21-6) зерттеу университеті - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, бес жылға арналған даму бағдарламасын іске асыратын және білім мен ғылымды интеграциялау, жаңа білімді және технологияларды жинақтау мен трансферттеу үшін өз қызметінің нәтижелерін пайдаланатын университет;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 21-7) тармақшамен толықтырылды
21-7) инклюзивті білім беру - ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс;
22) инновациялық - білім беру консорциумы - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми ұйымдар мен өндіріс саласында жұмыс істейтін басқа да заңды тұлғалар іргелі, қолданбалы ғылыми зерттеулер мен технологиялық инновациялар негізінде жоғары білікті мамандар даярлау үшін зияткерлік, қаржылық және өзге де ресурстарды біріктіретін, бірлескен қызмет туралы шарт негізіндегі ерікті тең құқықты бірлестік;
23) 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
24) 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 25) тармақша жаңа редакцияда
25) институт - ғылыми-педагогикалық қызметті, сондай-ақ кәсіби қызмет үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 26) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26) институционалдық аккредиттеу - білім беру ұйымы сапасының мәлімделген мәртебесіне және аккредиттеу органының белгілеген стандарттарына сәйкестігін аккредиттеу органының бағалау процесі;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 26-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
26-1) интеграцияланған білім беру бағдарламалары - білім беру бағдарламаларының тиісті мазмұнды аспектілерін біріктіру негізінде әзірленген білім беру бағдарламалары;
2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 27) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
27) интернаттық ұйымдар — тұратын орын беріле отырып, белгілі бір санаттағы адамдардың білім алу құқықтарына мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары;
2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 28) тармақша жаңа редакцияда
28) интернатура - клиникалық практикаға рұқсат алу үшін білім алушыларды базалық жоғары медициналық білім беру шеңберінде клиникалық мамандықтар бойынша даярлау нысаны;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 28-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 28-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 28-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
28-1) кадет - әскери, арнаулы оқу орнында техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 28-2) тармақшамен толықтырылды
28-2) кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары - ата-анасын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтау үшiн үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды, уақтылы орналастырылуы мүмкiн болмаған жағдайда ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды, қорғаншылық және қамқоршылық органы балалардың өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қатер төнген кезде ата-анасынан (олардың бiреуiнен) немесе қамқорлыққа алған басқа адамдардан алып қойған балаларды, арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберiлетiн балаларды, сондай-ақ әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соққан қатыгездiкпен қарау салдарынан өмiрлiк қиын жағдайда жүрген балаларды қабылдауды және уақытша бағып-ұстауды қамтамасыз ететiн, бiлiм беру органдарының қарамағындағы ұйым;
29) кәсіптік бағдар - білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктер саласында, мамандық пен оқитын орнын еркін және саналы таңдау құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 29-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 29-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
29-1) кәсіптік білім - білім алушылардың белгілі бір салада кәсіптік қызметті жүргізуіне және (немесе) нақты кәсіп немесе мамандық бойынша жұмысты орындауына мүмкіндік беретін білімдерді, машықтарды, дағдыларды және құзыреттерді алуына бағытталған білім беру түрі;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 29-2) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 29-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
29-2) кәсіптік даярлау - белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін қажет жаңа немесе өзгертілген кәсіптік дағдыны меңгеру үшін жеке адамды дамытуға бағытталған кәсіптік оқыту нысаны;
30) 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 30-1) тармақшамен толықтырылды
30-1) кәсіптік практика - болашақ кәсіптік қызметпен байланысты белгілі бір жұмыс түрлерін орындау процесінде теориялық білімдерді, дағдыларды бекітуге, практикалық машықтар мен құзыреттерді иемденуге және дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі;
31) 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
32) 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 33) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
33) кешенді тестілеу - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны;
34) клиникалық база - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының немесе денсаулық сақтау ұйымының жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарының базасында жұмыс істейтін, материалдық-техникалық базасының жоғары деңгейі болатын, ұйымдық-әдістемелік, оқу, емдеу-диагностикалық және ғылыми-зерттеу жұмысының қазіргі заманғы әдістері негізінде дәрігерлерді, ғылыми кадрларды даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын және медициналық көмектің барлық түрлерін көрсететін клиникасы;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 35) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 35) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
35) колледж - жалпы орта және техникалық пен кәсіптік білімнің немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 35-1) тармақшамен толықтырылды
35-1) кооперативтік оқыту - мемлекеттің, жұмыс берушілердің және оқу орындарының корпоративтік жауапкершілігіне негізделген, кадрларды кәсіптік даярлауды ұйымдастыру нысандарының бірі;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 36) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
36) кредиттік оқыту технологиясы - академиялық кредиттерді жинақтай отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 36-1) тармақшамен толықтырылды
36-1) курсант - әскери, арнаулы оқу орнында жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 37) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
37) қабылдау квотасы - техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарына қабылдау үшiн бөлiнетiн мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, оның iшiнде бiлiм беру гранттары көлемiнiң шектi саны;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 37-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.21.07. № 337-V ҚР Заңымен 37-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
37-1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру гранты (бұдан әрі - «Өркен» гранты) - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті тағайындайтын грант;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 37-2) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 37-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
37-2) қауымдастырылған профессор (доцент), профессор - білім беру саласындағы уәкілетті орган беретiн ғылыми атақтар;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 38) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
38) қашықтықтан білім беру технологиясы - білім алушы мен педагог қызметкердің жанама (алыстан ) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 38-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 38-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
38-1) қолданбалы бакалавриат - білім беру бағдарламалары «қолданбалы бакалавр» біліктілігін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған орта білімнен кейінгі білім;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 38-2) тармақшамен толықтырылды
38-2) қолданбалы бакалавр - орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін біліктілік;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 38-3) тармақшамен толықтырылды
38-3) қосымша бiлiм беретiн мектептен тыс ұйым - бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын оқу-тәрбие ұйымы;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 39) тармақша жаңа редакцияда
39) қосымша білім беру - білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу, оқыту процесі;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 40) тармақша жаңа редакцияда
40) лицей - білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес оларға кең ауқымда және тереңдете жаратылыстанушылық-математикалық білім беруді қамтамасыз ететін негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 41) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
41) магистр - магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін дәреже;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 41-1) тармақшамен толықтырылды
41-1) магистрант - магистратурада білім алатын адам;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 41-2) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 41-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 41-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
41-2) магистратура - білім беру бағдарламалары «магистр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 41-3) тармақшамен толықтырылды
41-3) маман - адамдарға жоғары білімнің білім беру бағдарламасын меңгергеннен кейін берілетін біліктілік;
42) мамандандырылған аккредиттеу - білім беру ұйымы іске асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау;
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 42-1) тармақшамен толықтырылды
42-1) мектепке дейінгі ұйым - мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін, арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
43) 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
44) мемлекеттік атаулы стипендия - Қазақстан Республикасының Президенті және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын стипендия;
2017.05.07. № 88-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 45) тармақша өзгертілді
45) мемлекеттік білім беру тапсырысы - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беру жөнінде, экономиканың қажеттілігін қамтамасыз ету, білікті жұмыс күші мен қоғамның зияткерлік әлеуетін молықтыру үшін кадрларды даярлау, білікті жұмыскерлер мен мамандардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау жөнінде, сондай-ақ білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөнінде мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсетулер көлемі;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 45-1) тармақшамен толықтырылды; 2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 45-1) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
45-1) мемлекеттік оқу бітіру емтиханы - білім алушылардың орта білім беру курсын аяқтағаны туралы куәландыратын, мемлекеттік үлгідегі құжатты алуы үшін қажетті шарт болып табылатын, орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысаны;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 46) тармақша жаңа редакцияда
46) оқу бағдарламасы - әрбір оқу сабағы, әрбір оқу пәні және (немесе) модуль бойынша меңгерілуге тиіс білімнің, машықтың, дағды мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 47) тармақша жаңа редакцияда
47) оқу жоспары - тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің, кәсіптік практиканың, өзге де оқу қызметі түрлерінің тізбесін, реттілігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;
48) оқу-клиникалық орталығы - медициналық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының қазіргі заманғы аппаратурамен, фантомдармен және муляждармен жабдықталған және білім алушылардың және (немесе) медицина қызметкерлерінің практикалық (клиникалық) машықтарды меңгеруіне және оларды бақылауға арналған құрылымдық бөлімшесі;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 48-1) тармақшамен толықтырылды
48-1) оқыту - білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білімдерді, машықтарды, дағдыларды және құзыреттерді иелену, қабілеттерді дамыту, білімдерін күнделікті өмірде қолдану тәжірибесін иелену және бүкіл өмір бойы білім алуға ынталануын қалыптастыру жөніндегі қызметін ұйымдастырудың мақсатты бағытталған процесі;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 48-2) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 48-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
48-2) оқыту нәтижелері - білім алушылардың білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша алған, көрсететін білімінің, машықтарының, дағдыларының бағалаумен расталған көлемі және қалыптасқан құндылықтар мен қарым-қатынастар;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 48-3) тармақшамен толықтырылды
48-3) оқыту-сауықтыру білім беру ұйымы - балаларды және оқушы жастарды тәрбиелеу, оларға білім беру, сауықтыру, демалдыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;
49) орта білім - азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруі нәтижесінде алатын білімі;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 49-1) тармақшамен толықтырылды
49-1) «Орта білім беретін үздік ұйым» гранты - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына рейтингілік көрсеткіштері негізінде конкурс қорытындылары бойынша жыл сайын бөлетін ақша;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 49-2) тармақшамен толықтырылды
49-2) орта білім беру ұйымы - бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмнің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымы;
2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 49-3) тармақшамен толықтырылды
49-3) «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы - білім алушылардың үйлесімді зияткерлік және адамгершілік-рухани дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелеу және оқыту жүйесінің мақсатын, мазмұнын, сондай-ақ жұмыс істеуінің инновациялық тәсілдерін айқындайтын бағдарлама;
49-4) 2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен 49-5) тармақшамен толықтырылды
49-5) өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтары - тұрақты немесе уақытша (күндіз) болуды ұсына отырып, сондай-ақ қызметі өмірлік қиын жағдайдың алдын алу жөніндегі шараларды жүзеге асырумен байланысты заңды тұлғаларға ақпараттық, консультациялық, делдалдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну жолымен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, білім беру органдарының қарамағындағы ұйымдар;
2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен 49-6) тармақшамен толықтырылды
49-6) өндірістік оқыту - білім беру ұйымдарының және (немесе) кәсіпорындардың (ұйымдардың) базасында білім алушылардың теориялық білім алуына, практикалық машықтануына бағытталған оқыту;
50) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
51) резидентура - клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білім алу нысаны;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 51-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 51-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
51-1) резидентура тыңдаушысы - клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеретін маман;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 52) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
52) рухани (діни) білім беру ұйымдары - дін қызметшілерін даярлаудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары;
53) стипендия - білім алушыларға олардың тамағына, күнелтуіне және оқу әдебиетін сатып алуына жұмсалатын шығындарды ішінара жабу үшін берілетін ақша сомасы;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 53-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 53-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 53-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
53-1) стипендиялық бағдарламалар - қазақстандық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында шетелдіктерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдарды оқытуды көздейтін және мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландырылатын бағдарламалар;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 53-2) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 53-2) тармақша жаңа редакцияда
53-2) студент - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымында оқитын адам;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 53-3) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 53-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
53-3) студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс - мемлекеттік білім беру тапсырысымен байланысты, студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін жатақханалардан жаңа орындар беруді қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер үшін ақшалай төлемдер;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 53-4) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 53-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
53-4) сынып жетекшілігі - педагог жұмыскерге сыныпта білім алушылардың қызметін оқу-тәрбие процесі шеңберінде үйлестіру бойынша жүктелген функция;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 53-5) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 53-5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
53-5) танылған аккредиттеу органдарының тізілімі - білім беру саласындағы уәкілетті орган қалыптастырған, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастықтарына кірген ұлттық және шетелдік аккредиттеу органдарының тізбесі;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 53-6) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 53-6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
53-6) тәлімгер - өндіріс немесе қызметтер көрсету саласы технологияларын меңгерген, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикаға басшылықты жүзеге асыратын кәсіпорынның (ұйымның) білікті жұмыскері;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 53-7) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 53-7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
53-7) техникалық және кәсіптік білім беру - білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауға бағытталған білім беру;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 53-8) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 53-8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
53-8) «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым» гранты - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін мемлекеттік ұйымдарға рейтингтік көрсеткіштері негізінде конкурс қорытындысы бойынша жыл сайын бөлетін ақша;
2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 53-9) тармақшамен толықтырылды
53-9) тыңдаушы - білім беру ұйымында қосымша білімнің және дайындық бөлімінің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;
2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 53-10) тармақшамен толықтырылды
53-10) тiрек мектеп (ресурс орталығы) - шағын жинақталған мектеп оқушыларының сапалы бiлiм алуға қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында білім алушылардың қысқа мерзiмдi сессиялық сабақтарын, аралық және қорытынды аттестатталуын өткiзу үшiн таяу маңдағы шағын жинақталған мектептердiң бiлiм беру ресурстары оның базасында шоғырланатын орта бiлiм беру ұйымы;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 54) тармақша жаңа редакцияда
54) университет - әртүрлі салалар бойынша ғылыми-педагогикалық қызметті, кадрлар даярлауды, іргелі және (немесе) қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын және жетекші ғылыми-әдістемелік орталық болып табылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 55) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 55) тармақша өзгертілді
55) училище - мәдениет саласында негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 56) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 56) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 56) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
56) ұлттық бірыңғай тестілеу - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 56-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 56-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
56-1) ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы - ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 56-2) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 56-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 56-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
56-2) ұлттық зерттеу университеті - ерекше мәртебесі бар зерттеу университеті;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 57) тармақша жаңа редакцияда
57) философия докторы (РhD) - Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже;
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 57-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.21.07. № 337-V ҚР Заңымен 57-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
57-1) халықаралық мектеп - дербес әзірленген интеграцияланған білім беру бағдарламаларын іске асыратын, Халықаралық Бакалавриат Ұйымында авторизациялаудан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткен оқу орны;
58) шағын жинақты мектеп - білім алушылар контингенті шағын, сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар жалпы білім беретін мектеп;
2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 59) тармақша жаңа редакцияда
59) эксперименттік алаң - жаңа педагогикалық технологиялар мен білім берудің жаңа мазмұнын сынақтан өткізуге арналған эксперимент режимінде білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 60) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
60) экстернат - білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 61) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
61) элиталық білім - дарынды адамдарға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарында іске асырылатын мамандандырылған жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламалары бойынша алынатын білім.
2-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.