261) өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімінің нысанын және оны ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;
261-1) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасымен (келісу бойынша) бірлесіп мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына көлік шығыстарын өтеу тәртібін әзірлеу және бекіту, сондай-ақ өтемақы алуға жататын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының санаттарын айқындау;
262) бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау және ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
263) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
264) тармақша 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
264) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
265) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
266) өздеріне қатысты кедендік операцияларды жасаудың бірінші кезектегі тәртібі қолданылатын, тез бүлінетін тауарлар санаттарының тізбесін әзірлеу және бекіту;
267) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану, қамтамасыз етудің бір тәсілін басқасымен ауыстыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
268) уәкілетті экономикалық оператордың халықаралық тасымалдау көлік құралының тану белгісін әзірлеу және бекіту;
269) жолаушылар кедендік декларациясын тіркеу немесе тіркеуден бас тарту қағидаларын әзірлеу және бекіту;
270) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілген не мемлекеттік кірістер органдары шығармаған тауарларға қатысты кедендік декларациялауды, өзге де кедендік операцияларды жасау және кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
271) өздерінің үлкен көлемдеріне немесе тиеудің, түсірудің және (немесе) сақтаудың ерекше жағдайларына байланысты кеден қоймасына орналастыруға болмайтын тауарларды кеден қоймалары болып табылмайтын орындарда сақтауға мемлекеттік кірістер органдарының рұқсатын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
272) транзиттік декларациядағы мәліметтер мәлімдемесінің ерекшеліктерін және тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдау кезінде оны пайдалану тәртібін әзірлеу және бекіту;
273) тауарларға арналған декларация және транзиттік декларация ретінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген құжаттарды пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
274) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімін қолдану ерекшеліктерін әзірлеу және бекіту;
275) мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамының кедендік декларацияларды толтыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
276) жеке пайдалануға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкеткеннен кейін оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына қайта әкелуді растау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
277) көлік саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша теміржол тасымалдаушыларының уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралының және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын, оның ішінде ішкі тасымалдар үшін пайдаланылатын контейнерлердің орналасқан жері туралы ақпаратты ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;
278) қос дәліз жүйесі қолданылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарының тізбесін, сондай-ақ осындай тізбені қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
279) тауарларды уақытша сақтау орындарында орналастыруды растау, мемлекеттік кірістер органдарының тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеуге және оларды тіркеу туралы растауды беруге байланысты кедендік операцияларды жасауы тәртібін әзірлеу және бекіту;
280) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша тауарларды сыныптау туралы, тауарлардың шығарылуы туралы алдын ала шешім қабылдау және тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу қағидаларын, сондай-ақ тұлғаның тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтінішінің нысанын әзірлеу және бекіту;
281) тауарларды сыныптау туралы шешім қабылдау тәртібін, нысанын және мерзімдерін әзірлеу және бекіту;
282) рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу және бекіту;
283) консультациялар жүргізу қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;
284) аванстық төлемдерді енгізу қағидалары мен нысандарын әзірлеу және бекіту;
285) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешім нысанын әзірлеу және бекіту;
286) белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді қабылдау туралы өтініш нысанын және белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімдерді тіркеу журналында тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
287) тауарды сыныптау және тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді қабылдауға уәкілетті органдарды, сондай-ақ аумақтық мемлекеттік кірістер органдары белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді қабылдау жағдайын айқындау;
288) уәкілетті кеден органының кедендік сараптама жүргізу қағидаларын және мемлекеттік кірістер органының кедендік сараптама тағайындау туралы шешімінің нысанын әзірлеу және бекіту;
289) шартты түрде шығарылған тауарларды ұсынудың не кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берудің мақсаттары мен шарттарын және (немесе) кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданумен байланысты осы тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулерді сақтауды растау үшін тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу кезінде олардың тұрған жерін растау ерекшелігін, сондай-ақ тауарлар шығарылғаннан кейін шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты кедендік бақылау жүргізу мерзімділігін және жүргізуге қойылатын өзге де талаптарды әзірлеу және бекіту;
290) кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың белгіленген мерзімде төленбеген сомалары және кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламалар нысандарын әзірлеу және бекіту;
291) уақытша сақтау қоймасы иесінің мемлекеттік кірістер органдарына бейнеақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
292) уәкілетті экономикалық оператордың уақытша сақтаудағы тауарларымен бірлесіп, құрылыстарда, үй-жайларда (үй-жайлардың бөліктерінде) және (немесе) ашық алаңдарда (ашық алаңдардың бөліктерінде) өзге де тауарларды сақтау және олардың тасымалдаушыдан тауарларды қабылдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
293) кедендік сараптама жүргізу үшін кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды, сәйкестендіру құралдарын алып қою қағидаларын және құжаттарды, құжаттарды сәйкестендіру құралдарын және тауарларды алып қою туралы актінің нысанын әзірлеу және бекіту;
294) өзге уәкілетті сараптама ұйымы (сарапшы) жүргізу үшін кедендік сараптаманы тағайындау қағидаларын және мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамы болып табылмайтын сарапшыны (маманды) кедендік сараптама жүргізу үшін тарту қағидаларын әзірлеу және бекіту;
295) тұрақты және уақытша рұқсаттамалардың нысандарын, тұрақты және уақытша рұқсаттамаларды тіркеу журналын әзірлеу және бекіту;
296) тасымалдаушылардың ақпараттық жүйелеріне қойылатын техникалық талаптарды қоса алғанда, алдын ала ақпарат беру кезінде мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесі мен тасымалдаушылардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимыл тәртібін әзірлеу және бекіту;
297) авария немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан тауарлардың жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не осы тауарлардың тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу фактісін тану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
298) салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін - салық берешегі есебіне, төлеушінің - кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі есебіне өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
299) сыртқы саясат саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттарын әзірлеу және бекіту;
300) кедендік бақылаудағы және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырмай тасымалданатын тауарларға қатысты тасымалдау маршрутын белгілеуге және сақтауға байланысты кедендік операцияларды жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
301) тұлғалардың мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде қамтылған ақпаратқа қол жеткізу, алу және пайдалану қағидаларын, сондай-ақ осындай ақпаратты беру құрамы мен тәртібін әзірлеу және бекіту;
302) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әуе немесе су көлігімен және (немесе) теңіз арқылы тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының және шетелдік тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуіне байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін әзірлеу және бекіту;
303) әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімді беру тәртібін, шарттары мен мерзімдерін, сондай-ақ осындай алдын ала шешімді қолдану тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;
304) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттермен Қазақстан Республикасының тауарларымен сыртқы сауданың кедендік статистикасын жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
305) арнайы кедендік статистиканы жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
306) нысанды киім үлгілерін, нысанды киім киіп жүру құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары жұмыскерлерінің тізбесін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, сондай-ақ оны киіп жүру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
307) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін декларанттар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнімдерге қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
308) кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздердің болуын растау қағидаларын, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну және оларды беруден бас тарту туралы шешімдер нысандарын әзірлеу және бекіту;
309) кедендік алымдар салудан босату үшін құжаттарды ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
310) кедендік операцияларды жасау кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттерді орындауды қамтамасыз ету мақсаттары үшін сақтандырудың үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;
311) мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесін пайдаланушы ретінде тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
312) кеден ісін жетілдіру мәселелері жөніндегі консультациялық кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту;
313) көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, мемлекеттік кірістер органдарының ұлттық теміржол компаниясымен, теміржол көлігі саласындағы ұлттық тасымалдаушымен, Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларымен, теңіз және өзен порттарымен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
314) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызуға (қайтаруға) әкеп соғатын мән-жайлардың туындағанын растау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
315) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды өткізу кезінде оларды есепке алу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
316) жекелеген кедендік операциялардың тізбесін, жекелеген кедендік операцияларды жасау қағидалары мен орындарын, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының орналасқан жерінен тыс және (немесе) мемлекеттік кірістер органдарының жұмыс уақытынан тыс жекелеген кедендік операцияларды жасау жағдайларын әзірлеу және бекіту;
317) мемлекеттік кірістер органдары қызметінің аймақтарын айқындау;
318) кедендік бақылауды жүргізу мақсатында мемлекеттік кірістер органдарының су және әуе кемелерін пайдалану қағидаларын бекіту;
319) көрсеткіштері тауарларды кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын есепке алу аспаптарының орналасқан жерлерінің тізбесін әзірлеу және бекіту;
320) кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын кодтардың сыныптауышын әзірлеу және бекіту, сәйкестендіру кедендік нөмірін, мәміленің сипатын, сыртқы экономикалық мәміленің ерекшеліктерін қалыптастыру;
321) бірыңғай мөлшерлемелер бойынша алынатын кедендік баждарды, салықтарды не жиынтық кедендік төлем түрінде алынатын кедендік баждарды, салықтарды есептеудің құрылымын, форматын және нысанын, сондай-ақ оны толтыру және оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
322) кедендік тексеріп қарауды және қарап тексеруді жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
323) тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабарламаның күні мен уақытын тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
324) кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтамай-ақ тауарларды жеткізу орнын өзгерту қағидаларын, кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау үшін ұсынылатын құжаттарды беруді тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
325) кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтауға байланысты кедендік операцияларды жасау қағидаларын, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
326) «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау жөніндегі міндет жүктелмеген дара кәсіпкерлердің салықтық есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
327) патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнайы мобильдік қосымшаны пайдалану арқылы шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанын әзірлеу және бекіту;
328) салық төлеуші - жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтарын және жер салығын жинауға арналған түбіртектің нысандарын әзірлеу және бекіту;
329) мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы бойынша тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімдерін және нысанын әзірлеу және бекіту;
330) резиденттікті растайтын құжаттың және Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтаманың нысандарын әзірлеу және бекіту;
331) жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтінішінің және жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтаманың нысандарын әзірлеу және бекіту;
332) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Министрлікке уәкілетті банктерден Қазақстан Республикасынан және Қазақстан Республикасына баламалы Америка Құрама Штаттарының 50 000 долларынан астам сомаға валюталық операциялар бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы алынған ақпаратты беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
333) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлардың электрондық саудасы бойынша тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер бойынша банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді беру қағидалары мен мерзімдерін бекіту;
334) мемлекеттік кірістер органының уәкілетті мемлекеттік органдарға кірістері мен мүлкі туралы ұсынылған декларациялар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
335) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлардың тізбесін, сондай-ақ ресімдеу тәртібі мен олардың құжат айналымын әзірлеу және бекіту;
336) екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиандардың, орталық депозитарийдің, бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие, инвестициялық портфельді басқаратын брокерлердің және (немесе) дилерлердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, филиалдарының мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтер ұсыну қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;
337) ішкі істер органдарының еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар берілген салық төлеушілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімі мен нысанын, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдарға келген шетелдіктер туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
338) уәкілетті мемлекеттік органдардың салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар салық төлеушілер, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімдерін және нысандарын әзірлеу және бекіту;
339) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған және инвестициялық басым жобаларды іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшарттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы инвестициялық келісімшарттардың қолданысын тоқтату туралы мәліметтерді, өзге де мәліметтер мен олардың нысандарын ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
340) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен келісу бойынша нотариустардың мәмілелер мен шарттар бойынша, сондай-ақ жеке тұлғалардың мұраға құқығы туралы берілген куәліктер бойынша мәліметтер ұсыну нысанын, қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;
341) құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
342) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды беру қағидаларын бекіту;
343) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, Министрліктің валюталық бақылауды жүзеге асыру және оларды кейіннен валюталық бақылау агенттері болып табылатын уәкілетті банктерге беру үшін қажетті мәліметтердің тізбесін және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;
344) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, валюталық бақылауды жүзеге асыру үшін Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
345) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша операциялар бойынша мәліметтерді арнайы мобильдік қосымшаға беру мақсаттары үшін екінші деңгейдегі уәкілетті банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, электрондық алаң операторларының салық органдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындау;
346) құқықтың (талап етудің) коллекторлық агенттікке өту шарттарын қамтитын шарттар бойынша мәліметтерді ұсыну нысанын әзірлеу және бекіту;
347) Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдары рәмізінің сипаттамасын және оны пайдалану қағидаларын және айырым туы мен айырым белгісінің сипаттамасын және оны қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
348) тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын азайту, дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту, жеке тұлғаның салық салынатын табысын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту бөлігіндегі нормаларын қолданатын тұлғалардың осындай қызмет бойынша ақпаратты ұсыну қағидаларын, мерзімдері мен нысандарын бекіту;
349) салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салынған мүлкін, сонымен қатар салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін және (немесе) мемлекеттік кірістер органдары кідірткен тауарларды өткізу саласындағы уәкілетті заңды тұлғаны айқындау;
350) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және екінші деңгейдегі банктердің валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны ұсыну тәртібі мен нысанын бекіту;
351) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және екінші деңгейдегі банктердің валюталық түсімді айырбастау туралы қорытындыны ұсыну қағидаларын бекіту;
352) салық тіркелімдерінің нысандарын әзірлеу және бекіту;
353) салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттердің тізбесін әзірлеу және бекіту;
354) салық органдарында дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген және жеке практикамен айналыспайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) салық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларын бекіту;
355) білім алушы адамның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге нақты шығыстардың нормаларын белгілеу;
356) тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидаларын әзірлеу және бекіту;
357) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін іріктеп салықтық тексеру жүргізу кезінде тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;
357-1) салықтық тексерудің алдын ала актісі бойынша нормалар қолданылатын салық төлеушілердің санатын, сондай-ақ салық төлеушіге салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс етудің, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты ұсынудың, сондай-ақ осындай қарсылықты қараудың тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;»;
358) мониторингке жататын салық төлеушілердің, ірі салық төлеушілердің тізбесін әзірлеу және бекіту;
359) деңгейлес мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
360) деңгейлес мониторинг туралы келісімнің нысанын әзірлеу және бекіту;
361) деңгейлес мониторинг туралы келісімді жасасу және бұзу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
362) деңгейлес мониторинг туралы келісім жасалатын салық төлеушілердің санаттарын белгілеу;
363) тексерудің стандартты файлының нысанын және оны жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
364) трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті, негізгі және еларалық есептіліктердің нысандарын және оларды толтыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
365) еларалық есептілік нысандарын және халықаралық топқа қатысу туралы өтінішті және оларды толтыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;