан кезде көлік құралын иемдену құқығы жарамды болады.
Халықаралық тасымалдау көлік құралын тауарларды кедендік пломбалар мен мөрлер салынып тасымалдауға жіберу туралы куәліктің нысаны мен оны беру және пайдалану тәртібі Комиссияның шешімімен белгіленеді.