2) 4-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Жұмыс өтілін есептеу Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
12. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 23, 117-құжат; 2011 ж., № 10, 86-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 7-8, 22-құжат;):
1) 1-баптың 1-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-3) еңбекке қабілетті адам (отбасының еңбекке қабілетті мүшесі) - бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды және (немесе) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар адамдарды қоспағанда, он алты жастан бастап «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа дейінгі адам немесе отбасы мүшесі;»;
2) 2-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) кәмелетке толмаған балаларды, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балаларды, жеті жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке, бөгденің күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын адамдарды, сондай-ақ екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар адамдарды қоспағанда, отбасының жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан еңбекке қабілетті мүшелеріне;»;
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі жеті жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке, бөгденің күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі.»;
3) 4-бапта:
2-тармақтың үшінші бөлігіндегі «уәкілетті органға» деген сөздер «халықты жұмыспен қамту орталығына» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың екінші бөлігінің бесінші абзацындағы «мониторинг кіреді.» деген сөздер «мониторинг;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісім-шартты ұзарту туралы ұсынымдар әзірлеу кіреді.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісімшарт:
1) отбасы мүшелерін әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралардың мерзімін ұзарту қажет болған;
2) әлеуметтік келісімшарттың қолданылу кезеңі аяқталған кезге еңбекке қабілетті адамдарға (отбасының еңбекке қабілетті мүшелеріне) қатысты қолданылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының мерзімдері аяқталмаған;
3) еңбекке қабілетті адам (отбасының еңбекке қабілетті мүшелері) әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерін өзіне (өздеріне) байланысты емес себептер (екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік, жазатайым оқиға, дүлей зілзала) бойынша орындамаған;
4) жеке қосалқы шаруашылықты және (немесе) дара кәсіпкерлік қызметті дамытудың жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін қолдау қажет болған жағдайларда, оны қосымша алты айға дейін ұзарту мүмкіндігімен алты айға жасалады.
Әлеуметтік келісімшартты ұзарту туралы шешімді уәкілетті орган өтініш берушінің жазбаша өтінішхаты негізінде және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссияның ұсынымын ескере отырып, әлеуметтік келісімшарттың қолданылу кезеңі аяқталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей қабылдайды.
Әлеуметтік келісімшарт ұзартылған кезде шартты ақшалай көмектің мөлшері қайта қаралмайды.»;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу шарттары және (немесе) әлеуметтік бейімдеу шараларын көрсету шарттары өзгерген жағдайда, әлеуметтік келісімшартқа тараптардың келісімі бойынша өзгерістер мен толықтырулар әлеуметтік келісімшартқа қосымша келісімге қол қою арқылы енгізіледі.»;
11-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Шартсыз ақшалай көмек өтініш жасалған айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.
Шартты ақшалай көмек өтініш жасалған айдан бастап әлеуметтік келісімшарттың қолданылу кезеңіне тағайындалады және әлеуметтік келісімшартта белгіленген кезеңге ай сайын немесе біржолға төленеді.»;
12-тармақта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмағаны алғаш рет анықталған жағдайларда шартты ақшалай көмек мөлшері, кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын адамдарды және отбасы мүшелерінің жеті жасқа дейінгі балаға күтімді жүзеге асыратын бір мүшесін қоспағанда, он сегіз жастан үлкен барлық отбасы мүшелеріне бір ай ішінде әлеуметтік келісімшарт қолданысының қалған кезеңіне елу пайызға қысқартылады.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Міндеттемелердің орындалмағаны қайта анықталған кезде, кәмелетке толмаған балаларға, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балаларға және отбасы мүшелерінің жеті жасқа дейінгі балаға күтімді жүзеге асыратын бір мүшесіне төлемнен басқа, шартты ақшалай көмек төлемі тоқтатылады.»;
4) 7-бапта:
2-тармақтағы «уәкілетті органды» деген сөздер «халықты жұмыспен қамту орталығын» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Атаулы әлеуметтік көмек көрсету кезінде ақпараттық жүйелерді қолдау және ақпараттық жүйелер мен дерекқорды пайдалануға қол жеткізу қағидаларын, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек саласындағы есепті құжаттаманың нысандарын орталық атқарушы орган әзірлейді және бекітеді.».
13. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 123-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
34-1-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жергілікті өкілді органдар бекіткен тәртіппен және мөлшерде бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу;».
14. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 16, 152-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; 2015 ж., № 23-ІІ, 170-құжат):
8-баптың 3-тармағындағы «консультациялар - республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада» деген сөздер «консультациялар - республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада, сондай-ақ аудан орталықтарында» деген сөздермен ауыстырылсын.
15. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1, 4-құжаттар; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 13, 45-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 7-8, 22-құжат):
1) 1-бапта:
4) тармақша алып тасталсын;
6) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) әлеуметтік аударымдарды төлеуші (бұдан әрі - төлеуші) - осы Заңда айқындалған тәртіппен әлеуметтік аударымдарды есептеуді және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеуді жүзеге асыратын жұмыс беруші, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтары;»;
«11) әлеуметтік төлемді алушы (бұдан әрі - алушы) - әлеуметтік қатер жағдайы басталғанға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына өзіне әлеуметтік аударымдар жүргізілген және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры өзіне қатысты әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы шешім шығарған жеке тұлға, ал міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын, өзіне әлеуметтік аударымдар жүргізілген адам қайтыс болған жағдайда - қайтыс болған (coт хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелері;»;
мынадай мазмұндағы 13-4) және 13-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-4) инвестициялық декларация - Қор активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсаттарын, стратегиясын, Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде инвестициялау үшін объектілер тізбесін, шарттары мен шектеулерін, Қор активтерін хеджирлеу және әртараптандыру шарттарын айқындайтын құжат;
13-5) инвестициялық кіріс - Қор активтерін инвестициялау нәтижесінде алынған (алуға жататын) ақша;»;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі - Қор) - асыраушысынан айырылған жағдайда, отбасы мүшелерін - асырауындағыларды қоса алғанда, өздеріне әлеуметтік аударымдар жүргізілген және өздеріне қатысты әлеуметтік қатер жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды, әлеуметтік төлемдер тағайындауды және жүзеге асыруды жүргізетін заңды тұлға;»;
16) және 21) тармақшалар алып тасталсын;
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.»;
2) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Әлеуметтік төлемдер алу құқығы
Мемлекет азаматтарға әлеуметтік қатер жағдайлары бас талған кезде осы Заңда белгіленген шарттарда міндетті әлеуметтік сақтандыру түрлері бойынша әлеуметтік төлемдер алу құқығына кепілдік береді.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, оралмандар әлеуметтік төлемдер алу құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең пайдаланады.»;
3) 7-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Қор активтерінің сақталуын қамтамасыз ету»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекет Қор активтерінің сақталуына және нысаналы пайдаланылуына кепілдік береді.»;
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қор активтерінің сақталуы:»;
4) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Міндетті әлеуметтік сақтандыруға жататын адамдар
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған адамдарды қоспағанда, жұмыскерлер, дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіпқой медиаторлар, шаруа немесе фермер қожалықтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады.»;
5) 8-1-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) әлеуметтік аударымдарды есептеу мен Қорға аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібін және мерзімдерін бекітеді;»;
6) 10-бапта:
1-тармақта:
1) және 4) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.»;
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) құжаттар қабылдауды және олардың толықтығын тексеруді жүзеге асыруға, әлеуметтік төлемдерді тағайындауға, қайта есептеуге, тоқтата тұруға, қайта бастауға, тоқтатуға арналған істердің макеттерін қалыптастыруға және оларды Қорға беруге;»;
1-1) және 2) тармақшалар алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әлеуметтік төлемдердің артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын Мемлекеттік корпорация арқылы қайтару қажет болған жағдайда, бұл туралы алушыға хабарлауға;»;
5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) Қордың шешімі негізінде әлеуметтік төлемді жүзеге асыруға, тоқтата тұруға, қайта бастауға және тоқтатуға;»;
8) тармақша алып тасталсын;
10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органға және Қорға қажетті есептілікті ұсынуға;
11) міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша қажетті түсіндірмелер беруге міндетті.»;
7) 10-1-бапта:
1-тармақта:
1) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өздері үшін Қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды, олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтік төлемдерін дербестендірілген есепке алуды;»;
«3) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді толықтыруды және жаңартып отыруды;»;
4) тармақша алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) әлеуметтік төлемдердің ай сайынғы қажеттілігін, графиктерін және әлеуметтік төлемдерге қаражат қажеттілігі туралы өтінімдерді қалыптастыруды;»;
7) тармақша алып тасталсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) төлеушілерден түскен әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды аударуды, әлеуметтік төлемдердің және олардан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарының артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын Қорға олар Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей қайтаруды;»;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) төлеушілерге әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды Қордың қаражаты Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей қамтамасыз етуді;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік корпорация:
1) әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды;
2) әлеуметтік аударымдардың және (немесе) олар бойынша өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды;
3) әлеуметтік төлемдерді және олардан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын;
4) әлеуметтік төлемдердің және олардан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарының артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын қайтаруды есепке алу мен аудару мәселелері бойынша Қормен өзара іс-қимыл жасайды және ақпарат алмасуды жүзеге асырады.»;
8) 12-бапта:
1-тармақтың 1-4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-4) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмысынан айырылған адамдарды қоспағанда, жұмысынан айырылу жағдайына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге;»;
2-тармақтың 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін қажет анық құжаттарды (мәліметтерді) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен ұсынуға;»;
«3) әлеуметтік төлемдердің артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын қайтаруды жүргізуге;»;
9) 13-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «қате төленген әлеуметтік аударымдар», «өсімпұлдар» деген сөздер тиісінше «әлеуметтік аударымдардың», «өсімпұлдың артық (қате) төленген» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 14-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары үшін өз пайдасына өздері төлейтін әлеуметтік аударымдардың мөлшері:»;
11) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі
1. Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, еңбекке ақы төлеу ретіндегі кірістер түрінде жұмыскерге төленетін жұмыс берушінің шығыстары жұмыскерлер үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.
Бұл ретте жұмыс берушінің шығыстарына әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақшалай жабдықталымы кіреді.
2. Жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіпқой медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары, оның ішінде арнаулы салық режимін қолданатындар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі мыналар болып табылады:
өзі үшін - алатын кірісінің әлеуметтік аударымдарды өз пайдасына есептеу мақсаттары үшін өздері дербес айқындайтын, бірақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен артық емес сомасы;
жалдамалы жұмыскерлер үшін - Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, еңбекке ақы төлеу ретіндегі кірістер түрінде жұмыскерге төленетін шығыстар.
3. Бір төлеушіден түсетін әлеуметтік аударымдарды ай сайынғы есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Егер күнтізбелік ай үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшерінен кем болса, онда әлеуметтік аударымдар ең төмен жалақы мөлшері негізге алына отырып есептеледі, аударылады.»;
12) 16-бапта:
1 және 2-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, төлеуші Қорға әлеуметтік аударымдарды ай сайын, әлеуметтік аударымдар төленетін айды көрсете отырып, Мемлекеттік корпорацияның банктік шоты арқылы төлемдерді жүзеге асыру жолымен есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей төлейді.»;
«2-1. Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер әлеуметтік аударымдардың сомаларын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімдерде төлейді.»;
13) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды қайтару
Төлеуші артық (қате) төлеген әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың сомалары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, төлеушіге Мемлекеттік корпорацияның Қор қаражаты түскен күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей кейіннен аударуы үшін төлеушінің өтініші Қорға келіп түскен күннен бастап банктік жеті күн ішінде Мемлекеттік корпорацияның банктік шотына аударылуға жатады.»;
14) 20-бапта:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қордың әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін қажет құжаттардың (мәліметтердің) анықтығына тексеру жүргізуге құқығы бap. Осы мақсаттарда ол мемлекеттік органдарға және тиісті ұйымдарға, әлеуметтік аударымдарды төлеушіге сұрау салулар жіберуі мүмкін. Бұл ретте әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы шешім қабылдауда орын алған кешіктіру және шешім қабылдаудың ұзартылу мерзімдері, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы туралы жазбаша нысанда өтініш берушіге хабар берілуге тиіс.
5. Кейіннен өтініштер жасалған кезде әлеуметтік төлемдер осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тағайындалады.
Қордың шешіміне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.»;
6-тармақта:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмысынан айырылу, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайларына Қордан төленетін әлеуметтік төлемдер тағайындауға, сондай-ақ қиын босанған, екі және одан көп бала туған кезде жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемді қайта есептеуге өтініш жасау мерзімдері Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерге құқық туындаған күннен бастап он екі айдан аспайды.»;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш жасау мерзімі, он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болып қалған адамдарды қоспағанда, қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған балалары, оның ішінде асырап алған балалары, аға-інілері, апа-сіңлілері (қарындастары) және немерелері әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш жасау күніне жиырма үш жасқа толу мерзімінен аспауға тиіс.»;
15) 22-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы және 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының - өзіне әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының асырауында болған мына отбасы мүшелерінің:
1) он сегіз жасқа толмаған және, егер он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болып қалса, осы жастан үлкен балаларының, оның ішінде асырап алған балаларының, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлемдер тағайындалуына және алуға құқығы бар.