3) апелляция жөніндегі комиссияға аккредиттеу жөніндегі органның шешімдеріне апелляциялар беруге құқылы;»;
4) тармақша алып тасталсын;
5-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) аккредиттеу жөніндегі органның жоспарлы (жоспардан тыс) бағалау жүргізуін және сол жерде зерттеп-қарауын қамтамасыз етуге;»;
10) тармақшадағы «тоқтатуға міндетті.» деген сөздер «тоқтатуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2) және 10-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) үй-жайға (үй-жайларға) кіруді, жабдыққа, ақпаратқа қол жеткізуді, оның ішінде персоналдың болуын қамтамасыз етуге;
6-2) куәгерлік бағалау жүргізуді қамтамасыз етуге және бағалауды жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнына ақы төлеуді жүргізуге;»;
«10-1) аккредиттеу үшін қажетті ақпаратқа, құжаттарға, есептерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес алып қоюға жататын өнімге сәйкестікті бағалау туралы құжат берген аккредиттеу субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.»;
9) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, техникалық сарапшылар
1. Аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, техникалық сарапшылар осы Заңға сәйкес аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысады.
2. Аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, техникалық сарапшылар өз қызметін еңбек шартының не азаматтық-құқықтық шарттың негізінде жүзеге асырады.»;
10) 14-баптың бірінші бөлігінде:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) аккредиттеу схемасын ескере отырып, сәйкестігіне өздері аккредиттелетін (аккредиттелген) нормативтік құжаттардың талаптарына сай келуі;»;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды толық көлемде және аккредиттеу саласында бекітілген шекте жүргізуі.»;
11) 15-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мәлімделетін аккредиттеу саласы;
4) сәйкестікті бағалау саласындағы қызметтің мәлімделген бағыты жөніндегі паспорт;»;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) құрылымдық бөлімшелер туралы ереже және олардың құрылымы.»;
2-тармақтағы «1), 3), 4) және 5)» деген сөздер «1), 3-1) және 4)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер өтінім және (немесе) оған қоса берілетін құжаттар белгіленген нысанға сәйкес келмеген не толық көлемде ұсынылмаған жағдайда, сондай-ақ мәлімделген жабдықты басқа аккредиттелген зертхана пайдаланған жағдайда, аккредиттеу жөніндегі орган құжаттарды келіп түскен күнінен бастап есептелетін бес жұмыс күні ішінде қабылдаудан бас тартады және оларды қайтарудың себептерін көрсете отырып, өтініш берушіге пошта арқылы қайтарады не оларды өкіліне қолын қойғызып, қолма-қол табыс етеді.»;
12) 17-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитордың қорытындысы негізінде аккредиттеу жөніндегі орган мынадай:
1) өтініш берушіні тұрған жерінде зерттеп-қарау туралы;
2) өтініш берушінің анықталған сәйкессіздіктерді жою қажеттігі туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Аккредиттеу жөніндегі орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қабылданған шешім туралы хабарлама жіберіледі.»;
13) 18-баптың 4-тармағының екінші абзацы алып тасталсын;
14) 20-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жоспарлы және жоспардан тыс бағалауды жүргізу, аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, аккредиттеу материалдарын жаңарту тәртібі мен мерзімдері;»;
15) 24-баптың 2-тармағының 6), 7) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жоспарлы және жоспардан тыс бағалауды жүргізу күнін және нәтижелерін;
7) аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алудың күні және осы кері қайтарып алынған аттестаттың қолданысын қайта бастаудың күні мен негіздерін;»;
«10) аккредиттеу аттестатының қолданысын тоқтата тұру және одан айыру күні мен негіздерін;»;
16) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«25-бап. Аккредиттеу субъектілерін жоспарлы және жоспардан тыс бағалау
1. Жоспарлы және жоспардан тыс бағалау аккредиттеуден кейінгі шарт негізінде жүзеге асырылады. Бірінші жоспарлы бағалау бастапқы аккредиттеу күнінен кейін он сегіз айдан кешіктірілмей жүргізіледі.
Келесі жоспарлы бағалаулар алдыңғы жоспарлы бағалау жүргізілген кезден бастап жиырма төрт айдан кешіктірілмей жүргізіледі.
Аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу өлшемшарттарын бұзушылықтарға жол бергені туралы жеке немесе заңды тұлғаның өтініші, мемлекеттік органның хабарламасы келіп түскен не аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу субъектісінің қызметін мониторингтеу нәтижелері бойынша аккредиттеу өлшемшарттарын бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, аккредиттеу жөніндегі орган жоспардан тыс бағалау жүргізуге құқылы.
Бұзушылықтар расталған жағдайда, аккредиттеу жөніндегі орган жүргізген жоспардан тыс бағалауды жүргізу бойынша шығыстарды бұзушылыққа жол берген аккредиттеу субъектісі өтейді.
2. Аккредиттеу субъектісін немесе аккредиттеу субъектісінің өзі тұрған жерден тыс жерде орналасқан оның құрылымдық бөлімшесін жоспарлы бағалауды жүргізу мерзімі аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу саласына және оның құрылымдық бөлімшелерінің санына байланысты белгіленеді. Жоспардан тыс бағалауды жүргізу мерзімі үш жұмыс күнінен аспауға тиіс.
3. Аккредиттеу жөніндегі орган жоспарлы немесе жоспардан тыс бағалауды жүргізу кезінде аккредиттеу субъектісінен қажетті түсіндірмелер, құжаттар мен мәліметтер сұратуға құқылы.
4. Жоспарлы және жоспардан тыс бағалау нәтижелері екі данада жасалған есеппен ресімделеді, онда мыналар көрсетіледі:
1) есептің жасалған күні, уақыты және орны;
2) аккредиттеу жөніндегі орган басшысының жоспарлы немесе жоспардан тыс бағалауды жүргізуге негіз болған шешімінің күні мен нөмірі;
3) жоспарлы және жоспардан тыс бағалауды жүргізген аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлардың тегі, аты, әкесінің аты (егер олар жеке басты куәландыратын құжаттарда көрсетілсе);
4) аккредиттеу субъектісінің атауы, жоспарлы немесе жоспардан тыс бағалауды жүргізген кезде қатысқан аккредиттеу субъектісі өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), лауазымы;
5) жоспарлы немесе жоспардан тыс бағалаудың жүргізілген күні, уақыты және орны;
6) бағалау нәтижелері, оның ішінде анықталған сәйкессіздіктер және олардың сипаты туралы мәліметтер;
7) сәйкессіздіктерді жою жөніндегі ұсынымдар және оларды жою мерзімдері;
8) аккредиттеу субъектісі өкілінің есеппен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, оның қолы немесе қол қоюдан бас тартқаны туралы мәліметтер.
Есептің бір данасы аккредиттеу субъектісінің өкіліне табыс етіледі.
Аккредиттеу жөніндегі орган есеп келіп түскен кезден бастап он жұмыс күні ішінде оны қарайды және аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға не жиналған материалдарды осы Заңның 26-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен уәкілетті органға жіберуге негіздер болмаған кезде ақпаратты назарға алады не анықталған аккредиттеу өлшемшарттарына сәйкессіздіктерді аккредиттеу субъектісінің жоюы туралы шешім қабылдайды.»;
17) 26-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«26-бап. Аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу, оның қолданысын тоқтату және тоқтата тұру, одан айыру және күшін жою»;
1-тармақтың бірінші бөлігінің 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу өлшемшарттарын бұзушылықтарға жол бергені туралы шағымда не мемлекеттік органның хабарламасында көрсетілген фактілер расталғанда;»;
4-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Анықталған сәйкессіздіктердің жойылғаны туралы мәліметтерді растау қажет болған жағдайда, аккредиттеу жөніндегі орган осы Заңның 25-бабында көзделген тәртіппен жоспардан тыс бағалауды жүргізеді.
Аккредиттеу жөніндегі орган сәйкессіздіктердің жойылғаны туралы мәліметтерді аккредиттеу субъектісі ұсынған күннен бастап есептелетін он жұмыс күні ішінде, ал жоспарлы және жоспардан тыс бағалау жүргізілген жағдайларда - олар аяқталған күннен бастап есептелетін он жұмыс күні ішінде аккредиттеу аттестатын немесе аккредиттеу саласының бір бөлігін қайта жаңғырту не қайта жаңғыртудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.»;
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Өтініш берушінің немесе аккредиттеу субъектісінің аккредиттеуді алу кезінде жалған ақпарат бергені анықталған жағдайда, аккредиттеу аттестатының күшін жоюды аккредиттеу жөніндегі органның өтініші бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сот жүргізеді.
7. Аккредиттеу аттестатының қолданысын тоқтата тұру және одан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
18) 27-бапта:
1-тармақтағы «шағымдануға» деген сөз «апелляция беруге» деген сөздермен ауыстырылсын;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Апелляция жөніндегі комиссия тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады және оның жұмысына мүшелерінің жартысынан астамы қатысқан кезде шешім қабылдауға құқылы.
Апелляция жөніндегі комиссияның құрамын аккредиттеу жөніндегі орган қалыптастырады. Апелляция жөніндегі комиссияның құрамына сәйкестікті бағалау саласындағы қоғамдық бірлестіктер мен уәкілетті органнан үш өкілден және аккредиттеу жөніндегі органнан бір өкіл жіберіледі. Апелляция берілген аккредиттеу жөніндегі орган шешім қабылдаған кезде қатысқан немесе өтініш берушіге немесе апелляция берген аккредиттеу субъектісіне қатысы бар апелляция жөніндегі комиссияның мүшелері апелляция жөніндегі комиссия шешім қабылдаған кезде қатыспайды.
3. Апелляция жөніндегі комиссияның төрағасы оның мүшелерінің көпшілік дауысымен сайланады.
Апелляция жөніндегі комиссия шешім қабылдаған кезде қатыспайтын аккредиттеу жөніндегі органның жұмыскері апелляция жөніндегі комиссияның хатшысы болып табылады.
Апелляция жөніндегі комиссияның төрағасы апелляция жөніндегі комиссия туралы ережені бекітеді, оның қызметіне басшылық жасайды, апелляция жөніндегі комиссияның отырысын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды.»;
4-тармақта:
«шағым» деген сөз «апелляция» деген сөзбен ауыстырылсын;
«туралы» деген сөзден кейін «дауыс беру арқылы қабылданатын» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтағы «шағым» деген сөз «апелляция» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Үшінші тұлға тарапынан аккредиттеу субъектісінің немесе аккредиттеу жөніндегі органның, сондай-ақ олардың персоналының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қанағаттанбаушылық білдіруді қамтитын даулар мен шағымдарды шешу осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүргізіледі.»;
19) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«30-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
1. Аккредиттеу жөніндегі органның Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру нысанында жүзеге асырылады.
2. Аккредиттеу субъектілерінің Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жоспардан тыс тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
3. Аккредиттеу субъектілерінің Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын сақтауын бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектісіне беру және оған әкімшілік жүктемені төмендету бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.
Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді, оның ішінде:
1) мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілері, мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар берген;
2) ақпараттық жүйелерден алынған;
3) бұқаралық ақпарат құралдарынан және өзге де ашық көздерден, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарынан алынған мәліметтер негізінде зерделеу, талдау, салыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша бақылау субъектісіне бұзушылықтарды жою тәсілі міндетті түрде түсіндіріле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, анықталған бұзушылықтарды бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жою туралы ұсыным (бұдан әрі - ұсыным) жасалады.
Ұсыным бақылау субъектісіне қолын қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту мен алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным бақылау субъектісіне мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - алғаны туралы ұсынымға белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен - бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша ұсыным ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылықты жіберуге құқылы.
Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау жүргізудің жиілігі - ай сайын 25-інен кешіктірілмей, айына бір реттен артық емес.
Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бармай профилактикалық бақылауды тіркеудің арнайы журналында есепке алынуға жатады, ол нөмірленген, тігілген және уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің мөрімен бекемделген болуға тиіс.».
22. «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 5, 22-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; 2017 ж., № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 21, 72-құжат):
8-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде және осы баптың 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді қоспағанда, респондентті тікелей немесе жанама анықтауға немесе ол туралы алғашқы статистикалық деректерді айқындауға мүмкіндік беретін статистикалық ақпарат және дерекқор құпия болып табылады және ол респонденттің келісімі болғанда ғана таратылуы мүмкін.
Сыртқы сауда қызметі және сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның сұратуы бойынша мәліметтер Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары және сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін тергеп-тексеру мақсаттары үшін ұсынылады.
Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның сұратуы бойынша мәліметтер Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеуді қолдану мақсаттары үшін ұсынылады.
Осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген, ұсынылған мәліметтерді сыртқы сауда қызметі және сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары және сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің, шет мемлекеттердің, шет мемлекеттер одағының құзыретті органдарына беруі мүмкін.».
23. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 21-ІІІ, 136-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; № 16, 56-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103, 106-құжаттар; № 24-І, 118-құжат; 2020 ж., № 12, 63-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 68-құжат; № 16, 77-құжат):
1) 58-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасы «ақшаға» деген сөзден кейін «және (немесе) электрондық ақшаның электрондық әмияндарындағы электрондық ақшаға» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 62-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасы «ақшаға» деген сөзден кейін «және (немесе) электрондық ақшаның электрондық әмияндарындағы электрондық ақшаға» деген сөздермен толықтырылсын.
24. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 9, 43-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 70-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 36-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; 2020 ж., № 11, 59-құжат; № 14, 75-құжат):
1-баптың 14) тармақшасындағы «бақылау (тауарлық) чегі» деген сөздер «қағаз немесе электрондық нысанда берілген бақылау (тауарлық) чегі» деген сөздермен ауыстырылсын.
25. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45, 46-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103, 106, 108-құжаттар; № 24-І, 118, 119-құжаттар; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 12, 61-құжат; № 14, 68-құжат; № 19-20, 81-құжат; 2020 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 17 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
134-баптың 2-тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету, аккредиттеу саласында, сондай-ақ стандарттау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;».
26. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 15, 80-құжат; 2014 ж., № 12, 82-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-V, 152-құжат; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 55-құжат; 2017 ж., № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 36-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 8, 46-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2020 ж., № 9, 29-құжат):
14-бапта:
7) тармақшадағы «техникалық реттеу» деген сөздер «сауда қызметін реттеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
26-тармақтың төртінші және бесінші абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, тауарларды шығарған елді растау мақсатында әкелу елдерінің ақпараттық жүйелерінде экспорттаушыларды тіркеуді жүзеге асырады;»;
8) тармақшадағы «техникалық реттеу саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган» деген сөздер «сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақшадағы «техникалық реттеу саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органға» деген сөздер «сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) тармақшадағы «техникалық реттеу» деген сөздер «сауда қызметін реттеу» деген сөздермен ауыстырылсын.
27. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-І, 50-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 8-ІІ, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-ІІ, 120-құжат; 2020 ж., № 12, 61-құжат; № 14, 68, 72, 75-құжаттар; № 16, 77-құжат):
1) 1-баптың 31) тармақшасы алып тасталсын;
2) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«37-бап. Экспорт және импорт кезіндегі рұқсат беру құжаттары туралы жалпы ережелер
1. Рұқсат беру құжаттары тауарлардың жекелеген түрлерінің экспорты және (немесе) импорты кезінде, егер бұл халықаралық шарттарда көзделген болса, сондай-ақ тауарларға қатысты:
1) сандық шектеулер;
2) айрықша құқық;
3) автоматты лицензиялау (байқау);
4) рұқсат беру тәртібі;
5) тарифтік квота;
6) арнайы қорғау шарасы ретінде импорттық квота;
7) арнайы квота енгізілген болса, қолданылады.
Экспорты және (немесе) импорты халықаралық шарттарға сәйкес рұқсат беру құжаттары негізінде жүзеге асырылатын тауарлардың және мемлекеттік органдар беретін рұқсат беру құжаттарының тізбесін Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті органының шешімімен бекітілген, Үшінші елдермен саудада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесі негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.