15) 87-баптың бірінші бөлігінде:
6) тармақша мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тасымалдағыш зымырандардың бөлінетін бөліктері құлайтын аудандарда қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізудің тәртібі мен тетігі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістеме бойынша айқындалады.»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының міндетті түрде болуы көзделген, экологиялық рұқсатты талап етпейтін қызмет түрлеріне арналған жобалау құжаттары және өзге де құжаттар жатады.»;
16) 90-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысына осы Кодекстің 88-бабына сәйкес айқындалған өз құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының, оның аумақтық бөлімшелерінің немесе жергілікті атқарушы органдардың басшылары қол қояды.»;
17) 96-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру басталғанға дейін немесе жүзеге асыру процесінде қоғамдық тыңдауларды өткізу міндетті болып табылады.
Қоғамдық тыңдаулар мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу процесі басталғанға дейін аяқталған жағдайда, мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізуге арналған өтініш немесе экологиялық рұқсат беруге арналған өтініш қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қоғамдық тыңдаулардың хаттамасына қол қойылған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей жіберілуге тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Экологиялық рұқсатты беруден бас тарту (осы Кодекстің 87-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда) немесе мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы алынғаннан кейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік экологиялық сараптамаға арналған өтініш қайтадан берілген кезде мынадай:
1) егер қайтадан берілетін өтініште және (немесе) қоса берілетін құжаттарда қоғамдық тыңдауларда бұрын қаралмаған, белгіленіп отырған қызметке осы Кодекстің 65-бабының 2-тармағында көзделген елеулі өзгерістер болжанған;
2) егер бұрын өткізілген қоғамдық тыңдаулардың хаттамасында осындай қоғамдық тыңдауларды өткізу барысында авторлары алып тастамаған жұртшылықтың ескертпелері және (немесе) ұсыныстары болған;
3) егер қоғамдық тыңдауларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы экология заңнамасының қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібіне қойылатын талаптарының бұзылуына жол берілген жағдайларды қоспағанда, қоғамдық тыңдауларды қайтадан өткізу талап етілмейді.»;
18) 106-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Экологиялық рұқсат І және ІІ санаттардағы әрбір жеке объектіні пайдалануға және (немесе) І және ІІ санаттардағы құрылыс-монтаждау жұмыстарын, І және ІІ санаттардағы рекультивациялау және (немесе) жою жөніндегі жұмыстарды жүргізуге беріледі.»;
7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Экологиялық рұқсат:
ІІІ және ІV санаттардағы объектілер І немесе ІІ санаттағы объектінің өнеркәсіптік алаңы шегінде орналастырылатын және онымен технологиялық тұрғыдан байланысты болатын жағдайларды қоспағанда, оларды салу және пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін;
қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің санатын айқындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес ІІІ немесе ІV санатқа жатқызылған құрылыс-монтаждау жұмыстары мен рекультивациялау және (немесе) жою жөніндегі жұмыстарды І немесе ІІ санаттағы объектінің өнеркәсіптік алаңы шегінде жүргізу үшін талап етілмейді.»;
19) 114-баптың 3-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) белгіленіп отырған қызметке қатысты - объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасы;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) қоршаған ортаға әсер етуді бағалау нәтижелері жөніндегі қорытынды не қоршаған ортаға әсер етуге міндетті бағалау жүргізудің қажеттілігі жоқтығы туралы тұжырымды қамтитын, белгіленіп отырған қызметтің әсер етуіне жүргізілген скринингтің нәтижелері туралы қорытынды;»;
20) 122-баптың 2-тармағының 2), 4), 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Кодексте көзделген жағдайларда, қоршаған ортаға әсер етуді бағалау нәтижелері жөніндегі қорытынды не қоршаған ортаға әсер етуге міндетті бағалау жүргізудің қажеттілігі жоқтығы туралы тұжырымды қамтитын, белгіленіп отырған қызметтің әсер етуіне жүргізілген скринингтің нәтижелері туралы қорытынды;»;
«4) эмиссиялар нормативтерінің жобасы (объектіні пайдалану үшін);
5) қалдықтарды басқару бағдарламасының жобасы (объектіні пайдалану үшін);
6) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының жобасы (объектіні пайдалану үшін);»;
21) 170-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы Бірыңғай кадастрлар жүйесін жүргізуді жүзеге асырады.»;
22) 236-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Семей ядролық қауіпсіздік аймағының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті ұйымға берілетін ядролық қауіпсіздік аймағының жеріне қатысты қолданылмайды.»;
3-тармақтың 23) - 25) тармақшалары 2023 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
23) 386-баптың 3-тармағындағы «, кәбілді-өткізгіш өнімді» деген сөздер алып тасталсын;
24) 388-бапта:
1-тармақта:
4) тармақша алып тасталсын;
5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайтадан пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен төлемдер жасау арқылы ұйымдастыру.
Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторымен жасалған үлгілік шарт шеңберінде қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілеріне төленетін төлемдердің мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы төлемдердің мөлшерін осы бөліктің 9) тармақшасына сәйкес есептейді.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген ережелер қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілерге (импорттаушыларға) қолданылмайды;
6) Қазақстан Республикасының аумағында залалсыздандыру, қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі объектілері жоқ, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде жинауды, тасымалдауды, қайтадан пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен төлемдер жасау арқылы ұйымдастыру.
Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторымен жасалған үлгілік шарт шеңберінде, Қазақстан Республикасының аумағында залалсыздандыру, қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі объектілері жоқ қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілеріне төленетін төлемдердің мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы төлемдердің мөлшерін осы бөліктің 9) тармақшасына сәйкес есептейді.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) және 6) тармақшаларында көзделген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.»;
3-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды және Қазақстан Республикасының аумағында залалсыздандыру, қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату объектілері жоқ өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайтадан пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
5. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өзінің банктік шотына өндірушілерден және импорттаушылардан түскен ақшаның есебінен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайтадан пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне ақшалай төлемдерінің мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы төлемдердің мөлшерін осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасына сәйкес есептейді.»;
25) 418-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«2021 жылғы 1 шілдеге дейін берілген кешенді экологиялық рұқсаттың негізінде пайдаланылатын І санаттағы объектінің операторы осындай кешенді экологиялық рұқсаттың берілуіне негіз болған мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысында белгіленген, ластағыш заттардың шекті жол берілетін шығарындылары мен төгінділерінің нормативтерін, қалдықтарды орналастыру нормативтерін түзетуді осы Кодекске сәйкес эмиссиялар нормативтерінің жобасын, қалдықтарды басқару бағдарламасының жобасын әзірлеу арқылы жүзеге асыруға құқылы. Осындай эмиссиялар нормативтерінің жобалары, қалдықтарды басқару бағдарламасының жобалары осы Кодекстің 87-бабының мақсаты үшін мемлекеттік экологиялық сараптаманың объектілері болып табылады. Осындай жобалар бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы беріледі.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жобалау құжаттарында негізделетін шығарындылардың, төгінділердің және қалдықтарды көмудің жалпы жылдық лимиттері 2021 жылғы 1 шілдеге дейін кешенді экологиялық рұқсаттың берілуіне негіз болған мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысында белгіленген тиісті жалпы жылдық нормативтерден (лимиттерден) аспауға тиіс.».
4-тармақ 2023 ж. 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
4. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
19-1-баптың 3-тармағының 8) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«8) басқа елдердің электр энергиясын берушілерінен (өндірушілерінен) (импорттауды) және (немесе) үкіметаралық келісімде айқындалатын уәкілетті ұйымнан электр энергиясын сатып алуды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және осы электр энергиясын берушілердің (өндірушілердің) бағалары бойынша жүзеге асырады (қажет болған кезде);
9) басқа елдердің тұтынушыларына (экспорттауды) және (немесе) үкіметаралық келісімде айқындалатын уәкілетті ұйымға электр энергиясын сатуды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырады (қажет болған кезде);».
5. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
134-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 20-2) тармақшамен толықтырылсын:
«20-2) Семей ядролық қауіпсіздік аймағының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;».
2-бап. Осы Заң:
1) 2023 жылғы 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағын;
2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 1) - 21), 23) - 25) тармақшаларын қоспағанда, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 5 шілде
№ 17-VІІІ ҚРЗ